Мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған. Оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлім: Сауат ашу және жазу негіздері

Тақырыбы:Іі дыбысы және әрпі.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: I дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру; сөзге дыбыстық талдау жасату; оқуға, жазуға жаттықтыру. Оқушылардың сөздік қорын, тілін дамыту. Өз ана тілін елін, жерін сүюге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ- жауап, әңгімелеу, ойын, түсіндіру.

Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: кеспе әліппе, суретті үлгі бойынша кітаптың ішіктің, түлкінің, ілгіштің суреті, текшелер.

Қос тілдік компонент:

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Мен талапты баламын, Дайын дәптер, қаламым. Жазу жазып үйренем, Көп суреттер саламын. Шаттық шеңберіне тұрып, бір- бірінің қолынан ұстайды. Бір- біріне жылы лебіздерін білдіреді.
Ұйымдастыру-іздестіру Өткен сабақты қайталау. 1. Өтілген дыбыстарды кеспе әліппеден тапқызу. 2. Қала, жан, ана, ата т.б. сөздерді кеспе әріптермен жазғызып, буынға бөлгізу. Негізгі бөлім Кеспе әріптен і әрпін көрсете отырып, өлең шумағын оқу. Жалғыз таяқ боп тұр, Төбесінде доп тұр. Бұл не? Бұл і дыбысы деп, әріп таңбаларын көрсету. Айтылу артикуляциясына мән беру. - I дыбысы жуан айтыла ма, жіңішке айтыла ма? - Дұрыс. Айтылуына қарай қандай дыбыс дейміз? - Көрдіңдер ме, дауысты дыбыс екі түрлі айтылады екен. Айталық ы дыбысы жуан дауысты, і десек жінішке дауыспен айтамыз. Сондықтан да дауысты дыбыстар жуан, жіңішке болып екіге бөлінеді. Мысалы: ы-і, ү-ү, а-ә, о-ө. Сергіту сәті Жел соқты гу-гу Жаңбыр жауды тырс-тырс. Жаңбыр басталды. Күн ашылды. Тақтаға кітап, ілгіш, ішік, түлкі суреттері ілінеді. Сөйлем құрастыру. Сөздерге дыбыстық талдау жасату. Мысалы: ілгіш і-дауысты дыбыс, қызыл. л-дауыссыз дыбыс, көк г-дауыссыз дыбыс, көк і-дауысты дыбыс, кызыл ш-дауыссыз дыбыс, көк - текшемен белгілейміз. - Қане, бәріміз хормен оқиық ілгіш Енді сөзді буынға бөліп оқиық. іл-гіш. Тіл ұстарту Іс- іс- іс, Піс, қазаным, піс.   Дәптермен жұмыс Ішек, көгершін, ешкі сөздердіне дыбыстық талдау жасатып, ондағы і дыбысының орнын ажыратқызады. Балалардың өздеріне і дыбысының сөздің басында, ортасында, аяғында келетінін сөздер ойлап табады. Дәптердегі буындарды, сөздерді құратыып оқыытадыы. Барлығы хормен қайталап оқиды. Жазу жұмысы Іі әрпінің бас әрпін және кіші әрпін жазғызу. Оқулықта бейнелеген суретпен жұмыс: аттарын атату, буынға бөлу, сөйлем құрау. - Кеспе әліпелеріңе тіл, кітап сөзін жазыңдар. Оқушыларға аз ана тілінің қадір қасиеті, кітап жайлы түсінік беру. Мақалмен таныстырып, бірін жаттатқызу. Кітап - білім бұлағы. Тіл ұстарту Кі-кі-кі - бұлаңдайды түлкі. Қала, жан, ана, ата т.б. сөздерді кеспе әріптермен жазып, буынға бөледі.     Дыбыстардың нешеге бөлінетінін, дауысты дыбыстардың, дауыссыз дыбыстардың қалай айтылатынын айтады.   Жұмбақтарды шешеді. Жауабын тауып айтады.   Іі дыбысын хормен айтады. Дауысты немесе дауыссыз дыбыс екенін анықтап, қызыл немесе көк текшемен белгілейді.   Іі дыбысы кездесетінін сөздерді айтады.   Іі дыбысының кездесетін орнын айтады.     Сергіту сәтін жасайды.   Тіл ұстартуды тәрбиешінің айтқанын қайталайды.   Әліппе- жұмыс дәптерінде берілген сөздерді дыбыстық талдау жасайды.     Әріптің баспа және жазба түрімен танысады. Баспа түрін ауада жазып көреді. Әліппе- жұмыс дәптерін толтырады.   Берілген оқу жолын хормен оқиды.  
Рефлексивті – түзетушілік Қорытынды. "Әріп тастамақ" ойыны Ойынның шарты: 7-8 балаға бір-бірден әріп таңбасын таратады. Оқушы өз қолындағы әрпіне сай сөз ойлап табады айтады. Өтілген дыбыс туралы алған білімдерін жинақтап, қайталап, сұрақтар арқылы бекітеді.

Күтілетіннәтиже:

Нені білу керек:

Іі дыбысы мен әрпін, дауысты дыбысқа жатады.

Нені игереді:

Ø Сөздің басында, ортасында, соңында кездеседі;

Ø Іі дыбысы кездесетін сөздерді;

Нені біледі:

Ø Сөздерді буынға бөледі;

Ø Сөздерге қатысты сөйлем құрай алады.

Мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған

Наши рекомендации