Білімгерлерге БӨЖ-ге байланысты тапсырмалар

Тапсырма Тапсыманы алған мерзімі Тапсырманы өткізу мерзімі Жұмыс түрі, көлемі
Әлеуметтік педагогикалық ойлардың туындап, дамуы 1-апта 1-апта Реферат
Батыс Еуропадағы әлеуметтік-педагогикалық ойлар Я.А.Коменский, Дж.Локк, Ж.Ж.Руссо, И.Г.Песталоцци т.б. әлеуметтік педагогикалық ойларын айқындау, конспектілеу 2-апта 2-апта Конспект
Діни мекемелер мен ұйымдардың әлеуметтік тәрбиелік жұмысы 3-апта 3-апта Әр түрлі білім көздерінен материалдар жинау
ХІХ ғ.соңы мен ХХғ. бас кезіндегі ресейдегі әлеуметтік-педагогикалық жұмыс 4-апта 4-апта Тезис
АҚШ –тағы әлеуметтік педагогикалық жұмыстар 5-апта 5-апта Жазбаша, сипаттама беру
Батыс Еуропадағы қазіргі әлеуметтік педагогикалық жұмыс 6-апта 6-апта Конспект
Канада мен Франциядағы әлеуметтік педагогикалық қызмет 7-апта 7-апта Жазбаша
Әлеуметтік педагогиканың даму проблемалары 8-апта 8-апта Реферат
Кеңес Одағы кезіндегі әлеуметтік педагогикалық жұмыстар 9-апта 9-апта Баяндама
Т.С.Шацкийдің әлеуметтік-педагогикалық қызметіне сипаттама 10-апта 10-апта Ауызша
А.С.Макаренконың «Ұстаздық дастан кітабы туралы 11-апта 11-апта Конспект
В.Н.Сорока-Росинский мектебіне әлеуметтік педагогикалық сипаттама. 12-апта 12-апта Жазбаша
Әр түрлі білім көздерінен материалдар жинау.Қазақ ССР-дағы әлеуметтік –педагогикалық жұмыстар. Егемен Қазақстандағы әлеуметтік педагогикалық жұмыстар.Әлеуметтік –педагогикалық жұмыс –Ресми Құжаттарда 13-апта 13-апта Материал жинау
Құжаттарды талдау:: Қазіргі кезде балаларды әлеуметтік қорғау. Балалық шақ, жетімдік, әлеуметтік жетімдік мәселелері 14-апта 14-апта Құжаттарды талдау
«Мемлекеттің халықты әлеуметтік қорғау саясаты 15-апта 15-апта Жазбаша

1.4Білімгердің оқытушымен бірігіп өзіндік жұмысты орындау тапсырмалары. (БОӨЖ)

Педагогика мен әлеуметтік педагогиканың байланысы, Әлеуметтік педагогика анықтамасы, Әлеуметтендіру ұғымы, маңызы, обьект - субьект мәні. Әлеуметтендіру     кезеңдері: бейімдеу, бейімделмеу, қайта бейімдеу. Конформист, дисседент, әлеуметтік нашар шарттар: БАҚ –әлеуметтік маңызы. Субмәдениет белгілері, ауыл өмірін әлеуметтендіру. №1 Конспект, ұғымдарды ашып көрсету  
Танып білу, және талдау. Білім мен тәрбиенің әлеуметтендірудегі алатын орны   №2 Ауызша
3. Әлеуметтік тәжірибе және тәрбиелеу мекемелері. Тәрбие мекемелерінің типтері; әр түрлі тәрбие мекемелеріндегі тәртіп, балалар өмірін .ұйымдастыру.Әлеуметтік жұмыс ерекшеліктері. №3 Конспект
Мектеп –ашық әлеуметтік жүйе.Тәрбие мекемелеріндегі адамдардың рухани-құндылық бағдарын дамыту және қалыптастыру шарттары №4 Түсініктеме беру    
Қатарға қосу-реабилитация.Әлеуметтік ұшқары балаларды қайта тәрбиелеу; әлеуметтік құқықтық консультация. №5 Жазбаша
Арнайы мекемелердегі дене кемістігі мен ақыл кемістігі бар балалармен жұмыстың әлеуметтік –педагогикалық ұстанымдары. Жұмыс формалары   №6 Талдау, жазбаша
Отбасы –демографиясы, мәдениеті, экономикасы, гигенасы. Отбасының әлеуметтендіру қызметі №7 Конспект
8. Әлеуметтік қамқорлық жұмыстары. Қамқорлық мекемесі-приют. Еңбек және оқу арқылы тәрбиелеу. №8 Берілген тақырып көлемінде сұрақтар мен жауап әзірлеу.
Әлеуметтендіру кедергілері: Масайту ішімдіктері, темекі, нашақорлық, құмар ойындарының теріс әсері, жезөкшелік-әлеуметтік-педагогикалық мәселе ретінде. №9 Берілген тақырыптпрдың мәнін түсіндіру
Білім мен тәрбиенің әлеуметтендірудегі алатын орны. Пенитенциар мекемелеріндегі білім беру және тәрбиелеу проблемалары. №10 Танып- біліу және талдау
Төменде берілген тақырыптардың жоспарын түзу: 1. Ақылы кем баласы бар отбасымен жұмыс 2. Мектептегі жетім және дамуы артта қалған балалармен әлеуметтік-педагогикалық қатарға қосу жұмыстары 3.Әлеуметтік педагогтардың ауладағы жұмыс түрлері 4.Әлеуметтік педагогтардың шағын аудандағы жұмысы 5.Әлеуметтік педагогтардың әр түрлі типтегі мектепке дейінгі мекемелердегі жұмысы 6.Әлеуметтік педагогтар орта және кәсіптік мектептердегі жұмыс формалары мен әдістері 7.Әлеуметтік педагогтар жоғарғы оқу орындарында 8.Әлеуметтік педагогтардың жастар арасындағы жұмыс мазмұны мен түрлері №11 Жоспар түзу
Табиғи және техногенді апатты, экстремалды жағдайлардағы әлеуметтік-педагогикалық жұмыс     ерекшеліктері. №12 Сипаттама беру
Виктимология, виктимділік, виктимдеу, виктимді ахуал құрбандары. Девиантты және деликвентті мінез-құлықтың туындау себептері, әлеуметтік –педагогикалық жұмыс ерекшеліктері және олармен жұмыс сипаттамасы. №14 Жазбаша
Әлеуметтік педагогтарды даярлаудың бүгінгі мәселелері. Жастар мен балаларды әлеуметтік қорғау және қолдау шараларын жүзеге асыру жолдары №15 Пікірталас
Түзету педагогикасы және оның құралдары мен технологиялары №16 Дөңгелек үстел өткізу

Ескерту. Білімгерлердің өзіндік жұмыстары олардың оқу жұмыстарының ең маңызды құрамды бөлігі болып табылады. Өзіндік жұмыстардың қарқындылығы мен сапасына және білімгердің бағдарламалық материалды өз бетінше игере алу қабілетіне байланысты. Сіздер сабаққа нақты сұрақтарды талқылау үшін және біз айналысып жатқан мәселелердің шешіміне жету үшін дайындалып келулеріңіз керек.

Сіздер сабақтан өздеріңіздің ары қарайғы оқуларыңызға және болашақ кәсіби іс-әрекетіңізге кажеттілердің бәрін жазып алуларыңыз керек. Сонымен қатар, барлық курс уақытында біз өзара қарым-қатынаста болу үшін және түсіністікпен жұмыс істеуіміз үшін өз оқуларыңызға жауапкершілік алуларыңыз керек.

Басты орында материалды конспектілеу және керекті ойларды, тезистерді, сандарды және фактілерді белгілеп алу аса маңызды.

Өзіндік жұмыстың әрекетті түрлерінің бірі баяндамалар, конспектілер мен рефераттарды дайындау болып табылады.

Бұл жұмыс білімгерлерге әр түрлі ағым көздерінен жаңа мәліметтерді іздеп-үйрену дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Баяндамалар мен рефераттарды дайындау библиографиялық ізденіске, жинауға, талдауға, және материалды жалпылауға үйретеді, өз ойын қысқа, ашық айтуды дамытады; көзқарасты кеңейтеді; өзіндік білім алуға қызығушылық пен талғамды дамытады

Наши рекомендации