Тақырып. Мұғалімді кәсіби дайындаудағы құзіреттілік тұрғысының мәні
«Құзыреттілік», «құзырет», «құзыреттілік тұрғысы» ұғымдары. Қазіргі педагогикадағы құзыреттілік тұрғыдан оқытудың даму тарихы. Білім беру дамуындағы қазіргі стратегиялық бағыттары. Мұғалімнің кәсіби-педагогикалық құзыреттілігі ұғымының мәні. Мұғалім құзыреттіліктерінің сипаттамасы. Болашақ мұғалімді дайындаудағы негізгі құзыретті қалыптастыру: әдіснамалық, жалпы мәдени, жалпы кәсіби, пәнге бағытталған. Жаңа формация мұғалімін дайындау сапасына қойылған талаптар. Білім беру қызметтері нарығында педагогтың бәсекеге қабілеттілігі.
Негізгі ұғымдар: «құзыреттілік», «құзырет», «құзыреттілік тұрғысы», педагог құзыреттіліктерінің сипаттамасы, педагогтың негізгі құзыреттері.
Тақырып. Жоғары педагогикалық білім беру жүйесіндегі педагогикалық практика
Педагогикалық практика болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындау факторы ретінде. Білім берудің жаңа парадигмасындағы педагогикалық практиканың қазіргі түсініктемесі. Жалпы білім беретін мектеп және кәсіби білім беру мекемелері болашақ мұғалімнің кәсіби дамуының тұтас білім алу кеңістігі ретінде. Педагогикалық практика кәсіби бейімделудің бастапқы кезеңі ретінде. Жаңа тұтас педагогикалық үдерістегі педагогикалық практикалар жүйесі. Педагогикалық практиканың тұлғаға бағыттылық, комплекстілік, үздіксіздік, шығармашылық сипаттары. Түрлі педагогикалық практикалардың мақсаты мен міндеттері. Педагогикалық практиканың мазмұны. Педагогикалық практиканы ұйымдастыруға қойылатын талаптар. Педагогикалық практика ретіндегі «мектеп күннің» мәні мен мазмұны. Педагогикалық практиканың мазмұны мен формаларын жаңарту. Кәсіби педагогикалық құзіреттілікті меңгеру педагогикалық практиканың маңызды нәтижесі ретінде.
Негізгі ұғымдар: педагогикалық практика, педагогикалық практикалар жүйесі, педагогикалық практиканың мақсаты мен міндеттері, педагогикалық практиканың үздіксіздігі.
ІІІ бөлім. Педагогтың үздіксіз кәсіби өсуінің факторлары
Тақырып. Мұғалімнің жобалау-зерттеу іс-әрекеті – болашақ ұстаздардың шығармашылық әлеуетін дамыту құралы
«Жобалау» ұғымы. Жобалау – кәсіби педагогикалық іс-әрекеттің ерекше түрі, педагогикалық шығармашылық формасы. Педагогикалық жобалау принциптері. Қазіргі уақыттағы білім берудегі жобалаудың салалары, түрлері. Әлеуметтік-педагогикалық, білім беру, психологиялық-педагогикалық жобалаудың логикасы мен мазмұны. Педагогикалық жобалау обьектілері: педагогикалық жобалау, педагогикалық үдеріс, педагогикалық ситуациялар. Педагогикалық жобалардың негізгі түрлері сипаттама.
Педагогикалық жобалау – педагогтың функциясы. Жобалау-зерттеу іс-әрекеті – педагогикалық шынайылықты өзгерту құралы, педагогтың инновациялық іс-әрекетінің, оның кәсіби құзіреттілігінің көрсеткіші ретінде.
Негізгі ұғымдар: педагогикалық жобалау, мұғалімнің жобалау іс-әрекеті, педагогикалық жобалар сипаттамасы.
Тақырып. Педагогикалық қарым-қатынас – педагогикалық үдеріс субъектілерінің өзара әрекеттесулерінің негізі ретінде
Қарым-қатынастың пәнаралық ұғым ретіндегі мәні. Қарым-қатынас іс-әрекеті түрі ретінде. Педагогикалық қарым-қатынас түсінігі. Педагогикалық қарым-қатынас құрылымы. Педагогикалық қарым-қатынастың қызметтері, кезеңдері, түрлері. Педагогикалық қарым-қатынас стилдері.
Әртүрлі жастағы оқушылардың қарым-қатынасындағы педагогикалық ерекшеліктер. Педагогикалық қарым-қатынасты орнатуға қойылатын талаптар. Оқушылардың ата-аналарымен педагогикалық қарым-қатынас. Оқушы тұлғасының жағымды «Мен»-тұжырымдамасының қалыптасуына педагогикалық қарым-қатынастың әсері. Коммуникабелділік – педагогтың кәсіби-тұлғалық сапасы ретінде. Мұғалімнің тіл табыса алу диагностикасы.
Тұтас педагогикалық үдеріске қатысушылардың педагогикалық қарым-қатынасты іске асыру әдістері. Қазіргі жағдайдағы мұғалімнің коммуникативтік құзіреттілігі.
Негізгі ұғымдар: қарым-қатынас, педагогикалық қарым-қатынас, қарым-қатынас стильдері, «Мен-тұжырымдамасы», коммуникативтік құзіреттілік.