Э. Берннің ойының алты басымдылығы.
- Ішкі психологиялық басымдылықтар. Ойындар арқылы мен сценарлық пікірімнің тұрақтылығын сақтаймын. Әр кез мен осы ойынды ойнағанда мен өзімнің пікірімді нығайтамын: біреудің көңілін өзіме аударту үшін мені қабылдамау қажет.
- Сыртқы психологиялық басымдылықтар. Мен стресстік жағдайлардан қашамын, олар менің дүниетанымыма күмән келтіруі мүмкін. «Мені соқ» ойнын ойнасам, мен мына сұраққажауап беруден жалтарар едім: «Не болады, егер мен тура позитивті сипалауды сұрасам?»
- Ішкі әлеуеметтік басымдылық. Берннің айтуынша, ойындар «жеке өмірінде немесе қоғамдағы псевдоинтимдік әлеуеметтену үшін арнайы жүйені ұсынады».
- Сыртқы әлеуеметтік басымдылық. Ойындар бізге біздің әлеуеметтік ортамызда әңгімеге және өсекее тақырып береді.
- Биологиялық басымдылық. Бұл ойынның мақсатымен байланысты – сипалауды алу. «Мені ұр» ойынында негативтісипалау басым болғандықтан және мен балалық шақта шешіп қойғам, пазитивті сипалауды алу өте қиын, сондықтан мен негативті сипалаудың жолдарын қарастырғаным жөн.
- экзистенционалды басымдылық. Бұл ойынның функциясы өмірлік позицияларды растауда жатыр.
Шарт жасасу.Берн бйынша, контракт бұл екі жақты нақты әрекет ету жоспары.
Контракқа кретіні:
- қатысушы жақтар;
- олар бірге не істемекші;
- бұл қанша уақыт алады;
- бұл процесстің мақсаты немесе нәтижесі қандай болмақ;
- олар мақсатқа жеткенін қалай біледі;
- клиентке қаншалықты пайдалы және ұнамды болады.
Ашық коммуникация. Эрик Берн клиентте, терапевтте істеліп жатқан жұмыс жайлы толық мәліметке ие болғанын қалады. Терапевт пен клиент жеңіл, түсінікті тілде сөйлесулері керек.
Автономдылық.Эрик Берн бойынша идеал автономдылықта деген, бірақ оған нақты анықтама бермеді. Бірақ ол «үш адамның қасиетінің босауы мен толықтырылумен сипатталады: санамен ұғу, аяқ асты ой, интимділік».
Санамен ұғу – бұл жаңа туған нәрестедей сезіп, естіп, көріп, сезіну қабілеттері. Мұндай адам өзінің сезімдерін түсіндірмейді, ата-ана тұрғысынан сипаттамайды.
Аяқ асты ой – қылық-әрекет, ойлар, сезімдердің алуан түрлілігінің ішінен таңдау қабілеті.
Интимділік - өзінің және басқа бір адам арасындағы ашық, айқын сезімдерінің көріністерімен көрсетіледі.
Сонымен біз автонмдылыққа келесідей анықтама бере аламыз – бұл қылық-әрекет, ойлар, сезімдер «қазір және мұнда» шындығына реакциясы болып табылады.
Ақпараттары қайта өңдеу мен қабылдау амалдарын айқындаңыз | ||
Кеңес беруді эффкетивті бағалау әдістерін сипаттаңыз | ||
Бағалау әдістері мен альтернативтік шешімді салыстырыңыз |
21. В.В. Столиннің тұжырымдауы бойынша кленттің ойланбастан мазасызданып айтқан әңгімесінің түрлерін талда
Өзіндік сана мәселесі және «өзіндік сана» терминінің ғылыми интерпретациясы ресей психологтарының, бәрінен бұрын, Л.М. Божович, И.С. Кон, А.Н. Леонтьев, Б.Ф. Поршнев, А.В. Петровский, С.Л. Рубинштейн, А.Г. Спиркина, В.В. Столина, И.И. Чесноковалардың еңбектерінде терең теориялық зерттеуге ие болды.
Өзіндік сана мәселесі ресей психологиясында соңғы уақытта конфликтілі «Мен» мәнді концепциясы (В. Столин), жеке тұлғалық семантикалық жүйесінде (Б.Ф. Петренко), өзіндік сананың интеграциялаушы сәті (В.С. Мухина) ағымында нәтижелі дамыды. Зерттеушілердің көпшілігі этностық өзіндік сананы тұлғалық өзіндік сана құрылымында жалпы ұғым ретінде қарастырады. Оның қалыптасуы ақпараттың этномәдениеті интериоризациясы процесінде жүзеге асады.
Кеңес психологиясында әлеуметтік субъекттердің психикалық өміріндегі өзіндік сана санамен үздіксіз бірлікте болады, алайда олар бірінен-бірі асып түсетін сапалы білім болып табылады. Өзіндік сананың ерекшелігі ондағы субъект екі рөлді болады: танымның объектісі және субъектісі.
Өзіндік сана (рефлексивті «Мен») тұлға дамуының нақты бір деңгейінде пайда болады. Алдыңғы кезеңде тұлғаның қалыптасу процесі өзіндік сананың бағыттаушы рөлінсіз өз-өзінен жүреді және тек жеткіншек шақта «өзін саналайтын тұлға өмірге келеді». В.В. Столиннің тұлғалық өзіндік сана табиғатына бағытталған зерттеуі А.Н. Леонтьевтің іс-әрекет теориясына негізделеді. Оның мазмұнында өзіндік сана сана объектісінің жай ғана ауысу жолымен жүзеге асуында емес, «Менді» басқаның орнына қоюында, өзіндік сананың даму сәті тұлғаның интеграциясымен, іс-әрекет түрткісінің байқалуы немесе расталуымен, «Меннің» қандай да бір жағынан арылумен байланысты ішкі шиеленіс болып табылады. Тұлғаның өзінің саналануының алғашқы формасы оның шиеленісті мәнін сезіну болып табылады, яғни тұлғаның қарым-қатынасының бірнеше жүйелеріне шынайы қатыстылығымен пайда болатын сол бір әрекеттің бірнеше мәндерінің санада қақтығысуы.Кеңес ғалымы И.И. Чеснокова өзіндік сананы оның тұлғалық интегралды мінез-құлқының көрінуінде қарастырады. Өзіндік сана тұлғаның психологиялық іс-әрекетінің күрделі, интегративті қасиеті ретінде көрінеді. Бір жағынан, ол тұлғаның психикалық дамуының нәтижесін тіркейді. Екінші жағынан, өзіндік сана әрекетінің ішкі реттеушісі ретінде тұлғаның болашақ дамуына әсер етеді. Өзіндік сана – тұлға даму үздіксіздігінің ішкі жағдайларының бірі, ол сыртқы әсерлер арасындағы тепе-теңдікті, тұлғаның ішкі күйін және оның мінез-құлық формаларын қалыптастырады.
Жалпы алғанда субъектінің әлемді, басқа адамдарды және өзін-өзі қабылдау ерекшеліктері психосемантикалық бағыт көзқарасымен тұлғалық-мәнділік жасалуларға немесе тұлғалық семантикалық жүйелерге байланысты. Ол әлеуметтік мәндердің интериоризацияланған жүйелеріне тұлғалық мәндер беру жолымен қалыптасады. Олар қабылдауға құштарлықты және қоршаған шындыққа, басқа адамдарға және өзіне-өзі қатынасын индивидуалды психика деңгейінде қарастырады.
22. Диагностикалық әңгімелесу уақытындағы тәсілдер мен әдістер.( Розенцвейка, түрлі түсті тест Люшера және т.б.)
Психодиагностика – нақты міндеттерді шешуге арналған практикалық немесе теориялық меңгеру операцияларының біртекті амалдарының жиынтық әдісі. Практикалық психологияның өзіне тән ерекше әдістері бар. Ол диагностикалық әдістер, кеңес беру, терапевттік түзету әдістері және ұйымдастыру мәселелерін шешуде қолданылатын әдістер. Бұлар психологтың клиентке ықпал ету қарқындылығының , шешілетін міндет күрделігінің негізінде құрылған. Психодиагностика клиенттің психологиялық проблемасын шешу үшін оған өзін едәуір тереңірек түсінуге және хал - жағдайы мен мінез құлқын өзгертуге, адамның ішкі мүмкіндіктерін табуға жәрдемдеседі. Практикалық психологияның әдістері психодиагностикалық, кеңес беруші, түзетуші - терапевттік әдістерге жіктеледі.
Психодиагностика – психологтың клиентпен немесе топпен жұмыс жасайтын мәселелеріне тереңдеп енетін бағыт.
Психодиагностика екі жақты мәртебеге ие. Біріншіден, ол практикалық психологияның салыстырмалы дербес бағыты болып табылады, яғни психолог кеңес беруде немесе психотерапияда маманданған өзге психологтардың тапсырысы бойынша күрделі диагностикалық жұмыстарды орындап, сол салада мамандана алады. Екіншіден, психодиагностика психологтың клиентпен жүргізілетін жұмыстарының маңызды кезеңін құрайды. Екі жағдайда да психодиагностика адамдардың психологқа шағымдана келетін өмірлік қиындықтарының себеп - салдарын анықтауға мүмкіндік беретін ұстанымдардың, әдістердің, әдістемелік тәсілдері мен үрдістердің кешенін анықтайды. Психодиагностиканың өзіне тән теориялық негізі бар. Оның негізінде психодиагностиканы теориялық пән ретінде қарастырады. Идеялардың теориялық психологиядан тәжірибелік психологияға едәуір жақындауына ықпал етіп, психодиагностиканың теориялық негізі қалыптасады.
Диагностикалық әдістердің бірнеше түрлері бар:
Бақылау – анықталған құбылыстың ерекшеліктерін сипаттайтын іріктелген мәселелерді( бірліктерді, көрсеткіштерді, белгілерді) тіркеудің негізінде зерттелінген объектіні бір жүйе бойынша қабылдау. Практикалық психологиядағы бақылау – клиенттің психологпен қарым- қатынасындағы вербалды және вербалды емес мінез- құлқын мақсатты, жүйелі түрде қабылдау.
Әңгімелесу – психологтың сыналушымен серіктес қарым- қатынасының барысында сыналушы тұлғасы жайлы диагностикалық маңызды ақпаратты алу тәсілі. Бұл әдіс психологиялық көмек көрсету кезіндегі терапевттік әңгімелесу ретінде анықталатын клиникалық сұхбаттасу деп аталады. Әңгімелесу барысында клиент сезінген эмоциялы күйлерге ену, сезіну арқылы клиент тұлғасын және оның сөздері арқылы алынған ақпараттың барлығын сынамай қабылдайды, яғни түсіну қабілетіне негізделген эмпатиялық тыңдау әдісі қолданылады.
Психодиагностикада әдістемелер жиынтығы - әдістер деп аталады. Әдістеме практикалық міндеттерді шешуге арналып, белгіленген қасиеттерді анықтауға бағытталса, әдіс технологиялық тәсілдер мен процедуралардың жүргізілуімен сипатталады.
Осы орайда, әдістердің өзін бірнеше критерилер бойынша сипаттауға болады:
1. Әдіс – оқыту, зерттеу, үйрету жолы, тәсілі;
2. Әдіс – табиғат заңдылықтары мен құбылыстарын , қоғамды жалпы танымды зерттеу;
3. Әдіс – танымда және практикада белгілі нәтижеге жетудің тәсілі;
рмализденген әдістерзерттеудің нақты риламенттік процедурасына (инсрукциясы нақты сақталған, материалды белгілі әдістермен шешу) стндартизация (нәтижені бағалаудың басқа нормаларын немесе критерилердің болуы) сенімділік пен нақтылық кіреді. Бұл әдістер аз уақыт ішінде дигностикалық ақпаратты алуға, индивид пен адамдарды саналы салыстыруға мүмкіндік береді.
1. Тест – (ағылшын тілінен аударғанда «тексеру, дайындау» деген мағынаны білдіреді.) бұл стандартталған қысқа, көбіне уақыт бойынша шектелген бақылау. Сандық және сапалық айырмашылықтарды анықтауға бағытталған.
Формасы бойынша тестер:
- индивидуалды және топтық;
- ауызша және жазбаша;
- бланктық және заттық;
- аппаратуралы және компьютерлік;
- вербалды және вербалды емес болып бөлінеді.
2. Сауалнама – психодиагностиканың бұл әдісінде тапсырма сұрақ пен ойлар түрінде беріледі. Бұл әдіс зерттелушінің сөздерінен ақпарат алуға негізделген. Сауалнамалар диагностикалық инструменттердің ішіндегі ең көп таралған түрі болып есептелінеді.
3. Психофизиологиялық әдістер – ол адамның табиғи ерекшеліктерін диагностикалайды. Бұл әдістің айырмашылығы анық теориялық негіздері бар. Бұл әдіс көбіне мектеп пен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында қолданылады.
4. Аппаратуралық мінез-құлықтық әдістің көмегімен қарапайым психикалық қызметтерді (мысалы, теңдік) және жүйке жүйесінің қасиеттерін диагностикалауға болады. Сол сияқты диагностикалық аппаратуралалық диагностика арқылы психологиялық сәйкестілікті жүзеге асыруға болады. Аппаратуралық әдістерде белгілі бір кәсіби қабілеттерді диагностикалау үшін тест-тренажерлер бар.
23. Бағалау әдістері, альтернативтік шешімді салыстыру
Оқу жылы барысында оқудың ілгерілеуі, үлгерімі туралы мәліметті жинау
үшін бағалаудың екі түрі жүзеге асырылады: қалыптастырушы және жиынтық
бағалау .Жиынтық бағалау өз кезегінде бөлім/ортақ тақырыптар
бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық, орта білім беру деңгейі бойынша
жиынтық бағалаудың рәсімдерінен тұрады.
Бағалау тәсілдері критериалды бағалаудың түрлеріне, пән мазмұнына
қарай ерекшеленуі мүмкін.
Қалыптастырушы бағалау оқу үдерісінің ажырамас бір бөлігі болып
табылады, оқу үдерісі барысында мұғалім тарапынан жүйелі өткізіліп отырады.
Қалыптастырушы бағалауда баға, балл қойылмайды, мұғалім мен оқушы арасында үздіксіз кері байланыс қамтамасыз етіледі. Қалыптастырушы бағалау
кезінде оқушылардың қателесуге, оны түзетуге құқығы бар. Бұл оқушылардың
мүмкіндігін анықтауға, қиыншылығын табуға, оң нәтижеге қол жеткізуіне
көмектесуге, дер кезінде оқу үдерісін түзетуге мүмкіндік береді.
Қалыптастырушы бағалау мұғалім мен оқушылардың арасындағы кері
байланысты қамтамасыз ететін, оқу жетістігінің дамуына, өсуіне тікелей әсер
ететін үдеріс болып табылады.
Тиімді оқыту мақсатында оқушылардың оқу үдерісіндегі ілгерілеуін,
ағымдағы түсінік деңгейін қадағалау қажет. Қалыптастырушы бағалаудың
міндеттері:
оқу мақсаттарын, бағалау критерийлерін анықтау, оқушыларға ұсыну;
оқушының қай деңгейге жеткенін дәлелдеуге көмектесетін бірлескен
(коллаборативті) оқытуға арналған орта құру;
оқушыларды дамытуға жағдай жасайтын сындарлы (конструктивті) кері
байланысты қамтамасыз ету;
Мұғалімнің іс-әрекетіндегі қалыптастырушы бағалау үдерісі
келесі кезеңдерді жүзеге асыруды талап етеді:
қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру және жоспарлау;
қалыптастырушы бағалау әдістерін таңдау;
қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау;
кері байланыс беру.
Жиынтық бағалау оқу бағдарламасындағы бөлім/ортақ тақырыптар
бойынша балл, баға қою арқылы белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан, оқу жылы, білім
беру деңгейі) аяқталғанда мұғалімдерге, оқушылар мен ата-аналарға оқушының
ілгерілеуі туралы ақпаратты ұсыну үшін өткізіледі.
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары оқу
мақсаттарына, бағалау критерийлеріне сәйкес құрастырылады. Жиынтық
бағалауға қатысты әдістемелік ұсыныста бөлім/ортақ тақырыптар бойынша
жиынтық бағалауды өткізудің тапсырмалар үлгілері берілген. Бөлім/ортақ
тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың әдістерін, тапсырмаларын
мұғалімдер өз бетінше анықтайды, құрастырады. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау - бұл белгілі бір
материалды меңгеруді аяқтаған кездегі оқу жетістігін бағалау. Аталған
бағалауды сабақ үстінде 15-20 минут уақытты алатындай мерзімде
ұйымдастыру ұсынылады
Оқушылардың оқу жетістігі деңгейлерінің сипаты
Төмен деңгей- пәндік терминдер мен ұғымдар бойынша қарапайым білімін және түсінігін
көрсетеді;
жай тапсырмаларды орындайды және тікелей нұсқаулықтарға сай
орындау рәсімдеріне ілеседі;
ақпаратты ұсынудың әр түрлі формаларының (кестелер, графиктер және
диаграммалар) негізінде жай қорытынды қалыптастырады;
Орта деңгей- пәндік терминдер мен ұғымдар бойынша жеткілікті білімін және түсінігін
көрсетеді;
әдеттегі тапсырмаларды орындайды, таныс және кейбір таныс емес
жағдайларда білімін сәтті түрде қолданады;
ақпаратты жалпылайды және ішінара негіздей отырып қорытынды
жасайды, алынған нәтижелерге қатысты аргументтерді келтіре алады;
әдеттегі тапсырмалардағы үлгілерді ажыратады
Жоғары деңгей - пәндік терминдер мен ұғымдар бойынша терең білімін және түсінігін
көрсетеді;
қиын тапсырмаларды орындайды және кең өрістегі жағдайларда білімін
сәтті түрде қолданады;
әр түрлі дереккөздерден алынған ақпаратты жалпылайды және толық
негіздей отырып қорытынды жасайды, алынған нәтижелерге қатысты
логикалық бірізді аргументтерді келтіре алады;
қиын тапсырмалардағы үлгілерді ажыратады.
Шешім дегеніміз — бұл альтернативті тандау.
Альтернатив — мүмкін болған екі үйғарымның бірін ғана таңдап алуға мәжбүрлік.
24. Кеңес берудегі коррекциялық этап және оның әдістері
Психодраманың мақсаты- адекватты емес жағдайлар мен эмоционалдық
реакцияларды диагностикалау және коррекциялау, оларды болдырмаудың алдын алу,
өзін- өзі тануды тереңдету. Қайғы- уайымдарды сөздік бейнелеуге негізделген басқа
әдістемелерге қарағанда, психодрама клиентке тереңде жатқан эмоцияларын ашық және
әрекетті формада шығаруға көмектеседі. Психодрама кезінде түрлі деңгейдегі
психологиялық проблемаларды (күнделікті тұрмыстықтан бастап, экзистенциялдыға
дейін) шешудің эффективті жолдарын іздеу жүзеге асырылады. Клиент жүргізушінің және
топтың көмегімен өзінің өміріндегі маңызды жағдайларды драмалық әрекетпен көрсетеді,
оның проблемасына қатысы бар көрсетілімдерде ойнайды. Іс- әрекеттер проблеманы
анықтау және нақтылау үшін ықпал ететіндей құрылады. Жаңа рөлдер, альтернативті,
аффективті және қылық- әрекеттік стильдер анализделеді, проблеманы шешудің
конструктивті моделін іздеу және апробирлеу жүзеге асырылады. Психодраманы
құрайтын әрекеттер мен дене қимыл- қозғалыстары вербалсыз қылық- әрекеттер сигналы
сияқты, өзін және басқаларды танудың маңызды бастамасын қолдану мүмкіндігін
арттырады. Бұл әдіс ауытқушы мінез- құлқы бар балалар мен жеткіншектердің адекватты емес
эмоционалды реакцияларын жою үшін және әлеуметтік перцепция дағдыларын өңдеу
үшін қолданылады. Терапевтикалық драматизацияның әр- түрлілігі үшін А. Вольтман
биодрама және қуыршақ драматизациясын қолданады. Психодраманың элементтері басқа бағыттарда да кең қолданылады:
гештальттерапияда, қылық- әрекеттік терапияда, әлеуметтік- психологиялық тренингте,
іскерлік ойындарда, т. б.
Психодраманың негізгі міндеттері:
1. Клиенттің өз проблемалары мен конфликтерін шығармашылық тұрғыдан
қайта түсіну.
2. Клиенттің өзін- өзі түсінудің терең және адекваттылығына қол жеткізу.
3. Конструктивті емес қылық- әрекеттік стереотиптерді және эмоционалды
әсерлену тәсілдерін жеңу.
4. Эмоционалды реакция жасаудың жаңа тәсілдері мен жаңа адекватты
әрекет- қылықты қалыптастыру.
Рөлдерді психодрамалық ойнау клиент әрекет- қылығын, оның қатынасын,
бағдарын,эмоционалды әсерлену жолдарын өзгертеді. Бағдарлардың өзгеруіне
жағымды әсер ететін факторлар: клиентке психодрамаға қатысуды және рөлдерді
таңдауға мүмкіндік беру, клиентті орындаушылық әрекетке итермелеу, ойынға өзіндік
импровизация кіргізуге мүмкіндіктер тудыру.
Психодрама клиенттегі қорғаныс позициясын жеңуге ықпал етеді, эмоционалды
қызығушылықты жоғарылатады, өзінің проблемаларын түсінуге, катарсис пен инсайтқа
жетуге көмектеседі
25. Психологиялық жұмыстың шынайы бағасы мен жүргізілу қортындысы
Психологиялық қызмет әлеуметтік ортаның барлық салаларында кеңінен тарап келе жатыр. Білім беру жүйесінде, оның ішінде орта мектепте, осы қызметті ұйымдастырудың өзіне тән қыйындықтары мен шешілмеген проблемалары өте көп. Мектеп психологтары жұмыс мазмұнын анықтау үшін басқа мемлекеттерде қалыптасқан тәжірибені зерттеу қажет болды.
Психологиялық қызметтің негізгі жұмыс бағыттары, міндеттері
және оны жүзеге асыру формалары
1. Психологиялық диагностика - оқушының, ата – ананың тұлғааралық жетілуіндегі ерекшеліктерді нормадан ауытқуды ғылыми негіз деп беретін сала. Психологиялық диагностиканың мақсаты: жеке тұлғаның дара және жас ерекшелігін, тұлға аралық қарым-қатынасын зерттеу. Психологиялық диагностиканың негізгі міндеті – педагогтарға ата-аналарға балалардың жеке психологиялық ерекшеліктері жайлы қажетті ақпарат беру. Психологиялық диагностикаға кіріспестен бұрын, оқу жылы барысында тесттердің мақсаты мен міндетін түсіндіру, олардың жазбаша рұқсатын, қолдарын жинау қажет.
2. Психологиялық ағарту (профилактика) – мұғалім, ата анасы, оқушыны психологиялық білімдермен қамтамасыз ету, жаңалықтарды жеткізу. Психологиялық ағартудың мақсаты – тұлғаның психикалық және тұлғалық дамуын кездесетін сәтсіздіктерге ескерту жасау, педагогтарды, ата-аналарды психологиялық біліктілігін арттыру. Психологиялық ағартуға әдістемелік кеңесте, ата-аналар жиналысында өтілетін лекциялар, әңгімелесулер, семинар-практикумдар, ата-аналар жиналысы, көрмелер, жаднамалар дайындау. Балаларға қазіргі уақытта бақытты арайлы өмір жағдайын туғызу. Яғни ересектерге психологиялық ағарту жүргізу арқылы мұның басты мәселе екеніне көзін жеткізу. Психологиялық алдын алу – мүмкін болған ауытқудың алдын алу шаралары. Психологиялық алдын алудың мақсаты: барлық жас кезеңінде балалардың психологиялық саулығын дамыту және сақтау, нығайту. Әр жас кезеңін ескере отырып, балаларға арналған дамыту бағдарламаларын жасау және он іске асыру, алдын алу шараларын қолдану, мектептегі тәрбие мен оқу арқылы баланың толыққанды дамуына жадай туғызу психологтың ең жауапты жұмыс бағыты.
3. Психотүзету (психокоррекция) және дамыту - түзету, өңдеу мақсатында нормадағы балаларды қарастырады, ауытқуы бар балаларды түзету іс – шараларын қарастырады. Психологиялық түзетудің мақсаты: балаларды жеке тұлғалық дамуындағы психологиялық ауытқуларынан арылту, түрлі жағымды іскерлік пен дағдыларды қалыптастыру жалпы оқу дағдысымен біліктілікті дамыту. Психолог жұмысындағы түзету-дамыту бағыты, қызметтің ең қиын тұсы. Сондықтан да бұл бағыт практик психологтан шеберлікті қажет етеді.
4. Психологиялық кеңес (консультация) жүргізу, кәсіби кеңес (консультация) жүргізу – диагностикалық негізде туындайды. Психологиялық кеңес берудің мақсаты: педагогикалық үрдістердегі қатысушыларға мәселелерді,оқу-тәрбие үдерісінде туындаған проблемаларды шешуге көмек көрсету. Кеңес беру жұмысында психологтың іскерлігі мен дағдысын дамытумен бірге бұл арнайы дайындықты талап етеді.
5. Әлеуметтік-диспетчерлік бағыттар:
1) педагог-психологтың және кең көлемде талап етілетін мамандардың кәсіптік құзыреттілігі, функционалдық міндеттері шеңберінен шығатын проблемаларды шешу бойынша (дефектологтарға, логопедтерге, тифлопедагогтарға т.б.) аралас-мамандармен жұмыс жүргізу;
2) әлеуметтік-медициналық-психологиялық қызметтер туралы деректер банкін қалыптастыру;
3) аралас-мамандармен және шұғыл жағдайда көмек көрсету бойынша мүдделі органдармен өзара іс-қимыл нәтижелерінің мониторингін жүргізу.
Аналитикалық іс-әрекеттің мақсаты: туындаған проблемалық
себептердің ғылыми-теориялық негіздерін қарастыру, педагогикалық процеске қатысушыларға кешенді ұсыныстар жасау.
Психологиялық білімді көтеру – мақсаты: педагогикалық үрдістерге
қатысушыларды психологиялық мәдениетін көтеру.
Балалармен жұмыс істеудегі психологтың міндеттері: Оқушы
Баланы әлеуметтендіру, яғни білім беру мекемесі мен өз тобына, сыныбына, жаңа ережеге және қарым-қатынасқа бейімдеу;
• Жас кезеңіндегі баланың психикалық дамуын қалыпты ету;
• Бала дамуындағы өзіне ғана тән ерекшелігін, әрекетінің және қарым-қатынасының жеке стилін қалыптастыру;
• Баланы өзін-өзі жетілдіруіне және тұлғалық өсуіне ықпал ету;
• Баланың эмоциялық және ерік сипаттарын тұрақтандыру;
• Баланың танымдық қабілетін, қарым-қатынасын және қайтымды байланысын белсенді ету;
• Балалармен топтағы тұлғаралық қатынасын оңтайландыру;
• Балалардағы психологиялық ауытқулар мен бұзылулардың алдын алу.
Мектептегі қосымша міндеттер:
• Мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру;
• Ішімдік пен есірткіге психологиялық, химиялық тұрғыда бағыныштылықты және формальды емес топтар мен діни, қоғамдық-саяси, асоциалды бірлестіктерге психологиялық бағыну мен олардың манипуляция жасауының алдын алу;
Психологиялық – педагогикалық консилиум – белгілі бір баланың, сыныптың немесе тұтас білім мекемесінің психологиялық-педагогикалық проблемаларын шешудің тәсілдерін анықтайтын психологтың педагогпен, білім мекемесінің әкімшілігімен бірлескен жұмысы.
Психологиялық жұмыстың бағыттары:
• Балаларды диагностикалау;
• Балалардың дамуын түзету;
• Балалардың ауытқуын алдын алу;
• Балалармен дамыту жұмыстары;
• Балаларға кеңес беру;
• Балаларға ағарту жұмысын жасау.
Жұмыстың оңтайлы формалары:
• Білім мекемесіндегі баламен жеке жасалатын жұмыстар - диагностикалау, ойындар, сабақтар, кеңес берулер.
• Топпен және кіші топпен жұмыстар – психологиялық түзету, дамыту сабақтары, психологиялық сабақтар, сағаттар.
• Балалардың өз қатарластарымен бірлескен жұмысы.
Отбасымен жұмыс істеудегі психологтың міндеттері:
• Бала мен ата-ана қатынасын оңтайландыру;
• Баланы дамыту мен оқытудың жеке стратегиясын анықтау;
• Баланың жағымды эмоциялық күйін және жетістікке жетуін қамтамасыз ету;
• Баланың психологиялық ауытқуын және бұзылуын алдын алу.
Психологиялық жұмыстың бағыттары: Ата-ана
• Ата-аналарды диагностикалау;
• Ата-аналармен дамыту жұмыстарын жүргізу;
• Ата-аналарға кеңес беру;
• Ата-аналарға ағарту жүргізу.
Жұмыстың оңтайлы формалары:
• Ата-аналармен жеке жұмыстар - диагностикалау, кеңес беру.
• Топтық жұмыстар - психологиялық тренингтер, семинарлар, ата-аналар клубы, ата-аналар жиналысы.
Психологтың жұмыс мазмұнының көрінісі (жабық құжат)
1. Жылдық аналитикалық анықтама, мәлімет, есеп
2. Статистикалық есеп (айлық, тоқсандық, жылдық мәтіндік есептер)
3. Педагогикалық - психологиялық сараптама жұмыстарының қорытындысы бойынша талдау жеке топтық жұмыстардың аналитикалық анықтамалары
4. Психологиялық кеңес беру бағытының журналы
5. Жеке түзету-дамыту сабағын есепке алу журналы
6. Топтық түзету-дамыту сабағын есепке алу журналы
7. Сұранысты тіркеу журналы
8. Психологиялық сұраныстар журналы
9. Психологтың атқарған жұмыстарын тіркеу журналы
10. Психодиагностикалар (акт, карта, психологиялық портреттер, зерттеудің хаттамалары, қорытулар, салыстырмалы кестелер, кеңестер)
11. Әкімшілікпен жұмыс жоспары
12. Кәсіптік өзін-өзі жетілдіру жоспары. Мектеп психологында психологиялық-педагогикалық шеберлікті дамыту папкасы болу керек. Онда: білімді жетілдіру курстарын бітіргенін растайтын сертификатгар, жетістіктер, грамоталар, мақтау қағаздары болады.
13. ЖБІБ және мектеп ішілік тіркеуде тұрған оқушылардың картотекасы;
14. Ішкі қолданыс үшін қамқорлыққа алынған балалардың медико-психолого-педагогикалық мінездемесі;
15. Психологиялық қызмет көрсету кабинеті жоспары
Қосымша психологқа арналған құжаттар
1. Бапкердің сөмкесі (психологиялық ойындар мен жаттығулар)
2. Бейімделу процесін психологиялық қамтамасыз ету
3. Танымдық процесстерді дамыту тақырыбы бойынша материал папка
4. Тақтаға ілетін материал.
5. Мектеп тақырыбы бойынша тәжірибелік экспериментік жұмыстың бағдарламасы ТЭЖ (2-3жылға)
6. Психологиялық – педагогикалық шеберлікті дамыту папкасы (білімді жетілдіру курстары, сертификаттар грамота мақтау кағазы
7. Психологиялық ағарту бағыты (педагогикалық кеңесте, ата-аналар жиналысында өтілетін лекциялар жинағы, семинар практикумдар, тақырыптық көрмелер, жадынамалар).
8. Психологиялық алдын –алу бағыты (жас кезеңі ескерілген дамыту бағдарламалары) материалдары папка
9. Өткізілетін сабақтардың қысқаша жоспары және бағдарламасы
10. Кабинет паспорты, мүліктер мен құралдар тізімі
11. Диагностикалық материалдар картотекасы (әдістемелердің авт.)
12. Психологиялық қызмет көрсету кабинеті жоспары
13. ҰБТ алдындағы лайындық материалдар жинағы папка
14. ОЖСБ - ға дайындық материалдары папка
15. ЖҚТБ,есірткі жайлы материалдар жинағы папка
16. Аутодеструктивтік (суицид) жайлы материалдар жинағы папка 12
17. МПМК (үйде оқытылатын оқушыларға) материалдар жинағы папка
18. Девиантты балалармен жұмыс материалдары папка
19. Кәсіби бағдар бойынша жұмыс материалдары папка
20. 12 жылдық білім беру материалдары