Дәріс тақырыбы: Тірек-қимыл аппараты, оның жасқа байланысты ерекшеліктері.

Дәріс мақсаты:Тірек-қимыл аппартының құрылысы мен қызметі, олардың жасқа байланысты даму ерекшеліктері, тірек-қимыл аппаратының бұзылуларын алдын алу, жетілдіру жолдарын меңгеру.

Дәріс жоспары мен қысқаша мазмұны:

1. Тірек-қимыл аппаратының құрылысы мен қызметі.

2. Балалар қаңқасының өсу ерекшеліктері.

3. Бұлшық ет жүйесінің жасқа байланысты ерекшеліктері.

4. Сүйек-ет системасының гигиенасы.

Тірек-қимыл аппараты мүшелердің 3 жүйесінен тұрады: сүйектерден, олардың қосылыстарынан, бұлшықететерден. Сүйек туралы ілім – osteologia, остеология. Қаңқа (sceleton грек тілінде – кептірліген скелет) – механикалық маңызы бар, мезенхимадан дамитын тығыз түзілістердің жиынтығы болып табылады. Олар өзара дәнекер, шеміршек немесе сүйек ұлпаларының көмегімен байланысқан жеке сүйектерден тұрады. Қаңқаның механикалық қызметі тірек, қорғаныш және қозғалысты іске асыру қабілетінен көрінеді. Тірек болу – жұмсақ ұлпалар мен мүшелердің қаңқаның түрлі бөліктеріне бекінуі арқылы іске асады. Қозғалыс жылжымалы бунақтармен қосылған және жүйке жүйесі арқылы басқарылатын бұлшықеттің көмегімен қозғалысқа келтіретін ұзын және қысқа рычагтар түріндегі сүйектердің құрылысы арқасында мүмкін болады. Қорғау қызметі жеке сүйектерден сүйек қуысын, жұлынды қоғайтын омыртқа қуысын, бас миын қорғайтын ми сауытын, көкірек қуысының басты мүшелерін (жүрек, өкпе) қорғайтын көкірек қуысын, түрдің одан әрі сақталуы үшін қажет көбею мүшелерін қорғайтын сүйекті орын – жамбас астау түзу арқылы іске асырылады. Сүйек жүйесінің жалпы функциясы қаңқаның зат алмасуға, әсіресе, минералды алмасуға қатысуына байланысты.

Сүйек заты химиялық заттардың 2 түрінен тұрады: органикалық, бейорганикалық заттардан тұрады. Бала сүйектерінде органикалық заттар көп, сондықтан олардың сүйегі иілгіш, эластикалық болып келеді. Жасы келе минералды заттар артады. Сүйектің құрылымдық бірлігі остеон, яғни тамырлары мен жүйкелер бар, орталық каналды айнала сақиналы орналасқан сүйек пластинкалары жүйесі болып табылады.Остеондар бір-біріне тығыз жабысып жатпайды, олардың арасы аралық сүйек пластинкаларымен толтырылған. Сүйек сүйек қабығы, сүйек ұлпасы, сүйек қызыл майы, қан және лимфа тамырлары мен жүйкелерден тұрады. Сүйек қабығына буындар мен бұлшықеттер бекиді, ішкі қабаты бөлінетін жасушалардан тұрады, бұл клеткалар сүйекті қалыңдатады.

Жас сүйектер ұзына бойы шеміршек көмегімен өседі, сүйек өсуі аяқталғанда шеміршек сүйек ұлпасына айналады. Бала өскен сайын, оның сүйегінде сү азайып, минералды заттар артады. Ер адамда сүйектің дамуы 20-24 жаста аяқталады, әйел 2-3 жыл бұрын аяқталады.

Қаңқаны 2 бөлімге бөледі: білікті (осевой) (бас қаңқасы, омыртқа бағанасы, кеуде сүйектері), қосымша (қол және аяқ сүйектері).

Қаңқа бөліктері:

- бас қаңқасы (ми сауыт, бет сүйектері);

- тұлабой қаңқасы (омыртқа сүйектері, қабырғалар, төстік);

- қол сүйектері (иық белдеуі – бұғана, жауырын, қол бас сүйектері- тоқпан жілік, шыбық және шынтақ сүйек, білезік сүйектері, алақан, саусақ сүйектері);

- Аяқ сүйектері (жамбас белдеуі, ортан жілік, асықты жілік, тізе тобығы, табан, башпай сүйектері).

Ересек адам қаңқасына кіретін жекелеген сүйектердің саны 200-ден асады, олардың 36-40 дененің орта сызығы бойымен орналасқан. Сырқы пішіндері жағынан сүйектерді ұзын, қысқа. Жалпақ және аралас деп ажыратады.

Буындардың құрылысы мен қызметі: қозғалмайтын- сүйек бұдырлары бір-бірімен тігіс тәрізді бекиді (бас сүек), аз қозғалатын – сүйек арасындағы берік шеміршектер жатады (омыртқа сүйектері), қозғалатын – сүйек ұшы гиалинді шеміршекпен жабылған, бұл шеміршек эластикалық, жылтыр, тегіс болып келеді.

Омыртқа бағанасы. Омыртқа бағанасы жоғарғы жағы баспен, төменгі жағы жамбас сүйекпен бекиді. Омыртқа жотасы 5 бөлімнен: мойын омыртқалары – 7, арқа омыртқалары-12, бел омыртқалары – 5, сегізкөз омыртқалары -5, құймышақ 4-5 омыртқа сүйектерден тұрады. Жаңа туған баланың омыртқа жотасының сырттай иілулері байқалмайды.

ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР:

1.А.Г.Хрипкова Возрастная физиология и школьная гигиена. М., 1990

2.Ю. А. Ермолаева Возрастная физиология. М., 1985.

3.Н.Н. Леонтева, К.Б. Маринова Анатомия и физиология детского организма. М.,1986.

4.Советов С.Е. Мектеп гигиенасы. А., 1973.

5. Антропова А. А. Основы гигиена учащихся. М.,1982.

6. Белецкая В. И. Школьн.ая гигиена. М., 1983.

7.С. Жұмабаев Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы. А.,1988.

8. Чабовская А. Основы педиатрии и гигиены. М.,1978.

Дәріс 7.

Дәріс тақырыбы: Қан және қан айналу жүйесінің физиологиясы, оның жасқа байланысты ерекшеліктері.

Дәріс мақсаты:Қан, оның құрамы, қызметі, қан топтары, қанның қан тамырлар арқылы қозғалуы, жүрек құрылысы мен қызметі, жүрек-тамыр жүйесінің жасқа байланысты ерекшеліктерін, гигиенасы туралы білімдерін кеңейту.

Дәріс жоспары мен қысқаша мазмұны:

1. Қан құрамы және топтары.

2. Жүректің құрылысы мен қызметі.

3. Қан айналу жолдары.

4. Жүрек-тамыр жүйесінің гигиенасы.

Қан, лимфа және жасуша аралық сұйықтық организмнің ішкі ортасын құрайды. Қан дегеніміз формалы элементтер (эритоциттер, лейкоциттер, тромбоциттер) мен плазмадан тұратын сұйық. Плазма құрамы күрделі ерітінді болып табылады (тұздар, ақуыздар, зат алмасу өнімдері т.б.). Плазма қан құрамының 52-58 %-іне, қан клеткалары - 42-48 %-не тең.

Жаңа туған баланың организміндегі Қан дене салмағының 14,75% құрайды, 15 жастағы балада - 8,25,% ал ересек адамда салмағының 8,3 %құрайды.

Қан әртүрлі қызмет атқарады: зат алмасу мен сыртқы тыныс алу процесіне белсене қатысады, барлық организм мен ұлпаларды оттегімен қамтамасыз етіп, көмір қышқыл газын шығарады, организмде қышқыл-сілті тепе-теңдігін сақтайды, организмді инфекциядан қорғайды, қоректік заттарды ұлпаларға жеткізіп, одан зат алмасу өнімдерін алып кетеді, дене температурасын тұрақты сақтайды.

Гомеостаз деп қан көлемі мен құрамының және физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттерінің тұрақтылығын, яғни барлық биологиялық константаларды (артериялық қан қысымы, дене температурасы) айтады. Бұл терминді 1929 жылы америка физиологі В. Кэннон ұсынған.

Эритроциттер - (грекше eritros - қызыл, cytos- клетка) қанның қызыл түйіршіктері. Бұл формасы жағынан екіге бүктелген дискаға ұқсас қанның ядросыз клеткасы, олардың құрамы гемоглобин ерітіндісі мен оның қосындылары арқылы көрсетілген. Жаңа туған нәрестеде орта есеппен эритроциттер 1 мл кубте 7,2 млн., 5-6 айлықта 4-4,5 млн болады. Бір жастан кейін олар кәмелетке толғанға дейін бірте-бірте көбейе береді де ересектердегі секілді 1 куб. мл-де 4,5-5 млн-ға жетеді. Олар 30 күннен 120 күнг дейін өмір сүреді. Организмнен тыс кездің өзінде белгілі бір жағдайда олар бір айдан кем өмір сүрмейді. Гемоглобин - құрамында темір бар белок тектес зат Ол эритроциттер мен қанға қызыл түс береді. Гемоглобин 1 молекула глобиннен, 4 гем молекуласынан тұрады. Әрбір гем молекуласында екі валентті темір атомы бар. Гемоглобиннің бір молекуласы оттегінің 4 молекуласымен әрекеттеседі. Гемоглобин өкпеде оттегімн байланысып, тұрақсыз қосылысты - оксигемоглобинді құрайды, ал ұлпаларда оттегінің шамалы бөлігін беріп көмір қышқыл газымен байланысып карбогемоглобинге айналады. Организмде ол тыныс алу қызметін атқарады. Мектеп жасына дейінгі балалардың қанында гемоглобин құрамы 80-81%, 10-11 жастағыларда ересектердегі сияқты 85 % дейін болады. Құрамы 100 болғанда 100 мл қанда 17,3 г гемоглобин болады. Оның мөлшерінің 70 төмен болуы (100 мл қанда 14г) қан азайғандық немесе анемия деп аталатын ауруды көрсетеді. Егер пробиркаға құйылған қанға ұйытпайтын зат қосса, біраз уақыттан соң эритроциттер шөге бастайды - бұл қызмет эритроциттер тұну жылдамдығы деп аталады. Ер адамдарда - 1-10 мм/сағ., әйел адамдарда - 2-15 мм/сағ., жаңа туған балаларда - 1-2 мм/сағ., 3 жаста - 2-17 мм/сағ., 7-12 жаста 12 мм/сағ. Бұл медициналық практикада ауруды анықтау үшін қолданылады, өйткені көптеген аурулар кезінде ЭТЖ жылдам жүреді.

Эритроцит функциясының маңызы:

1. тыныс алу;

2. қан реакцияларының тұрақтылығын қамтамасыз етеді;

3. осмостық буфер;

Лекоциттер. Бір литр қанда 4,5 - 9*10 лекоцит болады. Лейкоцит () қанның ақ клеткасы, ядросы бар, дм 12 мкм, амеба сияқты протоплазмасынан жалған аяқтарын шығарып (псевдоподий) қозғалады.Қанда лейкоцит санының көбеюі лейкоцитоз деп, азаюы лейкоцитопения деп аталады. Лейкоцит саны сау адамда да ауырған адамда да өзгеріп отырады.

Лейкоцит түрлері:

1. гранулоцит немесе түйіршікті лейкоцит

2. агронулоцит немесе түйіршіксіз лейкоцит.

Гранулоцит түрлері: эозинофиль, базофиль, нейтрофиль, ал агронулоцит лимфоцит, моноцит деп ажыратылады. Бір куб мм жас балалар қанында 7-10 мың, ересектерде 6-8 мың лейкоцит болады. Лейкоцит қорғаныш қызметін атқарады. Олар организмге еніп кеткен бөгде заттар мен микроптарды сіңіріп жоюға қабілетті, оны фагоциоз деп атайды. (И. И. Мечников).

Қанның түзілуі.Қан ұрықтық дамудың 2-ші айының аяғына дейін уыздық қапшықтағы капиллярлық тамыр қабырғаларында жасалады. Алғашқы түзілген клеткаларында пигмент болмайды, біраздан соң гемоглобині бар алғашқы эритроциттер түзіледі. Бұл кезеңге дейін лейкоциттердің түзілуі жүрмейді. 2-ші айдың аяғынан бастап, қан түзілуінің бауырлық кезеңі басталады: бауырда ядролы және ядросыз эритроциттер жасалады. Лейкоциттер мен тромбоциттер де бауырда жасалады, бірақ қарқыны баяу болады. 2 айлық эмбрионда көкбауыр мен лимфа түйіндерінінің түзілуі басталады. Бұларда 3 айдан бастап эритроциттер мен дәнді лейкоциттер жасалады. Сүйек кемігінің түзілуі де ұрықтық дамудың 2 айында басталады, 4-5 айда бұлар қан жасай бастайды. Сүйек кемігінің бұл қызметі өмір бойы сақталады. Бауырдың қан жасау қызметі ұрықтық дамудың 5-6 айында баяулайды да, бұл туғаннан кейін соң бір жылдан кейін тоқталады. Көкбауырдың дәнсіз лейкоциттер жасауы ұрықтық дамудың 3-ші айынан басталып, туғаннан кейін де жалғаса береді.Бала ауруға шалдықса, онда оның ұрықтық кезіндегі қан жасаушы ағзалары бұрынғы қызметіне қайта көшеді, сонымен қатар айырша без, бүйрек, ішек т.б. ағзалар қатысады. Қан түзілу жүйкелік және гуморалдық жолмен реттеледі, оған сытқы және ішкі факторлар әсер етеді.

Қан топтары.Жарақаттанып қаны азайған адамға қан құйып, ағып кеткен қанның орнын толтырады. Эритроциттердің желімденуін Прага университетінің профессоры Ян Янский ашты. Ол адам қанында эритроциттің мембранасында 2 түрлі (А және В) агглютиноген, ал плазмада агглютинин желімдейтін альфа және бетта болатынын анықтады. А- агглютиногені бар эритроцитті плазмалық - агглютинин жабыстырса, В агглютиногені бар эритроциттерді - агглютинин жабыстырады. Қан араластырған кезде аттас агглютиноген мен агглютинин бір-бірімен кездес қалса, эритроциттер бір-бірімен желімденіп, үйме-агрегат құрады. Желімделген эритроцит жарылып, оның ішіндегі гемоглобин плазмаға шығып, сөйтіп осыдан эритроцит гемолизге ұшырайды. Осыған сәйкес адамның қанын 4 топқа бөледі.

І топтағы қанын барлық қан топтарына құюға болады, ал IV топқа қай топтың болсын құюға болады. Қаны І топқа жататын адамды әмбебап донор, IV топты әмбебап реципиент деп атайды.

Қан айналу. Қан қызметі қан айналу жүйесі арқылы орындалады. Ол жүйеге жүрек және қан тамырлары жатады. Жүректен шығатын қан жолдары артериялық тамырлар, ал жүрекке келетін қанның жолдарын веналық тамырлар деп атайды. Қан жүрек қарыншаларынан шығып, жүрекшелерге құяды. Қан айналысының үлкен шеңбері жүректің сол қарыншасынан шығып ең үлкен артериялық тамырға - қолқаға өтеді. Қолқадан артериялық тамыр тармақталады. Артериялық тамырлар артериолаларға, ал олар капиллярларға тармақталады. Капиллярлар ағзалар мен ұлпаларды торлап жатады. Капиллярлар бір-бірімен қосылып веноздық жіңішке тамырларды - венулаларды түзеді. Венулалар өзара бірігіп веналық тамырлаға айналады. Қан айналудың кіші шеңбері оң қарыншадан басталады. Оң қарыншадан қан өкпе артериясына өтеді. Өкпе артериясы екіге тармақталып қанды өкпенің оң және сол бөліміне апарады. Өкпеде бұл тамырлар бірнеше рет тармақталып, өкпе капиллярына айналады. Бұл жерде газ алмасу жүреді: оттегі альвеоладан қанға, көмір қышқыл газы қанға қаннан альвеолаға өтеді. Өкпе артериясымен келген вена қаны артериялық қанға айналады. Бұл қан өкпе венасы арқылы сол жүрекшеге құйылады.

Жүрек (лат. соr, гр. cardia) - қалың жолақты еттен тұратын төрт қуысты ағза. (250-300 г) Жүрек көкірек қуысында екі өкпе аралығының алдыңғы жағында орналасқан, ірі қан тамырларға ілініп тұрады. Ұзындығы 12-15, ені 8-11см, жүрек үшы көкірек қуысында сол жақтағы бесінші қабырға не қабырға аралығына тіреледі. Жүрек қуысын бітеу перде екіге бөлді. Жүрекше мен қарынша арсында ативентрикулярлық тесік болады. Бұл тесікті жабатын екі, үш жақтаулы атривентрикулярлық қақпақшалар бар. Жүрек жақтаулары 3 қабаттан тұрады: эндокард, миокард, эпикард,. Жүрек қабы перикард. Балалардың эпикарды ересектерге қарағанда жұқа және мөлдір, сондықтан оның астында орналасқан қан тамырлары анық көрінеді. Эндокард жүректің ішкі ішкі жағын қаптайды. Одан екі жақты жүрек қақпақшалары жасалған. Бала жүрегінің эндокарды әлдеқайда іркілдек келеді. Миокард талшықтары балаларда ағұрлым жіңішке, нәзік келеді, ол нашарлау дамыған, қысқа әрі тығыз болады. Балалар миокардында май клеткалары жоқ. 7-12 жас аралығында балалардың жүрек өсуінің жалпы жылдамдығы салыстырмалы түрде түрде баяулайды, қарыншалар жүрек қалқаншаларынан жылдамырақ өседі, ұл балалар мен қыз балалардың жүректерінің салмағы бірдей өседі. Осы мерзімде қан тамырларының шеңбері де артады, 11-12 жасқа дейін өсіп келе жатқан жүрек пен қан тамырларының тесігі арасында тұрақты қатынас сақталады. Жыныстық кезеңде жүрек қан тамырлардан гөрі жылдамырақ өседі, сол себепті қан жіңішке тамырлармен жүреді. Бұл миды өттегімен қамтамасыз етуге және қоректендіруге қолайсыз жағдайлар туғызады, қан қысымы жоғарылайды, жүректің қағуы, ырсыл, жүректің ауруы, тез қалжырауы болады.

Сыртқы түрі бойынша сәбидің жүрегі ересектің жүрегінен көлемі, жақтауларының қалыңдығы, жүрек тесіктерінің көлемі бойынша т.б. айырмашылықтары болады. Жүрек циклының ұзақтығы 6-7 жасар балада 0,63 сек., 12 жаста 0,75 сек., ересек адамда 0,8 сек. тең. 6-7 жасар баланың жүрегі минутына 95-100 рет, 12 жаста 80-90 рет, ересек адамда 68-70 рет жиырылады. Бір мезгілде жүректің оң және сол жақ бөлігі арқылы бірдей мөлшерде қан өтеді. Жүректің бір секунд ішінде айдап шығатын қан мөлшері систолалық немесе жүрек соғуының көлемі деп аталады. Бір минуттағы барлық систолалық көлемі жүректің минуттық көлемі дет атайды. Белгілі бір уақыт аралығында бірінен соң бірі кезекпен қайталанып отыратын жүректің жиырылуы мен босаңсуы жүрек жұмысының ырғағы деп аталады. Жүректің жиырылу кезеңін систола, ал босаңсу кезеңін диастола деп атайды. Жүрек жиырылған кезде байқалатын систола мен диастоланың және керісінше алмасып отыруын жүрек циклі немесе жүрек жұмысының циклі деп атайды.

Жасөспірімдер жүрек, қан тамырлары жүйесінің ерекшелігін дене шынықтыру, еңбек сабақтарын, экскурсиялар ұйымдастыруда мұқият есепке алу керек. Жүрекке шектен тыс салмақ салудан аулақ болу үшін эмоциялық тітіркенуцден, спорт жаттығуларын шамадан тыс орындаудан, тұзды, майлы тағамдардан бас тартқан дұрыс.

ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР:

1.А.Г.Хрипкова Возрастная физиология и школьная гигиена. М., 1990

2.Ю. А. Ермолаева Возрастная физиология. М., 1985.

3.Н.Н. Леонтева, К.Б. Маринова Анатомия и физиология детского организма. М.,1986.

4.Советов С.Е. Мектеп гигиенасы. А., 1973.

5. Антропова А. А. Основы гигиена учащихся. М.,1982.

6. Белецкая В. И. Школьн.ая гигиена. М., 1983.

7.С. Жұмабаев Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы. А.,1988.

8. Чабовская А. Основы педиатрии и гигиены. М.,1978.

Дәріс 8.

Наши рекомендации