Технологиялық карта. Білім беру саласы: Шығармашылық.

Мамыр. Тобы: ересек

Білім беру саласы: Шығармашылық.

Бөлімі: Музыка.

Тақырыбы: «Біз мектепке барамыз».

Мақсаты:музыканы тыңдап,сипаттарын ажырата білу.Әннің мәтінін дұрыс айтып үйрену.Ойындарда эмоциясын ояту.

Көрнекілігі:аспаптар,мектеп құралдары,үнтаспа,дисклар.

Сөздік жұмыс: ұстаз,мектепдана,аспаптар,әзілдейміз,қоштасамыз.

Оқу іс- әрекетінің кезеңдері Музыка жетекшінің іс -әрекеті Балалардың іс- әрекеті
Мотивациялық -қозғаушылық Жетекші балаларды «Гүлдер вальсі» ырғағымен қарсы алады.Би ырғақтарын сезіне билеуге үйретеді.Шеңбермен жүріп, өз орындарына тұруды,жұптарымен ілесе жүруді үйретеді. Б.Бейсенованың «Ұстазға мың тағызым» әнін тыңдауға ұсынады. Балаларды ойынға ұйымдастырады «Әуенді тап» ойынының шартын түсіндіреді,екі топқа бөледі,әуенді тыңдап,жарысып айтуға үйретеді. Балалар жұптасып,музыка ырғағымен жүруді,орында рынан тұруды орындайды.   Әнді тыңдап,сөздерін еске сақтауға тырысады.Балалар ойынды көңілді ойнап,әуен ді жылдам еске түсіру арқылы жарысуға тырысады.
Ұйымдастырушылық -ізденістік Ән үйрену: «Қош бол,балабақша» әнін айтып береді.Балаларға қайталап айтуды ұсынады.Жетекші балалардың жыл бойы үйренген білімдерін барлық сала бойынша музыка арқылы көрсетуін ұсынады. Кейіпкерлендіру,жүргізушілік қабі леттерін арттырады.Балаларды өздерін еркін ұстауға,әнді сезініп айтуға,биді бірдей билеуге үйретеді.Ұлдарын «рэп» қимылын жасап,ырғақпен әуендетіп «Тіл туралы» жырлауды үйретеді және вальс ырғағын қайталауды ұсынады.Алдын ала дайындалған «Ирландық полька», «Гүлдер вальсі» билерін қайталайды. «КВН», «Әзіл сықақ» театры миниатюраларынан үзінді үйретеді. Балалардың рөлде ойнауын ұсынады. Ойын: «Алтын қақпа». Ойын шарттарымен таныстырып, ойын қимылдарын көрсетеді. Музыка тыңдау: «Біз бақытты баламыз» (Р.Тышқанбаев) Желаяқ сөзін әнге салып айтуға тырысады. Желаяқ мақтаншақтың кейіпін сомдайды.   Тұлпар өзінің сөзін әндете айтып,ойнайды.   Қоян қорқақтың рөлін ойнауға тырысады.   Қорқыныш,өкініш,қуаныш сезімін көрсетуге тырысады.   «Тоқта», «Жол ашық» белгілерін еске сақтауға талпынады. Әнді мәтініне келтіріп айтуға тырысады.
Рекфлексиялық –түзетушілік Жетекші балаларды белсенді қатысқаны үшін мақтайды, мектеп ке дайындықтарының жоғары екенін айтып мадақтайды. Қоштасады. Балалар белсенді ойнап, қуаныштарын білдіреді. Қоштасады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:музыканы тыңдап,сипаттарын ажыратуды,жанрларды білуі керек.

.Меңгереді:музыкамен ырғақты сезіне би қимылдарын жасауды.

Игереді:музыканы тыңдап,аспаптармен ырғақты сезіне ойнауды.

Технологиялық карта.

Маусым. Тобы: ересек

Білім беру саласы: Шығармашылық.

Бөлімі: Музыка.

Тақырыбы: «Жаз келеді,алақай!».

Мақсаты:жыл мезгілінің ең шуақты,ең жарқын мезгілін ән арқылы әсемдей білуге тәрбиелеу,шуағын мол төккен күннің нұрын жаздың табиғат сыйлаған өрнектерін әнмен сабақтастыру.

Көрнекілігі:жаз мезгілінің суреттері.

Сөздік жұмыс: жаз,табиғат,күн.

Оқу іс- әрекетінің кезеңдері Музыка жетекшінің іс -әрекеті Балалардың іс- әрекеті
Мотивациялық -қозғаушылық Сәлемдесу. Жұмбақ шешу. -Бұл қай кезде болады? -Жаз мезгілінде неше ай бар? -Атап беріңдерші? -Жаз мезгілі сендерге ұнайды ма? Балалар жаз мезгілінде күн ыстық болады.Жаззда біздер суға түсеміз түсеміз,денемізді шынықтырып, еркін демаламыз. Сәлемдесті.   Жаз. Үш ай. Маусым,шілде,тамыз. Өте ұнайды.
Ұйымдастырушылық -ізденістік Дауыс жаттықтыру: «до,ре,ми, ма,ми,мя» Ән тыңдау: «Еркемай» қазақтың халық әні.Халық әндері сол кездегі белгілі бір оқиғаны суреттеген әндер.Соның бірі «Еркемай» көшпелі қазақ елі жаз шыға жайлау ды,қыста жылы жақты мекен еткен. Қазіргі кезде бұл әндер аспаптық шығармаларға өңделіп,жаңаша сарында жеткізілуде. Жаңа ән: «Жарқын жаз» К.Қуатбаев.Әннің мазмұнын түсіндіру,әуенін орындап беру. Сөзін жаттатып,әнді қосыла орын дау. Ойын: «Күн мен бұлт». Мақсаты: әндердің қалай орындалып тұрғанын ажырату. Дауыстарын до,ре,ми нотасымен жаттықтыру. Ма,ме,му буындарымен жаттықтыру.   Әнді тыңдай біледі. Әннің мазмұнын түсінеді.     Жаңа әннің мазмұнын түсініп, әнді үйренеді.   Балалар ойынды қызығушы лықпен ойнайды.
Рекфлексиялық –түзетушілік -Біздер ,бүгін не турала әңгімеледік? -Қандай ән тыңдадық? -Қандай ән үйрендік? -Өте жақсы,бүгінгі үйренген әндеріңді ұмытып қалмаңдар, жарай ма? Осымен оқу іс әрекетіміз аяқталды, сау болыңыздар! Жаз мезгілі.   «Еркемай» әні. «Жарқын жаз» әні.     Жарайды.   Сау болыңыз!

Күтілетін нәтиже:

Біледі:әннің сазын, маазмұнын түсіне біледі.

.Меңгереді:әнді қимылмен жасай білуді.

Игереді:әннің сөзін анық айтуды.

Наши рекомендации