Тәлімгер тәрбиешілердің оқу
іс-әрекеттеріне қатысу»
Діскер : Х.Сарманова
Жыл
Жазира» балабақшасы
Жас маманмен жұмыс
«Әдістемелік кабинеттегі басылымдармен танысып, өз білімін жетілдіру жоспарын құруды үйрену»
Тәлімгер : Х.Сарманова
Жыл
Өз білімін жетілдіру – педагогтың кәсіби шеберлігін көтерудің бір түрі. Бүгінгі таңда қоғамымыз тарихта болып көрмеген терең және шапшаң өзгерістерді байқауда. Бір алған білімнің бар өміріне жететін, бұрынғы өмір стиль кезегіне «Білім-бәріне, білім-өмір бойы»жаңа өміршеңдік стандартына ауысты. Тәрбиешінің кәсіби құзіреттілігін көрсететін көрсеткіштің бірі – өз білімін жетілдіру қабілеттілігі, алға ұмтылып, өзін жетілдіру болып саналады.
1. Рухани, кәсіби, жалпы мәдени және физикалық жетілуге ұмтылатын, үйлесімді дамыған, ішкі жан дүниесі бай жеке тұлға;
2. Тәрбиелеу мен оқытуда қойған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында түрлі амалдар мен технологияларды, ең тиімді тәсілдерді іріктей алады;
3. Рефлексивті қызметті ұйымдастыра алушы;
4. Педагог әрдайым өзінің білімі мен біліктілігін жетілдіріп, сан қырлы қызығушылықтарына ие болып, кәсіби құзіреттілік деңгейін меңгереді.
Педагогтың өз білімін ақпараттар қоғамында жетілдіруі, онымен жұмыс істеу көзі болып саналады. Білімде трансформациялық ақпарат жүйесі маңызды рөл атқарып, ақпарат қоғамы білім қоғамы болып саналады. Сондықтан да қазіргі білім беру жүйесі тәрбиешіден әрдайым білімін жетілдіруін талап етеді. Білімді түрлі жолмен алуға болады. Қазіргі кезде педагогтарға біліктілігін көтерудің түрлі спектор қызметі ұсынылуда. Оқу орындарында күндізгі оқу, сырттай оқу, біліктілікті жетілдіру курсы, семинар және т.б.
Жаңа білім мен технологиялар өзінің өзектілігін орташа алғанда бес жылдан соң жоғалтатыны ешкімге құпия емес.
Педагогтың кәсіби шеберлігін көтерудің ең тиімді жолы – бұл өз білімін жетілдіру. Әрдайым білімді жетілдіру – адамның заманға сай өмір белсенділігін анықтап, «заманауи поезынан қалып қоймауына» көмегін көрсетеді.
Кәсіби өсудің шарттары
1. Тақырып бойынша рефератпен өз білімін жетілдіру жұмысы;
2. Әдістемелік, педагогикалық және пәндік әдебиетті оқу;
3. Тақырып бойынша Ғаламтордағы ақпараттарға шолу;
4. Семинарларға, конференция, әріптестерінің сабақтарына қатысу;
5. Әріптестердің тәжірибесімен алмасу, пікірталас, жиналыс;
6. Біліктілігін жоғарылату курстарынан жүйелі өту;
7. Әріптестерге сараптау үшін ашық сабақтар өткізу;
8. Ақпаратты-компьютерлік технологияларды оқу;
9. Аудан бойынша және Ғаламтордағы МДҰ әріптестермен қатынаста болу;
10. Ғаламтордағы байқауларға қатысу;
11. Ғаламтор сайттарына өзінің жұмыстарын енгізу.
Күтілетін нәтижелер:
Балалармен жұмыс барысындағы жағдайларда туындайтын бөлшектерге сараптау жүргізіп және оны тереңдете іске асыру, өз білімдерін нақтылау, өз бетімен жұмысты атқару, бұл жас педагогқа білімін жетілдіруге септігін тигізеді.
Педагогтардың әрдайым педагогикалық білімдерін толықтыру қажеттілігі дамып, икемді ойлауы қалыптасып, тәрбиелеу-оқыту жүйесінде шығармашылық әлеуеті ашылып, өңдеу мен болжам жасай алады.
Өз бетімен жұмыс істей алатын педагог мақсатты бағытта ғылыми-практикалық іспен айналысуға мүмкіндігі ашылып, ізденушілік қызметі, жоғары кәсіби білім деңгейі, ең алдымен тәрбиелік-оқыту жүйесінің сапасына, тұтас педагогикалық қызметтің нәтижелілігіне әсерін тигізеді.
Жаңадан жұмыс бастаған жас маман педагогтарға қиын сұрақтарға тез жауап табуға, балалармен жұмыс істеуде табысқа жетуге көмектеседі.
Жазира» балабақшасы
Жас маманмен жұмыс
«Дидактикалық ойындардың маңызымен таныстыру»
Тәлімгер : Х.Сарманова
Жыл
Дидактикалық ойындардың маңызы.
Ойын үстінде бала өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы. Сондай-ақ ойын баланың болашақ өміріне есік ашып, оның іздемпаздық, тап-қырлық қабілетін оятады. Осы тұрғыда баланың байқағыштық, зерттеп-салыстыру, сезім қабілетін дамытуға, баланың заттарды белгілері бойынша тану, түйсіну қабілетін ұштап қана қоймай, сонымен қатар сөздік қорын молайтуда дидактикалық ойындардың орны ерекше болып табылады.
Ойын көп жоспарлы, күрделі педагогикалық процесс болғандықтан мектепке дейінгі жастағы балаларды оқытудағы ойындық әдіс болып табылады. Оқыту формасы балаларды жан-жақты тәрбиелеудегі негізгі құрал болып есептеледі.
Дидактикалық ойын оқытудың әдістерінде 2 жолмен қарастырылады. Ойын сабақтар және дидактикалық тапсырмалар не болмаса автодидактикалық ойындар.
Өз тәжірибемде ойындық сабақтардың көмегімен балаларға білім беріп қана қоймай, оларға қалай ойнауды да үйрету. Бір мезетте оқытушы және ойынның мүшесі ретінде де балаларды ойнатуға талпындыру, ал балалар ойнай отырып үйренеді, сондай-ақ ойын өзіндік ойын әрекеті нәтижесінде де қалыптасады. Өзіндік ойын әрекеті балалардың ойынға деген қызығушылығы артқан кезде ғана іске асады. Балалар ойын ойнағанды ұнатады және өз ынталарымен беріліп ойнайды. Тапсырмаларымды балалар өз беттерімен орындап және ойынды ұйымдастырып бір-біріне әділ баға беруге үйренеді.
Балабақшада жиі қолданатын дидактикалық ойын түрлерін төмендегі жүйе бойынша өткізледі:
1.ойыншықпен ойналатын ойындар.
2.Үстел үстінде ойналатын ойындар.
3.Сөздік ойындар
Әр топта балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты ойындар іріктеу, сондай-ақ тапсырмалар арқылы балалардың білімін тереңдете түсемін және ойлауын, зейінін, есте сақтауын дамытуға көмектесемін.
Ойынның мазмұны бірнеше элементтен құрылады: Дидактикалық тапсырмалар, мазмұны, ережесі және ойынның орындалуы, мұнда басты элемент-дидактикалық тапсырмалар болып табылады, ал қалған элементтер осы тапсырмаға және оның орындалуына көмектеседі. Тапсырмалар әртүрлі болады (табиғат, жануарлар және өсімдіктер әлемі, адамдар, еңбек т.б.) және қарапайым математикалық ұғымдарды бекітуге байланысты.
Ойын ережелерге сүйенеді, ережелер әр баланың ойында не істеу керектігін, қалай істеу керектігін, мақсатқа жетудің жолдарын көрсетеді және ақыл-ой қабілеттерін дамытады, әсіресе, кішкентай топтағы балалар өзін-өзі ұстауға, өздерінің мінез-құлықтарын қадағалауға үйренеді. Сонымен бірге, психологиялық жағдайларын жақсартады: көңіл аударғыштығын, байқағыштығын және мейірімділікке, кішіпейілділікке үйретеді.
Көптеген дидактикалық ойындар балалардың жеке-дара ойнауына арналған (мозаика, пирамида), олар баланың дербестігін, аңғарғыштығын, өздігінен еңбек етуін жетілдіреді. Кейбір ойындар 4-6 баламен ойналады, сандық лотолар сан үйрету үшін өте қолайлы қызықты.
Дидактикалық ойынды қолдану үшін үлкен педагогикалық шеберлік қажет. Ойынды таңдап алған соң, ойынның көмегімен қандай тапсырманы орындайтынын анықтау және ойынды өткізу үшін алдын-ала дайындалу, сонымен қатар балаларға ойын түсінікті, анық, жас ерекшеліктеріне сай болуы тиіс. Мысалы: табу, көрсету, белгілеу естияр топқа лайықты, ал ересек балаларда салыстыру басым болады. Мінез-құлықты тәрбиелеуде ойынның рөлі маңызды болып есептеледі.
Қорыта айтқанда, ойын-баланың жан серігі. Ойын сырттай қарағанда ешқандай қиындығы жоқ, оп-оңай көрінуі мүмкін. Ал іс жүзінде бала ойынға қатысу үшін басқалармен тіл табысып, өзінің ойлаған ойын іске асыру мүмкін емес. Баланың рухани жетілуі мен табиғи өсуінің, денесінің дамуы мен ой дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді.
Ойынның түрлері өте көп. Мысалы: рөлдік ойындар, денешынықтыру ойындары, сюжеттік ойындар, дидактикалық ойын. Соның ішінде маңыздысы – дидактикалық ойын. Бұл ойынның пайдасы – баланың ой өрісінің қалыптасуын, дамуын мақсат етіп қояды. Сондай-ақ балалардың адамгершілік сезімін оятуға, адамдармен дұрыс қарым –қатынас жасау, еңбек адамдарына, басқа ұлт өкілдеріне, достық, туған жеріне сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеуге көңіл бөлінеді. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді. Ойынның міндеті баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынатын нақты мазмұнмен анықталады.
Дидактикалық ойындарды тиімді пайдалану сабақтың әсерлілігін, тартымдылығын, белсенділігін, баланың ынтасын күшейтеді. Ойын ережесі балалардың түсінуіне оңай, қарапайым, әрі қысқа болуы керек. Кейде ойынның мазмұны, ережесі балаларға дұрыс түсіндірілмейді де, балалар оған қызықпайды, зейін қойып тыңдамайды. Оның үстіне дидактикалық материалдар мен көрнекіліктерге жеке көңіл бөлу керек. Балалардың таным қабілетін, логикалық ой-өрісін кеңейтіп, сабаққа ынтасын арттыруда дидактикалық ойындарды ұтымды пайдаланудың маңызы зор.
Дидактикалық ойындар үш топқа бөлінеді:
1. Заттық дидактикалық ойындар-дидактикалық ойыншықтармен және түрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.
2. Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар- «Лото», «Домино», т.б.
3. Сөздік дидактикалық ойындар.
Дидактикалық ойын балалардың қоршаған орта туралы түсінігін кеңейтеді, баланы ойнай білуге баулып, ақыл-ой қызметін қалыптастырады, әрі адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады.
Өз іс тәжіребиемде мен балалармен тілдік дидактикалық сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр- түсін және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым- қатынас жасай білуге үйретемін. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде тәрбиешінің:
-балалардың сөздік қорларын дамыту;
-жаңа сөздерді меңгерту;
-үйреген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет саналады.
Баланың тілін дамытуда ауызекі сөйлеу, тілдің дыбысталу мәдениетіне тәрбиелеуде, байланыстырып сөйлеу, сөздік қорын дамыту үшін сабақта және сабақтан тыс уақытта ойналатын дидактикалық ойындарды пайдаланамын.
Сабақты бекіту, сабақта меңгерген материал туралы түсінігін кеңейту, баланың шығармашылығын дамыту, тіл байлығын молайту үшін, тіл дамыту сабақтарында дидактикалық ойындарды пайдаланамын, ойындар сабақтың тақырыбына, мақсатына сай таңдап аламын. Сабақтың қызықты, тартымды өтуі үшін дидактикалық ойындарды дұрыс пайдаланамын.
Жазира» балабақшасы
Жас маманмен жұмыс
«Қорытынды оқу іс-әрекетін беруге көмек көрсету»