Б» сынып жетекшісі: Балагазова А.К.
Мінездеме
Маған берілген 11«Б» сыныптың барлық оқушылары ақылды,алғыр және жан-жақты дамыған, тәртіпті балалар. Солардың ішінде маған бірінші күннен алғырлығымен, зеректігімен Дастан ерекше көзге түсті. Дастанның алғырлығы физика сабағындағы белсенділігінен байқалады.Физика сабағына қатысты кез-келген тақырыпты жан-жақты қарастырыруға,тақырыпқа сай мәліметтерді тереңірек ұғынуға , есептерді шығаруға барын салады.Оның физика,математикаға ғана емес,бүкіл пәндерге деген қызығушылығы өте жоғары.
Дастанның тағы бір ерекше қасиеті оның қызығушылықтары тек мектептегі біліммен шектелмейді, ол үнемі ізденісте жүреді. Түрлі кітап, журнал, интернет сайттарынан өзіне қажетті мәліметтер қорымен танысып,жинай жүреді.Физика пәнінен есептерді, сондай-ақ, тәжірибелерді тереңірек түсініп, білуге талпынады.
Дастанның өзін-өзі ұстауы бірқалыпты, ұқыпты, мінезі тұйық. Кез- келген жағдайда өз ойын анық, әрі дұрыс жеткізе біледі.Өзіне берілген барлық тапсырмаларды ұқыппен, тыянақты орындайды.Өз ісіне әрқашан жауапкершілікпен қарайды. Сыныптағы барлық оқушымен жақсы тіл табысады. Сонымен қатар ұстаздарға, қыз балаларға, жасы үлкендерге сыйластығы мол.
Дастанның білімге деген құштарлығы, оның салмақты әрі байсалды мінезі оның кейін ұлы мақсаттар мен жетістіктерге жетуіне септігін тигізеді деп ойлаймын.
Сынып жетекшісі: Балагазова А.К.
Студент-практикант: Айтжан Ф.К.
РФММ КеАҚ-ның 11«Б» сыныбына
ҚазҰУ-нің физика-техникалық
факультетінң 5 курс студенті
Айтжан Фариза берген
Мінездеме
КеАҚ Республикалық физика-математикалық мектебінің 11«Б» сыныбында 24 оқушы білім алады. Оның «10»-қыз, «14»-ұл бала
Менің жетекшілгіме берілген бұл сыныпта білімдері жоғары, қызығушылықтары жан-жақты, дарынды балалар оқиды.Физика сабағында оқушылар зеректігімен және берілген тапсырмаларды тиянақты орындауларымен ерекше көзге түседі. Сабақ кезінде оқушылар материалды талқылап, қысылмай ойларын ортаға салады, пікірталастарда болып тұрады. Басты ерекшеліктері өздеріне артылған міндеттерге,берілген тапсырмаларға үлкен жауапкершілікпен қарап, уақытылы, ұқыпты орындайды. Сабақтан тыс іс-шараларға белсене қатысады.Жеке қызығушылықтарын сабақтарымен қатар алып жүруге тырысады. Барлығы өте ұйымшыл оқушылар. Сабаққа қатысты тапсырмаларды, сабақтан тыс іс-шараларды орындауда бір-біріне жиі көмектесіп жүреді.
Сынып жетекшісі: Балагазова А.К.
Практика жетекшісі: Дюсебаева К.С.
Психолог: Баймолдина Л.О.
Студент-практикант: Айтжан Ф.К.
11 «Б» сыныбының тізімі:
1.Ахметов Мирас
2.Ашимахун Аружан
3.Бөрібекова Аружан
4.Жанат Қыран
5.Зайнолда Дастан
6.Каиртай Темірлан
7.Қабидолла Айнаш
8.Қабыкен Қабілет
9.Қазбек Ғани
10.Қали Самғар
11.Қасенова Еркеш
12.Қожақова Ұлболсын
13.Құралбек Таирлан
14.Құрманғали Ернат
15.Құсман Іңкәр
16.Молдиманов Гани
17.Мұхтарбек Бексултан
18.Мухтаржанов Динмухамед
19.Мыңжасар Қынабек
20.Нұрлаева Әйгерім
21.Өскенбай Дана
22. Сүлейменов Аслан
23.Съезғазыева Жансая
24.Тілеутай Лаура
Сынып жетекшісі: Балагазова А.К.
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің физика-техникалық факультетінің теориялық және ядролық физика
кафедрасының 5 – курс студенті Айтжан Фаризаға
Мінездеме
Айтжан Фариза-2017 жылы Алматы қаласындағы КеАҚ Республикалық физика-математикалық мектебінде 16 қаңтар мен 11 ақпан аралығында педагогилық практикадан өтті.
Практика уақытында Айтжан Фариза бөлінген 11 “Б” сыныбының және физика мұғалімі Мусатай С.С. – ның сабақтарына қатысып, сабақ өту тәсілдерімен танысты.
Айтжан Фариза практика уақытында сынып сағаттарын өткізді. Әр сабаққа жақсы дайындалып, үлкен жауапкершілік көрсетті.
Жіберілген қателіктер пән мұғалімімен бақыланып, түсіндіріліп, түзетіліп отырды.Ол сабақ беру деңгейінің жоғарлауына үлкен септігін тигізді.
Мектепте өткізген педагогикалық практикасын Айтжан Фариза сәтті аяқтап, өзіне берілген тапсырманы толық орындады.
Фариза тақырыпты оқушыларға жеткілікті түрде түсіндіре алуымен, балалармен тез тіл табысуымен көзге түсті. Оқушылардың білімдерін бағалай отырып, олардың талаптарына сай болуға тырысты. Сонымен қатар 11 “Б” сынып оқушыларына сынып жетекшілік міндетін де жақсы атқарды. «Ұлы есімдер» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Осы практика барысында Фариза сабақ беру тәсілдерін,оқушылармен дұрыс қарым-қатынас жасай білуді үйренді. Практикадағы жұмысын жауапкершілікпен, ынтамен атқарды.
« РФММ» Коммерциялық емес акционерлік
қоғамының төрағасы: Баеков Е.С .
Физика пәні мұғалімі: Мусатай С.С.
Л-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің физика-техникалық факультетінің 5 курс студенті Айтжан Фаризаның мектеп педагогикасында өткен практикасына берген
Есебі
Педагогикалық практиканы КеАҚ Республикалық физика-математикалық мектебінде 11«Б» сынып оқушыларына өттім. 11«Б» сыныбы 24 оқушыдан тұрады және практика барысында оқушылар сабаққа тұрақты түрде қатысты.
Практика барысында 3 сабақ және 1ашық сабағын өткіздім. Сабақ өткізер алдын физика пәнінің мұғалімінің сабақтарына қатысып,сабақ өту жолдарын біліп, ал сабақтан кейін оның барысын талдау арқылы көп нәрсені үйрендім. Практика жетекшісіде өз ескертулерін айтып, үнемі ақыл-кеңес беріп отырды.
Сынып жетекшілік қызметім бойынша сыныпқа «Ұлы есімдер» тақырыбындағы тәрбие сағатын өткіздім. Тәрбие сағатын жүргізер алдын 11«Б» сыныбының жетекшісінен тәрбие сағатын жүргізуге қатысты көп нұсқаулар алдым.Тәрбие сағатына сынып жетекшісі, психолог және студент- практиканттар қатысып сабақтан соң өз ескертулерімен,кеңестерін айтты.
Практика барысында оқушыларымен жақсы таныстық. Оқушылар білгісі келген сұрақтарын қойып жүрді.
Мектепте өткен практикада мұғалім болудың кыр-сырларын, педагогикалық қызметтің негіздерін үйрендім. Практика барысында оқушылармен қарым-қатынасты дұрыс орната білуді,балалармен дұрыс жұмыс жасай білуді үйрендім. Педагог болу жауапкершілігі көп, ұстаздан әрқашан ілгерілеуді, дамуды талап ететін мамандық екеніне көз жеткіздім. Практикада алған навыктарым маған алдағы уақытта мұғалімдік қызмет атқаруда үлкен септігін тигізеді деп ойлаймын.
« РФММ» Коммерциялық емес акционерлік
қоғамының төрағасы: Баеков Е.С.
Практика жетекшісі: Дюсебаева К.С.
Сынып жетекшісі: Балагазова А.
Физика пәні мұғалімі Мусатай С.С.
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Ұлы есімдер
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:Сейсенбай Ш.
Сынып жетекшісі:Балагазова А.К.
Психолог: Баймолдина Л.О.
Факультет жетекшісі: Дюсебаева К.С.
Өткізген:әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің физика-техникалық факультетінің теориялық және ядролық физика кафедрасының 5 курс студенті Айтжан Ф.
Алматы 2017 жыл
КеАҚ «Республикалық физика-математика мектебі»
Сабақ жоспары
Тақырыбы:Фотоэффект. Фотоэффекттің қолданылуы
Жүргізген:Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің физика-техникалық факультетінің теориялық және ядролық физика кафедрасының 5 курс студенті Айтжан Ф.
Тексерген: Мусатай С.
Алматы 2017 жыл
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың физика-техникалық факультеті
«ядролық және теориялық физика» кафедрасының 5-курс студенті
Айтжан Фаризаның
Бағалау парағы
Аты-жөні | Бағасы | Қолы |
Физика пәні мұғалімі Мусатай С. | ||
Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының аға оқытушысы Рамазанова С. | ||
Психология кафедрасының доцент м.а. Баймолдина Л. | ||
Практика жетекшісі Дюсебаева К. | ||
Қорытынды |
КеАҚ «Республикалық физика-математика мектебінің» 11 «Б» сыныбында физика сабағының хаттамасы
Алматы қ. 02.02.2017
Қатысушылар: физика пәні мұғалімі Мусатай С., студент-практиканттар Сауыт Гүлдария,Сегізбаева Аймекен, Уәлшеров Досбол, 11«Б» сынып оқушылары.
Күн тәртібінде:
1. Фотоэффект тақырыбы бойынша оқушылардың түсінігін арттыру
2. Фотоэффектінің қолданылуы туралы жалпы түсінік.
3. Тақырыпқа байланысты тапсырмалар беру.
4. Оқушыларға деңгейлік есептер беру және бағалау.
Уәлшеров Досбол: Сабақты жақсы өтті және оқушыларға тақырыпты жақсы деңгейде жеткізді деп ойлаймын. Оқушылардың барлық сұрақтарына жауап берді, оқушылардың назарын өзіне аударта білді.Тақырып бойынша есептер шығарып көрсете білді.
Сауыт Гүлдария: Тақырыпты түсіндіру барысында уақытты тиімді пайдаланды. Сабақ оқушыларға түсінікті,қызықты өтті деп ойлаймын. Себебі, оқушылар сабаққа белсене ат салысты, есептерді жарыса шығарды.
Сегізбаева Аймекен:Сабақ өте тартысты өтті деп ойлаймын. Өйткені, оқушылар белсенді түрде сабаққа қатысты. Сабақ оқушыларға түсінікті тілде жеткізілді,сабақ өту әдісі ұнады.
Физика пәні мұғалімі: Мусатай С.С.
Практика жетекшісі: Дюсебаева К.С.
Педагог: Рамазанова С.А.
Психолог: Баймолдина Л.О.
КеАҚ «Республикалық физика-математика мектебінің» 11 «Б» сыныбында «Ұлы есімдер» тақырыбында өткізілген тәрбие сағатының хаттамасы
Алматы қ. 10.02.2017
Қатысушылар: 11 «Б» сынып жетекшісі Балагазова А., педагог Рамазанова С.А., психолог Баймолдина Л.О., студент-практиканттар Уәлшеров Досбол, Болатова Ғазиза, Данкенова Фатима ,11 «Б» сынып оқушылары.
Күн тәртібінде:
1. Эйнштейн айтады... Эйнштейннің жеке өмірдерегі, шығармашылық жолы жайында айтылады.
2. Әлемдегі алғашқы Нобель сыйлығына ие болған әйел адам, Мария Склодовская-Кюри,жайында :
I кезең : Ғылымға бет бұру кезеңі;
II кезең : Әйгілі француз ғалымына тұрмысқа шығуы, бірге жасаған тәжірибелері,өмірлерінің ауыр кезеңі;
III кезең : Жаңа элементтердің тәжірибеде алынуы, Нобель сыйлығы;
3. Элементтер кестесінің атасы- Менделеев жайында баяндалады.
4. Ұстаз-ұлы есім. Ғұламалардың жалпы әлем тарихында қалған еңбектері.
5. Ғылым жолындағы қайраткерлер
6. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауы
Мақсаты:Ұлы есімдерді дәріптеу арқылы оқушылардың санасына өмірлік мақсат қою,оған жету жолында білім алудың маңыздылығын меңгерту. Мамандық таңдауда жаңа бағыт-бағдар көрсету. Ғылымға деген құрметті дәріптеу. Физика ғылымына деген оқушылардың қызығушылықтарын арттыру.
Тындалды:
Ғылымдардың нақтысы,
Жалқаулықты сүймейтін,
Оңайлықпен бас имейтін,
Көп оқымасаң миыңа кірмейтін,
Жалпылауды білмейтін
Пәннің қиын да жақсысы
Жасай бер жаса физика!
Оқумен сені қызыға,
Көп сырға жаным қанықты.
Физика ғылым болғалы,
Пайдасын елге тигізді:
Машина, темір арбаны,
Алысқа жылдам жүргізді
Физика ғылымдар ғылымы
Болатова Ғазиза :
Эйнштейн –физик-теоретик, қазіргі физиканың негізін салушылардың бірі.
Альберт Эйнштейн — теориялық физиканың негіз қалаушылардың бірі, 1921 жылғы Нобель сыйлығының иегері, атақты ойшыл және қоғам қайраткері, әлемнің алдыңғы қатарлы 20-ға жуық университеттерінің құрметті профессоры, КСРО Ғылым Академиясының шетелдік құрметті мүшесі.
Эйнштейннің басты еңбегі — ”Салыстырмалылық теориясы”.Мынадай нақыл сөздерден тәрбиелілік мәні бар сабақ алайық.
1.Сұрақ қоюды доғармау өте маңызды. Әуесқойлық адам баласына кездейсоқ берілмеген. 2.Саусақ аспанға көтерілгенде — ақымақ сол саусаққа қарайды. 3.Егер бақытты өмір сүргіңіз келсе, адамдар мен нәрселерге емес, мақсатқа тәуелді болыңыз. 4.Дін, өнер және ғылым - бір ағаштың бұтақтары.
Қаулы:
Студент-практиканттың 11«Б» сыныбына өткізген «Ұлы есімдер» тақырыбындағы тәрбие сағаты қанағаттанарлық деп табылсын.
.
Б» сынып жетекшісі: Балагазова А.К.
Психолог: Баймолдина Л.О.
Педагог: Рамазанова С.А.
КеАҚ «Республикалық физика-математика мектебінің» 11 «Б» сыныбында «ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдаулары» тақырыбында өткізілген тәрбие сағатының хаттамасы
Алматы қ. 01.02.2017
Қатысушылар: 11 «Б» сынып жетекшісі Балагазова А., студент-практиканттар Уәлшеров Д., Болатова Ғ., Данкенова Ф.,11 «Б» сынып оқушылары.
Күн тәртібінде:
1. ҚР Президентінің Қазақстан халқына кезекті жолдауынан видеоматериал көрсету;
2. Президент жолдауы аясында оқушыларға қосымша ақпарат беріледі. 1997-2017 жылдар аралығындағы ҚР Президентінің бүкіл жолдауына жалпы шолу жасалады;
3. «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» 2017 жылғы жолдау бойынша оқушылармен пікірталас жүргізу.
4. Ұлттар достығы,бейбітшілік жайында;
5. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауын қорындылау;
Мақсаты:Оқушыларға жалпы стратегиялық жолдау дегеннің не, ол қашаннан бері жүзеге асырылып келе жатқан құжат екендігін ,биылғы 2017 жылғы жолдауында не көрсетілгендігін, алға қандай жоспарлар мен мақсаттар қойылып отырғандығын, мемлекет басшысының осы уақытқа дейінгі атқарған істері негізінде Қазақстанның жаңа тарихының бет бейнесін көрсету.
Тындалды:
Қазақ елі өткен 25 жылда қыруар іс тындырды. Біз үлгілі дамудың өзіндік моделін қалыптастырдық. Әрбір отандасымыздың жүрегінде елімізге деген шексіз мақтаныш сезімін орнықтырдық. Қазақстандықтар ертеңіне, елінің болашағына сеніммен қарайды. Халықтың 97 пайызы әлеуметтік ахуалдың тұрақтылығын және оның жыл өткен сайын жақсара түскенін айтады. Біз талайлы заманда тарыдай шашылып кеткен қандастарын атамекенге жинаған әлемдегі үш елдің бірі болдық.
Біз Сарыарқаның сайын даласына сәулеті мен дәулеті келіскен Астана салдық. Біз дүниені дүрбелеңге салған дағдарыстан демікпей шығып, дамудың даңғыл жолына батыл бет ұрдық. Біз осылайша аз жылда алапаты артқан айдынды елге, қуатты ұлтқа айналдық. Осының бәрі ғұмыры ел тағдырымен еншілес Елбасының арқасында.
Уәлшеров Досбол :1997 жылдан 2013 жылға дейін Елбасы халыққа 18 жолдау жолдапты. Соңғы жылдардағы жолдауларды еске түсіре кеткеніміз жөн болар.
1) 2008 ж - «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру мемлекеттік саясатының басты мақсаты».
2) 2009 ж – «Дағдарыстан жаңару мен дамуға».
3) 2010 ж – «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері»
4) 2011 ж – «Болашақтың іргесін бірге қалайыз»
5) 2012ж 14 желтоқсан – «Қазақстан - 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»,
6) 2013ж «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты»
Қаулы:
Студент-практиканттың 11«Б» сыныбына өткізген «Ұлы есімдер» тақырыбындағы тәрбие сағаты қанағаттанарлық деп табылсын.
.