Технологиялық карталар
Тақырыптық үлгі жоспары
Айы | Білім беру саласы | Оқу іс-әрекетінің тақырыбы | Апта тақырыптары | Сағат саны |
Қыркүйек | Шығарма- шылық | «Көңілді ойыншықтар» | « Қуыршақ» «Шар» « Сылдырмақ» « Доп» | |
Қазан | Шығарма-шылық | « Кел,жемісті алтын күз» | «Бұл қай кезде болады?» «Жау,жаңбыр» «Күн мен жаңбыр» «Жемістер бағында» | |
Қараша | Шығарма- шылық | « Біздің балабақша» | «Күзгі қойма» « Бақшаға барамын» «Кәне,қызық ойын бар» «Мерекелік ән мен би» | |
Желтоқсан | Шығарма- шылық | « Ақша қар» | «Қысқы әуен» «Аязата, Қаршақыз» «Аққала» «Шыршамызға арнаймыз» | |
Қаңтар | Шығарма- шылық | « Қысқы орманға саяхат» | «Орманға саяхат» «Ақ тиін» «Көңілді достар» «Ертегілер елінде» | |
Ақпан | Шығарма- шылық | « Біздің отбасымыз» | «Менің отбасым» «Анашым» «Ақ әжем» «Әй-әй ата» | |
Наурыз | Шығарма- шылық | « Көрікті көктем» | « Шуақты көктем» «Әдемі көбелек» «Торғайлар» «Жау,жаңбыр» | |
Сәуір | Шығарма- шылық | « Үй жануарлары» | «Төлдер» «Мысық қашады, күшік қуады» «Тауық пен балапандар» «Жайлаудағы төлдер» | |
Мамыр | Шығарма- шылық | « Көңілді саз» | «Не қалай дыбыстайды?» «Көңілді би» «Қайсы екен қолымыз?» «Ғажайып сылдырмақтар» |
Технологиялық карта
Ыркүйек
Білім беру саласы: Шығармашылық Бөлімі:МузыкаТақырыбы: «Кір қуыршақ» Мақсаты:қуыршақ арқылы балаларды ұқыптылыққа тәрбиелеу, музыкалық қабілетін дамыту. Қолданылатын көрнекілік құралдары:қуыршақ,ойыншық,бесік. Сөздік жұмыс:бесік жыры,қуыршақ.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері | Музыка жетекшісінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Балалар музыка залына көңілді әуенмен кіреді. Үстел үстінде қуыршақ отырады. Қуыршақтың үсті-басы лас. Жуын,жуын,жуынсақ, Қандай жақсы қуыршақ! Әйтпегенде,бөпешім, Кірлеп кеткен екенсің. Қазір аппақ боласың, Қуанады анашың. ( М.Жаманбалинов) Балалармен тазалық туралы әнгіме өткізу. | Балалар музыка әуенімен залға кіреді. Қуыршақты қызықтайды. Балалар өлеңді тыңдап,не туралы екенін айтуға тырысады. | |
-Балалар,қараңдаршы,қуыршақ қандай күйде? Кәне,киімін ауыстырайық. Шашын жөндейік. Қуыршақ шаршады, енді ұйықтатайық. Бесікке салып тербетеді. Музыка тыңдау: « Бесік жыры» ( Ж. Тұрсынбаев,Е. Өтетілеуұлы). « Бесік жыры» қай кезде айтылады? Оны орындағанда қалай отыру керек? Балалар жауап бере алмаса, музыка жетекшісі Өзі көрсетеді. Баланы ұйықтатар алдында баяу дауыспен ән салып,бесікті жай тербетеді. -Бала ұйықтады, енді біз ән айтайық. « Кір қуыршақ» әні( И. Нүсіпбаев,Ж. Қашқынов). Ән айтар алдында дауысты қалыпқа келтіріп алу. Әнді айта отырып, балаларға адамгершілік тәрбиесін беру. Тазалыққа,әдептілікке шақыру. Әрқашан жуынып,таза жүру керек,айтқанды тыңдап,үлкендердің мазасын алмау керек. «Бала уату» ойыны (музыкасын жазған Е. Өміров). Балалар шеңбер жасап,тізені бүгіп отырады. Көздерін жұмады. Ортада 2-3 бала ойыншық ұстап тұрады. Әуен ойнағанда ортадағы балалар отырған балаларға білдірмей артына ойыншықтарды қояды. Алдында ойыншық тұрған бала ойыншықты алып,ортаға шығуы қажет. Ойын қайталанады. | Балаларды тазалыққа шақырып,өздерінен көбірек жауап алу. Балалар жауа беруге тырысады. Балалар музыка тыңдай отырып,тыныштық сақтауға тырысады. Балалар ән айтады. Дауысқа жаттығу жасау,сұрақтарға жауап беру. Әнді әуенмен дұрыс айтуға тырысады. Балалар шеңбер бойымен тізелерін бүгіп,көздерін жұмады. Көздерін ашқанда алдында ойыншық тұрған бала ортаға шығады. | |
Музыка жетекшісі іс-әрекетке белсене араласқан балаларға мақтау айтады,мадақтайды. | Балалар қол бұлғап қоштасады. |
Күтілетін нәтиже: Біледі:әнді барынша таза айтуды. Игереді:бала уату,кір қуыршақ,бесік жыры деген түсініктерді.Меңгереді:шеңбер жасап отыруды,көздерін жұмып,музыка әуенін тыңдай білуге дағдыланады.
Технологиялық карта
Ыркүйек
Білім беру саласы: Шығармашылық Бөлімі:МузыкаТақырыбы: «Шар» Мақсаты:ән айта отырып түстерді ажырата білуге үйрету. Есту қабілетін дамыту. Қолданылатын көрнекілік құралдары: әртүрлі шарлар,шығыршықтар (обруч). Сөздік жұмыс:қызыл,сары,көк.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері | Музыка жетекшісінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Көңілді музыка әуенімен балаларды музыка залында қарсы алады. Балалар санына сай түсті шарларды дайындау. | Балалар музыка әуенімен залға кіреді. Шеңбер бойымен жүреді,жүгіреді. Орындарында тұрып айналады. Тізені бүгіп,серіппелі қимылдар жасайды. | |
Балалардан шар туралы сұрау: -Түсі қандай? Қалай ұшады? Ал енді осы шарлар туралы ән тыңдаймыз. Ән айту: Енді өткен сабақта үйренген «Кір қуыршақ»әнін есімізге түсіреміз. Әнді алдымен әуенін еске түсіріп,содан кейін сөзін қайталату. Ән айту кезінде дауысты дұрыс шығаруы,бірін-бірі тыңдап айтуы қажет. Ән тыңдау: «Шар»( Б.Дәлденбай, Ж. Әбдірашев). Қызыл,сары,көк шар, Қолымызда көп шар. Балалар қолдарындағы шарларын кезек- кезек көтереді. «Әуеде қалқиды» деген жерде шарларын қалықтата бұлғауы керек. Әннің сөзін қайталап,әуегнге қосылып айтулары қажет. Алдымен әуенді бірнеше рет қайталайды. Одан кейін түгел шумақты айтуы тиіс. Екінші шумағы да осы әдіспен үйретіледі. « Өз түсіңді тап» ойыны ( музыкасын жазған Г. Омаров). Балалар төрт топқа бөлініп,төрт түрлі шарлар ұстайды. Ортаға төрт түске боялған төрт шығыршық қойылады. Музыка аяқталғанда әрқайсы өздерінің түстеріне сәйкес шығыршыққа жиналуы қажет. Қай топ тезірек жиналса,сол топ жеңіске жетеді. | Балалар сұраққа жауап беруге тырысады. Әнді тыңдай отырып қолдарын көтереді. Шарларын қалықтатады. Әннің әуенін дұрыс тыңдап, таза айтуға тырысады. Сөздің екі жолын үйренеді,әуен есте қалған кезде келесі екі жолын үйренеді. Артынан шумақты түгел айтады. Әнді айғайламай айтуға тырысады. Әнді бірге айтуға тырысады. Балалар залда еркін қимылдар жасап,өз түсіне лайық шығыршықты табуға тырысады. Музыканы тыңдай жүріп,музыка аяқталғанда тез жиналуға әрекеттенеді. | |
Балаларды мақтау,мадақтау,қорытындылау. | Балалар қоштасып шығады. |
Күтілетін нәтиже: Біледі:әннің сөзін анық,әуенін нақышына келтіріп айтуды. Игереді:түстерді ажырата белуді.Меңгереді: музыка әуенімен еркін жүріп,музыка тоқтағанда өз түстер ін таба білу дағдыларын дамытуды.
технологиялық карталар
Ыркүйек
Білім беру саласы: Шығармашылық Бөлімі: Музыка Тақырыбы: « Сылдырмақ» Мақсаты: сылдырмақты ырғаққа сай сылдырлатып үйрету,музыка әуеніне сай қимыл жасауға дағдылану. Қолданылатын көрнекілік құралдар: сылдырмақ. Сөздік жұмыс: сылдырмақ,жомарт.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері | Музыка жетекшісінің әс-әрекеті | Балалардың іс- әрекеті |
Мотиватциялық-қозғаушылық | Балаларды көңілді музыка үнімен музыка залында қарсы алады. Шеңбер бойымен жүру,жүгіру,жеңіл секіру т.б. Берекесін сыйлауға, Өлкемізге күз келді. Жемістерін жинауға, Шақырады біздерді. ( Н. Әлімқұлов). -Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Балалар жауап бере алмаса,көмектеседі. Күзде жемістер піседі,кысқа дайындық жасаймыз. -Қандай жемістерді білесіңдер? Музыка тыңдау: «Күз-жомарт» ( Д. Ботбаев,Е. Өтетілеуұлы). -Балалар, жомарт деген сөздің мағынасы мырза,берекелі деген сөз. Күзде жемістер піседі,егін жиналады,қысқы дайындық жасалады.Күн біртіндеп суыта бастайды. Ән шумағы жай орындалады,ал қайырмасы өте көңілді, жылдамырақ орындалады. Ән айту: Өткен сабақта айтылған әндерді қайталау. Музыка жетекшісі әнді балалардың естеріне түсіре отырып орындайды. Ән орындау ережелерін естен шығармау. Бірін-бірі ести отырып,үндесіп айтуға үйрету. « Шар» әнін ортаға шеңберде тұрып,қимыл жасап айту. | Балалар музыка әуенімен залға келіп,жүреді,жүгіреді. Серіппелі тізе бүгеді, айналады. Өлеңді тыңдайды. Сұрақтарға жауап береді. Балалар өздеріне таныс жемістерді атайды. Балалар музыканы тыңдайды. Шумағы мен қайырмасы арасындағы айырмашылықты ажырата тыңдауға тырысады. Өткен сабақтағы әнді еске түсіріп,орындайды. Шеңбер бойында тұрып, қолдарын кезек-кезек көтеріп,аспанда қалықтаған қимылдар жасайды. |
Ұйымдастырушылық-ізденістік | Ән үйрету: «Сылдырмақ» ( Е. Хасанғалиев, А. Асылбек). Жаңа әнді музыка жетекшісі орындап береді. Не туралы айтылғандығын сұрайды. Әннің сөзін үйретіп, екі жолын әнге қосады. Түгел шумақты үйреткен соң, « Шақ-шақ-шақ» деген жерінде қолмен ұрады. Әнді түгел үйреніп болған соң,сылдырмақты таратады. Сылдырмақты ырғаққа үйлестіре отырып қимыл жасау. Бәсең жерінде жай ұрып, ширақ жерінде қатта қағу. « Сылдырмақпен ойын»( Б. Дәлденбай). Шеңбер жасап, қолдарына сылдырмақ алады. Музыка ырғағына сай сылдырмақты сылдырлатып,шеңбер бойымен жүгіреді. Музыка аяқталғанда аяқ бүгіп отыра қалады | Балалар ән мәтінін қайталайды. Әуеніне қосылып бірінші шумақтан соң сылдырмақты жай соғып,екінші шумақтан кейін қатты соғады. Балалар музыка ырғағына сай қимылдар жасайды. Шеңбер бойымен жүгіреді,сылдырмақты жасырып,аяқтарын топылдатады. |
Релексиялық- Түзетушілік | -Сонымен, қазір жылдың қай мезгілі? -Қандай жемістерді білесіңдер? -Қандай ән айттық? Қорытындылау, мадақтау,бағалау. | Балалар қоштасып, топқа оралады. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: музыканы тыңдау,әнді есте сақтау.
Игереді: музыкамен сылдырмақты жоғары қөтеруді,артына жасыруды, отыра қалуды.
Меңгереді: әуенмен ілесе ырғақты қимылдар жасауды.