Білім берудің пәндік жүйеден мәселелік-мақсаттық матрицаға өтуі.
Әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиеттер:
1. Президенттің Қазақстан халқына жолдауы «Әлеуметтік-экономикалық жаһандану - Қазақстан дамуының басты бағыты» // Егемен Қазақстан, 28.01.2012ж.
2. Назарбаева С.А. Өмір этикасы - Алматы, 2001.
3. Мукажанова Р.А., Омарова Г.А. Методика преподавания дисциплины «Самопознание» в школе. Учебно-методическое пособие для учителей. - Алматы: ННПООЦ «Бөбек», 2013.
Қосымша әдебиеттер:
1. Платон. Диалоги Сократа - М.: Мысль, 2007. - 197с.
2. Амоношвили Ш.А. Основы гуманной педагогики. Кн.1,2. Как любить детей. - М.: Амрита-Русь, 2012.
3. Амоношвили Ш.А. Улыбка моя, где ты? - М.: Изд. дом Ш.А. Амоношвили, 2003
4. Жұмаханов Ә. Семьяда балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері .-А.,1985
1. Адамның жеке тұлғалық әлеуетін мақсатты түрде және кеңінен ашуға бағытталған рухани-адамгершілік білім беру ұлттық білім беру жүйесін дамытудың басты бағыты болып отыр.
Жеке тұлғаның психологиялық, рухани, тәндік, әлеуметтік және шығармашылық дамуының үйлесімділігіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін рухани-адамгершілік тәрбие білім беру жүйесінде өзін-өзі тану пәні арқылы жүзеге асады.
Болмыстың табиғи және жаратылыс аспектісі тұрғысынан қарастырылатын адам біртұтас үдеріс ретіндегі өзін-өзі танудың нысаныболып табылады.Адам болмысы күрделі жүйе болғандықтан, ол өзін жеке тұлға, сол сияқты іс-әрекет субъектісі және жеке дара субъект ретінде көрсетеді. Адамның осы қырларының біртұтас болуы оның өзін-өзі анықтау, өз маңыздылығын арттыру, өзін іс жүзінде көрсете білу және өзін-өзі жетілдіру аспектілерінен тұратын үйлесімді дамуды қамтамасыз етеді.
Бұл нысан өзін-өзі танудың пәндік саласын анықтайды, оқу пәнінің танымдық, дамытушылық және тәрбиелік қызметтерін айқындайды.
Өзін-өзі танудың пәндік саласы әр оқушының ішкі жан-дүниесін байытуы және өзіндік қайталанбас жеке даралығын пайымдауы арқылы табиғи қабілеттіліктері мен жасампаздық әлеуетін ашуға бағытталған мақсатты білім беру үдерісін ұйымдастыруды көздейді. Өзін-өзі тану пәнінің оқу-әдістемелік құралдары оқушылардың қоғамға және өз-өзіне қызмет етуіне бағытталып, олардың жасампаздық белсенділігін танытуға мүмкіндік беретін өмірлік маңызы бар, кең ауқымды біліктілік дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі.
2. Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға /қазақ жанына/ үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады (Мағжан Жұмабаев)
Өзін-өзі тану пәнін оқытуда ең бір қиын, ең бір жауапты мәселе – тұлғааралық эмоционалды қарым-қатынас (коммуникация) мәселесі. Оқушының ерекшелігін ескерген қарым-қатынас оған еркін таңдау мен даму жолдарын ұсынады. Өзін-өзі тану пәнімен қарапайым педагогикалық әдістерді жетік меңгеру оқушыларға дамытушы әсер ететін психоэмоционалды және психоэстетикалық амалдарды зерттеп, қолдануға жол ашады. Қазіргі кезеңде бала жанына сауатты, «зиян келтірмей» әсер етуге білім беру жүйесінде салғырттық байқалады. Мұғалім мен оқушылардың арасындағы нақты рухани, соның ішінде эмоционалды байланыс дұрыс қарым-қатынастан басталады. Қарым-қатынасты біліктілікпен жасау – этикалық әрі танымдық шығармашылық жұмыс. Баланың жан дүниесін түсіне отырып, ұстаз оның жан-жақты даму жолын білуге ынталанып, соған сәйкес әрекет жасауға бағытталады. Оқушының мінезін, әуестігін, алға қойған мақсатын, көңіл-күйін білу ұстазға баланы жеке тұлға ретінде терең танып, оның жанына жайлы педагогикалық әсер етуге көмектеседі.
Өзін-өзі танудың дамуы, педагогикалық тәжірибенің толық жетілуі педагогикаға маңызды түзетулер мен өзгертулер енгізеді, себебі ол – формалды түрде шартты емес, қоғамдық қажеттіліктің көрінісі. Өзін-өзі танудың негізгі міндеттерінің бірі болып педагогтың түрлі ұстанымдар мен ережелерді саналы түрде түсінуі, кәсіби парызының іске асырылуын саналы түрде ұғынуы болып табылады.
Өзін-өзі тану пәні мүмкіндіктерінің ұстаздың адамгершілігі мен оның кәсіби парызы туралы ғылыми теориясы ретіндегі маңызы өте зор:
- педагогикалық қызметтің ұстанымдары жекешеленбей, әлеуметтік факторлардан алшақтанбайды;
- өзін-өзі танудың талаптары басқа адам тағдырына педагогтың қатыстылығына ұстаздың кәсіби санасын білім беру саласында ғана емес, адамның тіршілік ету әрекетінің барлық салаларында әділеттілікті орнату мен кәсіби қызметтегі дұрыс қарым-қатынас орнатуға бағыттайды.
Өзін-өзі танудың міндеттері тек педагогтың кәсіби парыздылығын ашу, кәсіби қызметтің қорытындылары үшін жауапкершілігі, оқушылармен, олардың ата-аналарымен, әріптестерімен қарым-қатынас үдерісі кезінде ұстаздарға қойылатын талаптар мен қағидалар жүйесін анықтаумен ғана шектелмей, өз қызметінде бұл шарттарды іске асыру барысында талаптарын анықтауда.
Өзін-өзі тану пәні шынайы гуманистік ғылым ретінде педагогикалық қызметкерлерге тән тұлғалық қасиеттердің, уәждердің, қылықтар мен түрлі әрекеттердің мән-мағынасын түсіндіреді, осы мамандыққа тиесілі адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына өз ықпалын тигізеді, кәсіби қызметін ұзақ атқару кезінде олардың өзгеруін алдын алады.
Сонымен бірге Өзін-өзі тану пәні міндеттеріне педагогтың кәсіби мінез-құлқының алғышарттарын қарастыру, кәсіби қызмет үдерісі кезінде пайда болған жағымсыз факторларды, дау-жанжалдарды жою амалдары, педагогтардың білімнің формалды қосымшаларын жоюды, моральдық және кәсіби-маңызды қатынастарды жете түсінудің белсенділігін ояту мен ынталандыру бағыттарын айқындауды, тұлғаның деонтологиялық қасиеттерін тәрбиелеу, ұстаздың алдын ала қалыптасқан кәсіби қызмет ұстанымдарының мәнін айқындауды, педагогикалық мамандықтың беделін жоғарылатуды зерттеу жатады.
Өзін-өзі тану пәнінің негізгі міндеттері:
- педагогтың кәсіби мінез-құлық ұстанымдары мен ережелерін зерттеу;
- педагогтың мінез-құлқы мен іс-әрекетін қалыптастыру, реттеу, бағалау;
- педагогтың кәсіби мінез-құлқын анықтайтын сыртқы, ішкі факторлар жүйелерін зерттеу;
- педагогтың маңызды қасиет-қабілеттерін, кәсіби қарым-қатынас аясында педагогикалық үдеріске қатысушылардың бірін-бірі қабылдауын, бағалауын зерттеу;
- педагогтың жеке тұлғалық ерекшеліктерінің қызметінің кәсіби талаптарына сәйкестігін зерттеу;
- педагогикалық қызметте болатын қате іс-әрекеттердің зиянды салдары мен қолайсыз факторларын жою.
Лекция №24