Иын балалар ұғымы және олардың пайда болу себептері
Жобаның мақсаты
Зерттеу барысында қиын балалармен түзету жұмыстарын жүргізіп, ол қиыншылықтардың не себепті пайда болғанын түсініп және ол қиыншылықтарды жойып қайта қайталануын болдырмау.
Жобаның міндеттері
-Қиын балалардың проблеммасын анықтау және әдістемесін жасап, бағдарлама құрастыру.
-Қиын балалардың өз проблеммасында қалып қоймай, проблемманы шешу жолдарын табуға көмектесу.
Зерттеу нысаны
Шыңғырлау ауданындағы мектеп – интернатындағы сабақ оқымайтын және мінез-құлығында қиыншылқтар бар балалар.
Ылыми жобаның болжамы
Егер мінез-құлығында қиыншылықтары бар балаларға психологиялық көмек беру тиімді қолданылса, онда қиын балалардың өз ішінде сенімділік пайда болып, өмірге деген құлшынысы пайда болып және өз проблеммаларынан арылуға мүмкіндіктер ашылады.
Зерттеу жұмысында қолданылған әдіс-тәсілдер
1.Тренингтер
2.Релаксация жаттығулары
3. Проблемманы анықтауға арналған әдіснамалар
4. түзету бағдарламалары
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша 2013 жылғы 1 қаңтарға халық саны 16 909 776 адамды құрады. 2012 жылмен салыстырғанда халық санының 236 699 адамға өскен (2012 жылғы 1 қаңтарға халық саны - 16 673 077 адам). Оның ішінде әйелдердің саны – 8 750 895, ерлердің саны –8 158 881. Балалардың жалпы саны ұдайы ұлғайып келеді. 0 – 18 жас аралығындағы балалардың саны – 5 029 936, 2012 жылы – 4 934 542. Бала туу көрсеткіші біртіндеп ұлғаю үрдісінде қалып отыр. Республикадағы бір жасқа толмаған балалардың саны – 376 574. Қазақстан Республикасы тұрғындарының құрылымындағы 0 – 18 жас аралығындағы балалардың үлесі 30%-ды құрайды.
Бүгін республикада 33 682 (2012 ж. – 34785) жетім бала мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала өмір сүріп жатыр. 23 803 бала отбасыларда қорғаншылықта және қамқоршылықта, патронаттық тәрибеленуде, 9 879 бала білім, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 188 ұйымында тәрбиеленуде.
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың ерте профилактикасы мақсатында, сондай-ақ республикадағы жасөспірімдер қылмысының жай-күйіне атаулы ықпал ету мақсатында «Жасөспірім», «Бітіру кештері», «Каникул» жедел-профилактикалық іс-шаралары мен «Түнгі 58 қаладағы балалар», «Жасөспірім-Заң- Қауіпсіздік», «Жұмыспен қамту», «Мен және менің полициям» акциялары өткізіледі. Өткізілген іс-шаралар нәтижесінде ағымдағы жылы ІІБ 85 мыңнан астам (2012 ж. – 81,4 мың) кәмелетке толмаған жеткіншектер жеткізілген, оның ішінде 64 мыңнан астамы (2012 ж. – 57 мың) – әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін, оның 3,6 мыңы (2012 ж. – 4 мың) – қоғамдық орындарда алкогольді ішімдіктер ішкені үшін және бір мыңнан астамы (2012 ж. – 1750) – бұзақылық үшін. Сондай-ақ, Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына 5 мыңға жуық (2012 ж. – 4,6 мың) жеткіншек жеткізілген, оның 4 мыңнан астамы (2012 ж. – 3,8 тыс.) – қадағалаусыз және қараусыз жүргені үшін. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында жүргені үшін ағымдағы жылы ойын-сауық мекемелерінің 800 меншік иесі, сондай-ақ 2 мыңнан астам ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 2013 жылдың 9 айында полиция қызметкерлері мүдделі мемлекеттік органдармен бірге құқықтық тақырыпқа, оның ішінде балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі заңнаманы түсіндіруге бағытталған 78 мыңнан астам (2012 ж. – 75 мың) сөз сөйлеу өткізді, оны 74 мыңнан астамы (2012 ж. – 75 мың) – оқу орындарында және 4,7 мыңы (2012 . – 4,2 мың) – БАҚ-та өткізілді.
I тарау. ҚИЫН БАЛАЛАРДЫҢ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ОНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
иын балалар ұғымы және олардың пайда болу себептері
Қоғам өмiрiнiң барлық салалары көптеген өзгерiстерге, бұрынғы мінез-құлық нормалары құлдырауға ұшырап жатқан кезде девиантты мінез-құлық мәселесі елiмiздегi ерекше өзекті мәселе болып тұр. Сондықтан жасөспірімдердің жат мінез-құлықтарымен күресу мәселесі жас мемлекетіміздің алдында тұрған күрделі мәселе болып табылады. Мектептегі педагогтар, психологтар балаларды оқыту мен тәрбиелеуде сабақтан көп қалатын, тәртібі нашар, білім деңгейі төмен, ашуланшақ, ата-аналар мен ұстаздарды тыңдамайтын, бұзақылықтар жасайтын балалармен жиі кездеседі. Көбіне зерттеушілер мұндай оқушыларды «Қиын оқушылар», «Мінез-құлқында ауытқуы бар балалар», «Девиантты балалар» деп қарастырып жүр. Жалпы девиантты мінез-құлық және қиын балалар ұғымына келетін болсақ, ол 1920-1930 жылдары пайда бола бастады. Бастапқыда ғылым саласында емес, күнделікті өмірде қолданылып жүрді. Біраз уақыт ұмытылып, 1950-1960 жылдардың басында қайтадан қолданысқа енді.
Ең алғаш бұл мәселе бойынша зерттеу жүргізген П.П. Блонский болды, ол өз зерттеулерінде девиантты деп мінез-құлқы шамасынан ауытқыған, кәмелетке толмаған балаларды қарастырды. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлықты мәселесін Қазақстандық педагог-психологтар мен әлеуметтанушылар да қарастырып жүр (А.Жұмабаев, Л.К.Керімов, Э.И.Шыныбекова, Г.А.Уманов, Ш.Е.Жаманбалаева, Д.Қазымбетова, Т.М.Шалғымбаев, А.М.Қарабаева). Бұл зерттеушілердің пікірінше девиантты сияқты жағымсыз қасиеттің қалыптасуына әлеуметтік-педагогикалық факторлардың әсер ететінін зерттеген. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлықтарын спорт, өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру, мектепке деген ықпалды күшейту, бойындағы белсенділікті арттыру, ұжымдағы әрекеттерге араластыру арқылы жеңудің әртүрлі жолдарын көрсетіп берген . Девиантты мінез-құлық мәселесі психологиялық тұрғыдан Л.С.Выготскийдің еңбектерінде қарастырылады, сонымен қатар А.С.Макаренконың тәжірибелерінен де үлкен орын алады.
Девиантты мінез-құлық деп әлеуметтік нормадан ауытқуды айтады. Оны қоғамда қабылданған нормаға қарама-қайшы әрекет жүйесі ретінде анықтайды. Девиантты мінез-құлық екі үлкен категорияға бөлінеді. Біріншіден бұл психологиялық денсаулық нормасынан ауытқу. Екіншіден, бұл қандайда бір әлеуметтік-мәдени нормаларды, әсіресе құқықтық норманы бұзатын антиәлеуметтік іс-әрекет. Сондай-ақ девиантты мінез-құлық бұл “балалар мен жасөспірімдердің әкімшілік жазалау шараларын қолдануға әкеп соғатын құқық бұзушылықтарды үнемі жасауы, оқудан, жұмыстан қасақана жалтаруы, отбасынан немесе балаларды оқыту-тәрбиелеу ұйымдарынан үнемі кетіп қалуы, сондай-ақ олардың қылмыстық жауаптылыққа жатпайтын қылмыс белгілері бар, қоғамға қауіпті әрекетткер жасауы .
Дж.Смелзер девиантты мінез-құлықты изоляцияға емделуге, түрмеде қамалуына және басқада құқық бұзудың жазалауларына әкелетін топтық нормадан ауытқу деп санады. В.И.Добреньков және А.Н.Кравченко “қоғамдық көзқараста мақұлданбайтын әрбір қылықты девиантты мінез-құлық ” деп атады. Әлеуметтік-психологиялық әдебиеттерде балалар мен жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының қалыптасуына әсер ететін факторларды төмендегідей бөліп көрсетеді:
· агрессивтілік;
· өзін-өзі басқарудың төменділігі;
· әлеуметтік нормаларды түсіну дәрежесінің төмендігі;
· ата-аналардың бақылауының жетіспеушілігі;
· ата-аналардың әсер етуінің тиімсіздігі;
· физикалық жазалау;
· жасөспірімнің отбасымен және құрдастарымен келіспеушілігі;
· отбасының құлдырауы;
· ерте ішімдікке салыну, таксикомания, нашақорлық;
· әлеуметтік қанағатсыздану;
· асоциальды топтарға қосылу.
Девиантты мінез-құлықты көбіне жасөспірімдер арасында кездестіреміз. Себебі жасөспірімдік кезең - ең қиын, әр түрлі бұзақылықтардың пайда болатын және сонымен қатар достық нормаларды игеруіне сәтті кезең болып табылады. Жасөспірімге тән қасиет - өзіндік тәуелсіздік, дербестік, басқаға бағынышты болмау. Сол себептен, өзінің күш-қуатын, жеке басының мән-мағынасын түсінуге ұмтылыс жасайды. Оны ұғынуға мүмкіндіктерді мектептегі оқу-тәрбие мен еңбек процесіне қатыстарынан байқалады. Себебі, девиантты мінез-құлықты балалар типтік ерекшеліктеріне байланысты тіршілік қиыншылықтарына кезігіп, оны жеңіп шығуға ішкі жай-күйі жол таба алмай әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан қорғалынбайды. Содан девиантты мінез-құлықты бала ешкімге керегім жоқ деген сезімге беріліп кінәны үлкендерге теліп айналасымен жан-жалдасуға, ұрыс-төбелеске бейімделеді. Қажеттіліктің орнын толықтырудың жолы – бос уақытын мақсатсыз пайдалану, мектеп тәртібін ұстамау, заң нормаларын бұзу, қылмыстық істер жасау .
Әр жас кезеңнің адамның тұлғалық қалыптасуында алатын өзіндік орны бар. Бұл баланың “мені” қайта құрылып, айналасындағыларға сыни көзқрас қалыптасатын кезең. Белгілі психолог Л.С.Выготский жасөспірім жастағы кезеңде (14-18 жас) екі үлкен өзгеріс болады: ол ағзадағы жыныстық жетілу және өзінің “Мен” мәдениетінің ашылуы, тұлғасының және дүниетанымының қалыптасуы. Жасөспірімдік кезең тек психологиялық жағынан ғана емес, сонымен қатар тәрбиелік жағынан да қиын болып табылады. Дәл осы жасөспірімдік кезеңде балалардың көпшілігі “мектепке бейімделе алмауымен” ерекшеленеді, яғни мектептің талаптарына бейімделе алмау. Шарт бойынша “мектепке бейімделе алмау” жасөспірімдерде олардың үлкендермен ашық жанжалға түсуімен, құрдастарымен достық қарым-қатынасын бұзуымен, олардың нашар оқуымен, мектептегі тәртіпті бұзуға қатысуымен, оларда ата-аналарымен және оларды қоршаған үлкен адамдармен жанжалда болуымен көрініс береді. Көптеген зерттеуші ғалымдардың тұжырымдамаларына жүгінсек девиантты мінез-құлықты жасөспірімдерге тән ортақ қылық – ол ата-аналар мен ұстаздарға қыр көрсету, бір нәрсені өзінше жасау, үлкендердің тілін алмау, жағымсыз жандарға еліктеу, темекі тарту, біртіндеп ішкілікке үйрену, ұрлық жасау тағы сол сияқты болып табылады. Осындай жат қылықтарды елемеу – жасөспірімдерді теріс жолға түсіріп, қылмыс жасауға итермелейді, адамгершілік ардан аластатып, бара-бара қоғамға сүйкімсіз, жеккөрінішті жандар қатарына қосары сөзсіз. Жасөспірімдік шақта балалардың қызығушылығы арта түседі, әлде бірдеңеге бейімделгіш келеді, мінезі ерекшеленіп, өзінің өмір жолына көз жіберіп, ой елегінен өткізуге тырысады, оқудың мәнін, мақсатын түсініп, ұжымдағы өз орнын білгісі келеді. Жасөспірімдер мен жастардың жат қылықтарға әуестенуінің негізгі себебі: білімінің төмендігі, мәдениет деңгейінің жеткіліксіздігі, ең бастысы, қызығушылықтың шектеулілігі, қоғамдық пайдалы іске деген ниеттің жоқ болуы. Сонымен девиантты мінез-құлықты жасөспірімдерді педагогикалық мінездемелері жағынан төрт топқа бөлеміз:
Бірінші топқа жататын девиантты мінез-құлықты жасөспірімдердің мінез-құлқында дөрекілік, қатігездік, мейірімсіздік, үлкен-кішіні сыйламау сияқты әдет-дағдылар толық қалыптаспағанымен, олар іштей өз жүріс-тұрыстары мен іс-әрекеттеріне баға бере алмайды. Бірақ өз мінез-құлқын түзетуге талаптанады.
Екінші топқа жататындар адамгершілік қадір-қасиеттерді төмендей бастаған, әлеуметтік бағдарлары қоғамға жат сыңаймен сипатталады. Бұлар қатігездік қылықтарымен қатар, ұрлық, тонау, зорлық-зомбылық жасау, темекі мен наша тарту, уытты сұйық заттарды иіскеу сияқты әдеттерге икемдене бастаған. Бұл топқа тәртібі нашарлаған, құқық тәртібін бұзушы жасөспірімдер жатады, бірақ бұл балалар әлі бұзыла қоймаған, өз жүріс-тұрыстарын түзетуге мүмкіндік – қабілеті бар, тек педагог тарапынан басқаруды талап етеді.
Үшінші топқа өз мінез-құлықтарын басқара алмай, өзін-өзі тәрбиелеуге бейімділіктері жоқ жасөспірімдердің шағын тобы жатады. Қоғамға жат мінез-құлықтары қалыптаспағаны сонша, олар өздерінің теріс қылықтарына талдау бере алмайтын жасөспірімдер. Бұл топқа қатігездік, зорлық-зомбылық көрсетумен қатар ұрлық, тонау, ішімдік және наша тарту істеріне әбден машықтанған жасөспірімдер енеді.
Төртінші топқа жұйке ауруларына (невроз, неврастения, кісіні мезі қылатын әдет) шалдыға бастаған балаларды жатқызамыз. Мұндай жасөспірімдерге педагог-психологтар мен дәрігерлер тарапынан дербес қарым-қатынас, ілтипат, сый-құрмет, жылы лебіз қажет. Девиантты мінез-құлықты емдеу жалпы мемлекеттік міндет және оның тиімді дамуы педагогтар, психологтар, заңгерлер, дәрігерлер, әлеуметтік жұмыскерлер, журналистердің біріккен әрекеттерінің нәтижесінде іске асуы мүмкін. Бұл жұмыс бірінен соң бірі және кезең бойынша жүргізілуі тиіс .
Отто Рюле «аштық» тек адамның ағзасына ғана әсер етіп қоймайды, сонымен қатар оның моралдық тұрақтылығына да әсер етеді. Аштықтың нәтижесінде физикалық және моралдық тұрғыдан құлдыраған адам тұлғасын елестету өте қиын. Материалдық жағынан қамтамасыз етілмеу адамдарды ессіздендіреді, ұят деген сезімнің жоғалуына итермелейді, ар мен адамдық сезімнің жоғалуына әкеледі
С.Ф.Анисимованың пікірінше “Жас ұрпақты жақын адамдарын ренжітіп алғандағы, жақсы көретін адамына қиянат жасағандағы ұят сезімі сияқты, табиғатта мақсатсыз кесілген ағашты, уланған суды, бекітілген өзенді көргенде сондай күйзеліс сезімінде болатындай етіп тәрбиелеу керек” деген. Осы мәселелерді ескере отырып біз балалар мен жасөспірімдердің тұлғасы мен мінез-құлқындағы жат қылықтардан арылту үшін төмендегідей жұмыстар жасалу керек деп ойлаймыз:
· жасөспірімдердің бос уақыттарын ұйымдастыру;
· оқушылардың жеке дара ерекшеліктерін ескеру;
· әлеуметтік және психологиялық қорғалуы;
· оқушылардың өздерінің құқықтары мен міндеттерін білуі;
· маскүнемдікке, ішімдікке, нашақорлыққа, қылмыстық әрекетке
бейім балаларға үлкендер тарапынан қатал жаза қолдану
Сонымен баланың алғашқы адами құндылықтары , әрине , отбасыда қалыптасады. Алайда, қанша дегенмен ешбір ата-ана өз баласының жаман болғанын қаламайтыны анық. Егер, әртүрлі себептермен баласы тура жолдан шығып кеткеннің өзінде , ол ата-аналарды кінәләй бермей , бірлесіп жұмыс істеу үшін олармен дұрыс қарым-қатынас орнату керек, бұл біріншіден , ал, екіншіден ол отбасының барлық жағдайын зерттеу керек, “қиын” балаға айналу себептермен әртүрлі жолдармен анықтау, тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыруға оң әсерін тигізеді. Ол үшін: “Менің отбасым ”, “Мен не үшін ата-аналарымды жақсы көремін (сыйлаймын)”, “Мен бос уақытымды қалай өткіземін? ” деген тақырыптарға шығарма жаздырып, содан көп нәрсені білуге болады.Үшіншіден, істелген жұмыстың бәрі алдын-ала, терең , жан - жақты ойластырған болуы керек. Ата-аналармен,олардың тәрбиесі қиын балаларымен жүргізілетін жұмыс сол отбасының жеке ерекшіліктерін ескере отырып жоспарланған болуы керек .
1.2 Қиын мінез-құлықты жасөспірімдердің қазіргі психологиялық әдебиеттерде зерттелуі
Білім берудің жаңа жүйесіне сай жас ұрпақ тәрбиесін жан-жақты жақсартуға бағышталған қызмет айырықша маңызға ие екені белгілі. Жас ұрпақ тәрбиесінде әттеген-айларға кезігіп, кеш өкініп, опық жеп жүрген жайымыз бар. Олай болса баланың шәлкім-шалыс жүрісін ұсақ-түйек санап, “кейін ер жеткенсін өзі–ақ қояды” деп кейбір ата-аналардың жеке жауапкершілігіне жүрдім бардым қарауын бала тәрбесіне мән бермеушілік, оның ертеңгі күнін ойламаушылық демеске лаж жоқ.
Соңғы кездері осы жастар тәрбиесіндегі кемшіліктердің кең етек алуын тетен-тек оқиға деп қарауға болмайды. Ол өмір шындығы, бәріміздің ортақ кемшілігіміз. Осы кемшіліктеріміздің нәтижесінде жасөспірімдер арасында девиантты мінез-құлық көптеп кездеседі.
Мінез-құлықтағы қиындық және қиын балалар 1920-30 жылдары пайда бола бастады (Болнский П.П). Бастапқыда білім саласында емес күнделікті өмірде қолданылып жүрді. Біраз уақыт ұмытылып, 1950-60 жылдардың басында қайтадан қоданысқа енді. Қазірде бұл терминдер ғылыми сөздіктерде нақты орын алып отыр.
Девиантты мінез-құлық деп әлеуметтік нормадан ауытқуды айтады. Оны қоғамда қабылданған нормаға қарама-қайшы әрекет жүйесі ретінде анықтайды .
Психикалық әрекетіне өзгеру күйін тудыратын улы заттарды қолдану девиантты мінез-құлық формасы болып табылады. Осы заттарды қолданған кезде ол психикалық процестерге әсер етеді.
Девиантты мінез-құлық әртүрлі формада көрінгеніне қарамастан, олардың барлығы бір-бірімен тығыз байланысты. Ішімдік ішу, наша қолдану, агрессивті мінез-құлық тағы басқалар бір тұтастықты көрсетеді. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының біреуін қолдануы оның басқа заттарды қолдануға деген мүмкүндіктерін жоғарылата түседі.
Қандайда бір іс-әрекеттің бағалануы оны қандайда бір нормамен салыстыру іске асады. Проблемалық іс-әрекетті жиі девиантты деп атайды. Девиантты мінез–құлық психологиялық денсаулық, құқықтық, мәдениеттік немесе жалпы қабылданған нормадан ауытқу әрекетінің жүйесі.
Девиантты мінез-құлық деп қоғамда қалыптасқан нормаларға сәйкес мінез-құлықты айтамыз (И.А.Невский). Белгілі әлеуметтанушы И.А.Кон девиантты мінез-құлықты психикалық денсаулық, құқық, мәдениет немесе мораль қалыптарының жалпы қабылданған қалыптардан ауытқыған әрекет жүйелері ретінде қарастырады
В.В.Трифонов зерттеулерінде «девиантты мінез-құлықты жасөспірім» анықтамасы – бұл күнделікті педагогикалық әсерге көне бермейтін, өзіне үнемі қоысмша уақыт бөліп қарауды, мұғалімнің ерік-жігерін, күшін, қажырлы педагогикалық еңбегін қажетсінетін бала /7.131-б/. Бұл шексіз ұғым, ол жеке адамның өзгеру құбылысын жинақтаушы. Осы категориядағы балалардың жалпыадамдық және өзге ешкімде қайталанбайтын қасиеттері, әлеуметтік және биологиялық факторлардың ықпалымен қамтамасыз етіледі. Л.М.Зюбин, Д.В.Колесов, В.Н.Кудряцев, Г.М.Минковский, И.ФМягков және т.б. «девиантты мінез-құлықты балалардың» көпшілігі бұлар мектеп бағдарламасын дұрыс меңгере алмайтындар, сондықтан да оқушылар ұжымынан тысқары шығып қалатын балалар, - деп атап көрсетті /8.87-б/. Ұжымдағы жағымды позициядан тыс қалуоларды теріс мінез-құлыққа, айналасындағы адамдармен, әсіресе бірге оқитын құрбы-құрдастарымен дұрыс қарым-қатынас жасауына кедергі келтіреді.
Девиантты мінез-құлық үлкен екі категоияға бөлінеді. Біріншіден, бұл анық немесе жасырын психопатологияның барлығын білдіретін психикалық денсаулық қалыптарынан ауытқыған мінез-құлық. Екіншіден, бұл әлеуметтік, мәдени және құқықтық қалыптарды бұзатын әлеуметтенбеген мінез-құлық. Мұндай әрекеттер аз болса, олар құқық бұзушылық, ал шамадан артық болса, әрі жазаланса-қылмыс деп аталынады. Бұл жерде делинквенттік (құқыққа қарсы) және қылмыстық іс-әрекеттер туралы айтылып отыр.
С.А.Беличева девиантты мінез-құлықтың әлеуметтік ауытқуын былайша жіктейді:
Пайдакүнемдік бағытта: құқық бұзушылық, материалдық, қаржылық, дүние-мүліктік пайда табуға ұмтылумен байланысты (ұрлау, тоау, алып-сату, алаяқтық және т.б.) жасаған теріс әрекеттері;
Агрессиялық бағытта: адамға қарсы бағытталған әрекеттер (балағаттау, бұзақылық, ұрып-соғу, өлтіру, зорлау);
Әлеуметтік енжар тип: белсенді өмір сүруден қашуға, азаматтық борышын өтеуден құтылуға, жек және әлеуметтік мәселелерді шешкісі келмеуге ұмтылу (жұмыстан, оқудан бас тарту, кезбелік, маскүнемдік, нашақорлық, токсикомания, өзіне-өзі қол жұмсау).
Девиантты мінез-құлық екі үлкен категорияға бөлінеді. Біріншіден бұл психологиялық денсаулық нормасынан ауытқу. Екіншіден, бұл қандайда бір әлеуметтік-мәдени нормаларды, әсіресе құқықтық норманы бұзатын антиәлеуметтік іс-әрекеті .
Социологияда девиантты мінез-құлықтың себебін түсіндіру үшін бірнеше бағытқа бөліп қарастырады. Р.Мертон Э. Дюркгеймнің түсінігіндегі «аномия» ұғымын (бұл дегеніміз бұрынғы нормалар мен құралдардың нақты жағдаймен сай келмеуі, ал жаңаның әлі де қоғам жағдайында нақтыланбағандығы) қолдана отырып, ауытқымалы мінез-құлықтың себептері деп қоғамның ұсынып отырған мақсаттары мен оны жетістікке жеткізетін құралдардың арасындағы байланыссыздық. Келесі бағыт конфликт теориясы аумағында туындаған. Осы теорияға сүйінетін болсақ, мәдениетті мінез-құлық қандайда бір мәдениет нормасына негізделмесе ауытқушылықты мінез-құлық болып табылады (А.Коэн).
Социологияда девиантты мінез-құлықтың шығу тегі Э.Дюркгеймнен бастау алады, ал оны жеке ғылыми бағыт ретінде Р.Мертон қарастырған. Олардың ұсынып отырған «аномия» ұғымы нені білдіреді? Бұл ұғымның негізгі шығу тегін ертедегі әдебиет көздерінен де кездестіруге болады. «Көне грек тілінде anomos деген «заңсыздық», «қалыпсыздық», «басқаруға көнбейтін» дегенді білдіреді. Бұл ұғымды Еврипид пен Платонның, ХVI ғасырдағы ағылшын тарихшысы У.Лембейрдтің, франсуз философы мен әлеуметтанушысы Ж.М.Гюйоның және т.б. әдебиет көздерінен кездестіруге болады. Аномия ұғымы - әлеуметтік біркелкілік сезімінің бұзылуын немесе тіпті әлсіреуін білдіреді. Осы аномия ұғымына көптүрлілік пен қарама-қайшы пікірлердің өзі бүгінгі күні «аномия» ұғымына тарихилықтан тыс біркелкі түсініктің жоқтығын көрсетеді. Осыған байланысты Э.Дюркгейм мен Р.Мертонның пікірлерін қарастырсақ.
Ең алғаш рет әлеуметтік тұрғыдан девиация ұғымына түсінік Э.Дюркгеймнің ұсынған аномия теориясынан көрініс тапты. Ол бұл теорияны өзінің классикалық зерттеулерінде өзіне-өзі қол жұмсаудың негізі ретінде қолданды. Ол өзіне-өзі қол жұмсаудың себебі «аномия» деп аталатын көрініс деп санады. Ол адам өмірін реттеуде ережелер маңызды рөлге ие екенін, нормалар олардың мінез-құлқын басқаратынын, олар басқа адамдардан не күту керек екенін және олар өздерінен не күтетінін де біледі деп көрсеткен. Адамдардың өмірлік тәжірибесі (яғни қанағаттанулары мен өкініштері) кішкене болса да әлеуметтік нормамен қамтылған өздерінің күткен нәтижелеріне сәйкес келеді. Дегенмен де кризистік немесе радикалды әлеуметтік үзілістерде өмірлік тәжірибе барлық әлеуметтік нормаларды қамитын идеалға сай кемей қалады. Нәтижесінде адамдар адасушылық пен әлеуметтене алмаушылық сезімін басынан кешіреді. Э.Дюркгейм өз еңбегінде күтпеген кезде экономикалық жағдайдың күрт төмендеуі немесе жоғарылауы өзіне-өзі қол жұмсаудың қалыпты жағдайдан жоғары болуына алып келеді деп көрсеткен. Әлеуметтік нормалардың бұзылуы, адамдардың бағыт-бағдарларын ұмытуы бұлардың барлығы девиантты мінез-құлыққа сәйкес келеді деп көрсеткен.
А.С.Макаренко айтқандай, тәрбие ісінің шын мәні тіпті де баламен әңгімелесуде емес, оған тікелей ықпал жасауда да емес, оның өмірін ұйымдастыруымызда .
Әрине девиантты мінез–құлықтағы балалардың арасындағы жұмыстың шешуші тұлғасы педагог. Оның кәсіби шеберлігі мен педагогтың таланты. Тәрбиесі тартымсыз шәкіртті қайта тәрбиелеудің барлық күшінің (мектеп, отбасы, көпшілік) басын қоса білсек оны адамгершілік жолға салуға әсер ететіндердің бәрін оны мақсатқа жұмылдыра білсек қана жеңілге түспек.
Адамдарды қоғам, яғни өзін қоршаған орта тәрбиелейді. Бұл ақиқат.
Баланы оқытушы да, ересек адамдар да, көрішісі де тәрбиелейді. Бірақ ең алдымен балаға отбасы, ата-аналар, өзін қоршаған адамдар, жасы үлкен ағалар мен апалардың өнегесі бәрінен күштірек ықпал етеді. Кейінірек оның жолдастарының, достарының, таныстарының ықпалы, орта мен әртүрлі жағдайлардың әсері отбасы ықпалынан күштірек болып кетуі мүмкін, бірақ 13-14 жасқа дейін бала өмірінде отбасы, ата-ана басым рөл атқарады.
Сонымен отбасы адамның өмірі негізделетін моральдық адамгершілік ірге тасын қалайды.
II. тарау МЕКТЕП ПСИХОЛОГЫНЫҢ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ ҚИЫН БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗЕТІН КОРРЕКЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗІ 2.1 Мектеп психологының қиын балалрмен жүргізетін түзету – дамыту жұмыстарының формалары, түрлері мен жүргізу тиімділігі.
«Қиын» оқушы деген термин қазіргі практикада жеке басын тәртіпке салу қажет балалардың отбасын білдіреді.
Бұған ересектердің талабына, кеңесіне қарсылық көрсететін тілазар, ерке, қыңыр балалар жатады. Мұндай ауытқудың іс жүзіндегі себебін анықтау оларға қатаң талап қоя және іс-әрекеттің ұжымдық нормасына енгізе отырып, балалардың қажеттілігі мен ынтасына назар аудару еркелік, қыңырлық, тілазарлықты болдырмау мен жеңудің негізгі жолы.
Қиын балалармен және тәртіп бұзушылықтың алдын-алу мәселесі қазіргі кезеңдегі мектеп әрекеттерінің ішіндегі маңызды міндеттердің бірі болып саналады. Осы мәселемен жұмыс жасай отырып, мектеп психологының қойған мақсаты: «қиын» балалармен жұмыс жүргізу жолдарын жетілдіре отырып, оқушыларға құқықтық білім беру мен жоғарғы әлеуметтік-құқықтық мәдениетін қалыптастырудың тиімді әдіс-тәсілдерін табу.
Әуелі мына терминдерді ажырата білгеніміз жөн: «қиын бала», «тәрбиесі қиын» бала, педагогикалық назардан тыс қалған бала, әлеуметтік назардан тыс қалған бала, адамгершілік дамуында ауытқушылық бар бала.
Осы тұрғыдан қарай отырып, тәртіп бұзушылыққа бейім балалармен дұрыс тәрбие жүргізу жолдарын анықтаймыз. «халық айтса, қалт айтпайды» дегендей «қиын» балалармен жұмыста сынып жетекшілерінің қағидасына айналған мақалдар бар.
«Баланы жастан» немесе «баланы бесігінен түзе». Баланың тәрбиесі жайлы алғашқы мәліметтің жоқтығынан бастауыш сынып мұғалімдеріне бірінші күнен бастап баламен мақсатты түрде жеке тәрбие жұмысын жүргізу қиынға соғады. Ал бастауыш мектеп кезеңі баланың жеке басының ары қарай қалыптасуы үшін аса маңызды рөл атқарады. Оның өмірінде мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап айтарлықтай өзгерістер пайда болады, бала үшін жетекші орын алатын оқу әрекеті қалыптасады. Сондықтан мектепке дейінгі баланың отбасындағы мінез-құлқы жайлы, кейбір жеке ерекшеліктері жайлы мәліметтердің болғаны жөн. Бұл үшін арнайы сауалнамалар дайындалады. «Бала туралы мәлімет» құжаты толтырылады, мінездеме жазылады.
«Өнер үйренсең қор болмайсың». Оқушының бос уақытын әр түрлі көпшілік іс-шаралармен толтыру арқылы алдын алу шараларын қамтамасыз еттік деу, бекершілік. «Қиын» балдалар көбінесе сенім туғызатын әңгімеге мұқтаж. Жеке назардың, қамқорлықтың, мейірімділіктің жеткіліксіздігін ересек қылмыскерлер пайдаланып «қиын» балаларды өз тобына қосып алады.
«Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады». Тәрбие жұмысындағы тағы бір маңызды нәрсе баламен сөйлесе білу. Баланың көңілін таба білу, оның сенімін туғызады. Жас ерекшеліктерін ескере отырып, жеткіншектермен жасөспірім балалармен олардың өз тілінде сөйлесу керек.
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей келеңсіз отбасылармен жұмыста тек түсіндіру шаралары арқылы оларға ықпал жасау жеткіліксіз. Бұл жұмыста қоғамдық ықпал ету, медициналық және құқықтық шараларды қолданған жөн.
Мінез-құлқы қиын оқушылар арасында жүргізілген көптеген зерттеулер қорытындысы бойынша үлгермеушілер қатарын бастауыш сынып оқушылар толықтырып отыратыны көрінеді. Мінез-құлықтың мұндай ерекшеліктерінің пайда болуының өзі болашақта –әлеуметтік психологиялық дезадаптацияның тұрақты түрлерінің қалыптасуына, мінез-құлық бұзылуының клиникалық және криминалогиялық белгілерінің пайда болуына әкеліп соқтырады.
Оқушының жеке басына тән қасиеттерді тек «мен» деген қасиет тұрғысынан ғана бағалап қоймай, тиісті мөлшерлерге қалайша бағынады, тырысушылық, дұрыс мінез-құлық мөлшерін сақтап, іс-әрекет жасауға деген қажеттіліктерді өзгешелендіреді.
Үстемді типіндегі балалардың айрықша ерекшелігі дербестік, тәуелсіздік, өзін-өзі сендіруге тырысушылық. Олар өздеріне өте сенімді, тәуекел жасауға бейім тұрады және әлеуметтік батылдыққа ие болады.
Қауіп-қатер типтегі балаларға жоғары эмоционалдық тұрақсыздық, тым мазасыздану, қауіп қатерлік теменгі стрестік, тұрақтылық тән.
Әсерленгіш типтегі балаларға жасқаншақтық пен ұялшақтық тән. Бұл типтегі балалар үшін өрескелдік, жылылықтың болмауы, басқалардың күлуі, психологиялық жарақаттантйын жағдай болып табылады.
Интровертивті типтегі оқушылардың тұйық , жанасымы кем балалар, Олар үшін біреулермен байланысқа түсу қиындық тудырады.
Инфантивті типтегі балалардан эмоционалды -еріктік жігерліктері жетілмегендіктен, өзіндік шешім қабылдаудағы сезім дәрменсіздігі, қорғансыздығы көрінеді.
Бала көп жағдайда өзін дұрыс ұстамайды, ол оның тәрбиесіздігінен, қажетті позитивті білімінің, дағдысының, ақылының қалыс қалуынан, қараусыз қалу, қоршаған ортаның теріс ықпалынан, соның нәтижесінде әлеуметтік –психологиялық дезадаптациясының дамуынан, т.б. көрінеді.
Балаға мұғалімнің, ата-аналарының немқұрайлығының өршуі, құрбы-құрдастарымен өзара қарым қатынастарының дұрыс болмауы қоғамда қиын баланың көбеюіне әкеліп соқтырады.
Оқушының мінез-құлқының ерекшеліктерін анықтау үшін төмендегі тәсілдер көрсетілген.
Оқушының тәртібін сабақ үстінде және сабақтан тыс кезеңде бақылау;
Оның қызметін талдау (әр пән бойынша дәптерлерін, бақылау жұмыстарын, шығармаларын т.б.);
Оқушыдан не қызықтыратынын және жақсы көретін сабақтары жөнінде әңгімелесу;
Достары жөнінде әңгіме жүргізу;
Оқушы жөнінде достарымен, ата-анасымен әңгіме жүргізу;
Мінез-құлқы қиын оқушыларды анықтау үшін және де оқушыларды мінез құлқындағы қиындықтардың пайда болу себептерін анықтау үшін мындай әдістерді қолдану;
«Отбасы суретін» жүргізу барысында алдымен балаларға, «балалар сендер үйде кіммен тұрасыңдар?» деп сурет салу тапсырмасы беріледі.
Қорыта келе, балада тұрақты, жағымды қасиеттер, дұрыс мінез қалыптастыру үшін мына негізгі шарттарды орындау керек деген ұсыныс беру.
Баланың өз қолынан келетін іске толық ерік беру. Басқаның күшіне, көмегіне сеніп кетпей , өз қолынан келетін істе ғана ата-ана көмек көрсетіп жіберу;
Баланы еркіне жіберу ерлікке, батырлыққа үйретсе, тәртіпке бағындыру оны шыдамдылыққа, табандылыққа үйретеді. Баланы еркіне жібермеу, оны жасқаншақ, қорқақ етеді. Ал тіпті тізгінсіз қоя беру, оның бар ерігін орындай беру, баланы бейбастақ, ессіз, тентек етіп шығарады.
Баланың жеке қасиеттерінің, психикасының дұрыс дамып жетілуі үшін педагогтық ұжымдардың кәсіптік білгірлігі, ата-аналардың саналы көзқарасы және осы принциптерге негізделген мектеп пен отбасы арасындағы тығыз одақ, нәтижелі жұмысты қажет етеді.