Байланыстырып сөйлеу

А) Ауызша орындалған нұсқаулардың нәтижесі бойынша балалардың сөйлем құрастыруы (орныңнан тұр, шетке шық, үлкен үстелге жақын кел,жасыл машинаны алып шкафтың ішіне қой).

Б) Берілген сөйлемдерден жүйелікпен әңгіме құрастыра білуін жетілдіру.

В) Әңгіме үзіндісін өз сөзімен айтуына байланысты сұраққа толық жауап беру.

Г)Әңгіме үзіндісін өз сөзімен айта білуге үйрету.

Д) Қара сөз түріндегі және өлеңмен жазылған үзінділерді, жаңылтпаштарды жатқа айтуға үйрету.

САУАТ АШУ (аптасына 2 рет)

Жеке сөздерді үйрету (9-12 сөзді оқыту мөлшерінде)

Сөздерді дыбыстық талдау.

Сөздерді буындарға талдау, бір буындық және екі буындық буын нобайын жасау.

Шана, тон, қылыш, балық, сияқты сөздерді дыбыстық талдау.

Дауысты және дауыссыз дыбыстар, қатаң және ұяң дыбыстыр. Дыбыстардың сапалық қасиеті.

Дауыстылардың сөз тудыратын қасиетін меңгеру (әр буынға бір дауысты дыбыс).

Сөздегі екпінді дауысты дыбысты таба білуге үйрету. Берілген нобайға (схемаға) сөз ірікпен ала білу.

Берілген үлгіге сөз іріктен ала бәлу бірінші дыбыс-қатаң дауыссыз, екінші дауысты, үшінші ұяң дауыссыз және т.б.4

Кейінгі кездегі зерттеулердің нәтидесіне сүйене отырып, сөздерге дыбыстық талдау жұмысын жұргізу барысында төмендегідей кезекшілікті сақтаған тиімді деп санаймыз.

1. Тек дауысты дыбыстардан тұратын сөздер (ауа, әуе, және т.б.).

2. Тұйық буыннан тұратын сөздер (ат, өт, ит, ін, және т.б)

3. Ашық буыннан тұратын сөз (ту, су, және т.б.)

Нан, тас, лақ, дон сияқты сөздер.

5. Екі ашақ буыннан тұратын сөздер (апа, ата.)

6. Екі ашақ буыннан тұратын сөздер (шана, бала.).

7. Ашық және жабық буыннан тұратын сөздер (ағаш, әтеш, отан, үшақ.).

8. Ашық және бітеу буыннан тұратын сөздер ( шапан, қалам.)

9. Екі дауыссыз дыбыс қатар келетін екі туынды сөздер (алма, апта, қарға, сызғыш, мектеп.).

10. Қанат, бүлт сияқты сөздер.

11. Үш буынды сөздер (алаша, шағала, қуыршақ, балапан.).

Иынды әліппемен жұмыс істеу және оқу.

Қиынды әліппенің әріптерімен берілген буындардан сөз құрастыра білу, сөзді жетпей тұрған әріптермен толықтыра білу.

Бір дыбысты алмасытырып қою жолымен сөзді қайта құрастыру (қас-тас, шана-сана). «Ою», «Аю», сияқты сөздердің әріптік құрамын тексеру

Ріпті және сөзді жазу.

Сөзді бөлек жазу, кісі есімдерін бас әріппен жазуға дағдылануды меңгеру. 13-16 апталық оқу сабағында сөйлемдерді және үзінділерді оқуға үйрену.

ДЫБЫСТАР МЕН ӘРІПТЕР

Дауысты және дауыссыз дыбыстарды, қатаң және ұяң , жуан және жіңішке жұптары бойынша айыра білу.

Дыбыстардың сапасына сипаттама бере білу (дауысты-дауыссыз, жуан-жінішке, ұяң-қатаң).

Н,У,З,Б,І,И,Г,Ғ,Ш,Е,Ж,Ұ,У,Р,Н,Х, әріптерін меңгеру.

«Қасық», «Балта», «Кілем», «Балапан» сияқты жазылуы мен айтылуында айырмашылықтары болмайтын кейбір күрделі сөздердің дыбыстық , буындық талдау.Қиынды әліппенің әріптерінен құрастырылған сөздерді талдаудан кейін және алдын ала талдамай-ақ көрсету. Дыбыстарын алмастыру немесе толықтыру жолымен сөздердің қайта құру(сақа-бақа, саба, қала-қалақ және тағылар). Сөздің түсіп қалған әріпін қосып жазу (бар-мақ , ба-мақ). Дыбыстық нобайына немесе үлгісі бойынша сөздердің іріктеп алуға дағдылануын тұрақтандырып бекіту. Сөздің дыбыстық құрамын меңгеруге бағытталған жаттығуды балаларды жарыстырып ойнату түрінде қызықты етіп өткізеді. «Қарға», «аға», «қант», «қарақат» сияқты сөздердің әріптік құрамын меңгеру, сөздің түсіп қалған әріпін және буынын қосып жазу(ба, ла, та, бақ). Сөздің әріптік құрамын көрсететін нобайын толықтыру.

Сөздің әріптік құрамын меңгеруге бағытталған жаттығуларды қызық ойын түрінде өткізу.

Сөйлем

Шылаулармен және шылауларсыз құрылған қарапайым жай сөйлемді бөлшектей білу. Қиынды әліппенің әріптерінен құрастырылғаннан кейінгі талданған және талданбаған 3-4 сөзден сөйлем құрастыра білу.

Оқу

Барлық дыбыстарды дұрыс айтылатын , шамасына қарай көтеріңкі дауыспен анық айтылатын күрделі және одан да қиынырақ кейбір сөздерді буынға бөліп оқи білу.

Сөйлемді оқу . Сөйлемнің жетіспейтін сөздердін толықтырып жазу бойынша әр түрлі тапсырмаларды орындай білу(Тиін........отыр).

Көлемі шағын , жеңіл әңгіме үзіндісін дұрыстап , анық етіп буынға бөліп оқу. Оқыған кезде сөйлемнің соңына қойылатын нүктеде тоқтау ережесін сақтау қажет. Оқып шыққан әңгіме үзіндісі бойынша берілетін сұраққа түсініп жауап қайтару. Оқып шыққанға сұрақты қоя білу. Оқып шыққанын әңгімелеу. Сөйлеу тілінің анықтығын және дұрыстығын бақылауына дағдылануын тұрақтандырып бекіту.

Еміле ережесі

Екпінді және екпінсіз дауыстыларды айыра білуін тұрақтандырып бекіту.

Сөзді түрлендіру жолымен екпін түспейтін дауыстыны тексеруге балалардың назарын аурару( көреді -көрші-көрсеңші).

II кезеңдегі сабақ жоспарының үлгісі(X,XI,XII) қамтып оқыту аптасына 3 рет.

  Дыбыс Сабақ саны Дыбысты ажырату Сөзге дыбыстық талдау жасау. Сауат ашу. Әріпті оқу , жазу. Текшелерден сөз құрау. Тіл дамыту
С С-с С-з-қ-ш-с-с Сан ,апа , ата, сияқты Ма , не , мата, нан сияқты сөздер Берілген сөздерден сөйлем құрау
Е З З Е-а-ә-з-с-ж-з-з Шана, бала сөздерін буындық, дыбыстық талдау. Са, се, таза оқуға  
С-з І С-с-з-з-і-ы Буынның дыбыстық схемасын жасау. З, апа, аға, қаз Сөз тудырушы және түрлендіруші жұрнақтарды пайдаланып даңа сөз құрастыру.
Ы-і Б М-і-и-б-б Ағаш , ыдыс сияқты сөздерге дыбыстық талдау жасау. Жолақшаларға сөз табу Сол сөздермен сөйлем құрау.
Д-і Д-т Д-д-д-т-д Екпін түскен дауысты дыбысты анықтау Берілген
Б-п Д Б-п-б-д-т Шапан , қалам Д балта , қасық сияқты сөздерді, берілген сөйлемді оқу.
Ғ Г Ғ-қ-г-ғ-қ Мысық , алма, апта Ғ Шағым мәтіндерді жаттау. Мазмұнын айту.
Г-ғ К-қ-г Г-ғ-дқ-к-г-г Шағын, терезе сияқты сөздерге дыбыстық талдау жасау.   6 сұрақ  
Ш Ш-с-ж   Ш   Сурет бойынша
С-н С-ж-з Шырша ,қарға сияқты сөздерге дыбыстық талдау жасау. Ж Бақша , жылқы сияқты сөздер.  
Ж Ж-з-ж Қант , бұлт. Бант сияқты сөздерге дыбыстық талдау жасау. И   Сұрақ қою арқылы жай сөйлемдерді жайылма құрмалас сөйлемдерге айналдыру.
Ұ Ұ-и О-ұ О-у Орамал Ұ Ұ Кілем , түлкі сияқты сөздер.  
Р І Р-р-і Р-л-р-р-л-л-і Қуыршақ , тауық Р Шақтарын(өткен) шақ, келер шақ) өзгерту. Сол әңгімені айтып беру.
Л-р И Л-р-р-ь-ь Мектеп , қырман сияқты сөздерді талдау. И   Мәтін бойынша балалардың қойылғпн сұрағына жауап беру.
Н Н-қ -м Жаңбыр     Үлгі бойынша әңгіме құрау.
Х Х-қ-қ-ғ   х Күлкі , жаңбыр Ретсіз берілген сөз, сөйлемнен әңгіме құрау.
                     

Сөздің соңында ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстарды сөзді түрлендіру жолымен (көз-көздер , тас-тастар) және тектес сөздердің жәрдемімен тексере білу.

Еміле ережесі тексерілмейтін кейбір сөздерге балалардың назарын аудару.

Сөзді тасымалдаудың ең оңай жағдайы.

Сөздердің және сөйлемдердің жазылуындағы ережелерді дұрыс түсініп меңгеру, мысалы, әріптер сөзде қатарласып жазылады, сөздер сөйлемдерде , бөлек-бөлек, жеке жазылады, адамның есімі, әкесінің есімі, қаланың , көшенің , ұйымның, мекеменің, географиялық және әр түрлі шығарма аттары, малға, құсқа, жабайы хайуанаттарға қойылған аттар да бас әріппен жазылады.

Түсінуге жеңіл кейбір сөйлемдер мен сөздерді өздігінен талдағаннан кейін жазу.

С-З дыбыстары

І. Сабақтың мақсаты: С-З дыбыстарын дұрыс айтып, ажырата білу. Зада сияқты сөздерге дыбыстық талдау жасау, сөз тудырушы жұрнақтарды пайдаланып, жаңа сөз құрастыруға дағдыландыру.

Керекті құралдар:

ІІ. Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Сабақтың мақсаты мен тақырыбын анықтау.

3.Логопед : С дыбысынан басталатын бірнеше суреттерді көрсетеді.(сабын , сүт, сауысқан және т.б,). Осы сөздердің басында қандай дыбыс естіледі? (С) Бұл қандай дыбыс?

Сосын логопед: Қаз , көз суреттерін көрсетіп, сөздің аяғында қандай дыбыс естілетінін сұрайды?(З) Бұл қандай дыбыс? Сонымен бүгінгі сабақта қандай дыбыстарды қайталаймыз?

ІІІ. С-З дыбыстарын ажырату.

Логопед: Қазір «Керісінше» ойынын ойнаймыз. (Балалар жағалай тұрады. Логопед ортада). Мен қазір доп лақтырып. С дыбысымен буындарды айтам, сендер допты қағып алып, маған қайтарғанда «З» дыбысы бар буынды айтып лақтыру керек. Мысалы. Мен «са» дессем сендер «за» дейсіңдер. )со, су, сы ,со, ас, ос , ыс, өс).

IV .С-З. Дыбыстарын анық айтуға бағытталған жаттығулар. Әр балаға С-З дыбыстары бар суреттер беріледі. Логопед алдымен С дыбысы бар суреттерді көтеруін талап етеді. Сосын әр бала суретті дұрыс атап, тақтаның оң жағына қояды. Жаттығуды жалғастыруға болады. С дыбысы сөздің басында естілетін суретті дұрыс тауып, дұрыс атаңдар. С дыбысын сөздің аяғындағы суретті дұрыс атаңдар және т.б.

Зада сөзіне дыбыстық талдау жасау. Логопед баланың суретін көрсетіп былай дейді: Бұл баланың аты Зада. Осы сөзге дыбыстық-буындық талдау жасайық. Кәне , бәріміз қосылып осы сөзге айтайық. Сөзде екі буын бар екені анықталады. Сөздің схемасы сызылып, ондағы дыбыстар текшелермен белгіленеді. Әр буындағы дыбыс саны, қандай дыбыс екені анықталады. Осылай сақа, қозы, маса , сөздеріне дыбыстық талдау жасап, схемасы сызылады. Талдау барысында әр буындағы дауысты дыбыстарға көңіл бөлінеді. Дұрыс айтылады. Әр буында бір дауысты дыбыс болуы ескертіледі.

V. Сөйлем құрауға жаттығулар.

Логопед : мына сөз тіркестерін естеріңе сақтап дұрыс қайталаңдар . Суық су , сұр мысық , қасқа қозы , қызыл қағаз.

2. «Мен бастаймын сен аяқта» ойыны.

Логопед сөйлемді бастайды , балалар аяқтау керек. Мысалы , Пеш қасында сұр.... (мысық отыр) . Зере қораға қасқа.... (қозыны қамады). Сара мен Зада сиыр( сауды).

Енді осы сөйлемдерді қайталаңдар. (Егер дұрыс қайталамаса сұрақ қою арқылы толық айтқызу керек ).

VI . Сабақты қорытындылау.

Логопед: Қандай дыбыстарды қайталадық. «Сөз ойлап, тап» ойынын ойнайық. Алдымен С дыбысына сөз ойлаңдар.

САУАТ АШУ

Б дыбысы мен әріпі

І. Сабақтың мақсаты: Б дыбысын сөзде, сөйлемде дұрыс айтып ажырату , дыбыстық талдау дағдыларын дамыту, Б әріпімен таныстыру , оқуға жаттықтыру.

Көрнекі құралдар: кеспе әліппе, суреттер, түскі текшелер, сөз жазылған кестелер.

ІІ . Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. Мұқият тыңдаңдар. Мен сыбырлап кімнің қашан отыратынын айтамын , алдымен 1-қатардағы бірінші орындыққа отыратын бала отырады. Енді Болаттың сол жағындағы бала отырады.

2.Сабақтың тақырыбы:

Болат сөзінде бірінші қандай дыбыс естіледі? (Б) Бүгін сабақта Б дыбысы мен әрпімен таныстырамыз.

ІІІ. Мен қазір екі буын айтамын , бір буын жуан айтылады, екінші буын жіңішке айтылады. Сендер тек жіңішке буынды ғана қайталауларың керек . Логопед төмендегідей буындарды айтады:

Бө-бе ба-бә бе-ба

Бы-бі бұ-бү бө-бо

Ба-бе

IV. Б дыбысын сипаттау(дауыссыз , қатаң).

V. Б әріпімен таныстыру. Балаларға бас әріптің 2-3 данасы , кіші әріптің 3-4 данасы таратылады. Олар мұқият қарап , жеке кеспе әліппесіне салып қояды.

VI. Талдау және жинақтау дағдыларын дамыту үшін жаттығулар жүргізу.

а) Б дыбысы бар буындарды оқу(ба, бо, бт,бө,бы,бі).

б) « Бал» сөзіне дыбыстық талдау жасау. Кеспе әліппеден сөз құрастыру. Оқу ортадағы әріпін алмастыру арқылы сөз құрау. Мысалы , бал, бақ, бас. Бал. Бөл.

в) Осы сөздерді кеспе әліппеден құрастыру, оқу.

г) Берілген жолақшаларға , текшелерге (схема) сәйкес келетін суреттерді атау. Мысалы, бас, бала, бәкі, бұлт, бір.

д) Осы схемаларға сөз ойлау.

ж) Жеке сөздерді тақтадан немесе кестеден оқу.

VII. Балық сияқты сөздерге дыбыстық талдау жасау және сөйлемдерді оқу.

а) Балық сөзіне дыбыстық талдау жасап, текшелермен белгілеу , содан кейін текшелердің орнына керек әріптерді қойып , сөзді оқу. Осылай (білек , сабақ, сағат) сөздеріне дыбыстық талдау жасау.

в) Сөйлемді текшелермен белгілеу , оқу.

VIII. ( Баланың суреті ілінеді) «Ол Бота» сөйлеміне талдау жасау. Кеспе әліппеден құрастыру. Балалар сөйлемінің басында бас әріп жазылады , соңында нүкте қойылады деген ережелермен танысады. «бота-бала» деген сөйлем де дәл осылай талданады.

Екі сөйлем оқу.

IX. балта , бақыт , сақан, табақ сөздерін кестеден оқу.

X. Сабақты қорытындылау.

Үшінші кезең

(наурыз, сәуір, мамыр)

Қамтып оқыту аптасына 5 рет. Дербес және шағын топпен оқыту күн сайын.

Наши рекомендации