Тақырып: Білім жүйесіне этнопедагогиканы ендіру тәжірибелері

Мақсаты: Этнопедагогикалық тәжірибелер арқылы білім беру

Дәріс мазмұны:

1. Этномәдени технологиялар

2. Тәрбие жүйесінің моделдік құрылымы

Әлемдік қоғамдағы интеграциялық тенденциялардың, этникалық өзіндік сананың тез өсуі, ұлттық мәдениеттің дамуына деген үлкен зейінді қажет етеді. Дәл сол мәдениеттің көптігі поли мәдениттілік білімді қарастыруды көздейді. Зерттеу бойынша гуманизациялық тенденциялардың негізінде және этникалық факторлардың өсуіне байланысты үш себебін көрсетеді: адамзаттық мәдениет дамуының дағдарыстық сипатының дамуын сезіну ия саяси, экономикалық ,ұлттық,рухани- адамгершілік және басқа да мәселелердің өзектіленуі, тарихи тәжірибені бағалап, қазіргі қоғамдағы мәдени құндылықты бағалаудың дамуына сай жаңаны шығару; ғылыми білімнің интеграциясы және сана үрдісінің интенсификациясы.

Тәрбие процесіндегі – интеграциялық үрдістің сандық этникалық компонентін шектеуге болмайды, себебі тәрбие мақсаты- тұлғаны жан- жақты дамыту.Ұлттық білімнің қазіргі моделі этномәдени идентификация принципіне бағытталуы керек. Индевид өзін әлемдік мәдениетпен сәйкестендіруден бұрын өзінің ұлттық мәденитімен танысу керек.

Этнопедагогика қоғамға, адамға деген ғасырлар бойғы дәстүрдің қатынасын жүргізеді.Халықтық педагогика практикалық тәрбие міндетін шешкенде көрінеді және ол күнделікті өмірде адам санасына ақыл- ой, адамгершілік,экологиялық, эстетикалық, дене, мәдениет және еңбек дағды аспектілері арқылы енеді. Мысалы, бала тұлғасын тәрбиелеуде якуттар жанұясы айна іліміндегі тоғыз жағдаймен сәйкестендіреді:

Ø дұрыс қозғалыс;

Ø Сібірдің экологиялық тұрғыдан таза азық- түлік түрлерімен дәстүрлі тамақтану;

Ø өмірді дұрыс ұйымдастыру;

Ø уақтылы оқу;

Ø белсенді формамен пайдалы демалыс;

Ø адамға деген сенімділік қарым- қатынас;

Ø интеллектуалды даму;

Ø дәстүрлі сенім;

Ø тиімді іс-әрекет.

Бұл өзіндік әрбиелеудің негізгі бағыттары болып табылады.Бұл бағыттар Якутияда дәстүрлі түрде жас ұрпаққа беріліп отырады. Кавказ халықтарының көпшілігі геронтотомия дәстүрін сақтайды, яғни қоғамдық өмірде негізгі орын алған үлкендерді құрметтеу дәстүрі.Ал балқарларда адамгершілік қасиеттер маңызды: шыдамдылық, бейбітшілік сүйгіш.Балқар халқы «Даналылық және салмақтылық- таза алтын негіз»,- дейді.Балқарлардың ұлттық педагогикасы квинтэссенция, адамгершілікке бағытталған «адамилық».

Ұлы орыс ойшылы И.Л. Ильина тәрбие туралы: «Адамдар қаласа да, қаламаса да, саналы сезінсе де, сезінбесе де, қолынан келсе де келмесе де бір-бірін үздіксіз тәрбиелейді, ол жауапкершілікпен, интонациямен, талап пен сұраумен, қарым-қатынаспен жүзеге асады.»

Халықтық даналылық – білімнің таусылмас көзі, үлгі. Христиандарда, мұсылмандарда, будда да, иудаизмде үлкен адамның беделінің жоғары болуы кездейсоқ емес.

БҰҰ жән ЮНЕСКО ХХІ ғасыр алғашқы он жылдығын толеранттылық деп атады. Осы қасиетті тәрбиелеуде этнопедагогика үлкен роль атқарады. Толеранттылық идеясы тәрбиелік іс-әрекетте ғана емес, сонымен қатар оқу іс-әрекетінде де болуы керек. Ол балабақшада, мектепте, колледж, ЖОО-да жүзеге асады. Мұндай тәжірибе РФ қолданылып келеді.

Этномәдениеттілікті қалыптастыру мынадай іс-әрекет формалары арқылы іске асады:

факультативтер

үйірмелер

ұлттық мәдени орталықтар

біріккен шығармашылық;

ұлттық шығармашылықты дамыту;

жерлестермен байланыс жасау.

Толеранттылық идеясы тәрбиелік іс- әрекетте ғана емес, сонымен қатар оқу іс- әрекетінде де болуы керек. Ол балабақшада, мектепте, кәсіптік мектепте, колледж мен жоғары оқу орындарында да жүзеге асады.

Сабақтан тыс білім кешенінде ұлттық кулинарлы шеберлік көрмесі, жыл бойында болатын ұлттық өнер фестивалі, ұлттық апталықтар шаралары ұйымдастырылады. Нәтижесінде 8 жыл ішінде ұлтаралық және діни негіздегі ешқандай конфликт болмайды. Ал психологиялық және педагогикалық диагностика оқушылардың толеранттылық индексінің жоғарылылығын көрсетті.

Дәріс

Тақырып:Ұлттық тәрбиені сахна арқылы іске асыру жолдары

Наши рекомендации