Тұлғааралық кикілжіңнің құрылымы

Кикілжіңнің құрылымы кикілжіңдік жағдайда тұрақты байланыс ретінде оның бүтіндігін, өз өзіне деген , басқа әлеуметтік құбылыстардан айырмашылығы. Кикілжіңнің құрылымының негізгі компоненттері 1-кестеде көрсетілген.

«Кикілжің» терминінен басқа жиі қолданысқа кикілжіңге негізгі түсінік ретінде, «кикілжіңдік жағдай» термині де қолданылуда. Кикілжіңді жағдай өзімен бірге кикілжіңнен үзінді, оның даму көрінісін көрсетеді. Сондықтан да кикілжіңнің құрылымы кикілжіңді жағдайдың құрылымы ретінде де қарастырыла береді. Әр кикілжіңді жағдайдың объективті мазмұны мен субъективті мағынасы бар. Объективті жағына кикілжіңнің қатысушылары, кикілжіңнің пәні, кикілжің объекті, микро және макроаралығы. Субъективті мазмұнға кикілжіңге қатысушы екі жақтың себептері, кикілжіңді мінез-құлық, кикілжіңді жағдайдың ақпаратты моделінен құралады. Берілген элементтермен толығырақ танысайық.

Кикілжіңнің қатысушылары. Әр кикілжіңде негізгі қатысушылары болып адамдар табылады. Олар жеке, әлеуметтік заңды тұлғаларда болуларына да, бір топқа жиналуларына да болады.

Негізгі қатысушыларға байланысты кикілжіңнің төмендегі түрлері болады.

Кикілжіңнің құрылымы (Анципова А.Я., Шипилова А.И.)

Кикілжіңді жағдай

Кикілжіңнің пәні

Кикілжіңді жағдайдағы кикілжіңді жағдайдағы

ақпараттық үлгі ақпараттық үлгі

           
  тұлғааралық кикілжіңнің құрылымы - student2.ru   тұлғааралық кикілжіңнің құрылымы - student2.ru
 
  тұлғааралық кикілжіңнің құрылымы - student2.ru   тұлғааралық кикілжіңнің құрылымы - student2.ru

тұлғааралық кикілжіңнің құрылымы - student2.ru

Оппонент 1 Оппонент 2

               
  тұлғааралық кикілжіңнің құрылымы - student2.ru   тұлғааралық кикілжіңнің құрылымы - student2.ru   тұлғааралық кикілжіңнің құрылымы - student2.ru   тұлғааралық кикілжіңнің құрылымы - student2.ru

Басқа қатысушылар Басқа қатысушылар

1 кесте. Микро және макро қоршаған орта

1. Ішкі тұлғалық – тұлғалардың ішкі өмірінің құрылымының күресінен созылғаннан, жағымсыз өткір қобалжу болады, әлеуметтік қоршаған ортамен қарама-қарсылы байланыстардан және шешім қабылдауда артта қалуында көрінеді.

2. Тұлғааралық кикілжің – екі немесе одан да көп жеке тұлғалардың арасында болады. Сонымен қатар бұнда қажеттілік, себеп, мақсат, құндылықтың сәйкес келмеуі және әр түрлі адамның бағыт қоюымен болады.

3. Тұлғалы-топтық кикілжің негізінен тұлғалардың топтық нормасына және болжамдарына мінез-құлықтарының сай келмеуінен туындайды.

4. Топ аралық, бұл жағдайда мінез-құлықтың шегі, мақсат әр түрінен болмайтын қақтығыс немесе әр топтағы әр түрлі құндылық.

Конфликтіге қатысу деңгейі (тікелей немесе жанама түрде оның дамуына әсер ету) келесілерді бөледі:

Негізгі кикілжіңге қатысушылар белсенді (қарсыластық немесе қорғану) бір-біріне деген іс-әрекеттерді жүзеге асырады.

Қолдау тобы – кикілжіңді белсенді іс-әрекеттерімен немесе өзіндік қатысуымен түп тамырынан өзгеруіне әсер ете алатын күш.

Басқа қатысушалыр – кикілжіңнің шешіміне, барысына, эпизодикалық әсер ететін субъектілер, мысалы, судьялар, кикілжіңді тудырушылар.

Кикілжіңнің пәні – екі жақтың арасындағы қызмет атқаратын объективті бар немесе ойдан шығарылған мәселе. Бұл негізгі қарама-қарсылық мәселені шешуінде екі жақтың қарсылыққа баруы.

Кикілжіңнің нысаны – екі жақтың ортақ қызығушылықтарындағы қиылысуында жататын материалдық, әлеуметтік немесе жан құндылығы, оны иеленуге немесе қолдануда екі жақта ұмтылады.

Кикілжіңнің өтуіндегі шарттар – қоршаған сыртқы ортадан пайда болатын кез келген қарсы көзқарастың мінездемесінің арқасында кикілжің пайда болады.

Кикілжіңді жағдайдың өтуіндегі негізгі шарттар:

1. Кеңістік пен уақыт (қарсылықтың жүзеге асу уақытымен әсері, осы уақыт аралығында ол шешімін табу керек)

2. Әлеуметтік-психологиялық (конфликтідегі топтың климаты өзара қарым-қатынастағы тип және деңгей)

3. Әлеуметтік (әр түрлі әлеуметтік топтардың көзқарастарының әртүрлілігі: жанұялық, мамандықтық, этникалық және ұлттық, т.б.).

7-ші дәріс. Қиын баланы тәрбиелеудегі оқу тәрбие үрдісіндегі кездесетін қиыншылықтар

Лекцияның мақсаты Қиын баланы тәрбиелеудегі оқу тәрбие үрдісіндегі кездесетін қиыншылықтар және оларды шешу жолдарын анықтау

Лекцияның жоспары:

1.Зейін және оқу тәрбие үрдісіндегі қиындықтар.

2.Сенсорика. Оқу –тәрбие үрдісіндегі қиын мәселелер

3.Қабылдау және оның оқу –тәрбие үрдісіндегі дербестік типтік ерекшеліктерді ескеру.

4. Ес, ойлау,елес және оқу тәрбие үрдісіндегі ерекшеліктер.

Негізгі ұғымдар:Зейін, сенсорика, қабылдау, ес, ойлау, елес

Оқу материалдарын қабылдау оқушының танымдақ іс -әрекетінде іске асырылады. Көп жағдайда ауытқушылық қылықтың, тәртіптің т.б. білімді меңгере алмаудан болады. Психологиялық танымдық үрдісті айтпас бұрын зейін жөнінде айтуымыз керек. Бұл жеке психикалық процеске жатпайды. Бірақ сананың барлық түріндегі іс-әрекеттегі қажетті жағдайды ықылассыз зейінде хабарланған толық оқуда білімді терең игеру мүмкін емес№ сонымен қоса адам өз зйінін басқара алмағандық көптеген өмірлік қиындықтарды ұйымдастырылмаған импульсивті тұлға етеді. Зейін дегеніміз – белгілі бір сананың шағылуын оның болуына мүмкіншілік жасайтын сананың белгілі бір объектіге бағытталғандығымен топталуы. Зейіннің 3 түрі айқындалады:

1. ырықты

2. ырықсыз

3. ықылассыз

Ырықсыз деген – сыртқы тітіркену мінезінен психикалық күйден адам

өткен өмірн тәжірибесінен тікелей қызығушылығынан (оның күші, жыңышылдығы, іс-әрекеттің ұзақтығы) оқушының сабақтағы ырықсыз зейініне себепші болу белсенді оқу іс-әрекетіне қосылу бастамасы болады.

Болашақта оқушының оқу пәніне деген қызушылығына мүмкіндік жасайды.

Ырықты зейінді тәрбиелеу оқушының оқу үрдісінің нәтижесіне бағыттаумен орталандырылыған қызығушылықты қалыптастыруға байланысты. Мысалы: шет тілі пәнінде оқушылар лингвистикалық білім алу үшін емес, болашақ өміріндегі шет еллдегі болашақ саяхат жасаудағы қарым-қатынас ету жөнінде білім алғылары келеді.

Кіші мектеп оқушыларының жаңғалақтығы көбіне ұзақ уақыт назарда болуынан пайда болады. Оқушылардың жаңғалақтығынан арылту үшін тәрбиеші балада белгілі бір білім не еңбек саласына қызуғышылықты қалыптастыруды тиіс және үйде оқушыларға қолайлы жағдай ұйымдастыру керек. Балалар күн тәртібін сақтаса ол да жаңғалақтықтың алдын алуға көмектеседі. Жаңғалақтық баладағы ауытқушылық мінез пайда болуына әсер етеді.

2. Сенсорика танымдылық саласы дамымаған оқушылардыңкөпшілігі қиын балаларға жатады.

Сенсорлық даму деп стадия (сезінуі, қабылдануы, есі, ойлауы, елес) Жас өспірім немесе бала ақылының дамуының кемітігінің жеке психикалық танымдылық үрдістерінің жетіспегенінен немесе оқытушының бегілі бір танымдық іс-әрекет түріндегі құмартушылықты ескермеуінен бала және жас өспірім оқығысы келсе де оқи алмайды

Сезіну қарапайым психикалық танымдылық үрдіс. Сезім органдарына тікелей тітіркенуші ағзаның сезім орталығына әсер етуші іс-әрекет. Анализаторлар ағзаның анатомиялық физиологиялық сезім тудырудағы іс-әрекетпен байланысы (көру, сезу, іс түйсігі) Адамның 80-90%і жаңалықты көру арқылы (сезімдік қабілеттілігі) Түйсік қабілеттілігінің болуы сезімдік деп айтылады.

Сезімдіктің 2 түрі бар:

1. абсолютті

2. айыра білу

Абсолютті сезімділік-ұсақ тітіркендіргіштерді сезіну тән

Айыра білу сезімділігі-әлсіз 2 тітіркендіргіштерді ажыратуда түйсіну тән.

Зейінді басқара алу адамдарға көптеген өмірдегі қиыншылықтарды жеңе алуға көмектеседі. Оқушылар мен мұғалімнің жағымсыз іс-әрекеті тоқтауға тосқауыл қойғаннан гөрі зейінді пайдалы іске асыру арқылы улкен жетістікке жетуге болады. Оқушының зейінсіздіктігінің ішкі және сырқы себептері:

- педагогиканың оқу материалдарын берудегі қызығушылықтарының жоқтығы

- сыныптағы тәртіптің нашар болуына , сабақтың жоспарының түсініксіз болуы

- сынып бөлмелерінің материалдық техникалық базасының дұрыс болмауы

- сыныптағы атмосфераның дұрыс болмауы

Ішкі дербестік себептер:

- оқу пәнінің қызығушылығының болмауы

- тапсырманың тым түсініксіз болуы

- күн тәртібін сақтамау

- қонаққа коп бару

- сабақтан көп қалу

Зейінсіздік мінездің бір кемшілігі ретінде әдетке айналып кетуі мүмкүн. Бұндай жағдайда бала мен ересек жаңғалақтық болуы мүмкүн. Жаңғалақтықтың 2 түрі бар:

1-жағдайда тұрақты зейіннің болмауында үнемі бір іс-әрекеттен 2 ші іс-әрекетке ауысуында білінеді. (двойшниктер)

2-жағдайда өзінің ішкі уайымына тым көп үңіліп алады. Бұндай жаңғалақтық көбінесе сабақты жақсы оқитын бір әрекетпен әуестенетін жас өспірімдермен ересек балаларда болады. Бұндай жанғалақтық интроветтік мінездің екпіндеуіне тән.

Білімді менгеру ерікті кушті талап етуде қиын және ұзақ үрдіс. Сондықтан оқушының ерікті зейіні маңызды болып саналады. Оқушының ерікті зейінін тәрбиелеу олардың оқу іс-әрекетімен тәртіпті мінез құлықтың нәтижелі болуына жағдай жасау. Зейіннің 4 қасиетін көрсетеді. 1. зейін тұрақтылығы

3. көлемі 3. бөлісу 4. ауыстырылып қосылу.

1. Мұғалімге сабақта өз оқушыларына тұрақты сабақты зейінді тәрбиелеу қажет. Ол оқушының тәрбие оқу-тәрбие үрдісіне белсенді кірісуі мен оның оқуға деген жауапты қатынасы мен жүйелі ерікті жігерімен ұқыпты болу әдетімен қалыптасуымен дамиды. Тұрақты зейн оқушының жасы мен тұлғалық ерекшелігіне байланысты болады. Бастауыш сынып оқушысының тұрақты зейіні кемірек.

2. Зейін көлемі жоғары сынып оқушыларында 7+-2 қасиетті санына тең. Кіші сыныптарда оқушының зейін көлемі 2 есеге кем.(3+-2)Оқушының зейін көлемі ұлғаюы үшін бақылау үрдісінде ірі комплекстерде назар аударуға үйрету ұсынылады. Мысалы: Оқушыға әріптеп оқу емес, әр-бір сөзді тұтас және буындап оқу ерекшеленеді.

3. Зейіннің бөлісуін күрделі іс әрекетте жақсы танылған қарапайым іс-әрекеттер біріккендегі күрделі іс-әрекетте дамытылады. Мысалы: жоғарғы сынып оқушысы лекцияны оқи отырып жазады ал бастауыш сыныпта олай жаза алмайды.

4. Ауыстырылып қосу зейінінің болуы әр адамның дінде ерікті дамытса инерцияны жеңе алса, жылдам реакцияға ие болса. Жоғарыда айтылған зейіннің оқушыларда болуы оның оқу үлгерімінің жоғарлауына қолайлы шарт туғызады.

8-ші дәріс. Қиын тәртіп тән балаларды зерттеу

Лекцияның мақсаты:Қиын тәртіп тән балаларды зерттеу ерекшеліктерімен таныстыру

Лекцияның жоспары:

1 Қиын тәртіп тән балаларды зерттеу

2 Қиын тәртіп тән балаларды зерттеу әдістері

Негізгі ұғымдар: зерттеу әдістерінің түрлері

Девиантты тәртіп тәнбалалармен жүргізілетін жұмыстар олардың жеке дара тұлғалық ерекшеліктерін анықтап, қайта тәрбиелеу бағытындағы іс әрекеттер жүйесін құру барысында отбасы, педагогтар ұжымы, қоғамдық ұйымдардың бірлескен кешендік жұмыстарының нәтижесінде жүзеге асырылады:

А) жеке-дара қайта тәрбиелеу үшін девиантты тәртіп тән жасөспірімдерді жан-жақты зерттеп, танып, обьективті ақпараттарды бүкіл тәрбиенің өтуі барысында жинақтау;

Б) девиантты тәртіп тән баланың мінез-құлқындағы шамалы болса да, жағымды қасиеттеріне сүйене отырып, болашақ тәрбиелеу жобасын жасау;

В) белгіленген жобаға орай жеке дара және топтық түзету жұмыстарының бағдарламасын құру.

Ұжымдағы эмоционалдық ахуалды зерттеу әдісі (А.Н.Лутошкина бойынша) барысында ұжымның әрбір мүшесінің көңіл-күйі ненің әсерінен өзгеріп отыратынын цветописті пайдалану арқылы көз жеткізуге болады.

Цветопись– көңіл-күйдің түстік күнделігі. Мұнда түстік күнделіктің формасы беріледі:

Аты-жөні Бүгінгі менің көңіл-күйім
Қызыл- көтеріңкі  
Сарықызыл-қуанышты, жылы  
Сары- ашық, жағымды  
Жасыл-тыныш  
Сұр- көңілсіз, қанағаттанбаған  
Сия көк- алаңдаушылық, тынышсыз  
Қара- пәс, нашар  

Қатты қағазда жеті түс жолақтары беріледі. Әр түс жолағы белгілі көңіл күйді білдіреді. Күнделікке түрлі түсті қағаздан күнделікті көңіл күйіңізге байланысты түсті жапсырып отырады. Түстер күнделік экспериментке қатысқан балалар санына байланысты дайындалады. Күнделікті түстен кейін бір уақытта (белгілі сағатта) балаларға түсті күнделік таратылып беріледі де, әркім ешкіммен ақылдаспай өз түсін жапсырады, бүгінгі күнді жазады.

Бастамас бұрын барлығына мынаны ескерту қажет: көңіл-күй әркімнің ішкі құпиясы, оған рұқсатсыз енуге, жөнсіз сұрақ қоюға болмайды. Сондықтан:

· барлық қатысушылар бұл күнделікті жүргізуге өз еріктерімен араласуы керек;

· Балаларға олардың эмоционалдық «құпия сырларын ашуды» егер олардың қалауы солай болса, ешкімге ашпауға кепілдеме беріледі;

· Оларды көңіл күй бағалауларын шынайы көрсетудің маңызды екендігіне сендіру қажет.

Әр уақытта жасөспірімдер көңіл күйлерін белгілегеннен кейін, бірден жиналып алынады. Келесі кезең -мәліметтерді қорытындылау. Ол үшін жеке түсті күнделіктегі көңіл күй белгілерін түрлі түсті қарындашпен немесе фломастермен бейнелейді.

Оқушылардың психологиялық күйін анықтауға арналған.

Бояу - сурет (тесті) әдістемесі

Осы тесті өткізу үшін ең алдымен ақ қағаз, әртүрлі түсті қарандаш: қызыл, сары, көп, жасыл, қара, қоңыр, көгілдір, қызғылт, сарғыш.

Жүру барысы:

1. Сіздердің әрқайсысыларының алдыларында ақ қағаз бар. Қағаздың сол жағында төрт бұрыш салынған. Енді, сіздер осы төрт бұрыштың ішіне өздеріңіздің қазіргі көңіл күйлеріңізді салыңыз. Егер көңіл күйіңізді бір түспен салуға келмейтін болса, онда оны бірнеше бояумен бояуға болады.

2. Қазір сіздер көңіл-күйлеріңізді бояумен боядыңыздар, ал енді көңіл-күйлеріңізді бір заттарға ұқсастырып салып көріңіздер. Олар мыналар бояу мүмкін: бұлт, күн, парта, класс т.б.

Нәтижесі

Бояу (төрт бояудың ішінде)СуретКөңіл-күй1. Қызыл Дәптер, парта, сынып, т.б. мектептегі құрал-жабдықтар белсенділік 2. Қызыл мен сары Кемпір қосақ, жаңа жыл, тор, конфет, сыйлық т.б. Қуаныш. 3. Жасыл Машина, телевизор, тақта, т.б.4.Күлгін. 5.Қара Робот, компьютер, қуыршақт.б.

Жаңбыр,бұлт, партада ұйықтап жатқан бала Армандау. Шаршап-шалдығу 6. Сары. 7. Көгілдір 8. Көп. 9. Қоңыр. Шағылған ваза, мұғалім мен бала, Душ, бассейін, көл

Г. Айзенктің сауалнамасы «Тұлғаның психикалық күйін бағалау»

Бұл әдіс баладағы қобалжу, фрустрация, агрессия дәрежесін анықтауға көмектеседі.

Әр дұрыс жауап -2, келмейтін жауап -1, мүлдем келмейтін жауап -0 балдық жүйемен бағаланады.

Г. Айзенктің сауалнамасы.

1. Мен өз күшіме сенімсізбін

2. Кей жағдайлардан шығу жолдарын іздеу маған өте қиын.

3. Мен ылғида өз атыма соңғы сөзді алам.

4. Маған өз әдеттерімнен арылу қиын.

5. Кез – келген нәрселер үшін қызарып кетем.

6. Келеңсіз жағдайлар менің үнжырағымды түсіріп жібереді.

7. Әріптесімнің сөзін бөлу менде көптеп кездеседі.

8. Мен бір жұмыстан екінші жұмысқа қиындықпен ауысамын.

9. Мен түнде көп оянамын.

10. Келеңісз оқиғаларға үнемі өзімді кінәлі санаймын.

11. Мені ашуландыру оңай.

12. Өз өмірімде өзгерістерге аса ұқыптылықпен қараймын.

13. Мен тез ренжіп қаламын.

14. Келеңсіздіктер мен бақытсыздықтан мені ештенеге үйретпейді.

15. Мен басқаларға үнемі ескертулер айтамын.

16. Ұрыста менің ойымды өзгерту өте қиын.

17. Мен ылғида күресуден бас тартамын, себебі оны керексіз деп санаймын.

18. Мен өзімді қоршағандар үшін қамқорсыз санаймын.

19. Көп жағдайларда өзімді қамқорсыз сезінемін.

20. Адамдармен тез тіл табысып кетемін.

21. Өзімнің кемшіліктерімді үнемі байқап жүремін.

22. Кейде менде қобалжу жағдайлар болады.

23. Мені сендіру оңай.

24. Мені өзімнің денсаулығым алаңдатады.

25. Мен күтуді жек көремін.

ШЕШІМІ:

1. Қобалжу шкаласы: 1,5,9,13,17,21,25

2. Фрустрация шкаласы: 2,6,10,14,18,22

3. Агрессия шкаласы: 3,7,11,15,19,23

Осы шкала бойынша келген жауаптар: тұлғаның қобалжуы жақын болады.

Фрустрация – ойдағы немесе шын болғалы тұрған жағдайды елестетуге бейім

Агрессия – психологиялық белсенділіктің жоғары болуы, өзгелерді басқару үшін неге болсын дайын екендігі байқалады.

Геометриялық тест

Тұлғаның өзін тануға және өзгелер жайлы мағлұмат алуға көмектеседі.

Ақ қағазды алты шаршыға бөліңіз. Біріншісіне дөңгелек салыңыз, екіншісіне –үшбұрыш, үшіншісіне – баспалдақ, төртіншісіне –ай, бесіншісіне –төртбұрыш, ал алтыншысына «3» санын» «М» секілді төңкеріп (ирек) салыңыз.

Зерттелушіге осы суреттерді абстракт емес нақты сурет шығатындай етіп толықтырып сурет салуын өтініңіз. Сол суреттің қасына анықтауыш сөз жазыңыз деп өтінеміз.

Тапсырма орындалып болған соң, суретті анықтап талдаймыз:

· Дөңгелектің айналасына салынған суреттен адамның өзін-өзі қалай көретіндігін, бағалайтынын байқауға болады.

· Үшбұрыштың айналасына жалғастырылған суреттен өзгелердің өзіне қатынасын қалай көретіндігін байқаймыз.

· Баспалдақ суретіне жалғасқан суреттен жалпы өмірге қалай қарайтынын анықтаймыз.

· Ай суреті - өзінің рухани жан дүниесіне қатынасы.

· Төртбұрыш – отбасына қатынасы.

· Төңкерілген үштіктен – махаббат, сүйіспеншілікке қатынасын байқауға болады.

«Автопортрет»

Нұсқау: Таза қағазға өзіңіздің бір нәрсемен айналысып отырған суретіңізді салыңыз. Сіз өзіңізді жалғыз немесе отбасыңыздың мүшелерімен не сыныптастарыңызбен, ия болмаса, әріптесіңізбен салуыңызға болады. Суреттегі адамдарды тұтас, толық салуға тырысыңыз. Карикатура не жәй шимайлауға болмайды.

Болжалды шешім:

Бас. Үлкен етіп салынған бас өзін ақылдымын деп санайтын немесе керісінше, өзінің ақыл-ойына көңілі толмаушылықты байқатады. Бас кішкентай болса, өз біліміне көңілі толмайды немесе әлеуметтік жайға лайықты емес сезімді байқатады.

Көз. Көз сақтықты, сенімсіздікті, қоғамдық пікірге деген өте сезімталдық пен уайымды білдіреді. Кірпігі ұзын көз - өзін көрсетуге құштарлық, ұнағысы келу. Кішкене немесе жабық көз суреті, өзінің ішкі дүниесіне шому, интроверттік тенденцияны байқатады.

Ауыз. Ерекше анық салынған ауыз, ерін – сөйлеуде қиындық барын аңғартады. Аузы жоқ болса депрессия, немесе қарым-қатынасқа жоқ екендігін байқатады. Сайқымазақтың аузындай сурет болса –шынайы емес, амал жоқтықтан сыпайы болып көрінеді.

Тістері көрініп тұрса – ашушаңдықты көрсетеді.

Құлақтары мен мұрыны. Үлкен құлақ сынға сезімтал екенін, кішкене құлақтар ешқандай сынды қабылдамайтынын аңғартады. Мұрынға акцент –сексуалдық проблеманың бар екенін, мұрынның тесігін анықтап салған болса, агрессияға бейімділігі.

Қолдары. Қол қоршаған әлеммен тұлғаның қатынасқа түсуінің символы іспетті. Қолдардың айқасып тұрғандығы тұлғаның тұйық, қатаң, тәртіпке бағынышты екендігін, жан-жағында салбырап тұрған қолдар тиімсіздікті, әлсіздікті аңғартады. Нәзік, әлсіз қолдар физикалық дене әлсіздігі не психикалық әлсіздік, қамқорлықты қажетсінуін, тәуелділікті байқатады. Ұзын да күшті қолдар амбицияны, сыртқы ортаның құбылыстарына қатынасының күшті екендігінің белгісі. Өте қысқа немесе қолдар мүлде болмаса – адекватты еместіктің белгісі, қолдары артында немесе қалталарында болса –кінә сезімі, өзіне -өзі сенбеу; қол бокс қолғабы секілді болса, ішкі ашу-ызаның сыртқа шыққан көрінісі. Қолда саусақ саны бесеуден көп болса- ішкі жеке өкпесі бар екенін не амбицияны байқатады. Қол жұдырық түрінде салынса - қарсылық, өкпе.

Аяқтары. Ұзын аяқтар еркіндікті қажетсіну. Аяқтары жоқ сурет – үркектік, негіздің әлсіздігі, тіректің жоқтығы.

Адамның суретіндегі қалпы. Адам өз суретінде желкесін көрсетіп салса, тұйықтық. Басы профильмен, денесі анфаспен салынған болса, қоршаған ортасының туғызған қауіп сезімін байқатады. Отырғыштың шетіне отырған адам салынса- адамның тығырықтан шыққысы келгені, жалғыздықтан қорқуы. Жүгіріп бара жатқан адамның суреті –бір нәрседен, біреуден тығылып қалғысы келеді.

Наши рекомендации