І бӨлім адам ӨмірініҢ негізгі кезеҢдері
Батыс Қазақстан гуманитарлық университеті
Педагогика, психология кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы:
Балалық шақ кезеңдері және түрлі жастағы балалар топтарының даму ерекшеліктері
Тексерген: аға оқытушы, магистр Халикова Б.Т
Орындаған: мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
1 курс студенті Жәнібекова М
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ................................................................................................................ 3
І – БӨЛІМ Адам өмірінің негізгі кезеңдері......................................................5
1.1 Даму факторлары.............................................................................. ..............9
1.2 Нәрестелік және ерте сәбилік кезеңдегі баланың психикалық дамуы.
1.3 Балада еріктің дамуы
1.4 Бастауыш сынып оқушыларының психикалық дамуының жалпы сипаттамасы
ІІ – БӨЛІМ. ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМ.................................................. 23
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................... 33
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР................................................................... 35
ҚОСЫМША........................................................................................................ 36
КІРІСПЕ
Бала психологиясы— жас ерекшелігі психологиясының негізгі бөлімі. Ол адам өміріндегі тұтас бір кезең болып табылатын балалық шақтың психикалық даму заңдылықтарын зерттейді. Жас ерекшелігі психологиясының іргетасы болған Бала психологиясы 19 ғасырдың аяғында дербес пән ретінде өмірге келді. Бала психологиясының негізін қалаған — неміс ғалымы В. Прейер. Ол бала психологиясын зерттеуде тұңғыш рет интроспекция әдісінен объективті бақылауға өтуді жүзеге асырды.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Танымдық белсенділік баланың психологиялық - денелік дамуының алғы шарты мен нәтижесі болып табылады. Осыған байланысты балалардың жоғары психикалық үрдісін қабылдау, зейін, ойлау, түйсік, ес, қиял ерекшеліктеріне тоқталып, оларға анықтама береміз.
Курстық жұмыстың мақсаты: Түрлі жастағы топ балаларының даму ерекшеліктерін айқындау және қалыптастыру.
Барлық танымдық процестер үрдістердің қасиеттері мен қатар бір-бірімен сипатын анықтай отырып, олармен бірге және тығыз байланыста болуып бірізділікте жүреді. Демек оқыту үрдісінде ынталандыру- бұл ең алдымен бала ойлауын дамыту болып табылады.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- мектеп жасына дейінгі балалардың дамуына қолдау жасау.
- Іс-әрекет және оның әдіснамалық негізі қарастыру.
Адамдарда тану екі негізгі формада жүзеге асады: сезімдік тану формасы және абстракциялық ойлау формасы. Сезімдік тану, түйсік, қабылдау, елестету сияқты жолдармен көрініс табады, оның көмегімен біз заттардың жеке қасиеттерін ажыратамыз. Сезімдік тану - бұл тек ойлаудың бастапқы сатысы, адам дүниені түйсіне отырып қабылдайды.
Курстық жұмыстың зерттеу обьектісі – Балабақшадағы балалардың таным үрдісінің маңыздылығы, оны оқытудың бала тәрбиесінде алатын орны.
Курстық жұмыстың зерттеу нысаны. Мектеп жасына дейінгі педагогиканы оқыту үрдісі.
Қазіргі педагогика және психология ғылымдары балалар мен жеткіншектердің дамуындағы биологиялың фактордық рөлін айрықша көрсетеді. Педагогика ғылымы жас ерекшеліктерін анықтауға баланың дамуын үнемі қозғалыс үрдісі ретінде қарастыра отырып, бұл қозғалыстан сан жағынан жинақталу, сапа жағынан елеулі өзгерістер болатынын алға тартады. Мәселеге бұлайша қарау балалардың дене және психикалық дамуының бірқатар кезеңдерін белгілеуге мүмкіндік береді
Курстық жұмыстың гипотезасы: Балабақшада тәрбиеленетін мектеп жасына дейінгі балалардың даму ерекшеліктерінің деңгейін анықтау және талдау.
Атақты психолог ғалымдары Л.С. Выготский, А.И. Леонтьев, А.С. Запорожец, Л.Д. Венгер, Д.Б. Эльконин, Е.И. Игнатьева, Ю.К. Бабанский, И.Я. Лернер т.б. зерттеушілердің еңбектерінде мектеп жасына дейінгі балалардың жеке басының қалыптасуына әсер ететін әртүрлі іс-әрекеттердің ішіндегі ең маңыздысы шығармашылық белсенділіктің сапалығына назар аударады. Алайда мектепке бару қарсаңында баланың психологиялық даму деңгейінде жекелей өзгешеліктер өсе түседі. Бұл өзгешеліктер мынадан көрінеді: балалар бір-бірінен ақыл-ой, адамгершілік және жекелей дамымен ажыратылады.
Курстық жұмыс зерттеудің өзімізше ғылыми жаңалығы– мектеп жасына дейінгі балалардың даму ерекшеліктері және балалық шақтың кезеңдері.
Зерттеудің теориялық мәні – мектеп жасына дейінгі балалардың таным процесінің тәрбиесі зерттеген әдіскерлер, еңбектеріне шолу жасалынды.
Курстық жұмыста қолданылған зерттеу әдістері – оқылған әдебиеттерде шолу жасау, түсіндіру, анализ – синтез, бақылау – байқау т.б. зерттеу әдістерін пайдаландым. Зерттеу тақырыбына қатысты педагогикалық, психологиялық, әдістемелік әдебиеттерді, дидактикалық нұсқауларды зерделеу, талдау.
Зерттеудің өміршеңдігі – мектеп жасына дейінгі таным процесінің тәрбиесі балабақшада кеңінен қолданылады.
Курстық жұмыстың пәні: Мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық таным үрдістерінің маңызы.
Курстық жұмыстың құрылымы:Кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі, қосымшадан тұрады.
І БӨЛІМ АДАМ ӨМІРІНІҢ НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ
Мектепке дейінгі сәбилік кезең
Өсу және даму - әрбір жеке ағзаға тән қасиеттердің бірі. Өсу мен даму кезінде ұлпалар мен мүшелерде сандық және сапалық күрделі өзгерістер байқалады. Адам ағзасының өсуі мен дамуында негізінен 2 кезеңді ажыратады. Бірінші ұрықтық даму (эмбриональдық). Бұл ағзаның ұрықтанған жұмыртқа жасушасынан бастап, туғанға дейінгі уақытты қамтиды. Ұрықтық даму анасының ішінде, яғни жатырда өтеді. Екіншісі - туғаннан бастап, өз тіршілігін жойғанға (өлгенге) дейінгі кезең. Әрбір ағзаның жеке дамуын ғылыми тілде онтогенез (гр. ontos — жекелей, genes - шығу тегі) дейді. Адамның туғаннан кейінгі жеке дамуында бірнеше кезеңдерді ажыратады.
1. Нәрестелік кезең. Нәрестенің дүниеге келген күнінен бастап, 28-күнге дейінгі уақыт аралығы осылай аталады. Бұл кезде жаңа туған нәрестенің барлық мүшелері және мүшелер жүйесі өз алдына (анасының ағзасына байланыссыз) қызмет атқарып, өзара іс-әрекет жасайды. Мысалы, жылуды реттей алады. Тынысалу, ему, көзін жыпылықтату және басқа рефлекстерді өздігінен «іске қосады». Сондықтан бұл уақыт аралығы нәрестелік кезең деп жеке карастырылады.
2. Емшектік кезең. Мұнда нәресте анасынан нәрлі уыз сүтін емеді. Уыз сүтінде нәрестенің ағзасына қажетті тағамдық заттар өте мол. Сондықтан да «уызына жарыған ұлылыққа ұмтылар, азамат боп өседі, ізгілікке құнты бар» деген халық нақылында терең тұжырым бар. Ана сүтін ешбір тағаммен теңестіруге болмайды.Ана сүті жетіспеген жағдайда ғана, 6-7 айдан бастап, қосымша тамақтандыруға болады. Бұл кезеңде сәбидің көп уакыты ұйқымен өтеді. Тамақ қажет болғанда, оянады. Емшектік кезеңде тамақ беру уақытын және тазалықты мұқият сақтау қажет. Олай болмаған жағдайда ұйқысы бұзылады, мазасыз болады, асқорытуы ауытқиды. Емшектік кезеңде нәресте қарқынды өседі. Қозғалыс әрекеттері дамиды: мойыны бекиді, отырады, еңбектейді, жүруге талпынады. Бұл кезеңде сүт тістері шыға бастайды, жеке сөздерге тілі келеді. Омыртқа бағанында иілімдер пайда болады. Қол-аяқ бұлшыкеттері де дами бастайды. Нәресте денесін шынықтыруға жүйелі түрде шомылдырудың және таза ауада серуендеудің маңызы зор. Нәресте денесін де, мінез-құлығын да дамытуда қайталау және жүйелілік ережелерін есте сақтау қажет. Мұның бәрі де тамақтануға, ұйкыға және т. б. байланысты шартты рефлекстердің дұрыс қалыптасуына септігін тигізеді.
3.Мектепке дейінгі сәбилік кезең. Бұл кезеңде жаңадан көптеген қозғалысқа байланысты дағдылар қалыптасады. Сәби еркін жүреді, сөйлейді. Айналасындағы заттарға әуестігі артады, әр нәрсені білгісі келеді. Ойлау кабілеті дамиды. Жаңадан шартты рефлекстер калыптасады. Сүт тістері (20) толық шығып үлгіреді.
4. Мектепке дейінгі естияр кезең. Бұл кезенді кейде мектеп жасына дейінгі кезең деп те атайды. Бұл кезеңде баланың айналасындағы болып жатқан жағдайларға кызығушылығы артады. Бұл не? деген сұрактарға жауап іздейді. Ми көлемі артып, дами түседі. Анық сөйлейді. Бұл кезеңде бала үшін әр түрлі ойынның маңызы зор. Ойын арқылы денесі өседі, көңіл күйі қалыптасады. Әсіресе, кимыл-әрекеті қажет ететін ойындар арқылы каңқасы мен бұлшыкеттері дұрыс жетіле түседі.
5. Мектеп жасындағы ересек кезең. Баланың іс-әрекетінде сапалық өзгерістер байқалады. Бұл негізінен баланың мектепке баруымен тікелей байланысты. Енді бала мектеп тәртібіне бағынуға байланысты іс-әрекеттерге талпынады. Жаңа дағдылар қалыптасады, жауапкершілікті, тәртіпті сезінеді. Ойлау қабілеті дами бастайды. Бойларының ұзындығы шамамен - 140-150 см, салмағы 30 килодан артады.
6. Жасөспірімдік кезең. Баланың өсуі мен дамуында жаңа өзгерістер пайда болады. Ұлдар мен қыздардың дене бітімінде бірінен-бірінің айырмашылықтары айқын байкалады. Мұның бәрі де жыныстық жетілуімен тікелей байланысты. Қыздарда алғашқы етеккір 12-13 жаста басталады. Денесі өседі, бұлшықеттері дамиды, тері астындағы май қабаты қалыңдай түседі. Кеудемен тынысалу түрі айқын білінеді және т. б. Ұлдардың дауысы жуандайды, көмекейі айқын байкалады. Жыныс мүшелері өседі, сақал-мұрт шыға бастайды және т. б. Зат алмасу қарқындығы артып, қозғалыс әрекеттердің үйлесімділігі жетіледі. Барлық физиологиялық үдерістер жедел жүреді.
7. Балғын жастық (бойжеткен, бозбала) кезең. Барлық мүшелері мен мүшелер жүйесінің калыптасуы толығымен жетіледі.Жүйке жүйесі мен ішкі секреция бездерінің қызметі бірімен-бірі үйлесімді жүреді. Ағзадағы барлық физиологиялық үдерістердің жүруінде, міңез-құлық әрекеттерін басқаруда ми кыртысының реттеу қызметі артады. Тежелу үдерісінің басымдылығы байкалады. Эстетикалық көңіл күйі, акыл-ой, жауапкершілігі және т. б. қасиеттер толық калыптасады. Адамның дене еңбегі мен ой еңбегінің жұмыс істеу кабілеті де арта түседі. Жеке мүшелерінің өсуі тоқтайды. Жыныстық тұрғыдан да толық жетіледі.
8. Кемелденген кезең. Акыл-ой, санасы, ойлау кабілеті жетіліп, шығармашылық іс-әрекеттері табыстарға жетелейді. Қоғам алдындағы жауапкершілігін толық сезінеді. Барлық іс-әрекеттерін алдын ала жоспарлап, белгілі бір мақсатқа жетуге талпынады. Бұл кезеңнің соңында жыныстық бездер қызметі әрекетіне байланысты соңғы рет гормондық қайта құрылу басталады. Жүрек-қантамырлар ауруларының қауіптілігі арта түседі.
9. Мосқалдық кезең (пожилой). Бұл кезеңде адамның қимыл-әрекеті баяулайды. Зат алмасу қарқыны бәсеңдейді. Жүйке жүйесінде тежелу айқын басымдылық көрсетеді. Кейбір ішкі секреция бездерінің гормон бөлуі азаяды. Сүйектің құрамында бейағзалық заттардың мөлшері арта бастайды. Жүйке жүйесінің реттеу қызметі де баяулайды.
10. Қарттық кезең. Барлық мүшелер жүйесінің қызметі, жалпы зат алмасу қарқыны баяулайды. Адамның есте сақтау кабілеті төмендейді.
Даму факторлары
Даму-баланың қоғамдық-тарихи тәжірбиені игеру процесі. Адам мен жануарлардың психикасы үздіксіз даму күйінде болады.Жануарлар дүниесі мен адамның даму процестері мен сипаты мазмұны сапа жағынан ерекшеленеді. Жануарлар психикасы дамуының басты механизмі-биологиялық бекіген-тәжірибенің тұқым қуалап берілуі. Соның негізінен жануарлардың ортаға дара икемделуі өріс алады.
Соңғы кездерде психикалық дамудың биологиялық немесе әлеуметтік факторларының ықпалы басым келеме,-осы жөнінде айтыстар болып, бірақ зерттеушілер келісімге келе алмай жүр. Оның себебі, биологиялық, не әлеуметтік факторлардың қайсысы психиканың дамуын шешеді деу пайда бермейді. Себебі, факторлардың әрқайсысы өзінше психикалық дамуында бөлек қызмет атқара алмайды: бірінің қызметі екіншісіне тәуелді.
Қоғамдық ортада әлеуметтік жағдай адамға тікелей әсер ете алмайды,тек психофизиологиялық процестің негізінде ықпалын тигізе алады. Бірақ, кейде зерттеушілер «биологиялық» деген сөзді «тұқым қуалаушылық» мағынасында қолданады. Осылай болғанның өзінде де тұқым арқылы берілетін қасиеттер баланың: психикалық тұрғыдан қалай дамитындығын толық түсіндіре алмайды. өйткені тұқым қуалау қасиеті өзінен-өзі қызмет еттіріп «оятып» жұмыс істеу үшін әлеумет ортасы түрткі болуы шарт. Бұл ілгеріде аталып кеткен педиология ілімі баланың ой-өрісін анықтауда тұқым арқылы берілетін қасиеттерге тек мән беріп, әлеумет ортасының, соның ішінде тәрбиенің тигізетін ықпалын жоққа шығарып келді. Осы кездерде ғылым үстірт дамығандығынан зерттеушілер «әлеумет ортасы», не тұқым қуалаушылық деген ұғымдарды таяз мағынада түсініп, соның нәтижесінде баланы зерттеуде сәтсіздіктерге ұшырады.
Адамның дамуына қоғамдық орта, тәрбие микроортасы қарым-қатынасы, іс-әрекеті мен қызметі себепші болды.
Педагогтардың сол негіздегі сәтсіздігі қолданған тәсілдерінен ғана емес, бала психикасының дамуын, 1-шіден, тұқым қуалаумен байланыстырып, бірақ осының не екенін дәлелдей алмаынан. 2-шіден, әлеуметке байланысты факторларды (тәрбие, оқыту) биологиялық факторлардан бөліп алып түсінуінен. Осы кемшіліктер қазір де ескеріліп, биологиялық және әлеумет факторларын бір-біріне қарсы қоюға болмайтыны мойындалды. Егер біз биологиялық факторды баланың туылғанынан (тұқымынан) берілген дене бөлшектері десек, осылар ешқандай роль атқармайды. Керісінше, тек адамнан адам тууы биологиялық кодтар («пішу» т.б.) арқылы берілген.
Сондықтан кейбір пікірлер бойынша, биологиялық фактор баланың өзі, оның іштен туа берілген несібесі. (шартсыз рефлекстер)
Ал әлеумет ортасын алсақ, бұл тек түрткі, сол білінбей ұйықтап жатқан несібелерді оятып, соларды дамытуда негізгі роль атқарады.
Әлеумет ортасының атқаратын роліне келсек, мұның да бала психикасының дамуына тигізетін әсері тым үлкен.
Адамның психикалық дамуының әлеуметтік сабақтастығын түсіну, даму процесін тек біліммен дағдыларды жай жинақтауға әкеліп саюға болады дегенді білдірмейді. Адамныңдамуының әлеуметтік табиғатын ескеру бұл процестің күрделілігімен сан қырлылығын түсінуге мүмкіндік береді, өйткені осылай қарастырғанда ғана даму жекелеген функциялардың жетілуі немесе сан жағынан көбеюі түрінен емес, адамның бүтіндей дамуы, яғни жеке адамның дамуы ретінде көрінеді.
Адам психикасының дамуының негізгі ерекшеліктерін биологиялық заңдармен, жетілу, тұқым қуалау заңдарымен түсіндіру теория тұрғысынан алғанда қате болып табылады. Және практикада үлкен қиындықтарға әкеліп соқтырады, өйткені бұл жерде педагогика көпе-көрнеу пассивті роль бөлінеді. Маркстік педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы адамның психикалық даму заңдары әлеуметтік жағынан сабақтас, даму процесі баланың өмір сүру жағдайы мен тәрбиесінің күрделі жиынтығымен анықталады деген түсінікті басшылыққа алды.
Бұлай болған жағдайда дамудың биологиялық шарттарының, тұқым қуалаушылықтың, бала организмі дамуының нейро физиологиялық ерекшеліктерінің, оның психикасындағы дамуының ролі қандай?
Адамның психикалық (құрылымы) іс-әрекеті-өте күрделі құрылым. Оның ерекшеліктеріалдымен баланың тіршілігі және тәрбиесі мен сабақтас. Сөздік логикалық ес, ұғымды ойлау, заттық қабылдау және адамға тән басқа да жоғарғы психикалық функциялар биологиялық тұқым қуалаушылық жолмен қалыптасып берілмейді. Бұл олардың тарихи даму процесінде өзгерістерге ұшырап, жетіле түсуіне мүмкіндік береді.
Адамның өмірде қалыптасатын күрделі психикалық іс-әрекеті (ойлау-сөйлеу) мен неғұрлым қарапайым табиғи функцияларын (мысалы, қозу мен тежелу функцияларының) процестерінің арақатынасымен ерекшеленеді. Психикалық басқа да көптеген компоненттерменен қоса осынау қарапайым функцияларды да қамтиды. Мысалы, адамның музыкалық қабілеттері мен жоғары дыбыс айырғыштығының, математикалық ойлауы мен кеңістік анализі мен синтезі функциялар арасындағы байланыс белгілі. Әдетте, нышандар деп аталатын, қарапайым табиғи қасиеттер адамның сыртқы жағдайлар әсерімен қалыптасатын күрделірек іс-әрекеттердің құрамына кіреді.
Белгілі бір жағдайларда қарапайым функциялар жөнді жетілмеген немесе бұзылған кезде өздерінен жоғары орналасқан неғұрлым күрделі психикалық іс-әрекетті де айқындай бастайды. Мысалы, ми қабығының желке-самай бөлігіне зақым келгенде қарапайым кеңістік синтезі бұзылады да мұның өзі есептей білуге зиянын тигізеді. Қалыпты даму жағдайында белгілі бір нышандар осы қарапайым функцияларға жатпайтын, сондықтан оларға тікелей тәуелді емес психикалық іс-әрекет дамуы шарттарының бірі ғана болып табылады. Тіпті қарапайым функциялардың өзі де арнайы ұйымдастырылған әсердің ықпалымен дамитындығы дәлелденіп отыр.
Ми қызметінің тұқым қуалай берілетін ерекшеліктерінің бірі- жоғарғы нерв қызметінің типі деп жорамалданады.
Ол нерв процестерінің күшін, қимылын және тепе-теңдігін сипаттайды. Алайда дамудың психологиялық және физиологиялық ерекшеліктерінің бұл қатынасы да бір қалыпты болмай, өзі баланың жеке басының құрылымы мен оның даму процесінің күрделі жүйесіне еніп және көбінесе солармен анықталып отырады. Мысалы, нерв процесінің жоғары қозғалғыштығы бір жағдайларда тез ойлаудың, іс-әрекет тәсілін қайта құру мүмкіндігінің ішінара негізі болса, 2-ші жағдайларда алаңдаушылық пен ырықсыздыққа да итермелейді.
Сөйтіп, физиологиялық, қарапайым, тұқым қуалай берілетін функциялар психикалық даму процесінің кейбір жақтарына әсер етуі мүмкін. Бірақ та олардың маңызы шешуші болып саналмайды. Даму процесінің негізгі мазмұны мен механизмдері көптеген жағдайлардың жиынтығымен анықталады. Солардың арасында жетекші болып балаларды оқыту мен тәрбиелеу жағдайы есептеледі.
Жер бетіндегі тіршілік эволюциясының қолы жеткен ең жоғарғы жетістігі-ойлай білетін-адамның дүниеге келуі.
Алғашқы адамдар топтасып өмір сүрді. Кейін келе олар еңбек құралдарын бірлесіп істеп, оны бірлесіп пайдалана бастады.
Еңбек адамзат қоғамының дамуына, ұжымдық байланыстың тууына жағдай жасады.
Еңбек құралдарын жасау, онымен пайдалану адам организмінің анатомиялық құрылысына үлкен өзгерістер енгізді. Сүйектері, ми қабығының клеткалары, сондай-ақ бет әлпеті еңбек процестерінде біртіндеп даму үстінде болды.