Оқу мазмұны мен тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлаудың үйлесімділігі
Мұғалімнің оқушының оқу үлгерімін ғана емес, түсініп оқуын ескеретін оқу үдерісі ма-
териалды терең игеруге ықпал етеді. Тестілеу барысында оң нәтижеге жету үшін материалды меңгеру бағасын ғана көздейтін «тактикалық оқу» – қалай оқу керектігін үйретуде салыстырмалы түрде «мұзтаудың су бетіндегі бөлігіндей» ғана мәнге ие (17-сурет).
Осылайша, оқушылар өз дағдыларын қолдануды үйренеді, сондай-ақ пәннің құрылымы мен мазмұнына тереңдейді. Олар пәннің негізін қалайтын қағидаттар мен басты идеяны түсінеді. Бұл үшін оқыту тәсілдерін қолдану қажет, осының арқасында оқушылар оқу жоспарына енген пәндерінің «өзіндік ландшафттарын» зерттеуге қабілетті болады. Бұл жерге бейімделуге ұқсайды: Сіз аумақты зерделеп, қандай ресурстардың қолжетімді екенін және бұл ресурстарды өз қызметіңізде өнімді пайдалану жолдарын білетін боласыз. Оқушылар тәуекелге барудан қорықпайды, керісінше, олар үшін «тұйыққа тірелу» – жаңаны білу жолындағы кезекті қадам.
Алтыншы тезис:Белгілі бір уақыт ішінде жұмыс істеуге арналған материалдың көлемі шектеулі болуы керек. Жетінші тезис:Мұғалімдер оқушылардың өз идеялары туралы рефлексия жасап, оларды ойластыруды ынталандыру арқылы алған білімдерін қорытындылап талдауға көмектесуге тиіс. |
Мұғалімдер оқуды бағалаумен (жиынтық бағалау) қатар, оқыту үшін бағалауды
(қалыптастырушы бағалауды) пайдаланғанда, бағалау оқудағы аса пайдалы құралға айнала-
ды. Оқыту үшін бағалау – оқушылар уақыт кезеңінің ішінде өз білімдерінің деңгейін өздері бағалайтын, кейін мұғалімдермен бірге өзін-өзі жетілдіру жолындағы келесі қадамдарын айқындайтын үдеріс. Олар өзін және бір-бірін бағалайды, бұл тақырыпты тереңірек түсінуге ықпал етеді. Оқушылар өзінің оқу үлгерімінің деңгейін біледі және алдағы мақсаттарға қарай жылжиды. Оқушылар оқшауланып оқымайды. Бүгінгі таңда өзекті болып отырған «білім алушылар қоғамдастығы» деген ұғым бар, онда оқушылар да, мұғалімдер де өздерін білім алушылардеп есептейді. Оқушылардың арасында бірлескен жұмыс, бір-бірін қолдау, топтық рух мадақталады. Олар топпен жұмыс істейді, онда тыңдау, дене қимылдары, келіспеушілікті құрметпен білдіру қабілеттеріне назар аударылады. Бұл философия одан ары оқуда нық тұру үшін қажетті өзін- өзі құрметтеумен және өзін-өзі басқаруды дамытумен сипатталады; нәтижесінде тәуелсіз және ойшыл, өмір бойы оқуға қабілетті тұлға қалыптасады.
Сегізінші тезис: қолайлы оқу үшін адамдарға кері байланыс пен мадақтау қажет, сондықтан бағалау ізгі болуы керек. |
Метатану және қалай оқу керектігін үйретуОқыту үшін бағалауды пайдалану арқылы, мұғалімдер оқушылардың алға қойған мақсатқа жету үшін таңдаған стратегияларының табыстылығын ескере отырып, кері байланыс әдісімен өз білімін қадағалауға және бағалауға көмектеседі. Метатанудың тап осы қағидаттары тестілеу нәтижелерінде де, қалай оқу керектігін үйретуде де осындай білім модельдерінің табыстылығын түсіндіреді. Оқу қағидаттарын түсінуде оқушыларға көмектесу үшін мұғалімдердің айналысатынының айтарлықтай бөлігі метатану әлеуетін, атап айтқанда, олардың қалай ойлайтынын әрі оқитынын қадағалау, бағалау, бақылау және өзгерту қабілетін дамытудан тұрады. Басқаша айтқанда, метатанымдық қабілеттер оқушыларға білім алуында тәуелсіздік береді. Соның салдары ретінде, олар әдетте: • материалды «есте сақтау» және «түсіну» ұғымдарының әртүрлі әдістері бар екенін мойындап, мағынасын ажырата алуға үйренеді (мен мұны есте сақтай аламын ба? Маған мұны есте сақтау қажет пе? бұл тақырыпты мен шынымен игердім бе?); • материалды сараптап, оны күрделілік деңгейі мен назар аудару талаптарының дәрежесі бойынша бөлуге қабілетті (мына фрагмент қарапайым, ал келесіге назар аудару керек); • материалды игеру деңгейін анықтай отырып, өз өздерін тексеруге және тестілеуге қабілетті (мен мұны дұрыс түсіндім бе?); • қай кезде мұғалімнің араласуы қажет екенін біледі (мен тығырыққа тірелдім және менің стратегияларым нәтижесіз болып шықты, сондықтан маған көмек қажет). Соңғы тармақ ерекше маңызды. Әдетте топта мұғалімнен үнемі көмек сұрайтын бірнеше оқушы болады. Кейбір өтініштер бос сөз, әрі ол оқушының мұғалімге аса тәуелді екендігін
көрсетеді: метатануды игермеген оқушылар қиындық кездескен кезде үнемі басқа адамнан көмек сұрайды. Тәуелсіз оқушыларда тәсілдер, сапалар, дағдылар және білім кешені болады, олар бір нәрсені үйрену қажет болған кез келген жағдайда оны іске қоса алады. Есейген сайын оқушы тәуелсіздікті көбірек қажетсінеді; оқытудың әрбір кезеңін оқушы тәуелді жағдайда бастайды, содан соң (қолайлы жағдайда) мұғалімнің қолдауымен және мадақтауымен дербестік пен тәуелсіздіктің жоғары деңгейіне көтеріледі. Өзін-өзі басқарудағы метатанымдық қабілеттер тәжірибеге қарай
және уақыт өте жақсарады деп ойлағанымыз дұрыс.