Адамзаттың рухани тәжірибесі
тәрізді төрт тараудықамтитын базалық мазмұнӨзін-өзі тану, өзгелерді тану, әлемді тану, адамзатты тануғақұралған мазмұндық желілерді нақтылайды.
Аталған тараулар өзін-өзі тану үдерісінің түйінді бағыты болып табылады, өйткені олар дам өмірінің логикасына, жалпы адамзаттық жүйеге толықтай сәйкес келеді және жеке тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытуға, өзін-өзі танып, өзін-өзі іс жүзінде мейлінше көрсете білуге айтарлықтай мүмкіндік береді.
Бұл тараулар мектептің түрлі сатыларындағы оқыту мазмұнын, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, нақты бірізділікпен құрылған.
Өзін-өзі тануды жеке міндетті пән ретінде оқыту оқу жоспарының инвариантты бөлімінде 1-11-сыныптарда аптасына 1 сағаттан, әрбір сыныпта бір жылға барлығы 34 сағаттық оқу жүктемесі көлемінде жүзеге асырылады.
Вариативті оқу жүктемесінің 1-2 оқу сағаты бастауыш мектепте таңдау бойынша сабақтарда, негізгі мектепте таңдау бойынша курстарда және мектептің жоғарғы сатысындағы бейімдік оқыту жағдайларында, қолданбалы курстарда пайдаланылады. Модульдік принцип бойынша жобаланған осы курстардың өткізілу уақыты (34 сағаттан 68 сағатқа дейін) мен сипаты әр түрлі болуы мүмкін.
Вариативті, инвариантты бөлімдердегі жүктемеге сәйкес оқу әрекеті және сыныптан тыс және мектепішілік шаралардың барлығы оқушылардың қоғамға қызмет ете білу дағдыларын меңгертуге бағытталуы тиіс.
Бағдарламада жалпы орта мектептегі деңгейлер мен сыныптар бойынша жалпыадамзаттық құндылықтар туралы негізгі түсініктер мен жеке қасиеттерді дамыту өзара сабақтастықта қарастырылған. Сонымен қатар бұл бағдарлама өзін-өзі танудың басқа жалпы білім беретін пәндермен байланысы арқылы салауатты өмір салтын, адамгершілік қасиеттерін, экологиялық санасын, эстетикалық курстарды қалыптастыру тұрғысынан пәндер мазмұнын ықпалдастыруды іске асыруға да негіз болады.
Сонымен бірге бағдарлама мазмұны өзін-өзі танудың мақсат-міндеттеріне әсер ету үшін оқытудың бірқатар әдістемелік тәсілдерін пайдалануды қарастырады. Мысалы «Шаттық шеңбері» және «Жүректен жүрекке» әдістері әрбір сабақтың басталу және аяқталуы кезеңдеріне орай қолданылады. Әрбір оқушының сабақта көтерілген проблемаға тартылып, ұжымға қабылданып, өзі де ұжымды қабылдай алуға, сабақ мазмұнын сезіммен қабылдап, алған әсерлерімен бөлісіп және бір-біріне тілек айтуға мүмкіндік жасалады. Пән мазмұны оқушылардың құндылықтар және адамгершілік қасиеттер туралы білімдері мен түсініктерін кеңейтеді және эмоциясын, ерік-жігерін, ойлауын дамытады. Оқу материалдарын қабылдауда танымдық қызығушылықтарын арттыруға, шығармашылық қабілеттерін ашуға («Оқу», «Сабақтың дәйексөзі», «Әңгімелесу», «Жағдаяттар кезінде ойлану», «Шығармашылық жұмыс» және т.б.) бағытталған әдіс-тәсілдерді пайдалануды ұсынады. Сабақ барысында өзін-өзі тану бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру кезінде оқушының көңіл күйіне, өзін жақсы сезінуіне әсер ететін релаксация жасауға мүмкіндік беретін, денеге түсетін күшті азайтатын, шаршағанды сейілтетін, өз сезіміне, эмоциясына, рефлексиясына дем беретін («Тыныштық сәті», «Өзіммен өзім», «Сергіту сәті») әдістемелік тәсілдердің көмегімен дамытушы салауатты орта құру маңызды шарт болып табылады.
Бағдарлама өзін-өзі тану пәнінің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартындағы күтілетін нәтижелер деңгейлеріне сәйкес пән мазмұнын сыныптар бойынша тақырыптық топтастыруды көздейді.
3. Осы күндері, XX ғасырдың соңында, бұрынғы КСРО елдері қоғамдық құрылымның орасан ұлы өзгерістерін бастан кешіруде. Қазіргі замандағы тәуелсіз мемлекеттер өмірінен экономикалық тоқырау, саяси билік дағдарысы, құқықтық тәртіптің жоқтығы, ұлтаралық араздықтың туындауы, жекеленген демократиялық еркіндікке жету және зорлық- зомбылық мәселелерін міндетті түрде көруге болады. 1985 жылғы "Қайта құру" уәде еткен реформалар құлдырау шегіне жетіп, шын мәнісінде, жартылай түрде болды. Жаңару дәуірімен байланысты үміттер тарқатылды. Алайда, қоғамдық өмірдегі қазіргі өзгерістер қалың халық, бұқара топтарын қозғалысқа келтіріп, халықтың ұлттық сана-сезімінде елеулі өзгерістер туғызып, өзінің тарихтағы орнын табуға ынтасын оятты.
Руханилық ұғымы жаңа мәнге не болып, ал, ұлттық сана - сезім онымен ажырамас байланысқа ұласты. Рухани мәдениет дәстүрлеріне қызығушылық қатты артып, оның тарихи тағдыры мен дамуын теоретикалық ұғыну қажеттілігі пайда болды. Рухани ізденіс мәселелері, олардың мәні мен ерекшеліктері жаңалық емес. Олар әлеуметтік - философиялық теория мен қоғамның мәдени жаңару практикасы үшін дәстүрлі маңыздылығын сақтайды. Қоғам өміріндегі мәселелер қайталанбас күрделілігімен бүкіл ғылым тарихы бойы шешусіз созылуда. Руханилықты зерттеу мәселелері көп аспектілі және қарама - қайшылықты. Олардың реті қоғамдағы әлеуметтік- тарихи жағдайлардың шарттары бойынша қойылады...
Жеке тұлғаның санасы мен сана-сезімінің руханилығының тарихи-философиялық қырлары. Философия тарихында руханилық мәселесі интеллектуалды өмірдің қажеттіліктеріне жауап ретінде пайда болды, ол ең басынан бастап адамнан өзінің іс-әрекеттері мен сөздеріне белгілі этикалық және құқықтық ережелер деңгейінде бағалау іскерлігін талап етті.
Өзінің іс-әрекеттерін реттей және оның нәтижелерін алдын ала қарастыра отырып, саналы адам жауапкершілікті толығымен өзіне алады. Руханилықтың мәні - философия тарихында ең алдымен адамның "мен" мәселесімен байланысты ашылады. "Рух" сөзінен шыққан "руханилық" ұғымы, "дем" және "дем алу" сөздерінің этимологиялық байланысы, адамның өмір сүргіштік қызметтерінің рухани қабілеттерін еске түсіреді. Руханилық адамның өнегелілікке бейімделген еркі ретінде діни руханилық ерекшеленеді, алайда, ортақ ұқсастықтары да коп. Құдаймен жеке тұлғалық қатынасында әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыруы, адамның діни рухани көрінісі ретінде рухтың практикалық - жүзеге асырушы қызметі арқылы адамдардың бір-бірінің алдындағы өзара міндеттері, "коллективтік санасыздық" яғни, жеке тұлғаның рулық, әлеуметтік өмірінің тарихи тәжірибесі түрінде жалғасын тапты. Осы жерде, адамгершілік руханилығының негізі ретінде, әлеуметтік байланыстардың қайтымдылығын көрсететін өзара "этостың" қалыптасуының рөлі әдебиетте әділ белгіленген. Сонымен бірге, әлеуметтік және руханилық ұғымдарын теңестіру қателік болар еді, өйткені, бұл ұғымдардың марксизмде қосылуы тұлғаның жанды бастамасын "адамдық фактор" абстракциясына дейін өңдеп, К.Маркстың "философия тарихындағы" экономикалық заңдылықтар жүйесіне сіңісіп кетті.
Адамның өзін-өзі тануы - өзінің руханилық тікелей интуициясы мен оның мәнін ашуы. Философия мен дін оның бүл қызметін көбінесе сана-сезім деп қарастыра, бұл мән арқылы соңғы немесе абсолютті шындықтың ашылуын адамның мәніне тікелей қатынас деп түсіндіреді. Бірақ та, бұндай түсінік мәселені шешуден гөрі жасырып, кейбір түсініктер оларды тексеруден қашып, алдын ала ақтайды.
Шындығында, руханилық сана-сезімге басқа да қайнар көздер арқылы, мысалы, алған білім, салттар, әдет-ғүрыптар, үстемдік етуші наным-сенімдер арқылы беріледі. Олай болғанда, адамға өзі туралы танымның берілетін сияқты көрінгені алғашқы және міндетті емес, қатаң әдістерге негізделген тексеруден неғұрлым босаған сайын, соғұрлым қиял мен күмән берілген.
Руханилық мәселесінің нақты шешімімен өзін-өзі толық танудың тура жолы жоқ. Мәселе шешілмеген қалпында қалады. Тек мәселенің бар екендігі мен оның шешілмеген қалпында қалатындығын шындық ретінде кабылдау ғана қалып отыр.
Адамды зерттейтін ғылымдар ғана емес, сонымен бірге, барлық ғылымдар өзінің даму барысында осы мәселеге келіп тіреледі. Мәселе, әдеттегі философия мен дінде тар мағынада қолданылатын руханилық ұғымында емес.
Өзінің елесімен жан-жағынан қоршаған, бар бола тұрып, болмаған сана болмысына, сана тек экзистенциалды катысушы ғана. Бірақ, бұл болмыс санамен, я болмаса, санада болмайды және бұл болмысты танып-білетін сана жоқ, өйткені ол рефлективті емес өзіндік санадан жоғары. Бұл болмысты санадағы болмыс ретінде, тек абстрактілі сипаттама призмасы арқылы түсінуге болмайды. Нақтылы сана, жеке және ерекше сана ретінде нақты жағдайда көрінеді. Өзіндік сана осындай нақты санада болады және әр түрлі жағдайлардағы сананың барлық нақты сипаттамалары, өзіндік танымның толықтығына сәйкес келеді.
Өзіндік сана жеке-дара, ол өзінің жетілуі үшін өзі үшін санаға ұмтылады. Кейбір сезімдер, мысалы, белгілі нормаларда кездесетін сезімдер, немесе өз ішінде теңдестірілген, сол типтегі сезімдер болады. Бұл норма немесе аффективті өзіндік сананың толықты, азап шегудің түбінде сезілетін жетіспеушілік ретінде көрінеді. Адамдық өзіндік сана жеткілікті дәрежеде азап шекпегендіктен азап шегеді. Біздің айтып отырған азап, біздің сезетін азаппен ешқашан сәйкеспейді.
Менің "Менім", - дейді Декарт, - қандай да бір материалды затқа тәуелсіз және ешқандай жерді қажет етпейтін, жаратылысы тек ойлаудан құралған, толық мәнді субстанция. "Демек, менің "Менім", яғни тәннен мүлдем өзгеше және оңай танылатын, менің бар болуымның себепшісі, жаным, тіпті, тән мүлдем болмаса да, өзінің мәнін жоғалтпаушы еді.
Беркли де руханилықтың мәнін әсерлердің жиынтығын танып - қабылдайтын "рух, жан" немесе "Мен" болып табылатын, жалғыз шынайылықпен байланыстырады.
Субстанция категориясын сынға - алған Юм бойынша, "Мен" жекеленген сезімдерге бөлініп, кез келген түсініктен асып түсетін жылдамдықта, бірінен соң бірі тізбектелген ор түрлі қабылдаулардың "бауы" немесе тізбегі ретінде қалады.
Рух, әр түрлі көріністердің, әр түрлі жағдайлардың біресе алмасып, біресе жоқ болып кетіп, бірбірімен араласып жатқан сахна тәрізді. Юм, "Мен" ұғымын, сананың дәл қазіргі сәтіндегі элементтер қосындысынан, немесе ортақ жиынтықтан еш айырмастан, теңестірді.
Лекция №23