Дәріс тақырыбы. Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін диагностикалау және жоспарлау

«Тұтас педагогикалық үдеріс диагностикасы», «педагогикалық диагностика» ұғымдарының мәні. Диагностиканың негізі - тұтас педагогикалық үдеріс, оның әр түрлі кезеңдердегі қолданылуы жайлы ақпарат. Педагогикалық үдерістің жағдайы туралы ақпарат түрлері: бастапқы, тактикалық, оперативтік.

Педагогикалық үдерістің негізгі сипаттамасы: үлгерім сапасы, функционалды сауаттылық, интеллектуалдық даму деңгейі, оқушылардың тәрбиелік деңгейі, балалар ұжымының қалыптасу деңгейі, оқушылардың әлеуметтену белсенділігінің деңгейі. Педагогикалық үдеріс жайлы ақпаратты өңдеу әдістемесі және мектептің іс-әрекетін болжау үшін нәтижелерін көрсету.

Педагогикалық үдерісті басқару жайын зерттеу үшін ақпараттарды таңдау өлшемдері.

Мектепішілік бақылаудың формалары және әдістері. Мектептегі педагогикалық ұжымының іс-әрекетін бағалау өлшемдері - педагогтарды аттестациялаудың негізі. Педагогикалық ұжымның іс-әрекетінің көрсеткіштері мен өлшемдері. Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін басқару мониторинг сапасы.

Мектеп жұмысының барлық түрін жоспарлау үшін педагогикалық үдеріс жайлы ақпаратты пайдалану. Болашақ және жылдық жоспар. Мектеп жұмысының барлық жоспар түрлерінің орындалуына бақылау жасау формаларының, мазмұндық бірлігі

Мектеп құжаттары. Мектепті басқарудағы мектеп құжаттарының рөлі. Негізгі құжаттардың тізімі және сипаттамасы. Бұйрық кітаптарына, сынып журналдарына және басқа да құжаттардың жүргізілуіне қойылатын талаптар. Мектептік құжаттарды жүргізудің электрондық формасы.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5,9,10,11,12,13,14,18,25,28

Дәріс тақырыбы. ҚР- да 12 жылдық орта білім беру моделіне көшу жағдайындағы білім беруді басқарудың жаңа тәсілдері

Білім беруді басқаруды ұйымдастырудың әлемдік тенденциялары. Білім беруді басқарудың әртүрлі үлгілері: орталықтандырылған, орталықтандырылмаған, аралас.

Білім беруді мемлекеттік-қоғамдық басқару (БМҚБ) – білім беру жүйесін басқарудағы мемлекеттік және қоғамдық құрастырушылардың шығармашылық өзараәрекеттестігі, басқарудың ерекше типі.

Білім беруді басқарудың мемлекеттік-қоғамдық қызметтері мен қағидалары. Қазақстанда білім беруді басқарудың мемлекеттік-қоғамдық типін қалыптастыру. 2011-2020 жылдарға арналған ҚР-да білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасындағы БМҚБ.

Білім беру менеджментін жетілдіру: корпоративтік басқарудың қағидаларын ендіру, білім беруде мемлекеттік-жеке серіктестік жүйесін қалыптастыру, қоғамдық ұйымдарға қатысу, қамқорлық кеңестер, бизнес өкілдері, ұлттық-мәдени қауымдастық, даму фонды және т.б.

ҚР-да 12 жылдық оқыту жағдайында білім беру ұйымдарын басқару моделі

Ұсынылатын әдебиеттер: 1, 5, 6, 8, 10, 11, 12, 15, 19, 20.

Семинарлық (практикалық) сабақтар жоспары

Семинар тақырыбы. Тарихи-педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы, әдістері

Сұрақнама

1. Педагогика тарихының ғылым ретінде қалыптасуы

2. Оқу пәнінің мақсаты, пәні мен міндеттері, әдіснамасы, тарихи-педагогикалық зерттеу әдістері.

3. Педагогика тарихының әдіснамасы, дерек көздері мен әдістері

4. Тарихи-теориялық зерттеу әдісі; педагогикалық ойларды, идеяларды және тарихи-педагогикалық тәжірибелерді зерттеу әдісі.

Тапсырмалар:

Тапсырма 1. Баспа беттерінен педагогика тарихына қатысты жарыққа шыққан мақалаларға шолу жасаңыз

Тапсырма 2. Педагогика тарихының әдіснамалық негіздері туралы оқулықтарға шолу жасаңыз

Тапсырма 3. Педагогика тарихы ғылымының дамуындағы дүниежүзілік маңызын, оның адамзат дамуындағы ерекшелігін ашып көрсетіңіз

Тапсырма 4.Педагогика тарихындағы тарихи-педагогикалық зерттеулердің ғылыми әдістерінің жіктемесін жасаңыздар.

Семинар тақырыбы. Эллинизм дәуіріндегі ағартушылық. Демокрит, Сократ, Платон, Аристотель ілімдеріндегі педагогикалық идеялар

Сұрақнама

1. Эллинизм дәуірінің үстемдік етілуі, «Эллин» деген түсінік «мәдениетті адам» ұғымдарының мәні.

2. Демокрит (б.д.д.460-370) алғашқы болып тәрбие мәселесін қарстырушы материалистік көзқарасты ұстанушы философ.

3. Сократ (б.з.д. 399469ж өмір сүрген) –идеалист философ.

4. Платон (б.з.д. 347-427 ж) идеалист философ, тәрбие жүйесінің негізін қалаушы.

5. Аристотельдің тәрбие туралы пікірлері.

Тапсырмалар:

Тапсырма 1 Ежелгі грек философтарының еңбектерінен тәрбие мен оқыту туралы айтылған пікірлерлерге шолу жасаңыз.

Тапсырма 2 Демокрит, Сократ, Платон, Аристотель ілімдеріндегі педагогикалық идеяларды конспектілеңіз, сабақта талдаңыздар.

Тапсырма 3 Тәрбие жүйесі мен адамдардың жас ерекшеліктеріне (төмендегі сөйлемдерді басшылыққа алып) сәйкестендіріп кестенің бос орындарын төмендегі мәтінмен толтырыңыз.

(Логикалық ой жүйесін жетілдіру. Оқу, жазу, есеп, музыка, өнер үйрену. Эфебия мектебінде әскери дайындықтан өту.)

Наши рекомендации