Мектепте дарынды оқушылармен жұмыс жүйесін қалыптастыру, әлеуметтік – психологиялық негіздері
Тақырыбы
Әлеуметтік педагогтың дарынды балалармен жұмыс жасау ерекшеліктері
Орындаған: 06306 топ студенті Тулеуова Н.А.
Тексерген: аға оқытушы магистірі Ерниязова С.Н.
Орал – 2016
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ................................................................................................................3
ЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЫҢ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Мектепте дарынды оқушылармен жұыс жүйесін қалыптастырудың әлеуметтік-психологиялық негіздері.................................................................5
1.2 Дарынды оқушылармен нәтижелі жұмыс жасаудың шарттары.................11
2. ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЫҢ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ ӘДІСТЕРІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ .............................................13
2.1 Дарынды балаларды анықтау диагностикалары .........................................18
2.2 Әлеуметтік педагогтың дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру формалары мен әдістері........................................................................................20
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................25
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі :
Проблемалық ситуация қоя отырып, шығудың көзін ізденудің жолдарын қарастыру.
Мақсаттың бірнешеуін жүйелеп, оқушыға бағыт - бағдарды дұрыс
реттеп бере білу, жете түсіндіру және оның жолдарын көрсету.
Зерттеу жүргізудегі ең маңызды нәрсе проблеманы көре білу болып табылады. Проблема жай ғана мәселе деген сөз емес, "Проблема" сөзі ежелгі грек тілінен аударғанда "міндет", "кедергі", "қиындық" деген ұғымды білдіреді. Проблема теориялық емес болуы мүмкін. Ол — белгілі бір қиыншылыққа тап болу. Қиындықтан шығу зерттеуге бағытталған жан - жақты ізденісті талап етеді.
Тақырыптарды негізгі үш топқа бөлуге болады:
· қиялға негізделген құбылыстарға бағытталған фантастикалық
тақырып;
· өзіндік бақылаулар мен эксперимент жүргізу және практикамен
тығыз байланысты эмприкаттық тақырып;
· түрлі қайнар көзден алынған деректермен, материалдармен танысу жұмыстарына бағытталған теоретикалық тақырыптар;
Тақырыптың мақсаты:
- дарынды балаларды анықтау мен іріктеу, оқыту мен дамыту және оларға қолдау көрсету.
- дарынды тұлғаны дамытуда инновациялық технологияны қолдана отырып, озық жұмыс тәжірибесін қолдану
Міндеттері:
- Мұғалімнің дарынды баланың психологиялық ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан тануы және олармен жұмыс істеудің әдістемелік жолдарын білуі; - Мұғалімнің әдістемелік оқу, педкеңестер, өзін-өзі тану арқылы білім алуы- Берілген сұрақтар бойынша кітапханалық қорының жинақталуы; - Мұғалімнің мақсатқа бағытталған педагогикалық бақылау, диагностика жолдарымен таныс болуы; - Оқушылардың өзіндік қабілеттерін көрсетуіне жол ашатын әртүрлі сыныптан тыс сайыстар, зияткерлік ойындар, олимпиадалардың өткізілуі; - Оқыту әдістері мен тәсілдерінің әртүрлі жүйесінің ішінен өзіндік ойлау қабілетін, ынтасын және шығармашылығын дамытуға мүмкіндік беретінін таңдау; - Оқушылардың қатарластарымен бірігіп әрекет жасау барысында өзіндік жұмыс арқылы қабілетін іске асыруына мүмкіндік туғызу. - Зерттеу әрекеттері элементтерін игеру;
Мектепте дарынды оқушылармен жұмыс жүйесін қалыптастыру, әлеуметтік – психологиялық негіздері
Мектепте дарынды оқушылармен жұмыс жүйесін қалыптастыруға жағдай жасау. Мектепте шығармашылық орта туғызу жұмыстың бар кезеңдерінің ішіндегі ең маңыздысы болып табылады:
Мұғалімдер де дарынды балалармен жұмыс жасау икемділігіне қарай айқындалады. «5»-ке оқитын және жекелеген пәндерді үйренуде ерекше табыстарға жеткен оқушылардың құрылған анықтамасы психолог пен әлеуметтік педагогтың анықтамалық нәтижесімен сәйкес келеді.
Психолог дарынды балаларды психологиялық тұрақтылық пен психореттілік дағдыларын сақтай білуге үйретеді, әлеуметтік маңызы бар ортаға (жанұяда, қатарластар арасында, ұстаздар ортасында) бейімделуін қалыптастырады; олардың психолого-педагогикалық дайындық деңгейін жоғарылататын бағытта мұғаліммен дербес жұмыс жасауын ұйымдастырады.
Бұл жұмыс кезеңінің қорытындысы бойынша дарынды баланың үш түрін көрсетуге болады:
1.Басқалармен тең жағдайдағы ой дамуы жағынан жалпы жоғары деңгейлі балалар (бұл көбінесе мектепке дейінгі және кішкене мектеп жасындағы балаларда кездеседі).
2. Ғылымның белгілі бір көлемінде арнайы ой дарындылығымен ерекшеленетін балалар (жасөспірім шағында).
3. Оқуда белгілі бір себептермен табысқа жетпеген, бірақ айқын танымдық белсенділігі, психологиялық қорының шынайылығы, айрықша ой резерві бар оқушылар (әдетте жоғары сынып жасында кездеседі).
Дарынды балалармен жұмыс
1.Жаңа материалды мүмкіндігінше ықшамдап қарастыру шарт.
2.Меңгерілуге тиіс материалдардың сыртқы жағдайларын түйінді жеткізіп, ашып көрсетеді.
Дарынды балаларды анықтау үшін оқушыларға қойылатын талап деңгейінде жұмыстар жүргізілуге тиіс. 9-10 сыныптарда :
- Берілген тақырыпқа сюжетті құрай білуі;
- Баяндамалар жазып, рефераттар қорғауы ;
- Бағдарламалық тақырыптарға шығарма жазуы ;
- Жазушы шығармаларына талдау жасай алу ;
- Тақырыптық кештерде өзіндік көзқарасын білдіріп, ұсыныс, пікірлер айтуы.
Дарынды оқушымен жүргізетін мұғалімдерге талап та жоғары деңгейде болуы керек.Олар жоғары оқу орындарымен үнемі байланыс жасап, оқушыларды ғылыми негізде жұмыс істеуге баулу мақсатында қызмет етуі қажет.
Дарынды балаларды тәрбиелеуде тапқырлықпен, шығармашылықпен жігерлі түрде еңбек етуге мүмкіндік жасау – бүгінгі өмір талабы. Жалпы қабілеттілікті дамыту үшін көп жағдайлар керек:
- Туа біткен қасиетін дамыту ;
- Отбасының жағдайы, ата – анасының қолдауы;
- Оқушы мен ұстаз арасындағы қарым – қатынас;
- Ұстаз біліктілігі ;
- Мектептегі оқыту мен тәрбиелеу деңгейі.
Міне,осы айтылғандар ұштасқан кезле ғана қабілетті, дарынды, талантты оқушылар жетіле түседі, күш – қуатын толық жұмсап, тынымсыз еңбек етеді. Ең бастысы табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйын әрі қарай дамытып, ерекше қабілетті оқушыны дарынға айналдыра білейік. Дарындылықтың табиғаты шексіз. Осы дарындылықпен шығармашылықты дамытудың түрлі жолдарының ішінде баланың өзіндік зерттеу тәжірибесі ең тиімді болып есептеледі.
Зерттеу, ізденушілі – бала табиғатына тән құбылыс. Білуге деген құштарлық, бақылауға тырысу, тәжірибеден өткізуге дайын тұру, әлем туралы жаңа мәлімет жинауға талпыну қасиеттері балаға тән дәстүрлі мінез.
Педагогикалық үрдісте балалардың дарынын ашуда оқушы мен мұғалімнің ынтымақтастығы қажет. Зерттеу білігі мен дағдысы тек ғылыммен айналысатын адамға ғана емес, сондай – ақ әр адамның түрлі саладағы қызметіне қажет.
Қазіргі кезде зерттеу ісі бүгінгі заман адамының өмір сүру тәсіліне енген кәсіби шеберлігін танытуда өзіндік көзқарасына сәйкес қызмет болып табылады.
Психологтар «зерттеу тәртібін» тұлғаның дамуы мен өзін – өзі дамытуда маңызды деп көрсетеді. Шынында да, ізденушілік белсенділігі төмендеген сайын адам қолынан еш нәрсе келмейтін сияқты үрей туғызатын жағдайға тап болуы мүмкін. Сөйтіп, білімге ынтасы басылып, нәтижесінде өзінің қабілетін, мүмкіндігін әлдеқайда төмендетіп алуы ғажап емес.
Дарынды оқушының ізденушілік қасиетін қалыптастыру оқытудың түрлі формаларымен әдісі арқылы жүзеге асырылады. Солардың ішіндегі ең тиімдісі – оқушылардың ғылыми ұйымдастыру.
Биік танымдық қабілет, тұрмыс – тіршіліктің сырын ұғуға талпыныс баланың ерте жасынан туындайды екен. Сондықтан ізденушілікке баулу сыныптан басталуы тиіс.
Дарындылықты дамытудың теориялық негіздері. Қазіргі кезде дарынды балалар мәселесін зерттеуге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерде маңызды ой- пікірлер жинақталған. Бұл мәсленің түп – тамыры ғасырлар тереңінде жатыр. Адамның психологиялық ерекшеліктері жөніндегі идеялар, оның ішіндегі қабілеттілік туралы ойлар сонау ертедегі грек философтарының еңбектерінде, қайта өрлеу дәуірі ғалымдарының және алдыңғы қатарлы әр елдің озық ойлы педагогтарының еңбектерінде көрініс тапқан.
Дарындылық ұғымының мәнін түсінуде маңызды болып табылатын «қабілет» түсінігінің бүгінгі ғылым қабылдап отырған үш негізгі көрсеткішін атайық.
1.Қабілет – бір адамды екіншісінен ажырататын дара психологиялық ерекшелік. Баршаға бірдей тән қасиеттері бола алмайды.
2.Қабілет – барша тұлғаға тән болған ортақ сапа емес, кей адамға ғана дарыған қандайда бір не бірнеше іс –әрекетті табысты орындауға жарайтын өзара ептілік.
3.Қабілет – нақты адамға топталған білім, ептілік және дағдылардан оқшау, қажет әрекетті игеру желісінде ғана көрінеді. «Дарындылықтың» анықтамасын оқушыларға қатысты қолданған кезде біз әр балаға байланысты әлеует мүмкіндіктердің дамуының белгілі бір деңгейі жөнінде айтылатын «жеке тұлғаның» әлеуетін қарастырамыз. Дарындылық әлеуеттің негізі сипаты деп іс – әрекет үрдісі кезеңінде пайда болатын және дамитын мүмкіндіктерді айтамыз. Барлық арнайы қабілеттіліктер іс – тәжірибе барысындағы нақты шарттар әсерінен дамиды. Психологтар дарындылықтың белгілерін екі аспектіге бөліп қарауды ұсынды: инструменталды және мотивациялы. Бірінші, қызметтің тәсілін білдіреді, екіншісі, бала шындықтың және өзінің іс – әректінің түрлі қырына қандай көзқараспен қарайды, оларға деген қарым –қатынасының қандай екенін білдіреді. Америкалық ғалымдар дарынды бала мәселесі өніндегі тәжірибелік бақылауларға сүйене отырып, өзара байланысты үш белгіге ерекше көңіл аударады : танымның жоғары деңгейде дамуы, психикалық даму, физикалық мәліметтер.
Оқу материалын меңгеру үшін әрбір өтпелі кезеңде таным үрдістері жүйесін дұрыс дамыта білу қажет. Бұл – жаңаға зейін аудару, түсіну әрі оқу материалын еске сақтау. Психология ғылымында және педагогикалық тәжірибеде қалыптасып кеткен таным үрдістерін бөліп қарау мұғалімнің баланы оқытуда барлық интеллектуалдық жүйесін дамыту жұмысын қиын-датады. Ал негізінде әрбір таным үрдістері бір – бірімен тығыз байланысты. Оқу үрдісінде жеке таным үрдісі ғана емес, жалпы интеллектуалдық жүйені дамыту қажет.
Дарынды балаларға берілетін білімнің теориялық жақтары құбылыстарды түсіндіру, байланыстарды анықтау ( оларды жалпылау) едәуір тереңдетілген және кеңейтілген түрде берілуі тиіс. Абстрактілі теориялық материалдарды және істі меңгере алатындай етіп, әрбір баланың ақыл – ойын пайдаланатындай жан –жақты дамуы үшін белсенді оқытуды ұйымдастырған жөн. Бұл өз кезегінде бастауыш мектеп оқушыларының логикалық пайымдауларының, дерексіз ойлауының қарапайым бірақ маңызды тәсілдерін игеруге тәрбиелейді.
Оқу материалын жақсы меңгеру және шығармашылық қабілет-дарындылықтың айқын белгілері. Сұрақ қоя білу, тапқырлық, кітаппен жұмыс, құбылысты бақылау, талдау, болжам құруға талпыну сияқты біліктері қалыптасады, пікірін ерекше етіп айту ерекшеліктері шығармашылықпен тығыз байланысты болып келеді. Дарынды балаларға тән тағы бір ерекшелік – ойдың айқындығы, яғни, күрделі мәселелерді айқын сөздермен, бір – бірінен шығатын етіп, тиісті жүйелермен көрсете білуі. Қазіргі кезде білім беру жүйесінің қайта жаңартылуы баланың шығармашылық дарындылығын тануға және болжам жасауға жаңа көзқарасты талап етуде. Дарынды балаларды тану – нақты бір баланың дамуын талдаумен байланысты ұзақ үрдіс. Қайсыбір әдістің көмегімен зеректіліктің айқындалуы мүмкін емес. Шығармашыл оқушылардың дарындылығын анықтау кезінде кешенді көзқарас танытқан маңызды.
Дарындылыққа байланысты орыс ғалымдарының бірнеше анықтамалары берілген,яғни дарындылық-жеке тұлғаның жас ерекшеліктеріне байланысты дамитын қабілет сапасы (Я.А.Пономарев, в.С. Юркевич, Д.Б. Богоявленская, Н.С. Лейтес), дарындылық-табиғи қасиет және адами іс-әрекеттің әлеуметтік мүмкіндігіне байланысты қабілеттіліктердің бірігуі арқылы жарыққа шығады (С.Л. Рубинштейн, Б.М. Теплов, В.Д. Щадриков, А.Н.Леонтьев, А.В: Брушлинский, А.М. Матюшкин т.б.) десе, енді бірде дарындылық –жеке тұлғаның психологиялық мүмкіндіктерінің жиынтығы және істі нәтижелі орындаудағы қасиеттердің алғы шарты (В.Н.Дружинин, А.Н.Савенков, Дж. Рензулли, Р. Стенберг, Дж. Гильфорд. Н.Н.Поддьяков т.б.) сонымен қатар ғалымдардың анықтамасын анықтауда ортақ пікір қалыптаспағанын айта кеткен және дарынды балалардың ерекше сипаттамаларына осы және басқада педагогикалық тұрғыдағы қарастыруларды біріктіре отырып, бірнеше орыс ғалымдарының дарындылық тұрғысында категорилияларын классификациялауын көрсеткен, мәселен Н.С. Лейтес ақыл-ой теориясына байланысты дарынды балаларды 3 санатқа бөледі. Олар:
1.Кез-келген шарттардағы ерекше жоғары ақыл-ой дамуының деңгейіндегі балалар (мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағылар),
2.Арнайы ақыл-ой дарындылығының белгілері байқалатын балалар (математика, әдеби, музыка т.б.) (орта жастағылар);
3.Әлеумет және «жасырын» дарындылыққа байланысты жарқын танымдық белсендігі және ой-өрісі терең балалар (жоғарғы мектеп жасындағылар) , сонымен қатар А.И. Савенков дарынды балаларды 3 топқа бөледі. Олар:
1.Жалпы дарындылық деңгейі бойынша ең жоғары көрсеткішті балалар;
2. Белгілі бір әрекет шеңберінде жетістіктерге жеткен балалар;
3.Мектепте озат оқитын балалар (академилық дарындылық).
Сонымен қатар дарынды балалардың ерекше белгілерін жүйелі түрде анықтап, оларды нақты жеткізе білген.
1.Ойлаудың шығармашылдығы;
2.Ешкімге ұқсамайтындығы;
3.Еңбегіне бейім келуі .
Осы жерде соңғы түрін алып қарайтын болсақ, ғалым түсіндіре отырып, маңызын аша білген, яғни шын мәнісінде білетін бала қай жерде де өзін ойдағыдай алып шыға алады, «білімге, жаңа материалды игеруге ұмтылады, қиын және ұзақ орындалатын тапсырманы қуана орындайды, жауаптың басқада нұсқаларын іздейді, дайын жауапқа көңілі толмайды». Дарынды баланың ерекшелігі осы тұста жақсы ашылып көрсетілген. Педагогика саласында көптеген еңбектер жарық көруде. Мәселен, Ұ.Ж. Арыстан өз тәжірибесінде дарындылықты 3 –ке бөлген. Олар:
1. Шығармашылық дарындылық,
2. Интеллектуалды, табиғи дарындылық,
3. Лидерлік дарындылық.
Оқушылардың шығармашылық дарындылығының даму деңгейлерін 3 –ке бөлген. Олар :
1.Креативті деңгей, өзін-өзі дамытуға, жаңаны ашуға, шығармашылық іс-әрекетке тұрақты танымдық ынтасы болумен сипатталады.
2.Интегративті деңгей, шығармашылық қызығушылығы жеткілікті, кез-келген жұмысты жоғары нәтижеге жеткізуге ұмтылады, ой-өрісінің ұшқырлығын көрсете алады.
3.Когнетивті деңгей, танымдық қызығушылықтары басым болғанымен, өзін-өзі үнемі дамытуға ұмтылмайды, шығармашылық іс-әркетке қабілеттілік танытқанымен, оны үнемі қадағалауды, бағыт-бағдар беруді қажетсінеді.
Сонымен қатар тағы бір еңбекте, дарынды балалар-жалпы және арнайы дарындылығын (музыкаға, сурет, техникаға) байқатқан балалар және деадам қабілеттілігінің даралық ерекшеліктеріне дарындылық, шеберлік, талант, данышпандық, шабыт кіреді делінген. Оқушының өзіндік ерекшелігі мен іс-әрекет белсенділігіне қарай төмендегіше жіктесек, бала шығармашылық жұмыста осы сатыдан өтеді де біртіндеп іріктеліп, шығармашыл тұлға қалыптаса бастайды. Мәселен,белгілі психолог Н.Лейтес оқушы бойындағы негізгі қасиеттер мыналар деп көрсетеді:
1. Ұқыптылық, жинақылық, зейіннің тұрақтылығы, еңбек ету қабілетінің жоғарлығы;
2. Ақыл-ой, логикалық ойлаудың тездігі, кез келген жағдайды талдап салыстыра білу;
3. Барлық күш-қуатты сарқа жұмсап тынымсыз еңбек етуі.
Сонымен «дарынды деген кім және оның ерекшеліктері қандай?» деген сұраққа жоғарыда айтылған ғалымдарымыздың еңбектерін қорытындылай келіп, «Дарынды бала»дегеніміз-алдына мақсат қоя білетін, оны дұрыс болжай алатын, оның нәтижесіне көзі жететін, жан-жақты ойлана отырып бір тоқтамға келетін, өзіне сенімді, шығармашылықпен жұмыс жасауда биіктерден көрінетін, адамгершілікті жоғары қоятын, ерекше тұлға деп түсінемін. Ал оның дарынды оқушының ерекшелеліктеріне тоқталатын болсам, олар:
1. Ойлау шеберлігі,
2. Тұлғалық жеке қасиеттері.
3. Өмірге деген көзқарасы мүлдем өзгеше, қабілетті тұлға. «Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз» демекші, бала-ертеңгі азамат. Оны тәрбиелеп, биік шыңдарға жеткізу, мемлекеттің мүддесіне өзі жететіндей етіп қалыптастыру педагог қауымының бірден-бір мемлкеттік үлесі деп білемін.