Тақырыбы : Математиканың мазмұндық-әдістемелік желілерінің ұғымдары мен әрекет тәсілдері

Жоспар

1.Бастауыш мектеп математикасының мазмұндық және мазмұндық-әдістемелік желілері. Пәнішіңдік байланыс негізінде оқытудың мазмұнын интеграциялау.

2.Курстың мазмұндық желілері: «Теріс емес бүтін сандар арифметикасы», «Шамалар және өлшеу үдерісі», «Алгебра элементтері», «Геометрия элементтері».

3.Курстың мазмұндық-әдістемелік желілері: «Қарапайым түсініктер», «Сандар нумерациясы», «Арифметикалық амалдар және олардың қасиеттері», «Есептеу тәсілдері», «Есеп және оны шешу кезеңдері», «Алгебра элементтері», «Геометрия элементтері».

1.Қазіргі кезеңде еліміздегі білім берудің мазмұнын жаңарту мәселесіне көңіл бөлініп, әлемдік білім кеңістігіне ықпалдастыруға бастау алатын жаңа мазмұндағы тұжырымдамалар мен заңдар, халықтың рухани, әлеуметтік дамуына, тілі мен мен тарихы, мәдениетінің өркендеуіне қолайлы мүмкіндіктер туындап отырғаны белгілі.

Қоғамның ақпарат көлемінің барған сайын өсуі – білім беру мазмұнын жаңартуды, оқытудың оңтайлы тәсілдері мен жаңаша оқыту технологиясын енгізуді, дәстүрлі оқыту үрдісін жаңа жағдайға бейімдеп, жинақталған тәжірибенің негізінде білім беру сапасын көтеруді талап етеді. Мұндай маңызды міндетті шешу оқу үрдісіндегі оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін жетілдіруге, оқытуды тиімді ұйымдастыруға, шығармашылықпен жұмыс істеу бағытына, жаңашылдыққа т.б. байланысты.

Математиканың мазмұндық-әдістемелік желілерінің ұғымдары мен әрекет тәсілдері бөлімі бастауыш мектеп математикасының мазмұндық-әдістемелік желілерінің әрқайсысы бойынша ұғымдар мен әрекет тәсілдерін оқытудын процессуалдық аспектілерін нақтылауға арналады. Бұл математика пәнінің ерекшелігін ескере отырып, студенттердің кәсіби біліктері мен дағдыларын игеруге себепші болатын теориялык білімді әр түрлі жағдаяттарда қолдана алудың практикалық біліктеріне машықтандыруға мүмкіндік туғызады.

Математиканы оқыту процесiнде балалардың бiлiмi мен бiлiктерiн,танымдық қабiлеттерiн дамыту үшiн пәнаралық байланысты жүзеге асыру қажет. Бұл-ғылымның әр түрлi салаларының арасында айқын шекара жоқ екендiгi және олардың бiр-бiрiмен тығыз байланыста болатыны туралы түсiнiктердi, сондай ақ дүниеге ғылыми көзқарасты қалыптастыруға табиғат құбылыстарының бiртұтастығын,өзара байланысын көрсетуге мүмкiндiк туғызады. Сонда баланың бiр бiр сабақта алуан бiлiмi, әсерi, ойы, қиялы, басқа пәндерге келгенде тежелiп қалмай, әрi қарай жалғастырып дами түсуi, яғни бiр пәннен басқа пәндерге көшудiң үздiксiздiгi қамтамасыз етiледi.Интеграция (лат. іntegratіo – қалпына келтіру, толықтыру, іnteger – тұтас, бүтін) – экон. субъектілерді біріктіру, олардың арасындағы байланыстарды дамытып, өзара ынтымақты іс-қимылын тереңдету.

Математиканы оқыту процессiнде белгiлi бiр пән аралық байланыстар iске асырылады.

Математика мен қазақ тiлiнiң арасындағы байланыстар:

-грамматикалық және математикалық ережелердi пайдалануы;

-математикалық терминдер еңгiзу арқылы тiл байлығының артырылуы;

-сөйлем құрастыру барысында модельдеудiң пайдаланылуы;

-сөйлемдегi сөздер байланысының сызбаның көмегiмен өрнектелуi;

-сөйлем құрау, ауызша және жазбаша сөйлеу тiлдiнiң дамытышлуы;

-өлең жолдарындағы буын сандарының теңдiгi;

-математикалық тiлдiң қалыптастырылуы.

Математика мен әдебиеттiк оқудың арасындағы байланыстар:

-көркем шығармаларды сұрыптау және ортақ немесе дербес белгiлерiн салыстыру арқылы анықтау және ажырату,теңеулердiң қолданылуы.

-халық ауыз әдебиетi үлгiлерiнiң: жұмбақ, жаңылытпаш ,санамақ, қаламақ, мақал мәтелдер,ойын өлеңдердiң және тағы басқа математика сабақтарында пайдаланылуы;

-көркем шығармалардың мазмұны арқылы баланың iшкi сезiмiне түрткi салу,ақыл-ойын,санасын жаңғырту және дамыту;

-көркем шығармаларда сипатталатын ата-дәстѕр,ұлттық салт-сана,әдет-ғұрып, үлгi-өнеге,тәлiм-тәрбиелiк материалдарды математика мазмұнына сiңiру;

-ауызша шығарылатын халықтық логикалық ежелгi есептердiң мазмұнын саналы түсiну мақсатында ана тiлiн ерiк пайдалану.

Математика мен дүниетанудың арасындағы байланыстар:

-дүниедегi құбылыстарға дәл де адал баға бере бiлу;

-өзiндiк пiкiр айта бiлу және оны дәлелдеу,өз көзқарасын бiлдiру;

-мтематикалық есептердiң мазмұны арқылы өзiн қоршаған ортамен, табиғатпен және қоғаммен баланы қарым-қатынасқа келтiру;

-айналадағы дүниеде танып бiлген,жинақтаған деректер мен мағлұматтарды математика сабағында пайдалану;

- елiмiздiң әлеуметтiк

-экономикалық дамуын, байлығын,шаруашылығының түрлерiн, ғылым мен мәдениетiн, табиғатын сипаттайтын фактiлердi,деректердi, мәлiметтердi және анықтағыш материалдарды пайдалану.

Математика мен бейнелеу өнерiнiң арасындағы байланыстар:

- заттарды түсiне, пiшiнiне, өлшемiне қарай салыстыру;теңестiру,кеєiстiк жайында тѕсiнiк қалыптастыру

- кескiндеу,бейнелеу,безендiру,кұрастыру жұмыстары барысында математикалық дәлдiктiң және симметрияның пайдаланылуы

- көркемсуреттi байқау, көру, бақылау, ажырату,сезiне отырып қабылдау, салыстыру, теңеу

- көркемсурет шығармалары арқылы баланың iшкi сезiмiн, және көңiл-күйiн ояту, дамыту

- Ұлттық ою өрнектермен таңбаларда геометриялық фигуралардың қолданылуы.

Математикамен еңбекке үйретудiң арасындағы байланыстар:

- баланың еңбекке дайын болуын, математикалық бiлiмдерiн өмiрде,.нақтылы жағдайларда практикалық мәселелердi шешу үшiн пайлалана алуын қалыптастыру.

- күнделiктi өмiрге және тұрмысқа қажеттi бұйымдар жасауда математикалық бiлiм,бiлiк дағдыларын пайдаланылуы.

-құрастыру және бұйым жасау жұмыстарында математикалық дәлдiктiң және симметрияны пайдалануы.

Математика мен саздың арасындағы байланыстар:

-саздық әуен мен ырғақта математикалық дәлдiктiң және сан мен үлестiң пайдаланылуы;

-нота сауатында математикалық бiлiмнiң пайдаланылуы;

-халықтық ән, би күй,айтыс және термелердi математика терминiне сiңiру;

-саздық жарларды ажырату,салыстыру.

Математика мен дене тәрбиесiнiң арасындағы байланыстар:

-баланың кеңiстiктi болжауы және сәйкес қолданылуы ;

-уақыт аралығы жайында түсiнiктердiң қалыптастырылуы;

-баланың қимыл қозғалысындағы реттiк тәртiп және дәлдiк,

-қозғалмалы ұлттық ойындардың қолданылуы.

2.Курстың логикалық құрылысы:

I. Арифметикалық ұғымдарды оқыту әдістемесі:

1) Сандарды оқу, жазу және салыстыру:

2) Сандарға арифметикалық амалдар қолдану

3) Саны бойынша үлесін, үлесі бойынша санын табу;

4) Мәтінді есептер мен жұмыс әдістемесі;

II. Алгебралық ұғымдарды оқыту әдістемесі;

III. Геометриялық ұғымдарды оқыту әдістемесі;

Наши рекомендации