Аралас құрмалас сөйлемді оқыту
Синтаксис курсындағы күрделі тақырыптың бірі - құрмалас сөйлем туралы түсінік. Бұл тақырыпты оқыту арқылы оқушыларға құрмалас сөйлем танытылады. Осы тақырыптан берілетін теориялық білімнің аясы кең..Құрмалас сөйлем туралы түсінікті оқушылар санасына екі түрлі жолмен жеткізуге болады: біріншісі - әңгіме, байқау әдістері арқылы, екіншісі – мұғалмінің түсіндіруі, байқау әдістері арқылы.
Мұғалім жалпы құрмаластан, соның ішінде салаластан, әр түрлі дағдылар меңгертерде, оқушыларға солардың әрқайсысының мәнін, не үшін білу керектігін түсіндірсе, оқушылардың ұсынылған жаттығуды орындауға ынтасы мен ықыласы артады. Әрбір орындалған жаттығу, дағдыландыру жұмыстарынан қандай із қалғанын өздері байқайтын болады. Өздігінен көбірек жұмыс істеуге, құрмаластан берілетін дағдыны өз бойына қалыптастыруға тырысады.
Сабақтас құрмалас сөйлемдер – қазақ тілінде ең жиі қолданылатын және ең күрделі синтаксистік категория. Бұлардан нақты да, саналы білім беру үшін, алдымен оқушыларға сабақтас құрмалас дегеніміз не, оның қандай өзіндік белгілері бар екенін, оны не үшін оқу керектігін танытып алу міндет.Сабақтас құрмаластың өзіндік белгілері мен анықтамасын оқушыларға жаттығу орындату әдісімен де, мұғалімнің түсіндіру әдісімен де меңгертуге болады.
Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлем – аралас құрмалас, сондықтан да оны саналы меңгеру салалас пен сабақтастан білімі жақсы оқушының өзіне де оңайға соқпайды. Аралас құрмаласты оқушыларға жете меңгерту үшін, алдымен бір сабақта ол жайында жалпы түсінік беріледі. Аралас қаұрмалас туралы жалпы түсінік берілетін сабақта мұғалім оқушыларға араластың мағынасын, қанша компоненттен жасалатын, компонеттерінің байланысу тәсілдерін салалас пен сабақтасты салыстыра отырап меңгертеді.
Түйіндей келгенде, құрмалас сөйлемнің әр түрінен терең білім, берік дағдыны жоғарыда баяндағанымыздай етіп беру тиімді. Дей тұрғанмен, оны әр мұғалім заман талабына сәйкес өз қажетінше, шеберлігі мен іскерлігіне байланысты түрлендіріп, толықтырып отыруы заңды.
Дәріс. Орфография мен орфоэпияны оқыту әдістемесі
Жоспары:
Орфография мен орфоэпияның бір-бірімен байланыстылығы
Орфографиялық қателерді түзету тәсілдері
Орфография мен орфоэпияның бір-бірімен байланыстылығы.
Орфография мен орфоэпияның бір-бірімен байланыстылығымен бірге олардың өзара айырмашылығы жете түсіну үшін окушы фонетиканы жетік білудің маңызызор. Мұғалім оқушылардың фонетика саласынан алған білімдерін сабақта сұрақ-жауап әдісі арқылы естерше түсіруіне болады.
Дауысты және дауыссыз дыбыстардың классификациясын таблица түрінде жазып шығуларын талап ету арқылы, төменгі сыныптарда өткен материалдарын естеріне түсіріп, бекітеді.Дыбыс пен әріптің өзара айырмашылығын, дыбыстың тілдегі сөз құрайтын фонема, ал әріптің солардың таңбасы екендігін түсіндіргеннен соң, графика, шартты таңбаның қалай болса солай емес белгілі бір қағидаға сүйеніп жазылатынын айтады.
Орфографиялық қателерді түзету тәсілдері.
Бірінші тәсіл —Сөздегі қатені сызып тастап,
оған қажетті әріпті үстінен
жазу.
Екінші тәсіл — Сөздегі артық әріпті сызып
тастау.
Үшінші тәсіл — Бөлек жазылған сөздерді біріктіріп қосу.
Төртінші тәсіл — Біріктіріп жазылған сөзді бөлу.
Бесінші тәсіл — Қате морфеманың астын сызу.
Алтыншы тәсіл — Қажетті әріпті үстінен жазбай-ақ, қате кеткен дыбыстың астын сызу.
Шәкірттер 10—15 минутта өз жұмыстарының қатесін тауып, бітеді. Содан кейін бақылау жұмысының соңына:
1. Грамматикалық қатесі — 2 2/3 = 4 (баға)
2. Пунктуациялың қатесі — 3
деп жазып қояды да, өздерінің тапқан қатесін грамматикалық болса, грамматикалық қатенің, пунктуациялық қате болса, пунктуациялық қатенің өз тұстарына араб санымен жазып қояды.
Тексеріліп біткен дәптерлер зерек шәкірттерге қаита тексеруге таратылып беріледі. Олар айналасы 4—5 минутта тақтадағы текспен салыстыра қарап шығады да, тапқан қатесі болса, дәптер иесінің өзі белгілеген қатенің тұсына қосу белгісі арқылы қосып жазып қояды. Ягни (2—3) деп қорытындылап, дәптерін өзіне қайтарып береді.
Дәріс. Тіл мәдениеті, оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру
Жоспары: