Этнопедагогика педагогика ғылымының саласы ретінде .

МОДУЛЬ 1.ТАҚЫРЫП № 1. ЭТНОПЕДАГОГИКАНЫ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ (2 САҒ).

Мақсаты: Этнопедагогика ғылымының даму тарихы жайында білімдерін қалыптастыру.

Міндеттері:

1. Жіктеу кестесін құруды үйрену және педагогикалық құндылықтарды анықтау.

2. Тақырыптың негізгі түсініктерін меңгеру және олардың анықтамаларын әртүрлі көзқарастарда салыстыру.

Жоспары:

  1. Этнопедагогика педагогика ғылымының саласы ретінде .
  2. Этнопедагогиканың ғылыми теориялық негіздері.
  3. Этнопедагогиканың мақсат, міндеттері.

Бақылау сұрақтары:

1.Этнопедагогиканың негізін қалаушы педагогтар. Өмір жылдары. Негізгі педагогикалық идеялары және еңбектері

2.«Халық педагогика», «Этнопедагогика» анықтамалары

3. Қазақ халқының өте әрідегі ата-бабаларының өмір сүрген кезеңінен (Түрік қағанаты) бастап қазіргі заманға дейін қысқаша шолу.

Әдебиеттер:

Негізгі:

  1. Қожахметова К., Ұзақбаева С. Жоғары мектеп студенттеріне этнопедагогикалық білім беру тұжырымдамасы – А., 1998 ж.
  2. Әбілова З., Қалиев Қ. Этнопедагогика оқулығы – А., 1999
  3. Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы – А., 2001.
  4. Ұзақбаев С. Тамыры терең тәрбие – А., 1995.
  5. Қалиев С. Тәлім-тәрбие хрестоматиясы – А., 1996.
  6. Қалиев С. XV-XIX ғасырлар ақын-жырауларының поэзиясындағы педагогикалық ой-пікірлер – А.,
  7. 1990 ж.
  8. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім – тәрбиесі - А., 1995 ж.

Қосымша:

  1. Әлімбаев М. Халық-ғажап тәлімгер – А., 1994 ж.
  2. Төтенаев Б. Қазақтың ұлттық ойындары – А., 1994 ж.

3. Құралұлы А. Қазақ дәстүрлі мәдениетінің анықтамалығы – А., 1998 ж.

4. Қожахметова К. Мектептің ұлттық тәрбие жүйесі: теория және практика – А., 1998

5. Қалиев С., Оразаев М., Смайылова М. Қазақ халқының салт-дәстүрлері - А., 1994

Этнопедагогика педагогика ғылымының саласы ретінде .

Қай заманда, қандай қоғамда болсын алдында тұрған зор міндеттердің бірі – болашақ ұрпағын тәрбиелеу. Жан – жақты жетілген, ақыл парасаты мен мәдениеті мол, саналы ұрпақ тәрбиелеуде әр халықтың салт – дәстүрі ен дамуындағы бағалы байлықтың нәрін біртіндеп сіңіру арқылы ғана жүзеге асыруға болады.Басқа халықтар сияқты қазақ елінің де ұрпақ тәрбиелеуде мол тәжірибесі, жиған – тергені, озық ойлары мен өзіндік ерекшеліктері. Осындай мол мұраның «дәнегін мәпелеп екпейінше» жастарды ізгілік пен парасаттылықты тәрбиелеу мүмкін емес.

Халықтың жазбаша жазылмаған, бірақ ұрпақ есінде мәңгілікке сақталып, бір ұрпақтан бір ұрпаққа ауызша жалғасып келген нақыл – өсиет, өнеге қағида болып таралып келген тәлім – тәрбие тағылымының бай мұрасы бар. Ол халықтық педагогика деп аталады.Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңында жеке тұлғаның ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарын ғылым мен практиканың жетістіктері арқылы қалыптастыру, дамыту және кәсіби жетілдіру үшін жағдайлар жасау қажеттілігі атап көрсетілген. Сондықтан білім беру жүйесінің қызметкерлері этнопедагогика пәнін болашақ мұғалімнің өзін қоршаған адами қатынастар әлеміне, түрлі заман адамдары мен халықтарының мәдениеті, салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, тарихи әлеміне енгізе отырып, оны дербес пән ретінде қарастыруда.

Белгілі ғалым Е.Христова өзінің «Об уточнения понятиного аппарата этнопедагогики» деген мақаласында «халық педагогикасын – халықтың таптық, педагогикалық санасы деп, ал дәстүрлі педагогиканы – белгілі ұлттық педагогиканың санасы ретінде қарастырған орынды» деген пікір айтады. Г.Виноградов пікірінше, халық педагогикасынпедагогикалық теория емес, педагогикалық практика, халықтың бала тәрбиелеу тәжірибесі ретінде қарастырған жөн.Этнопедагогика ұғымына тұңғыш рет дәйекті, ғылыми анықтама берген ғалым Г.Волков «халық педагогикасы – халықтың ауыз әдебиетінде, ырымдарында, балалар ойындары мен ойыншықтарында мәңгі қалған педагогикалық мағлұматтар мен тәрбиелеу тәжірибесінің жиынтығы»... «Халық педагогикасы – халық қажет қасиеттерді қалыптастыру үшін пайдаланатын педагогикалық мақсаттың, міндеттердің, әдіс-құралдардың, тәсілдердің жиынтығы мен өзара байланысы» дейді.

Этикалық сөздікте «Әдет-ғұрып дегеніміз – белгілі бір қоғамда немесе ұжымды белгілі бір тарихи жағдайға байланысты адамдар арасында қалыптасқан қоғамдық тәртіптің түрі. Ол әлеуметтік әр түрлілігіне және күрделілігіне қарамастан, белгілі ұқсастық жағдайда адамдардың біркелкі әрекет етуін қалайды.Яғни бір қоғам ішндегі адамдардың еңбек ету тәсілдері мен әдістерінің жалпыға ортақ болуын, олардың саяси-қоғамдық іс-әрекетінін және күнделікті тұрмыстағы қарым-қатынасында немесе көзқарасында бірінғайлылық әрекеттін болуын талап етеді. Осының бәрі әдет-ғұрыптың, салттың жиынтық көрінісі болып табылады. Ал дәстүр дегеніміз – әдет-ғұрыптың өмірдегі өсіп жетілген әр түрлі формасы. Ол адамдардың белгілі бір бағыттағы тұрақты іс-әрекеті мен мінез-құлқынын ұрпақтан-ұрпаққа белгілі формада ауысып берілетін түрі» деген анықтама берілген. Зерттеуші Ш.И. Джанзакова этнопедагогикалық мәдениеттің Қазақстан Республикасы білім беру кеңістігіндегі көрінісін төмендегідей көрсетеді:

Этнопедагогика – педагогика ғылымының құрамдас бөлігі, нақты этникалық бірліктің тәрбиелеу ерекшелігін зерттейтін білімнің біріккен саласы.

Наши рекомендации