Ааралық бақылауға және тапсырмаларға бағаларды қою саясаты
ММУ Ф 4/3-03/03
ММУ БЕ 4/03
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
Физиология кафедрасы
СИЛЛАБУС
FIZ - 2 3208 «Физиология - 2» пәні бойынша
В130100 «Жалпы медицина» мамандығы үшін
Оқу сағатының көлемі - 135 сағат, кредит 3
Курс
5,6 семестр
Арағанды 2014 ж.
Силлабус «Физиология-2» пәні бойынша – 5В130100 «Жалпы медицина» мамандығы үшін жұмыс бағдарламасы негізінде құрастырылған (02.09.20014. № 1 хаттама)
Силлабус кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген
Хаттама
Физиология кафедрасының меңгерушісі,
профессор ___________Ф.А. Миндубаева
· Оқытушылар туралы мәлімет:
Кафедра меңгерушісі: Миндубаева Фарида Анваровна, медицина ғылымдарының докторы, профессор, педагогикалық жұмыс стажы - 39 жыл.
Ғылыми қызығушылығы: орталық жүйке жүйесінің физиологиясы, қан айналымы, бейімделу физиологиясы, еңбек физиологиясы.
Ғылыми мектебі: ҚММИ қалыпты физиология кафедрасының ізденушісі, Мәскеу қ., П.К. Анохин атындағы РМҒА-сының ҒЗИ қалыпты физиологиясында кандидаттық және докторлық диссертацияларды, профессор А.А. Самохинаның қол астында кандидаттық диссертация қорғаған, докторлық диссертацияның кеңесшісі профессор О.С. Глазачев (Мәскеу қ.). Дәрістерді ағылшын және орыс тілдерінде оқиды.
Жетістіктері: «Медициналық білімдегі инновациялық технологиялар» - 2007 ж., «Медициналық білім негіздері» - 2008 ж., «ҚММУ түлегін дайындауда компетентті шешім» - 2010 ж. циклдері бойынша біліктілікті жетілдіру.
ҚММУ ішінде «Физиология» циклі бойынша БЖФ Қарағанды қ. - 2011 ж.,
«Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісі ДСМ ҚР 2009 ж.
«ЖОО-ның үздік оқытушысы– 2009 ж» жалпы мемлекеттік гранттың иегері.
Оқытушылар:
Профессор:Поспелов Николай Иличь, медицина ғылымының докторы, физиология кафедрасының профессоры, педагогикалық жұмыс стажы - 47 жыл.
Ғылыми қызығушылығы: Стрессорлық факторларға бейімделудің өзектілігі.
Ғылыми мектебі: ҚММИ физиология кафедрасының аспирантурасы, кандидаттық диссертация профессор А.А. Узбековтың қол астында және доц. А.А. Самохинаның,. докторлық диссертация (кеңесшісі профессор А.А. Самохина. ҚР ҰҒА проф. Құлқыбаев Г.А). Дәрістерді орыс тілінде оқиды.
Доцент:Евневич Анна Михайловна, биология ғылымының кандидаты, физиология кафедрасының доценті, педагогикалық жұмыс стажы - 24 жыл.
Ғылыми қызығушылығы: бейімделу физиологиясы, қан физиологиясы, жүрек-қантамыр физиологиясы.
Ғылыми мектебі: «ағзаның саңырауқұлақтар метоболитіне бейімделу шарттары барысында лейкоциттердің функционалдық жағдайлары» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғаған – 03.00.13- СММИ жануарлар мен адам физиологиясы ғылыми жетекшісі проф. Т.Ф.Шевченко. Дәрістерді орыс тілінде оқиды.
Жетістіктері: «Сапалық менеджмент жүйесіне енгізу» цикл бойынша біліктілікігін жетілдіру – 2004ж, «Медициналық оқу орындарында оқытудың технологиялары» әдістемелік біліктілікті жетілдіру – 2006ж, «ҚММУ түлегін дайындауда компетентті шешім» - 2010, «Оқудың өзекті-бағыттын қолдану арқылы, оқыту технологияларын шыңдау» - 2010. ҚММУ ішінде «Физиология» циклі бойынша БЖФ Қарағанды қ. - 2011. «Оқудың өзекті-бағыттын оқыту» Сертификаты - 2013. «Инновация арқылы медициналық білім беру» Сертификаты - 2013. №005392 «Платон» АИС қолданушы сертификаты.
Доцент: Шандаулов Асылбек Хасанович, медицина ғылымдарының кандидаты, физиология кафедрасының доценты, педагогикалық жұмыс стажы - 32 жыл.
Ғылыми қызығушылығы: бейімделу физиологиясы, жас кезеңдерінің физиологиясы, еңбек физиологиясы, экология.
Ғылыми мектебі: КСРО МҒА СБ аспирантурасының күндізгі бөлімі, ҚР ҒА физиология институтының бұлшықет іс-әрекеті зертханасының меңгерушісі, ғылыми тақырыптарға жетекшілік. Дәрістерді қазақ және орыс тілдерінде оқиды.
Жетістіктері: «Медициналық білімдегі инновациялық технологиялар» циклі бойынша біліктілікті жетілдіру - 2007 ж. ҚММУ ішінде «Физиология» циклі бойынша БЖФ Қарағанды қ. - 2011 ж.
Доцент: Харисова Нурия Мансуровна, биология ғылымының кандидаты, педагогикалық жұмыс стажы - 33 жыл.
Ғылыми қызығушылығы: гипатобилярлы жүйе физиологиясы
Ғылыми мектебі: «Өттің толу заңдылықтарының зерттеу негізінде гипатобилярлы жүйенің функционалдық жағдайын бағалау» - 03.00.13 – Физиология (Алматы қ. Физиология институты) , ғылыми жетекшісіМиндубаева Ф.А.
Жетістіктері: «Медициналық білімдегі инновациялық технологиялар» циклі бойынша біліктілікті жетілдіру – 2008, «ПОҚ (Профилизация) ағылшын тілін меңгеру» - 2009. ҚММУ ішінде «Физиология» циклі бойынша БЖФ Қарағанды қ. - 2011 ж.
Доцент қ.аСалихова Елена Юрьевна, медицина ғылымдарының кандидаты, педагогикалық жұмыс стажы - 22 жыл.
Ғылыми қызығушылығы: бейімделу физиологиясы, жас кезеңдерінің физиологиясы.
Ғылыми мектебі: ҚММУ қалыпты физиология кафедрасының ізденушісі, ғылыми жетекшісі м.ғ.д. профессор Миндубаева Ф.А.
Жетістіктері: «Медициналық білімдегі инновациялық технологиялар» циклі бойынша біліктілікті жетілдіру – 2007,. ҚММУ ішінде «Физиология» циклі бойынша БЖФ Қарағанды қ. - 2011 ж.
Аға оқытушы:Мейрамова Айжан Габитовна, медицина ғылымдарының кандидаты, педагогикалық жұмыс стажы – 8 жыл.
Ғылыми қызығушылығы: эндокринді жүйе физиологиясы.
Ғылыми мектебі: ҚарМУ қалыпты физиология кафедрасының ізденушісі, ғылыми жетекшісі м.ғ.д. профессор Конкабаева А.Е, м.ғ.д. профессор Тажибаева Д.С.
Жетістіктері: «Бірінші реттік ассистент» -2008, «Медициналық білімдегі инновациялық технологиялар» - 2009, ҚММУ ішінде «Физиология» циклі бойынша БЖФ Қарағанды қ. - 2011ж, «Коммуникативті дағдылар» БЖЖФ циклы, «Медициналық білім беру бөлімдеріндегі эффективті сабақ беру», «Ақпараттық коммуникациялық ақпараттар», «Ғылыми зерттеулер менеджменті», «Медициналық білім беру бөлімдерінде тәжірибе жүргізу және бағалау», ҚММУ базасында «Медициналық білім берудегі көшбасшылық» Қарағанды қ – 2013 біліктілігін жетілдірген.
Аға оқытушы:Гитенис Наталия Владимировна, педагогикалық жұмыс стажы – 26 жыл.
Ғылыми қызығушылығы: бейімделу физиологиясы, жас кезеңдерінің физиологиясы.
Ғылыми мектебі: ҚММУ қалыпты физиология кафедрасының ізденушісі, ғылыми жетекшісі м.ғ.д. профессор Миндубаева Ф.А.
Жетістіктері: 15-20.03.2010ж «Оқудың өзекті-бағыттын қолдану арқылы, оқыту технологияларын шыңдау» оқыту семинары (Сертификат №22);
21.09—01.10.2010ж «ҚММУ түлегін дайындауда компетентті шешім» оқыту семинары (Сертификат);
21—22.10.2010ж ҚММУ (ҚР ДС және Канада), Семинар «денсаулық сақтаудың тиімді кепілі медициналық білім беруді шыңдау» (сертификат);
04.11.2010ж ҚММУ, «Педагогикалық шеберлік» жас мамандарға арналған білім берудегі заманауи технологияларды меңгерудің семинар-тренингі (сертификат); ҚММУ ішінде «Физиология» циклі бойынша БЖФ Қарағанды қ. - 2011 ж.
Аға оқытушы:Мукашева Гульмира Бекжигитовна, педагогикалық жұмыс тәжірибесі – 16 жыл балалар және жеткіншектер гигиенасы пәні бойынша. Физиология кафедрасында 2 жыл оқытушы.
Ғылыми қызығушылығы: Физическое развитие школьников сельской местности (жетекшісі д.м.н., профессор Приз В.Н.).
Жетістіктері: ҚММУ-де ем жұмыстары бойынша инспекторы, халықаралық конференцияларда, мастер-класстарда, семинарларда жауапты.
«Медициналық білімдегі инновациялық технологиялар» циклі бойынша ОБЖФ, «Коммуникативті дағдылар», «Медициналық жоғарғы оқу орындарында білім берудің тиімділігі», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «Ғылыми зерттеу менеджменті», «Медициналық білім беру бөлімдерінде тәжірибе жүргізу және бағалау», ҚММУ базасында «Медициналық білім берудегі көшбасшылық» Қарағанды қ – 2013.
Аға оқытушы: Рамазанов Алибек Кайриденович, педагогикалық жұмыс стажы - 5 жыл.
Ғылыми қызығушылығы: тыныс алу физиологиясы.
Ғылыми мектебі: академик Е.А.Букетов атындағы ҚарМУ физиология кафедрасының магистранты, ғылыми жетекшісі м.ғ.д., профессор Конкабаева А.Е.
Жетістіктері: ҚММУ ішінде «Физиология» циклі бойынша БЖФ Қарағанды қ. - 2011 ж.
Оқытушы:Жашкеева Аделия Маратовна, педагогикалық жұмыс стажы - 5 жыл.
Ғылыми қызығушылығы: қан айналым физиологиясы.
Ғылыми мектебі: академик Е.А.Букетов атындағы ҚарМУ зоология кафедрасының магистранты, ғылыми жетекшісі м.ғ.д., профессор Мырзаханов Н.М.
Оқытушы:Лепесбаева Гулден Абдурахманқызы, педагогикалық жұмыс стажы - 4 жыл.
Ғылыми қызығушылығы: қан айналым физиологиясы.
Ғылыми мектебі: академик Е.А.Букетов атындағы ҚарМУ зоология кафедрасының магистранты, ғылыми жетекшісі м.ғ.д., профессор Мырзаханов Н.М.
Жетістіктері: ҚММУ ішінде «Физиология» циклі бойынша БЖФ Қарағанды қ. - 2011 ж.
Оқытушы:Адилбекова Айнур Акыновна, педагогикалық жұмыс стажы – 2,5 жыл.
Ғылыми қызығушылығы: «Әйелдердің репродуктивті жүйесіне ауыр металдардың әсері».
Ғылыми мектебі: Еңбек және ақыл-ой гигиенасының ғылыми орталығы
Жетістіктері: ПЦР зертханасын ұйымдастыру сертификаты, ФПК клиникалық тәжірибелік диагностика
ФППК «Коммуникативті дағдылар» цикл бойынша, ҚММУ базасында «Медициналық білім берудегі көшбасшылық» Қарағанды қ – 2013.
Оқытушы:Ахметова Меруерт Жанатовна, педагогикалық жұмыс стажы - 1жыл.
Ғылыми қызығушылығы: «Репродуктивті жастағы әйелдердің ағзасының функционалдық жағдайы».
Ғылыми мектебі: академик Е.А.Букетов атындағы ҚарМУ физиология кафедрасының магистранты, ғылыми жетекшісі б.ғ.к., доцент Кыстаубаева З.Т.
Оқытушы:Сарсембаева Шолпан Шайменовна, педагогикалық жұмыс стажы - 1жыл.
· Байланыс ақпарат: Кафедраның орналасқан орны Ерубаев-18, (№1 корпуста, аудитория 201-213) орналасқан, телефон: 56-41-81 (118)
Пәннің саясаты: Студенттер ҚММУ қабылдаған оқу тәртібінің жалпы талаптарын орындаулары қажет.
Студент «Физиология-2» пәні бағдарламасына сәйкес келетiн оқу жоспарын толық орындауы қажет, яғни, денi сау адамның негiзгi физиологиялық үрдiстерiн, негiзгi заңдылықтарын және ағзадағы тұтас реакциялардың қалыптасу механизмдерiн және оның реттелуін үйрену керек.
Пән бойынша дәріске қатысу – міндетті түрде, сұрақтар пән бойынша аралық және қорытынды бақылауларға қосылады.
Әр сабаққа студент оқытылатын тақырыптың сұрақтарына дайындалып келiп отыруы қажет. Ол үшiн негiзгi және қосымша әдебиеттерден дидактикалық материал оқып дайындалып келуi тиiс. Әдістемелік нұсқауда көрсетiлген сұрақтармен алдын-ала таныcуы қажет. Студент өзiн қызықтырған сұрақтарға кеңесті кафедраның қойған уақытында алуға құқылы.
Сабақтың құрылымы тақырып бойынша кіріспе бақылаудан, cтуденттердің тәжірибелік тапсырмаларды орындауынан, талдаған сұрақтар бойынша алған бiлiмiн тексеруден тұрады.
Қанағаттанарлықсыз (Ғ) бағасын алса, сабақ өтелмеген болып табылады. Барлық босатылған зертханалық сабақтар мен практикалық сабақтар сәйкес аралық бақылауды өткізгенге дейін өтелуіне болады. Дәлелді себептермен сабақты босатқан күндерді өтемеген жағдайда, сабақты босатқан күндер дәлелсіз себептерге теңеледі. Дәлелсіз себептермен сабақты босатқан күндер өтелмейді.
Ааралық бақылауға және тапсырмаларға бағаларды қою саясаты.
Бағалар студенттердің баллды-рейтингтік жүйесін бағалай жүйесіне сәйкес қойылады. Тапсырмалар мен аралық бақылауларға дәрістердің, практикалық сабақтардың, ОСӨЖ, СӨЖ материалдары кіреді.
Аралық бақылау құрамына модуль бойынша дәрістер, практикалық сабақтар, ОСӨЖ және СӨЖ нен алынған 10 тесттік сұрақ кіреді. Аралық бақылау бойынша баға академиялық күнтізбе бойынша өткізілген компьютерлік тестілеу нәтижесінен қойылады.
· Кіріспе
Физиология - жалпы ағзаның, физиологиялық жүйелердің, мүшелердің, жасушалардың және жеке жасушалық құрылымдардың өмірлік қызметі туралы, ағзаның қоршаған ортамен, әлеуметтік ортамен әрекеттесуі кезіндегі реттеу механизмдері туралы фундаменталды тәжірибелік-теориялық ғылым.
Физиологияның қазіргі заманғы даму ерекшеліктері талдаулық бағыттауды тереңдету болып табылады - мембраналық, жасушалық үрдістерді, биофизикалық механизмдердің қозуы мен тежелуін зерттеу, өндірістік-еңбек, спорттық, әуелік, космостық т.б. қызметтік жағдайларда ғылым мен техника жетістіктерін адамның мақсатты мінез-құлқын табиғи өмір сүру ортасындағы зерттеулермен бірге жүйелі түрде пайдалану. Қазіргі таңдағы физиология денсаулықты, салауатты өмір салтын қалыптастыру, адамның қызметтік еңбекке жарамдылығын болжауды қарастыратьн ғылыми негіз ретінде саналады.
Физиология — теориялық пәндердің маңызды бөлімі, студент-медик дені сау ағзаның өмір сүруінің жалпы заңдылықтарын таниды және клиникаға дейінгі және клиникалық пәндерді меңгеруге көшу арқасында қазіргі кездегі дәрігер пайда болады. Адам ағзасының өмір сүру заңдылықтары тереңінен зерттеп білмесе оның бұзылу механизмдері мен қызметін және қалпына келуін білу мүмкін емес.
Физиологияның зерттеу нысаны ретінде тірі ағза және оның бөлімдерінің (жасуша, тін, мүше, жүйе) қызметтері қаралады. Дені сау адамдар ағзасын зерттеу болашақ дәрігерлерге қызметтік диагностиканы жылдам меңгеру әдістерін, денсаулық жағдайын анықтауға және ағзаның бейімделуін, қалыпты жағдайдан физиологиялық қызметтердің ауытқу дәрежесі бойынша қызмет деңгейін бағалауды үйретеді. Адам физиологиясы заңдылықтарын ашу - бұл өмір сүру ұзақтығын одан әрі жоғарылатуға қажетті жағдай, сауықтыруды тиімді ұйымдастыру, еңбек және тұрмыс жағдайын жақсарту, аурулардың алдын-алу және емдеудің жаңа әдістерін ашу. Физиология - әлеуметтік және жеке гигиена, бала мен ана денсаулығын қорғау, мектеп гигиенасы, еңбекті, мектептегі оқу үрдісін тиімді ұйымдастыру негізі болып табылады. Қорыта келгенде, адам ағзасының қалыпты қызметін білу, алдын-алу және клиникалық медицинаға негізделген.
Жұмыс бағдарламасы Физиология-2 Тыныс алу, жүрек-қантамыр, бөліп шығару және репродуктивті жүйесі жеке физиология позициясы тұрғысынан 8 жүйе (тыныс алу, жүрек-қантамырлар жүйесі, тірек-қимыл жүйесі, тері мен оның қосымшалары, асқорыту жүйесі, несептік-жыныстық жүйесі, эндокриндік жүйе, қан түзуші жүйе, нерв жүйесі) бойынша негізгі функциялар мен реттелу механизмдерін зерттеуге арналған.
· Пәннің мақсаты:әртүрлі жастағы балаларда және ересек адамдарда жүрек-қантамырлар жүйесінің жұмысын қамтамасыз ететін физиологиялық механизмдерді меңгеру. Сау адам ағзасының жұлын және бас мидың қызмет атқаруының негізгі заңдылықтары туралы білімнің қалыптастыру.
· Оқытудың міндеттері:
· тыныс алу, жүрек-қантамырлар , тірек-қимыл , тері мен оның қосымшалары, асқорыту, несептік-жыныстық, эндокриндік, қан түзуші, нерв жүйелерінің қызметін реттейтін физиологиялық механизмдерді және оларды инструментальды тексеру әдістерімен бағалауын үйрету;
· жеке физиология позициясынан қарайтын физиологиялық процестердің реттелу механизмдерін түсіндіруді үйрету және оларды клиникалық зерттеу әдістерімен дәлелдеу;
· спирометрмен, электрокардиографпен жұмыс жасау принциптеріне үйрету.
· Оқытудың соңғы нәтижесі
Дескрипторлар | Оқытудың соңғы нәтижелері | Құзіреттілік* | |
А | Берілген аймақтардағы алғашқы білім элементтерімен қоса зерттелетін аймақтардағы білімдері мен түсініктерін көрсету | Бейімделуші нәтижеге жету үшін барлық ағза функциялардың реттелуінің және құрылуының негізгі заңдылықтарын тұжырымдау, түсіндіру және жіктеу; Қазіргі медицина тәжірибесінде қолданылатын қазіргі заманғы клиникалық-лабораториялық және инструментальді зерттеу ағза жүйелерін көрсету, зерттеудің ақпараттық бағалылығын түсіндіру. | 1,2,4, 6 |
В | Осы білімдер мен түсініктерді кәсіптік деңгейде қолдану | Алынған білім негізінде оқу тәжірибесін жүргізеді, ағзаның барлық жүйесінің функцияларын зерттеудің аса маңызды әдістемелерінің мағынасын түсіндіреді физиологиялық көрсеткіштердің маңызды әдістері мен ақпараттық бағалылығын маңыздылығын түсіндіру. | 2,3 , 4, 5, 7 |
С | Зерттелетін аймақтағы мәселелерді шешу және дәлелді қалыптастыру | Тіршілік етудің нақты жағдайында есепті шешу кезінде барлық ағзалар жүйесінің реттелу функцияларының негізгі заңдылықтарын, олардың себеп – зерттеуші қарым – қатынастарын, бақыланатын көріністер мен деректерін, оқыту эксперименттерінің нәтижелерін түсіндіру, бағалау және интерпретациялау. | 2,3,4,5,7 |
D | Әлеуметтік этикалық және ғылыми болжауларын ұғыну есебінде қалыптастыру үшін ақпаратты интерпретациядау және жиынтығын жүзеге асыру | Дені сау ағзадағы жүйенің функциялану және реттелу заңдылықтары бойынша ақпаратты құрастыру, оның әлеуметтік, этикалық, ғылыми түсінігі есебінде маңыздылығын бағалау, реферат, презентация, жоба түрінде дайындау. | 1,2,3,4,5 |
Ақпараттарды, идеяларды және мәселелерді және шешімдерді мамандарға арналғандай хабарлау | Ақпаратты сабақтарда, студенттік үйірме отырыстарында, студенттік конференцияларда жалпыланған жобалар, презентациялар және баяндамалар түрінде ұсыну, оны пән бойынша емтиханда мазмұндау. | 2,3,5,6,7 | |
E | Келесі пәндер (постреквизиттер) бойынша әрі қарай оқуды жалғастыру қабілеттілігі | Ішкі аурулар (ағза жүйесінің ауруын зерттеу кезінде негізгі заңдылықтар мен физиологиялық функциялардың реттелу үлгілерін қолдану; зерттеу нәтижелерін интерпретациялау үшін медициналық практикада қолданылатын қазіргі физиологиялық әдістер бойынша білімін қолдану), хирургиялық аурулар (ағза жүйесінің хирургиялық ауруларын зерттеу кезінде физиологиялық функциялардың реттелу үлгілері мен негізгі заңдылықтары бойынша білімін қолдану; зерттеу нәтижелерін интерпретациялау үшін медициналық практикада қолданылатын қазіргі физиологиялық әдістер бойынша білімді қолдану). | 2,3,4,6,7 |
Құзыреттілік тізімі: 1. Ортақ білімділік. 2. Биомедицина ғылымын білу. 3. Комуникативті дағдылар. 4. Үнемі өзін-өзі жетілдіру дағдылары. 5. Ғылыми-зерттеулер дағдылары. 6. Топпен жұмыс істеу дағдалары. 7. Кәсіпқойлылық
· Реквизитке дейінгі: физиология-1, анатомия-1, гистология-1.
· Реквизиттен кейінгі –Ішкі аурулар, хирургиялық аурулар
· Пәннің қысқаша мазмұны:
· «Физиология-2» курсында келесі сұрақтарзерттеледі:
«Тыныс алу жүйесі» модулі: Тыныс алу үрдісінің негізгі сатылары. Тыныс алу айналымы. Тыныс алу жолдарының физиологиясы. Дем алу мен дем шығару механизмдері. Спирометрия, спирография, пневмография. Өкпедегі және ұлпадағы газ алмасу. Қандағы О2 және СО2 газдарының тасымалдануы. Тыныс алудың реттелуі. Физикалық жұмыс кезіндегі, жоғарылаған және төмендеген атмосфералық қысым кезіндегі тыныс алу.
«Жүрек-қантамырлар жүйесі» модулі физиология-2 курсында келесі сұрақтар зерттеледі:
Қанайналым жүйесінің функционалды сипаттамасы. Жүрек бұлшықетінің физиологиялық қасиеттері. Жүрек циклы және оның фазалық құрылымы. Қанның систолалық және минуттық көлемі, жүрек индексі. Электрокардиография. Жүрек әрекетінің реттелуі. Гемодинамика параметрлері. Ағзалардағы қанайналым және микроциркуляция. Қанайналымның реттелуі. Балаларда кездесетін қанайналым жүйесінің ерекшеліктері.
«Несептік-жыныстық жүйесі» модулі физиология-2 курсында келесі сұрақтар зерттеледі: Бүйректегі қанайналым. Зәр түзілуінің негізгі үрдістері (шумақтағы сүзілу, түтікшелердегі қайта сіңірілу және сөлініс). Несеп шығарылу. Несеп түзілуінің жүйкелік және гуморальдік реттелуі. Бүйректердің азоттық тепе-теңдіктің және осмостық қысымның тұрақтылығын қамтамасыз етудегі рөлі. Несеп шығарылуының рефлекстік реттелуі. Несеп түзілуі және несеп шығарылуының жас ерекшелігіне қатысты өзгерістері. Зәрдің жалпы анализі. Жыныстық функциялардың реттелуі. Ұрпақ өрбітудің физиологиялық негіздері. Жыныстық мотивация қалыптасуы және механизмі. Жыныс оралымы кезеңдері. Жүктілік пен босанудың физиологиялық заңдылықтары. Ұрпақ өрбітудің жасқа қатысты ерекшеліктері.
«Асқорыту жүйесі» модулі физиология-2 курсында келесі сұрақтар зерттеледі:
Ағзада қоректік заттардың тұрақтылығын қамтамасыз ететін функциялық жүйе. Асқорыту реттелуінің принциптері мен механизмдері. Ауыз қуысында, асқазанда, ішекте астың қорытылуы. Сілекейдің, асқазан сөлінің, ұйқы безі сөлінің, өттің, ішек секретінің мөлшері, құрамы және қасиеті. Өт түзілу және өт бөліну. Ішектегі газ және микрофлораның маңызы. Сіңірілу. Асқазанның, жіңішке ішектердің, тоқ ішектің моторлы қызметі. Электрогастрография. Асқорытудың жас шамалық ерекшеліктері.
«Эндокриндік жүйе» модулі физиология-2 курсында келесі сұрақтар зерттеледі:
Эндокриндік жүйенің құрылымды-функционалды ұйымдастырылуы. Гипоталамо-гипофизарлы-бүйрекүсті бездері жүйесі. Қалқанша безі гормондары және олардың метоболизм әсерлері. Қалқанша маңы безі гормондары және олардың кальций және фосфор гомеостазын реттеуіндегі ролі. Ұйқы безінің эндокринді функциясы. Бүйрек үсті безінің гормондары, олардың организм функцияларын және зат алмасуды реттеудегі ролі. Жасқа байланысты ерекшеліктері.
«Нерв жүйесі» модулі физиология-2 курсында келесі сұрақтар зерттеледі:
Адамның ОНЖ функцияларын зерттеудің негізгі әдістері. Электроэнцефалография. Реоэнцефалография. Жұлын. Ортаңғы ми. Статикалық және статокинетикалық рефлекстер. Мишық. Аралық ми. Қыртыс асты орталықтар. Үлкен ми қыртысының функциялары.
«Тірек-қимыл жүйесі, тері мен оның қосымшалары» модулі физиология-2 курсында келесі сұрақтар зерттеледі:
Тірек-қимыл аппаратының қызметі. Қозғалыс түрлері, бостандық дәрежелері. Жастық ерекшеліктері. Қимыл қызметінің реттелуі. Тері мүше ретінде, оның қызметтері. Тері және май бездері. Түкті қабат, тырнақ. Терінің жастық ерекшеліктері. Сүт бездерінің қызметі, оның реттелуі, жастық ерекшеліктері. Организмнің ыртқы және ішкі орта тосқауылдары (тері, шырышты қабат, гистогематикалық, гематоэнцефалдық).
«Қан түзуші жүйе» модулі физиология-2 курсында келесі сұрақтар зерттеледі:
Қан жүйесі (Г.Ф.Ланг). Қанның құрамы, мөлшері және физико-химиялық қасиеті. Эритроциттер. Гемоглобин. Лейкоциттер. Иммунитет. Тромбоциттер. Гемостаз. Фибринолиз. Қанның түзілуі және қанның бұзылуы. Қан құрамының патологиялық өзгерістері туралы түсінік.
· Тақырыптық жоспарлар:
ДС | Сіздің жоспарыңыздың уақыты | Бөлінген уақыт | |||||||||
Пән | Тақырыбы | дәріс. (уақыт) | Пр. (уақыт) | Лаб. (уақыт) | ОСӨЖ (уақыт) | СӨЖ (уақыт) | Код (п или Н) | Аудиториялық (дәріс+практика) | ОСӨЖ | СӨЖ | Жүйе |
Физиология | Тыныс алудың реттелуі. Әртүрлі физиологиялық жағдайлардағы тыныс алудың ерекшеліктері. Тыныс алудың балалардағы ерекшеліктері. | н | ТЖ | ||||||||
Физиология | Сыртқы тыныс алу | н | ТЖ | ||||||||
Физиология | Сыртқы тыныс алу өлшемдерін физиологиялық зерттеу әдістері (спирометрия, спирография). Балалардағы ерекшеліктері. | н | ТЖ | ||||||||
Физиология | Өкпеде және ұлпаларда газ алмасуды зерттеу. Қанмен газдардың тасымалдануы. | н | ТЖ | ||||||||
Физиология | Тыныс алудың жүйкелік және гуморальді реттелуі. Физикалық жүктеме кезінде сыртқы тыныс алу өлшемдерін оқып үйрену. | н | ТЖ | ||||||||
Физиология | Қан құрамындағы газдардың тұрақтылығын қамтамасыз ететін жастық ерекшеліктер | н | ТЖ | ||||||||
Физиология | Әртүрлі физиологиялық жағдайлардағы тыныс алудың ерекшеліктері: жоғарылаған барометриялық қысым жағдайында және таулы аймақтарда, ыстық климат жағдайларында. | н | ТЖ | ||||||||
Қорытынды | ТЖ | ||||||||||
Физиология | Жүрек бұлшықетінің физиологиялық қасиеттері. Балалардағы ерекшеліктері. | н | ЖТЖ | ||||||||
Физиология | Қан тамырларының әртүрлі бөлімдерінің функционалдық сипаттамасы. | н | ЖТЖ | ||||||||
Физиология | Жүрек қызметінің реттеуі. Балалардағы ерекшеліктері. | н | ЖТЖ | ||||||||
Физиология | Қан тамырлар тонусының жүйкелік және гуморальді реттелуі. | н | ЖТЖ | ||||||||
Физиология | Жүрек бұлшықетінің физиологиялық қасиеттері. Жүрек автоматиясының градиенті. Балалардағы ерекшеліктері. | н | ЖТЖ | ||||||||
Физиология | Жүрек циклі және оның фазалық құрылымы. Жүрек тонусының түзілу механизмдері. Балалардағы ерекшеліктері. | н | ЖТЖ | ||||||||
Физиология | ЭКГ физиологиялық негіздері. | н | ЖТЖ | ||||||||
Физиология | Электрокардиография. | н | ЖТЖ | ||||||||
Физиология | Бала жасындағы ЭКГ ерекшеліктері. | н | ЖТЖ | ||||||||
Физиология | Гемодинамика. Гемодинамиканың параметрлері: АҚ, пульс және т.б. Балалардағы ерекшеліктері. | н | ЖТЖ | ||||||||
Физиология | Шеткері қан айналымының физиологиясы. Микроциркуляциясы. | н | ЖТЖ | ||||||||
Қорытынды | ЖТЖ | ||||||||||
Физиология | Жүйе қозғалысының реттелуіндегі жүйке құрылымының ролі | н | ТҚЖ | ||||||||
Физиология | Тері мен оның қосымшаларының қызметі | н | ТҚЖ | ||||||||
Физиология | Балалардағы тірек-қимыл жүйесінің жасерекшелік физиологиясы | н | ТҚЖ | ||||||||
Қорытынды | ТҚЖ | ||||||||||
Физиология | Қарынасты бездері, қалқанша маңы бездері гормондарының қызметі | н | ЭЖ | ||||||||
Физиология | Бүйрекасты гормондарының ортақ сипаттамасы | н | ЭЖ | ||||||||
Физиология | Физиология органов, сочетающих неэндокринную функцию с эндокринной и их влияние на деятельность организма. | н | ЭЖ | ||||||||
Қорытынды | ЭЖ | ||||||||||
Физиология | Жұлын физиологиясы | н | ЖЖ | ||||||||
Физиология | Мидың бағаналық құрылымдарының физиологиясы. | н | ЖЖ | ||||||||
Физиология | Үлкен жарты шар қыртысының интегративті қызметі. | н | ЖЖ | ||||||||
Физиология | Жұлынды зерттеу әдістері. | н | ЖЖ | ||||||||
Үлкен жарты шар қыртысының және мидың бағаналық құрылымдарының физиологиясы. | н | ЖЖ | |||||||||
Физиология | Мишық физиологиясы | н | ЖЖ | ||||||||
Физиология | Аралық ми физиологиясы | н | ЖЖ | ||||||||
Физиология | Қыртысасты орталықтары | н | ЖЖ | ||||||||
Физиология | 1 жасқа дейінгі балаларда психомоторлы даму ерекшеліктері. | н | ЖЖ | ||||||||
Қорытынды | ЖЖ | ||||||||||
Физиология | Асқазанның және ішектің секреторлы, моторлы, эвакуаторлы қызметін реттеу. Балалардағы ерекшеліктері. | н | АЖ | ||||||||
Физиология | Ұйқы безінің асқорытудағы маңызы. Ішектің әртүрлі бөлімдеріндегі астың қорытылуының физиологиясы.. | н | АЖ | ||||||||
Физиология | Бауырдың ас қорытудағы маңызы.Жасушадан тыс астың қорытылу физиологиясы. | н | АЖ | ||||||||
Физиология | Ауыз қуысындағы астың қорытылуы. | н | АЖ | ||||||||
Асқорыту жүйесінің құрылымын зерделеу әдістері. Асқазанда астың қорытылуының физиологиялық негіздері. | н | АЖ | |||||||||
Аш ішекте және тоқ ішекте астың қорытылуы | н | АЖ | |||||||||
Физиология | Ішектің моторлы функциясын реттейтін механизмдер. | н | АЖ | ||||||||
Физиология | Асқорыту жүйесінде желчи қатысуы. Балалардағы ерекшеліктері | н | АЖ | ||||||||
Физиология | Асқорыту жүйесінің бөлімдерінде әртүрлі заттардың сіңірілуі оның механизмдері | н | АЖ | ||||||||
Асқорыту жүйесіндегі іс-әрекеттерді реттейтін асқорыту жүйесінің негізгі гормондары | н | АЖ | |||||||||
Қорытынды | АЖ | ||||||||||
Физиология | .Адамның репродуктивті іс-әрекетінің физиологиялық негіздері. Адамның репродуктивті іс-әрекеттерінің жас ерекшеліктері. | н | НЖЖ | ||||||||
Физиология | Бүйректің физиологиясы. Несеп түзілу механизмі. | н | НЖЖ | ||||||||
Физиология | Несеп түзілуінің нейрогуморальді реттелуі. Несеп шығарылуының реттелуі. Несеп түзілуі және несеп шығарылуының жас ерекшелігіне қатысты өзгерістері. | н | НЖЖ | ||||||||
Физиология | Осматикалық қан қысымы мен азоттық балансты тұрақтандырудағы бүйректің ролі | н | НЖЖ | ||||||||
Физиология | Шумақтық сорылу мен кері сіңірілу механизмдері. Түтікшелердегі сөлініс үрдістері. Жас ерекшеліктері. | н | НЖЖ | ||||||||
Физиология | Адамдағы тұз-су мөлшерінің ретелуі. | н | НЖЖ | ||||||||
Физиология | Ерлердің жыныстық даму физиологиясы. Ерлерде жыныстық қызметтердің жасқа байланысты өзгерістері. | н | НЖЖ | ||||||||
Физиология | Әйелдердің жыныстық даму физиологиясы. Әйелдерде жыныстық қызметтердің жасқа байланысты өзгерістері. | н | НЖЖ | ||||||||
Физиология | Адамның репродуктивті іс-әрекеттерінің жас ерекшеліктері. | н | НЖЖ | ||||||||
Қорытынды | НЖЖ | ||||||||||
Физиология | Қан жүйесі туралы түсінік. Қанның негізгі қызметтері және физиологиялық қасиеттері. Қанның формалық элементтері. | н | ҚЖ | ||||||||
Физиология | Қанның негізгі физикалық-химиялық константтары. Жасқа байланысты ерекшеліктері. | н | ҚЖ | ||||||||
Физиология | Қанды зерттеудің клинико-физикалық әдістері. | н | ҚЖ | ||||||||
Физиология | Қан топтары және резус-фактор. | ҚЖ | |||||||||
Физиология | Қанның ұюы | н | ҚЖ | ||||||||
Физиология | Жаңа туылғандардағы сарғыштану | н | ҚЖ | ||||||||
Қорытынды | ҚЖ | ||||||||||
Барлығы |
Дәрістердің тақырыптық жоспары:
№ | Тақырыптың аталуы | Өткізу түрі | ұзақтығы | Құзіреттілік |
«Тыныс алу жүйесі» модулі | ||||
Тыныс алудың реттелуі. Әртүрлі физиологиялық жағдайлардағы тыныс алудың ерекшеліктері. Тыныс алудың балалардағы ерекшеліктері. | Өзекті дәріс | 1, 2, 4 | ||
«Жүрек-қантамырлар жүйесі» модулі | ||||
Жүрек бұлшықетінің физиологиялық қасиеттері. Балалардағы ерекшеліктері. | Өзекті дәріс | 1, 2, 4 | ||
Жүрек қызметін реттеу. Балалардағы ерекшеліктері. | Өзекті дәріс | 1, 2, 4 | ||
Тамыр ағысының әр түрлі бөлімдерінің функционалды сипаттамасы. | Өзекті дәріс | 1, 2, 4 | ||
Тамыр тонусының жүйкелі және гуморальді реттелуі | Өзекті дәріс | 1, 2, 4 | ||
Қорытынды | ||||
«Тірек-қимыл жүйесі, тері мен оның қосымшалары» модулі | ||||
Бұлшық ет тонусы мен фазалық қозғалысының реттелудің жүйелік механизмдері | Өзекті дәріс | 1, 2, 4 | ||
«Нерв жүйесі» модулі | ||||
Жұлын физиологиясы | Өзекті дәріс | 1, 2, 4 | ||
Мидың бағаналық құрылымдарының физиологиясы. | Өзекті дәріс | 1, 2, 4 | ||
Үлкен жарты шар қыртысының интегративті қызметі. | Шолу дәрісі | 1, 2, 4 | ||
«Асқорыту жүйесі» модулі | ||||
Асқазанның және ішектің секреторлы, моторлы, эвакуаторлы қызметін реттеу. Балалардағы ерекшеліктері. | Шолу дәрісі | 1, 2, 4 | ||
Ішектің әртүрлі бөлімдеріндегі астың қорытылуының физиологиясы. Ұйқы безінің асқорытудағы маңызы. | Шолу дәрісі | 1, 2, 4 | ||
Жасушадан тыс астың қорытылу физиологиясы. Бауырдың ас қорытудағы маңызы. | Өзекті дәріс | 1, 2, 4 | ||
Қорытынды. | ||||
«Несептік-жыныстық жүйесі» модулі | ||||
Бүйректің физиологиясы. Несеп түзілу механизмі. | Шолу дәрісі | 1, 2, 4 | ||
Несеп түзілуінің нейрогуморальді реттелуі. Несеп шығарылуының реттелуі. Несеп түзілуі және несеп шығарылуының жастық өзгерістері. | Шолу дәрісі | 1, 2, 4 | ||
Осмостық қан қысымы мен азоттық балансты тұрақтандырудағы бүйректің ролі | Өзекті дәріс | 1, 2, 4 | ||
Адамның репродуктивті іс-әрекетінің физиологиялық негіздері. Адамның репродуктивті іс-әрекеттерінің жас ерекшеліктері. | Өзекті дәріс | |||
«Қан түзуші жүйе» модулі | ||||
Қан жүйесі туралы түсінік. Қанның негізгі қызметтері және физиологиялық қасиеттері. Қанның формалық элементтері. | Шолу дәрісі | 1, 2, 4 | ||
Қорытынды. | ||||
БАРЛЫҒЫ | 17сағат |
Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары:
№ | Тақырыптың аталуы | Өткізу түрі | ұзақтығы | Құзіреттілік* |
«Тыныс алу жүйесі» модулі | ||||
Сыртқы тыныс алу | Тәжірибелік сабақ TBL (командалық оқыту) | 1,2,3,4 | ||
Тыныс алудың жүйкелік және гуморальді реттелуі. Физикалық жүктеме кезінде сыртқы тыныс алу өлшемдерін оқып үйрену. | Тәжірибелік сабақ RBL (ғылыми зерттеулер арқылы оқыту) | 1,2,3,4,5,6,7 | ||
«Жүрек-қантамырлар жүйесі» модулі | ||||
Жүрек бұлшықетінің физиологиялық қасиеттері. Жүрек автоматиясының градиенті. Балалардағы ерекшеліктері. | Тәжірибелік сабақ | 1,2,3,4,5,7 | ||
ЭКГ физиологиялық негіздері. | Тәжірибелік сабақ TBL (командада оқыту) | 1,2,3,4,5,6,7 | ||
Қорытынды | ||||
«Тірек-қимыл жүйесі, тері мен оның қосымшалары» модулі | ||||
Бұлшық ет тонусы мен фазалық қозғалысының жүйелік реттелу механизмдері | Тәжірибелік сабақ PBL (проблемалық оқыту) | 1,2,3,4 | ||
«Эндокриндік жүйе» модулі | ||||
Қарынасты бездері, қалқанша маңы бездері гормондарының қызметі | Тәжірибелік сабақ | 1,2,3,4 | ||
«Нерв жүйесі» модулі | ||||
Жұлынды зерттеу әдістері. | Тәжірибелік сабақ | 1,2,3,4,7 | ||
«Асқорыту жүйесі» модулі | ||||
Асқорыту жүйесінің құрылымын зерделеу әдістері. Асқазанда астың қорытылуының физиологиялық негіздері. | Тәжірибелік сабақ | 1,2,3,4,7 | ||
Аш ішекте және тоқ ішекте астың қорытылуы | Тәжірибелік сабақ | 1,2,3,4 | ||
Қорытынды | ||||
«Несептік-жыныстық жүйесі» модулі | ||||
Шумақтық сорылу мен кері сіңірілу механизмдері. Түтікшелердегі сөлініс үрдістері. Жас ерекшеліктері. | Тәжірибелік сабақ | 1,2,3,4,5,7 | ||
«Қан түзуші жүйе» модулі | ||||
Қанды зерттеудің клинико-физикалық әдістері. | Тәжірибелік сабақ | 1,2,3,4,5,6,7 | ||
Қорытынды | ||||
Барлығы | 28 сағат |
ОСӨЖ тақырыптық жоспары: