Дәріс 8.Іскер адамның имиджі
1.Имидж түсінігі
2. Сырт бейнесі
3. Имидждің құрамы.
Имидж деген сөзді ағылшын тілінен (image) тікелей аударсақ «кейіп», «мінез» деген түсінікті білдіреді. Олай болса адамның имиджі туралы сөз қозғағанда ол жөнінде басқа адамдардарда қалыптасқан пікірі деп түсіну керек. Және имидж тек оның түрі-тұлғасын ғана елестету емес, сонымен бірге оның ойлау, іс-қимыл, қылықтарын да бірге қамтып отырады. Басқаша айтқанда имидж кең мағынаны білдіретін түсінік.
Имидж түсінігі тек адамдарға ғана қатысты түсінік емес, оны ұжымдарға, фирмаларға, мемелекеттерге де қатысты пайдаланады. Егер сіз фирма басшысы болсаңыз, фирманың имиджі сіздің имиджіңіз бойынша анықталады.
Адамның кәсіби имиджі де болады, мысалы ол туралы: «Керемет педагог», «Білгір юрист», не болмаса «Әйтеуір бір жүрген маман», «Қолынан келетіні тек ақша алу» сияқты мінездемелер берілуі мүмкін. Кейде адамның имиджі оның адамгершілік қасиеттері арқылы да сипатталады: мысалы «Ол әділ, дұрыс адам», не «Нағыз оңбағанның өзі», «Өзін көрсету үшін ол кезкелген қитырқұлыққа барады», т.с.с.
Имиджді қалыптастыру өте нәзік дүние. Оны адамның маңыңдағыларды таңғалдыра алу қасиеті деуге де болады. Кейбір адамдарға ондай қасиеттер табиғатынан беріледі (Мысалы- қазақтың билері).
1. Психологтардың айтуынша танымайтын адам туралы пікір 10 жағдайдың 8-інде оның сырт тұрпатынан қалыптасады.Сондықтан сырт көзге тартымды көріну үшін саясаткерлер, бизнессмендер, кәсіпкерлер жеке басының жағдайынан гөрі өз ісінің оң шешілуін қамтамасыз ету үшін мамандардыңкөмегіне жүгінуге мәжбүр болады.Ресей ғалымы Виктор Максимович Шепельдің пікірінше мына қасиеттерді ерекше ескерген жөн:
1 .Сыртқы тартымдылық
2. Қарым-қатынасқа, шеберлік көрсетуге ұмтылу
3. Жаңа жағдайга жеңіл бейімделетініңді көрсету
4. Бейтаныс ортада сенімділік таныта білу
5. Шыдамдылық көрсету, басқаша ойлай алатыныңды көрсету.
Имидж тек сырт пішіннен тұрмайды, оны жағымды ету үшін қажетті деңгейде косметика да керек. Сонымен қатар ол сөйлеуіңнен, қозғалысыңнан, жүріс-тұрысыңнан, бойыңды түзу ұстай білуіңнен де көрініс табады.Бұлардың бәрі адамаға өзін күту, тұрақты түрде жүргізілетін жаттығулармен келеді.
Имиджге сенің жалпы ден саулығыңның, жаттығуларыңның, тым ерекше қиналыс та, қатты жинақылық пен жинақысыздық та әсер етеді.Жылдың 365 күніндеде сергек болу үшін күнделікті ертеңгілік жаттығулар, жаяу қыдырыс, салқын душ, ылғал сүлгімен сүртіну, күні бойы бірнеше рет жаттығулар орындап, бой жазу, бет, қол терілеріне, шашқа күтім, т. б. қажет етеді.
Бүгінгі күні еліміз егемендік алғалы басқа елдермен ашық қарым-қатынас жасаудамыз.Іскерлік кездесулерде өз елің туралы жағымсыз пікір тудырмау үшін іскер азаматтар имидж мәселесін меңгергені дұрыс.Іскер адам дегеніміз – көпсалалы байланыстармен ерекшелінетін азамат.Қазіргі іскер азаматтар арасындағы байланыс көп мәселоеге мұрындық болып, қарым-қатынастар көлемі артуда. Олай болса іскер адамның имиджін не анықтайды деген сұраққа келсек:
1. Сырт пішіні (шашының қиылуы, прическасы, костюмі, аяқ киімі, акцессуарлары)
2. Сөзі, сөйлеу мәнері, қимыл-қылықтары
4. Басшылармен, коллегаларымен, бағыныштыларымен қарым-қатынасы.
Имидждің басқалардың көңілін, тіпті қызығушылығын өзіңе аудару формасы екенін есте сақтаған жөн. Ал ұжымның имиджі – бұл абырой, силастық, сенімділік, қызмет көрсету мәдениеті, тауарды сайлау, оны клиентке сапалы түрде жеткізу, әлсіз топтарға несиеге беру, т.б. Сондықтан фирманың имиджі, фирмада қызмет жасаушы ер адамдар мен әйел адамдардың іскерлігіне байланысты.
Өзің туралы жағымсыз имидж қалыптастыруға әкелетін факторларды біліп, оларды ескеріп жүрген дұрыс. Олар:
- Жұмысқа кешігу,
- Жұмыс столыңда тамақтану;
- Жұмыс орныңда кітап не газет оқу;
- Жеке бас мәселесі бойынша телефонмен әңгімелер;
- Жиі қоңырау шалу;
- Сағыз шайнау;
- Жиі арыз түсіріп, келіспеушілік білдіру;
- Өсек айту;
- Айқайлау, дауыс көтеру;
- Шаршағаныңды білдіру, және ол жөнінде жиі еске салу;
- Томсырап, реніш кейпін көрсету;
- Жұмыс столыңның ластығы;
- Жұмыс столыңдағы лас ыдыстар;
- Өте артық әшекейлеу;
- Жарға ескі суреттер мен открыткаларды ілу, не столда ұстау;
- Күлдіру үшін мағынасыз, ретсіз лозунгілерді ілу;
- Сыртқы түріңнің олпы-солпылығы;
- Жұмыс кезінде бос отыру;
Өзің туралы жағымды имидж қалыптастыру үшін ескеретін қасиеттер:
- Жинақы жұмыс столы;
- Қызметкерлермен жағымды мінез көрсетіп, көңілді сөйлесу;
- Сөйлесу кезінде көзіне тіке қарауға әдеттену;
- Қызығушылық таныту;
- Сыпайылық таныту;
- Тыңдай білу және түсіне білу;
- Қызметкерлермен ертеңгіде жылы амандасып, жұмыстан кетерде жылы қоштасу;
- Іскерлік стильдегі сумканы пайдалану;
- Үстіңдегі киімнің қызметтік лауазымыңа сай болуы;
Ұжымдастарыңның жаратпаушылығын туындатпау үшін қашық болатын қылықтар:
- Жұмысқа кешіккенде кешірім сұрауды ұмыту;
- Басқаның телефонмен әңгімесін бұзу;
- Басқа стол маңында дауыстап сөйлесу;
- Басқаның жеке шекарасын бұзып, онда ұзаққа қалу;
- Сізден қоңырау күтіп отырғанда қоңырау шалмау;
- Іскерлік әңгімені жеке бас әңгімеге бұру;
- Басқаның затын алып, уақытында қайтиармау;
- Копировальный аппаратта бүктетілген қағаз қалдыру;
- Басқа пассажир үшін лифттің есігін ұстап тұра—тұрмау;
- Хатшыны өзіңді табатын жерді ескертпеу;
- Жолодастарыңа офистің бір шетінен екінші шетінде ьұрып айқайлап сөйлеу;
- Тез сұрақтарға тез жауап қайыруға дайын болмау
Сіз жөнінде өсек тарағанда сіздің қылығыңыздың сипаты қандай болу керек?
Көңіл бөлмеңіз!Түсініктеме беру, жоққа шығару, ақталу ешқашан оң нәтиже берген емес, керісінше сізді қорғаныс жағдайына түсіреді. Өсек оған мән бермесең өзінен-өзі , өздігінен табиғи жолмен ақ жойылады. Бірақ , сынға, кеңестерге әркез мән беріп, оларды ескеріп, қорытынды шығаруға тырысқан жөн. Қарсы уәж айтып қарсыласпа! Кім болса да ол өз өмірінде бірнеше рет өзшнің атына бағытталған сыни ескертпелермен кездеседі. Сыни ескертпелерді қабылдаудың ерекше ережелері бар.Олар келесі ұстанымдар:
- Пайдасыз сын болмайды деген пікірде болу;
- Кім қалай сынағанына қарамай, сынды іскерлікпен қабылдаған дұрыс деп түсіну;
- Сынды қабылдау принципі: «Менің қолымнан келгені әзірге осы, бірақ мен одан да жақсы істей аламын, сондықтан кезкелген сын, ескертулер мен үшін пайдалы»
- Құнды, дұрыс сыни көзқарас деп өз ойыңнан шыққанды одан әрі жетілдіруге бағытталған сыни көзқарас екенін білу.
- Сынның болмағаны маған деген немқұрайдылық, немесе менің сыннан дұрыс қорытынды шығаратыныма сенбегендік деп түсінемін.
- Сынаушы қате пікір айтса да оны қолдап, оның сізді дұрыс түсінуіне көмектесу керек деген ережені басшылыққа алу!