ОбсӨж тақырыптары бойынша тапсырмалар

Н.4.02-01

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Филология факультеті

Қазақ филологиясы кафедрасы

«Бекітемін»

Факультет деканы

_______ ф.ғ.к. Р.С.Әміренова

(қолы) (аты-жөні, тегі)

« 28 » тамыз 2015 ж.

Студенттерге арналған пәннің

БАҒДАРЛАМАСЫ

(СИЛЛАБУС)

Пән:Қазақ тілі (В1,В2)

Мамандықтар:

Көкшетау

Студенттерге арналған пән бағдарламасы (силлабус) Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті 2014 жылы ұсынған, қазақ тілінің практикалық курсы бойынша типтік оқу бағдарламасы, ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты «Тілдің үштұғырлығы (қазақ, орыс, шетел тілдері)» Жоғары кәсіптік білім беру стандарты ҚР МЖББС 6.08.085-2010 жылғы ҚР МЖМБС негіздерінде құрастырылған

Қазақ филологиясы кафедра отырысында бекітілген

1 хаттама « 27 » тамыз 2015 ж.

Кафедра меңгерушісі ___________________________ ф.ғ.к.,доц О.А.Жумагулова

(қолы ) (тегі, аты,әкесінің аты)

Филологияжәне педагогика факультеттің оқу-әдістемелік комиссиясымен келісілген

1 хаттама « 28 » тамыз 2015 ж.

ФакультеттіңОӘК төрағасы________________ п.ғ.м., ак. доцент А.Қ.Құрманова

(қолы) (тегі,аты,әкесінің аты)

2. Оқытушы туралы мәлімет:

Молдагалиева Раушан Шамжановна

Қазақ филологиясы кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі

3. Пән туралы мәлімет:

Аты: «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу»

Өту уақыты: Сабақ кестесі бойынша

Оқу жоспарынан көшірме:

курс семестр Кредит саны   Дәріс сағаты Практ, семинар сабақтар сағаты Лаборат. сабағының сағаты ОБСӨЖ сағат саны СӨЖ Сағат саны   Барлығы   Бақылау формасы
- - емтихан

4. Пәннің пререквизиті:

Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы шарттарының бірі – оның қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет етуі және соған орай іс қағаздарының қазақша жүргізілуі.

Іс қағаздары қоғам өмірінде үлкен қызмет атқарады. Іс қағаздарының саяси, тарихи, құқықтық, экономикалық маңызы өте зор. Меклекет, республика, қала, кәсіпорын, ұйым, мекеме тарихын жазғанда іс қағаздары ақпараттың табылмас қайнар көзі бола алады.

Іс қағаздары – басқару қызметіндегі негізгі бір сала. Ұйымдар мен мекемелердің, кәсіпорындардың қызмет етуі барысында шығарған түрлі шешімдері, атқарған қызметі іс қағаздарынан айқын көрінеді. Сондықтан халық шаруашылығын басқаруды жетілдіру, оны ұйымдастыру деңгейін көтеру ондағы құжаттармен жұмыс істеудің қаншалықты ғылыми негізделгеніне тікелей байланысты. Іс қағаздарын жүргізу – басқару процесінің ажырамас бөлігінің бірі болып табылады.

Пәннің постреквизиті:

Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу қазақ тілі, орыс тілі, әдістеме, психология, педагогика ғылымдарымен тығыз байланысты.

Іс қағаздарын жүргізу – мекеме жұмысының нақты құжаттармен, деректермен реттелген, дәйектелген жұмысы.

Құжаттау дегеніміз кез-келген мекеменің қызметін, әрекетін көрсететін құжаттарды жасау, толтыру. Бұған дайын құжаттармен жұмыс та, мекеме ішіндегі дайындалған құжаттармен жұмыс та, сырттан келген құжаттармен жұмыс та, сондай-ақ оларды қабылдау, тіркеу, ол бойынша жұмыс істеу, орындалуын бақылау, құжаттарды қолдануға дайындау, архивке дайындау сияқты толып жатқан жұмыстар кіреді.

Құзыреттілігі:

Іс қағаздарын жүргізу-басқару процесінің ажырамас бөлігінің бірі болып табылады, себебі іс қағаздарын жүргізу мекеме жұмысының нақты құжаттармен , деректермен реттелген , дәйектелген жұмысы.Соған орай студент дайын құжаттармен жұмысты да, мекеме ішіндегі дайындалған құжаттармен жұмысты да , сырттан келген құжаттармен жұмысты да, сондай-ақ оларды қабылдау,тіркеу, ол бойынша жұмыс істеу, орындалуын бақылау, құжаттарды қолдануға дайындпу, архивке дайындау сияқты жұмыстарды білу керек.

5. Пәннің қысқаша сипаттамасы:

Қазақ тіліпәнінің мақсаты – мемлекеттік тіл болып табылатын қазақ тілінің коммуникативтік бағытын жүзеге асыру. Қазақ тілін оқытудың қарастырылып отырған деңгейлеріне сәйкес лингводидактикалық үлгі негізінде, бірыңғай әдістемені жүйелі жетілдіру. ЖОО-да қазақ тілін қарым –қатынас құралы деңгейіне айналдыру даңдыларын қалыптастыру. ЖОО түлектерінің еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, тілдік біліктілігі жоғары маман ретінде қалыптасуына мүмкіндік жасау. Пән бойынша білім игеретіп қана қоймай, өмірлік проблемаларды шешуге қажетті білік-дағдыларды меңгеруге бағыттау.

Пәннің міндеттері:

- Іс қағаздарын қазақша жүргізудің мемлекеттік құндылығын, әлеуметтік маңыздылығын, оның қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы шарттарының бірі екендігін ұғындыру;

- Іс қағаздарын жүргізудің дербес ғылым екендігін таныту;

- Іс қағаздарын жүргізудің тарих, саясаттану, архив ісі, тіл білімі, педагогика сияқты ғылым салаларымен байланысын көрсету;

- Мемлекетіміздің арқа сүйер болашақ мамандық иелерін іс қағаздарын толтырудың мемлекеттік стандарттары мен толтыру әдістері, жазылу стилі, қызметі, мақсаты сияқты білім негіздерімен қаруландырып, қазақ тілінің қоғам дамуындағы ролінің күшеюіне олардың өз септігін тигізуін қамтамасыз ету;

- Іс қағаздарының түрлері, оларға қойылатын талаптар, олардың безендірілуі, лексикасы сияқты ерекшеліктерімен таныстыру.

Пәннің қысқаша мазмұны:

Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы шарттарының бірі – оның қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет етуі және соған орай іс қағаздарының қазақша жүргізілуі. Іс қағаздары қоғам өмірінде үлкен қызмет атқарады. Іс қағаздарының саяси, тарихи, құқықтық, экономикалық маңызы өте зор. Мемлекет, республика, қала, кәсіпорын, ұйым, мекеме тарихын жазғанда іс қағаздары ақпараттың табылмас қайнар көзі бола алады.

Іс қағаздары – басқару қызметіндегі негізгі бір сала. Ұйымдар мен мекемелердің, кәсіпорындардың қызмет етуі барысында шығарған түрлі шешімдері, атқарған қызметі іс қағаздарынан айқын көрінеді. Сондықтан халық шаруашылығын басқаруды жетілдіру, оны ұйымдастыру деңгейін көтеру онда құжаттармен жұмыс істеудің қаншалықты ғылыми негізделгеніне тікелей байланысты.

Іс қағаздарын жүргізу – басқару процесінің ажырамас бөлігінің бірі болып табылады. Себебі іс қағаздарын жүргізу – мекеме жұмысының нақты құжаттармен, деректермен реттелген, дәйектелген жұмысы. Соған орай студентдайын құжаттармен жұмысты да, мекеме ішіндегі дайындалған құжаттармен жұмысты да, сырттан келген құжаттармен жұмысты да, сондай-ақ оларды қабылдау, тіркеу, ол бойынша жұмыс істеу, орындалуын бақылау, құжаттарды қолдануға дайындау, архивке дайындау сияқты толып жатқан жұмыстарды білуі керек.

6. Сабақ жоспары:

6.1. Аудиториялық сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары:

Мазмұны (тақырыпменсұрақтар) Дәріс сабақ / сағаты Практ., семин., сабақтар/ сағат Лаборатор сабақтар/ сағаты Оқу мен әдіст. әдебиетке сілтеме
Өмірбаян 1. Өмірбаян, оның лексикасы, жазылу ерекшелігі 2. Өмірбаян құрастыруға қажетті грамматикалық минимум.     №1, 32 б. №2, 8 б. №3, 4 б. №5, 165 б. №8, 12 б. №10, 4 б. №12, 5 б. №1, 32 б.
Резюме 1. Резюме, оның лексикасы, сөз қолданысы 2. Резюмеге қажетті грамматикалық минимум     №1, 34 б. №2, 15 б. №3, 36 б. №4, 150 б. №9, 162 б. №10, 14 б. №12, 10 б.
Визит карточкасы 1. Визит карточкасы, оның лексикасы 2. Визит карточкасын дұрыс құрастыру     №2, 18 б. №3, 48 б. №4, 137 б. №9, 124 б.
Өтініш.Бұрыштама. 1. Өтініш, оның лексикасы, жазылу ерекшелігі 2. Өтінішке қажетті грамматикалық минимум     №1, 19 б. №2, 9 б. №3, 8 б. №5, 154 б. №8, 42 б. №9, 79 б. №10, 30 б. №12, 17 б.
Арыз 1. Арыз, оның лексикасы, жазылу ерекшелігі 2. Арыз құрастыруға қажетті грамматикалық минимум     №1, 22 б. №2, 12 б. №3, 15 б. №4, 159 б. №8, 6 б, №9, 66 б. №12, 23 б.
Қолхат 1. Қолхат, оның лексикасы жазылу ерекшелігі 2.Қажетті грамматикалық минимум     №1, 72 б. №2, 13 б. №3, 25 б. №5, 168 б. №8, 7 б. №9, 292 б. №10, 92 б. №12, 151 б.
Сенімхат 1. Сенімхат, оның лексикасы 2. Сенімхаттың жазылу ерекшелігі     №1, 79 б. №2, 12 б. №3 20 б. №4, 176 б. №5, 167 б.
Кепілхат 1. Кепілхат, оның лексикасы, жазылу ерекшелігі 2. Кепілдеме хатты дұрыс даярлау     №1, 75 б. №12, 153 б.
Мінездеме 1. Мінездеме, оның лексикасы, сөз қолданысы 2. Мінездеме құрастыруға қажетті грамматикалық минимум     №1, 48 б. №2, 17 б. №3, 42 б. №4, 155 б. №8, 16 б.  
Хаттама 1. Хаттама, оның лексикасы, жазылу ерекшелігі 2. Хаттаманы дұрыс құрастыру     №1, 66 б. №2, 30 б., 71 б. №3, 124 б. №4, 113 б. №5, 160 б. №8, 18 б. №9, 243 б.
Хаттамадан көшірме 1. Хаттамадан көшірме, оның лексикасы, жазылу ерекшелігі 2. Хаттамадан көшірмені дұрыс құрастыру - - №1, 94 б. №2, 29 б.,67 б. №3 , 119 б. №4, 168 б. №9, 320 б. №10, 38 б. №12, 171 б.
Бұйрық, 1. Бұйрық, оның лексикасы, жазылу ерекшелігі 2. Грамматикалық минимум   - №2, 69 б. №5, 158 б. №8, 21 б.
Бұйрықтан көшірме 1. Бұйрықтан көшірме, оның лексикасы, жазылу ерекшелігі 2. Грамматикалық минимум - - №1, 83 б. №3, 138 б. №10, 59 б. №12, 155 б.
Келісімшарт 1. Келісімшарт, оның лексикасы, сөз қолданысы 2. Қажетті грамматикалық минимум - - №1, 90 б. №2, 34 б. №4, 162 б. №5, 180 б. №9, 320 б. №10, 49 б.
Қызметтік хаттар 1. Қызметтік хат , оның лексикасы, жазылу ерекшелігі 2. Грамматикалық минимум   - - №2, 19 б. №3, 53 б. №4, 125 б. №12, 64 б.
Өтініш хат 1. Өтініш хат, оның лексикасы 2. Өтініш хатты дұрыс құрастыру, басу       №2, 19 б. №3, 53 б. №8, 27 б.
Ресми хат 1. Ресми хат, оған қажетті сөз тіркестері 2. Ресми хатты дұрыс толтыру, құрастыру, басу       №2, 20 б. №3, 59 б. №4, 134 б.  
Сұраныс хат 1. Сұраныс хат, оның лексикасы, жазылу ерекшелігі 2. Сұраныс хатты толтыру бастыру     №2, 22 б. №3, 70 б. №4, 134 б.  
Ұсыныс хат 1. Ұсыныс хат, оның лексикасы, жазылу ерекшелігі 2. Ұсыныс хатты дұрыс құрастыру       №2, 21 б. №3, 65 б. №4, 134 б.  
Жолдама хат 1. Жолдама хат, оның лексикасы, жазылу ерекшелігі 2. Жолдама хатты дұрыс даярлау       №2, 23 б. №3, 76 б. №4, 135 б.  
Анықтама. 1. Анықтама, оның лексикасы, жазылу ерекшелігі       №2, 26 б. №3, 94 б. №4, 135 б.    
Шақыру хат.Алғыс хат. 1. Шақыру хат, оның лексикасы, жазылу ерекшелігі 2. Қажетті грамматикалық минимум       №8, 29 б. №12, 54 б.
Хабарламахат 1. Хабарламахат, оның лексикасы, жазылу ерекшелігі 2. Қажетті грамматикалық минимум       №9, 202 б. №10, 97 б.
Ақпарат хат 1. Ақпарат хат, оның лексикасы, жазылу ерекшелігі 2. Ақпарат хатты дұрыс даярлау құрастыру       №2,25 б. №3, 88 б.  
Хабарландыру 1. Хабарландыру, оның лексикасы, жазылу ерекшелігі 2. Хабарландыру құрастыруға қажетті грамматикалық минимум.     №1, 59 б. №8, 34 б. №9, 138 б. №10, 20 б. №12, 51 б.
Жарнама 1. Жарнама, оның лексикасы, жазылу ерекшелігі 2. Қажетті грамматикалық     №12, 47 б
Баяндау хат 1. Баяндау хат, оның лексикасы, жазылу ерекшелігі 2. Баяндау хатқа қажетті грамматикалық минимум     №2, 24 б. №3, 82 б. №5, 177 б. №8, 26 б.
Түсініктеме 1. Түсініктеме, оның лексикасы 2. Дұрыс түсініктеме құрастырып, басу     №2, 14 б. №3, 30 б. №5, 176 б. №12, 41 б.
Жеделхат 1. Жеделхат, оның лексикасы, жазылу ерекшелігі 2. Жеделхат құрастыруға қажетті грамматикалық минимум.       №2, 26 б. №3, 100 б. №4, 142 б. №5, 173 б.
  1. Акт оның лексикасы, жазылу ерекшелігі 2. Қажетті грамматикалық минимум     №2, 27 б. №3, 105 б. №4, 145 б. №5, 175 б. №12, 63 б.

6.2 ОБСӨЖ күнтізбелік-тақырыптық жоспары:

ОБСӨЖ тақырыптары ОБСӨЖ сағат саны Оқу мен әдіст. әдебиетке сілтеме (негізгі, қосымша) Басқа көздер (сайттар, электр. оқулықтары)
  Өмірбаян №1, 32 б. №2, 8 б. №3, 4 б. №5, 165 б. №8, 12 б. №10, 4 б. №12, 5 б.  
Резюме.Кадрлар жөніндегі жеке іспарағы. №1, 34 б. №2, 15 б. №3, 36 б. №4, 150 б. №9, 162 б. №10, 14 б. №12, 10 б.  
Визит карточкасы   №2, 18 б. №3, 48 б. №4, 137 б. №9, 124 б.  
Өтініш,бұрыштама   №1, 19 б. №2, 9 б. №3, 8 б. №5, 154 б. №8, 42 б. №9, 79 б. №10, 30 б. №12, 17 б.  
Арыз №1, 22 б. №2, 12 б. №3, 15 б. №4, 159 б. №8, 6 б, №9, 66 б. №12, 23 б.  
Қолхат   №1, 72 б. №2, 13 б. №3, 25 б. №5, 168 б. №8, 7 б. №9, 292 б. №10, 92 б. №12, 151 б.  
Сенімхат   №1, 79 б. №2, 12 б. №3 20 б. №4, 176 б. №5, 167 б. №8, 11 б., 13 б. №9, 270 б. №10, 84 б. №12, 143 б.    
Кепілхат   №1, 75 б. №12, 153 б.    
Мінездеме №1, 48 б. №2, 17 б. №3, 42 б. №4, 155 б. №8, 16 б. №12, 36 б.  
Хаттама   №1, 66 б. №2, 30 б., 71 б. №3, 124 б. №4, 113 б. №5, 160 б. №8, 18 б. №9, 243 б.  
Хаттамадан көшірме   №1, 94 б. №2, 29 б.,67 б. №3 , 119 б. №4, 168 б. №9, 320 б. №10, 38 б. №12, 171 б.  
Бұйрық,   №2, 69 б. №5, 158 б. №8, 21 б.  
Бұйрықтан көшірме   №1, 83 б. №3, 138 б. №10, 59 б. №12, 155 б.  
Келісімшарт №1, 90 б. №2, 34 б. №4, 162 б. №5, 180 б. №9, 320 б. №10, 49 б.  
Қызметтік хаттар   №2, 19 б. №3, 53 б. №4, 125 б. №12, 64 б.  
Өтініш хат   №2, 19 б. №3, 53 б. №8, 27 б.  
Ресми хат   №2, 20 б. №3, 59 б. №4, 134 б.  
Сұраныс хат   №2, 22 б. №3, 70 б. №4, 134 б.  
Ұсыныс хат   №2, 21 б. №3, 65 б. №4, 134 б.  
Жолдама хат   №2, 23 б. №3, 76 б. №4, 135 б.  
Анықтама   №2, 26 б. №3, 94 б. №4, 135 б.  
Шақыру хат   №8, 29 б. №12, 54 б.  
Хабарламахат   №9, 202 б. №10, 97 б.  
Ақпарат хат   №2,25 б. №3, 88 б.    
Хабарландыру   №1, 59 б. №8, 34 б. №9, 138 б. №10, 20 б. №12, 51 б.  
Жарнама №12, 47 б.    
Баяндау хат   №2, 24 б. №3, 82 б. №5, 177 б. №8, 26 б.  
Түсініктеме   №2, 14 б. №3, 30 б. №5, 176 б. №12, 41 б.  
Жеделхат     №2, 26 б. №3, 100 б. №4, 142 б. №5, 173 б.  
Акт   №2, 27 б. №3, 105 б. №4, 145 б. №5, 175 б. №12, 63 б.  

ОБСӨЖ тақырыптары бойынша тапсырмалар

ОБСӨЖ тақырыптары Кейс тапсырмалары
Өмірбаян 1. Сіңліңіз «Қазақ тілі» пәні бойынша республикалық олимпиадаға қатысуы үшін құжат дайындауы керек. Оған өмірбаян жазуға көмек көрсетіңіз. 2. Анаңыздың «Алғабас» биржасының аға лаборанты қызметіне жұмысқа алынуына байланысты бірінші жақта өмірбаянын жазыңыз. 3. Көршіңізге «Арай» азық-түлік дүкенінің сатушысы болып жұмысқа орналасуына байланысты өмірбаянын жазуға көмек көрсетіңіз.
Резюме 1. Халық банкінен несие алу үшін түйіндеме үлгісін жазыңыз. 2. Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетінің редакциясына тілшілік қызметке үміткер ретінде түйіндеме үлгісін жазыңыз. 3. Көкшетау қаласының М.Ғабдуллин атындағы № 3 мектеп-кешенінің оқу ісі меңгерушісі қызметіне үміткер ретінде түйіндеме үлгісін жазыңыз.
Визит карточкасы   1. Сіз «Келешек» тұрғын үй құрылысы АҚ президентісіз. Өзіңіздің визит карточкаңыздың үлгісін жасаңыз. 2. Сіз «Көкшетау минсулары» АҚ вице-президентісіз. Өзіңіздің визит карточкаңыздың үлгісін жасаңыз. 3. Сіз «Шапағат» жекеменшік баспасының бас редакторысыз. Өзіңіздің визит карточкаңыздың үлгісін жасаңыз.
Өтініш   1. Инженер-экономикалық факультетінің деканы И.С.Савченконың атына 14 желтоқсаннан 18 желтоқсан аралығында болатын сабақтардан босату туралы өтініш жазыңыз. 2. «Валют-Транзит Ломбард» банк директоры В.Винокуровтың атына 10 күн мерзімді іс-сапарға жіберу туралы өтініш жазыңыз. 3. № 1 қазақ орта мектебінің директоры А.А.Алиевтің атына экономика және құқық негіздері пәнінен мұғалім ретінде жұмысқа қабылдау туралы өтініш жазыңыз
Арыз 1. Электр жүйесінің бастығы Н.Николаевқа сіз тұратын көшеде жарықтың жоқ екендігі туралы арыз жазыңыз. 2. Қалалық санэпидстанция бастығы атына ауладағы санитарлық жағдайдың нашарлығы туралы арыз жазыңыз. 3. Қалалық су жүйелерін басқару комитетінің төрағасы атына қаладағы кейбір тұрғын үйлердің жоғары қабаттарына су келмейтіндігі туралы арыз жазыңыз.
Қолхат   1. М.Жұмабаев атындағы облыстық кітапхана архивінің сирек кітаптар бөлімінен бір аптаға кітап алғандығыңыз туралы қолхат беріңіз. 2. Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 59-үй, 4-пәтерді иесінен 1 жылға уақытша пайдалануға алатындығыңыз туралы қолхат беріңіз. 3. Көршіңізден 10 күнге құны 70000 (жетпіс мың) теңге тұратын компьютерін алғандығыңыз туралы қолхат беріңіз.
Сенімхат   1. Өзіңіздің ініңіз А.Е.Болатовқа «Волга-3110» маркалы машинаңызды бір жылға жүргізуіне сенімхат беріңіз. 2. Семей қаласындағы «Айналайын» ААҚ-мен мәміле жасауға сенім білдіретіндігіңіз туралы сенімхат беріңіз. 3. Бақытов Қайрат Ержанұлына барлық мекемелерде өзіңіздің істеріңізді жүргізуге сенетіндігіңіз туралы сенімхат беріңіз.
Кепілхат   1. Жандос Аяповқа өзіңіз тұратын үйді сатуға және сіз үшін барлық құжаттарға қол қоюға сенетіндігіңіз туралы кепілхат беріңіз. 2. Ініңізге өз атыңыздан қол қойып, үйіңіздің техникалық паспортын істеуге сенім білдіретіндігіңіз туралы кепілхат беріңіз. 3. Жұмысыңыз бойынша іс-сапарға шығып, «Мадис» жарнама агенттігінен құнды заттар ала келуге арналған кепілхат беріңіз.
Мінездеме 1. Ғылыми-техникалық орталықтың бас маманы қызметіне ұсыну туралы мінездеме беріңіз. 2. Бас маманды жаңа қызметке жоғарылату туралы мінездеме беріңіз. 3. Мектепте педагогикалық тәжірибеден өту үшін мінездеме беріңіз.
Хаттама   1. Студенттердің педагогикалық тәжірибе өтуін ұйымдастыру мәселесіне арналған хаттама құрастырыңыз. 2. Ағымдық, аралық аттестацияны қабылдаудың жолдары туралы хаттама құрастырыңыз. 3. Кәсіподақ комитеті мәжілісінің хаттамасын жазыңыз.
Хаттамадан көшірме   1. Студенттердің педагогикалық тәжірибе өтуін ұйымдастыру мәселесіне арналған хаттамадан көшірме жасаңыз. 2. Ағымдық, аралық аттестацияны қабылдаудың жолдары туралы хаттамадан көшірме жасаңыз 3. Кәсіподақ комитеті мәжілісінің хаттамадан көшірме жасаңыз
Бұйрық,   1. Еңбек тәртібін ұдайы бұза бергендігіне байланысты жұмыстан шығару туралы бұйрық шығарыңыз. 2. Ресми сапарға кету туралы бұйрық шығарыңыз. 1. Айрықша жұмыс жағдайлары үшін қызметкерлеріңізге ақшалай сыйлық беретіндігіңіз туралы бұйрық шығарыңыз.
Бұйрықтан көшірме   1. Еңбек тәртібін ұдайы бұза бергендігіне байланысты жұмыстан шығару туралы бұйрықтан көшірме жасаңыз. шығарыңыз. 2. Ресми сапарға кету туралы бұйрықтан көшірме жасаңыз. шығарыңыз 3. Айрықша жұмыс жағдайлары үшін қызметкерлеріңізге ақшалай сыйлық беретіндігіңіз туралы бұйрықтан көшірме жасаңыз. шығарыңыз.
Келісімшарт 1. Жоғары оқу орындары арасындағы шығармашылық ынтымақтастық туралы келісімшарт жасаңыз. 2. «Нарықтық экономика және ауыл шаруашылығын дамыту» деген тақырыпта лекция оқу туралы келісімшарт жасаңыз.
Қызметтік хаттар   1. Техникалық лицейдің директоры атынан Көкшетау қаласындағы М.Жұмабаев атындағы облыстық кітапхана директорына кітапхананың оқу залында лицей оқушыларының дайындалуына жағдай жасауын өтініп хат жазыңыз. 2. «Репетитор» ЖШС директоры атынан «Шоқан Уәлиханов» кітап дүкенінен оқу-әдістемелік әдебиеттерді алу үшін өтініш хат үлгісін жазыңыз. 3. «Полиглот» жекеменшік кәсіпорны басшысы атынан жергілікті телевидениенің жарнама бөлімінің редакторына жарнамалық сюжет дайындауды өтініп хат жазыңыз.
Өтініш хат   1. Техникалық лицейдің директоры атынан Көкшетау қаласындағы М.Жұмабаев атындағы облыстық кітапхана директорына кітапхананың оқу залында лицей оқушыларының дайындалуына жағдай жасауын өтініп хат жазыңыз. 2. «Репетитор» ЖШС директоры атынан «Шоқан Уәлиханов» кітап дүкенінен оқу-әдістемелік әдебиеттерді алу үшін өтініш хат үлгісін жазыңыз. 3. «Полиглот» жекеменшік кәсіпорны басшысы атынан жергілікті телевидениенің жарнама бөлімінің редакторына жарнамалық сюжет дайындауды өтініп хат жазыңыз  
  Ресми хат   1. «Полиглот» жекеменшік кәсіпорны басшысының атынан мектеп директорына ағылшын, неміс, француз тілдерін оқытудың компьютерлік бағдарламалары сатылатынын хабарлап, ресми хат үлгісін жазыңыз. 1. 2. Аудандық тұтынушылар құқығын қорғау қоғамының бас маманы атынан СЭС бас дәрігерінің атына құрамында денсаулыққа зиянды компоненттері бар азық-түлік тізімдемесін хабарлап, ресми хат үлгісін жазыңыз. 2. 3. Сіздің фирмаңыз туралы жалған ақпарат берген жергілікті газеттің бас редакторының атына айтылған фактілерді жоққа шығаратын деректер келтіріп, келесі газет санында кешірім сұрауын талап етіп, ресми хат үлгісін жазыңыз.  
Сұраныс хат   1. Облыстық кітапхана меңгерушісінің атына 2006 жылы өткізілетін оқырмандар конференциясының тақырыптарын сұрап, мектеп директорының атынан сұраныс хат үлгісін жазыңыз. 2. Қалалық оқу бөлімінің бастығына қажетті маман мұғалімдерді жіберуін сұрап, мектеп директоры атына сұраныс хат үлгісін жазыңыз. 3. «Келешек» жекеменшік баспаның бас редакторының атына автордың атынан кітапты 500 данамен қайта Шығару керектігі туралы сұраныс хат үлгісін жазыңыз  
Ұсыныс хат   1. Мектептің педагогикалық кеңесі атынан мектеп директорына тәжірибелі ұстазды мектептің тәрбие ісінің меңгерушісі қызметіне ұсыну туралы хат үлгісін жазыңыз. 2. Студенттердің атынан факультет деканы атына хат жазып, үздік студентті факультет кеңесінің мүшесіне ұсыныңыз. 3. Кәсіпорын басшысының атына білікті маманмен келісімшартты ұзартуды ұсынып, бөлім меңгерушісінің атынан ұсыныс хат үлгісін жазыңыз.
Жолдама хат   1. Облыстық кітапхана меңгерушісінің атынан 2006 жылы оқырман конференцияларының тақырыпттық жоспары мен авторлармен кездесу кештерінің жоспарын жіберуі туралы мектеп директорының атына жолдама хат үлгісін жазыңыз. 2. Қалалық оқу бөлімі бастығының атына қызмет бабымен ауысқан маманның құжаттарын жібергені туралы жолдама хат үлгісін жазыңыз. 3. «Мерей» жиһаз жасау АҚ-ның атынан Халық банкінің кредиторының жұмыс орнынан және еңбекақысы туралы анықтамасын жібергені туралы банк директорының атына жолдама хат үлгісін жазыңыз.  
Анықтама 1. Қалалық емхана атынан мектеп директоры атына тұмау сырқатымен ауырғандығыңыз туралы анықтама әкеліңіз. 2. Оқу бөлімі атынан факультеттерге жазғы сессияның материалдары (билеттер, тестер) электронды нұсқада тапсырылуы керектігін мәлімдейтін анықтама үлгісін жазыңыз. 3. Республикалық спорт комитеті атынан қалалық спорт комитеттеріне олимпиадалық резервтің құрамындағы спортшылардың Шымбұлақ базасында 2.03-5.03.2006 аралығында жаттығу өткізілетінін мәлімдейтін анықтама хаттың үлгісін жазыңыз.  
Шақыру хат   1. Студенттердің ғылыми-практикалық конференциясына шақыру хат құрастырыңыз. 2. Университет көлемінде өтетін «Тілдер шеруі» фестиваліне шақыру хат құрастырыңыз.
Хабарламахат   1. Студенттердің ғылыми-практикалық конференциясы туралы хабарламахат құрастырыңыз. 2. Университет көлемінде өтетін «Тілдер шеруі» фестивалі туралы хабарламахат құрастырың  
Ақпарат хат   1. Облыстық спорт және туризм бөлімінің ұйымдастыруымен аймақтық жеңіл атлетикадан спартакиада өткізілмекші. Осы мәселеге орай барлық жағдайды ескеріп, ақпарат хат үлгісін жазыңыз. 2. Қалалық СЭС-тің ұйымдастыруымен «Нашақорлық пен жас ағзаныің ерекшелігі» атты конференция өткізілмекші. Осы мәселеге байланысты ақпарат хат үлгісін жазыңыз. 3. «Атамұра» республикалық баспасынан осы жылы жоспарланған әдебиеттерді көрсетіп, ақпарат хат үлгісін жазыңыз.  
Хабарландыру   1. Студенттердің педагогикалық тәжірибесінің нұсқау конференциясы туралы хабарландыру құрастырыңыз 2. Университет көлемінде өтетін «Тілдер шеруі» фестивалі туралы хабарламахат құрастырыңыз.
Жарнама 1. Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 12-ұйді сату туралы жарнама құрастырыңыз. 2. «Жұмыс іздеймін» айдарына жарнама құрастырып беріңіз.
Баяндау хат   1. Факультет деканының атына студенттердің себепсіз сабақ босатқанын мәлімдеп, оқытушы атынан баяндау хат жазыңыз. 2. Қалалық білім беру басқармасының атына биылғы оқу жылына 1-сыныпқа 420 бала қабылданатынын мәлімдеп, бастауыш сынып мұғалімінің 3 штаттық орнын сұрап, мектеп директоры атынан баяндау хат үлгісін жазыңыз. 3.Бөлім меңгерушісінің атына тоқсан қорытындыларын, тауар сапасы мен сатылу деңгейі туралы мәлімдеп, менеджер атынан баяндау хат үлгісін жазыңыз.
Түсініктеме     1. Қысқы сессияны алдын-ала тапсыруыңыздың себебі туралы түсініктеме беріңіз. 2. Диплом алуда не себепті фамилияңызды өзгертетіндігіңіз туралы түсініктеме беріңіз. 3. Екі ай бойы сабаққа қатыспағандығыңыз туралы түсініктеме беріңіз. Қысқы сессияны алдын-ала тапсыруыңыздың себебі туралы түсініктеме беріңіз.  
Жеделхат   1. Алматы қаласы, Достық даңғылы, 2-үй, 2-пәтерде тұратын досыңа туған күнімен құттықтайтындығыңыз туралы жеделхат жазыңыз. 2. №1 орта мектеп директоры атына 50 жылдық мерейтойымен құттықтайтындығыңыз туралы жеделхат жазыңыз. 3. Ата-анаңа 27.03.2005 жылы №15 Алматы – Петропавл жүрдек пойызынан күтіп алуларын сұрайтындығыңыз туралы жеделхат жазыңыз.
  Акт   1. Аударма жұмысы.  

Наши рекомендации