Орыс педагогикасының ұлы классигі К.Д. Ушинскийдің педагогикалық жүйесі. 2 страница

41.Н.К.Крупскаяның ағартушылық қызметі мен педагогикалық ойлары. Социалистік дəуір педагогикасын танымал еткен Н.К.Крупская, А.С. Макаренко, В.А.Сухомлинский еңбектері. Надежда Константиновна Крупскаяның (1869-1939) теориялық ізденістері жаңа кеңес мектебін қалыптастыру, сыныптан тыс тəрбиелік жұмыстарды ұйымдастыру, енді пайда бола бастаған пионер қозғалысы проблемаларының төңірегінде шоғырланды. Кеңестік дидактиканың негіздерін талдауда Н.К.Крупскаяның еңбегі ерекше. Ол тек ғана педагогиканың бұл саласында жалпы мәселелерін қарастырып қойған жоқ, сонымен қатар жеке әдістеменің мәселелерін, әрбір оқу пәнінің білімдік және тәрбиелік мәнін қарастырды. Ол жаратылыстануды оқытуға ерекше мән берді, ғылыми-жаратылыстану пәндері оқушылардың ғылыми-материалистік көзқарасын қалыптастыруда ерекше роль атқаратындығын атап өтті.Оқыту әдістері мәселесіне тоқтала келіп, жеке әдістемелер сабақта оқушылардың белсендігін және дербестігін қамтамасыз етуді Крупская талап етті, оларды ұжымда ұйымдасқан түрде әрекет етуге, дәйектер мен құбылыстарға ізденіс тұрғысынан қарауды қалыптастыруға үйретті. Крупская мектептің міндеті тек ғана оқушыларды біліммен қаруландыру ғана емес, сонымен қатар олардың бақылағандығын, таным қабілеттіліктерін және белсенділігін дамыту, өз бетімен жұмыстың дағдысын, ой еңбегінің мәдениетін қалыптастыру екендігін атап көрсетті.

42. А.В.Луначарскийдің ағартушылық қызметі мен педагогикалық ойлары. Ұлы педагог А.В. Луначарский«Педагог- жаңа ұрпаққа ғасырлар бойы жинақталған барлық бағалы дүниелерді беріп, жалған сенімдерді, кінәраттар мен кеселдерді бермеуге тиісті адам» деген. Жеке тұлғаның қоғам-табиғат талабына толық қанағаттанып өсуі үшін рухани қалыптасқан мәени күш қажет.Музыкалық тәрбие – ұзақ, күрделі әрі сан қырлы процесс.Әдетте, балалар бақшасында тәрбиеленушілердің мектепке дейінгі мекемелерге бармайтын балаларға қарағанда неғұрлым дамыған, эмоциялық жағынан алғанда тез қабылдағыш болып келеді, олар әр нәрсеге әуестеніп отырады. А.В.Луначарскийдің сөзімен айтқанда, өнер айналасындағыларға сезімдік жағынан әсер етеді «ол өткенді, болашақты...түсінуге, сүюге, оны тез сезінуге мәжбүр етеді, сондықтан, егер біз бұл үшін өзіңізге лайықты болып табылатын элементтерді көне өнерден таңдап ала отырып, оны пайдалана алсақ, онда біздің идеяларымыз, принциптеріміз, көзқарасымыз көрініс табатын және орасан зор тәрбиелік маңызы бар өз өнерімізді дамытуды қадағалауға тиіспіз» - деп атап көрсеткен.

43. П.П.Блонскийдің ағартушылық қызметі мен педагогикалық ойлары. Кеңес педагогикасын дамытуда Павел Петрович Блонский (1884-1941) ерекше роль атқарды. Ол “Педагогика” (1922) және “Педагогика негіздері” (1925) оқулықтарын жазды. Педагогикалық деонтологияның пайда болу тарихында П.П.Блонскийдің ойлары өте маңызды. Ол тарихи ұстанымдарды мектептің өмірімен сәйкестендіруді, оқытудың өндірістік еңбекпен үндестігін, оқыту мен тәрбиенің өзара сабақтастығын маңызды жеке тұлғаны жан-жақты әрі үйлесімді дамыту ұстанымы ретінде көрсетті. Қиын балалар және мінез-құлықтағы қиындық ұғымы 1920-30 жылдары П.П.Блонскийдің еңбектерінде зерттеле бастады. П.П.Блонский «Педагогика курсы» еңбегінде шетел ғалымдарының зерттеулеріне сүйене отырып, қиын балалар проблемаларын шешуді көздейді. Зерттеуші қиын балалардың мінез-құлықын мектеппен, отбасы тәрбиесімен, жанындағы араласатын достарымен байланыстырады. П.П.Блонский қиын балаларға мынадай мінездеме береді: «Объективті көзқараспен қарағанда қиын оқушы – ол мұғалімнің жұмысының жемісті еместігіне байланысты. Субъективті көзқараспен қарағанда қиын оқушы – онымен мұғалімге жұмыс істеу өте қиын, мұғалімнен көп жұмыс істеуді талап ететін оқушы». П.П.Блонскийдің ой-тұжырымы бойынша қиын балаларды қайта тәрбиелеудің бірден-бір жолы – қиын балаларды мәдениетсіз ортадан мәдениетті балалар ұжымына біртіндеп қосу болып табылады. Мұғалім бақылаудың өзіндік бақылауға да негіз болатын жалпы бағдарламасын дайындайды. П.П. Блонский материалды меңгеруге қатысты өзін-өзі бақылаудың көрінуінің төрт сатысын белгілеген. Бірінші саты ешбір өзін-өзі бақылаудың болмауымен сипатталады. Осы сатыдағы оқушы материалды меңгерген жоқ және сондықтан ештеңені бақылай алмайды. Екінші саты – толықтай өзін-өзі бақылау. Осы сатыда оқушы меңгерген материал қайта жаңғыртуының дұрыстығын және толықтығын тексереді. Үшінші сатыны П.П. Блонский таңдаулы өзін-өзі бақылау сатысы ретінде сипаттайды, мұнда оқушы сұрақтар бойынша тек бастысын ғана бақылайды, тексереді. Төртінші сатыда көрнекті өзін-өзі бақылау жоқ, ол өткен тәжірибе негізінде, қандай да бір мәнсіз бөлшектер, белгілер негізінде жүзеге асады.

44. С.Т.Шацкийдің ағартушылық қызметі мен педагогикалық ойлары. 20-жылдары өзінің жан-жақты педагогикалық және ғылыми қызметімен белгілі болған кеңес педагогикасының көрнекті өкілі Станислав Теофилович Шацкий (1878-1934). Ол халықағарту ісінің бірінші тәжірибе станциясын ұйымдастырды. Тәжірибе станциясы жас кеңес педагогикасының негізгі практикалық және теорияылқ міндеттерді шеше білді. Шацкий еңбек тәрбиесіне, оқытуды еңбекпен, қоғамдық пайдалы еңбекпен ұштастыруға ерекше мән берді.
Еңбек мектебі құрылысының алғашқы онжылдығында кеңес дидактикасы бұл бағытта елеулі табыстарға жетті. Сонымен қатар шетел теорияларына сын көзбен қарамау, сынып-сабақ жүйесін жоққа шығару, ауызша оқыту әдістерін менсінбеу, оқыту мен тәрбиеде мұғалімнің ролін төмендету аңғарылды.
Кеңестік педагогиканың алдына бірінші күндерден бастап, балалар ұжымын ұйымдастырмайынша, тәрбие міндеттерін жемісті шешу мүмкін еместігі белгілі болды. Ол адамды әлеуметтендіру процесінде тәрбие беруді ізгілендіру және демократияландырудың біртұтас тұжырымын жасаған.

В.А.Сухомлинскийдің шығармашылығы әрбір жыл өткен сайын біздің елімізде, сол сияқты шетелде ғылыми және педагогикалық жұртшылықтың тарапынан бірден-бір ерекше көңіл бөлініп келеді. Бұл кездейсоқтық емес. Оның талдаған педагогикалық жүйесі педагогика ғылымын жаңашылдық идеялармен және қағидалармен тек ғана байытып қойған жоқ, теорияға, сонымен қатар білім беру және тәрбие тәжірбиесіне ерекше үлес қосты және отандық педагогикалық ой-пікірдің дамуына белгілі реваолюциялық кезең болды.
В.А.Сухомлинскийдің өмірі мен педагогикалық қызметі туралы бүгін де біршама әдебиет баршылық, әдебиеттердің үлкен бөлігі В.А.Сухомлинскийдің ғұмырнамалық деректерін және педагогикалық көзқарасын талдауға арналған. В.А.Сухомлинскийдің еңбектерінің ішінде еліміздің педагогикалық жұртшылығы мен көптеген шетелдерде белгілі және кеңінен тараған “Балаға жүрек жылуы”, “Азаматтық қалыптасуы”, “Коллективтің құдыретті күші”,т.б. кітаптарын ерекше атауға болады. Оның қызметінде әрбір педагогтың өзінің кәсіби қызметіне шығармашылықпен қарау мәселесі басты орынды алды. Өзінің “Мектептің жас директорымен әңгіме” еңбегіне былай деп жазды: “Егер педагогикалық еңбек мұғалімі қуаныш әкелсін десеңіз, егер күнбе-күнгі өткізілген сабақтар жалықтыратын, бірсарынды қайталанып отыратын жұмысқа айналмасын десеңіз, әрбір мұғалімді зерттеудің бақытты жолына жетелеңіз”.

Тәрбиенің негізгі мақсаты -қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, оның жан жақты үйлесімді дамуы. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы мәселесінің көп ғасырлық т Психологияда "жеке тұлға" деген ұғымның әр түрлі түсіндірмелері бар, бірақ олардың көбісі мына түсінікке келіп тіреледі: жеке тұлға дегеніміз әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Жеке тұлғаның ең басты белгісі - оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды (қызметтерді) (болмысқа, адамдарға, өзіне, еңбекке, жалпы қоғамға қатысты) атқаруы. Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері - оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы. Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз, ең алдымен, оның қасиеттері мен сапасындағы сандық өзгерістер процесі. Адам дүниеге келгеннен соң дене жағьшан үлкейеді, яғни оның кейбір дене мүшелері мен нерв жүйесі оседі. Оның тілі шығып, сөздік қоры молаяды. Бала көптеген әлеуметтік-тұрмыстық және моральдық біліктерге, еңбек дағдылары мен әдеттерге ие болады. Алайда, адамның жеке тұлға ретінде дамуындағы ең бастысы - оның бойында болып жатқан сапалық өзгерістер (танымдық, сезім, моральдық-жігерлілік т.б.). Педагогика мен психологңяда жеке тұлғаның "қалыптасуы" термині жиі қолданылады. Бұл жеке тұлғаның дамуының нәтижесі дегенді және оньщ пайда болып, тұтастыққа, бір қалыпты касиеттерге және сапаларға ие болғанын білдіреді. Қалыптастыру (қалыптасу) дегеніміз - бір нәрсеге пішін (форма) мен тұрақтылық беру; толықтық пен нақты бір тұр беру,,, Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына сыртқы, қоршаған орта ықпалының мәні зор екендігіне сене отырып, философ-материалистер адамның биологиялық табиғатын жоққа шығармады,, Тәрбие - бұл тұлғаның қалыптасуына мақсатты бағытталған процесс, сонымен қатар тәрбие туа біткен нышандарды түзетеді және микро-ортаны өзгертеді.. Барлық балалар тәрбиелік-білім беру мекемелерінен өтеді,

ол мекемелер педагогикалық процесті сауатты құрастырып, оқушылардың жан-жақты іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастырады, өйткені ол жеке тұлғаның дамуының шешуші шарты болып табылады.

Тұқым қуалаушылық жер бетіндегі тіршіліктін тарихы және белгілі бір түрдің (біздің жағдайымызда - адамның) өмірінің тарихын анықтайды. Адамның тұқым қуалаушылығын екі түрге бөлуге болады: жалпы адамзаттық (тік жүру бейімділігі, сана, ақыл, сезім мүшелері дамуының бейімділігі, шартсыз рефлекстер, нәсілдік және ұлттық белгілер) және даралық (жүйке жүйесінің түрі, анатомиялық-физиологиялық (нышан) тума қабілеттер).Ағзаның тектілік негізі немесе генотипі төмендегі суреттегідей болып бөлінеді . Жеке тұлғаның қалыптасуына, сонымен қатар, орта: адам және қоғам өміріндегі әлеуметтік-экономикалық, тарихи қалыптасқан жағдайлар әсер етеді. Орта макро және микро болып бөлінеді. Макро-орта бұл -адамға қажетті әлеуметтік-экономикшіық ықпалдардың мол жиынтығы (өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар деңгейі, өмірдің қаржы жағдайлары. Микро-орта бұл - баланың ең жақын қарым-қатынас ортасы, ол - адамды әрдайым коршайтьщ және оның дамуына әсер ететін өзара байланысты заттар, құбылыстар мен адамдар әлемі. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына, белгілі бір мөлшерде, табиғи немесе географиялық орта (климат), табиғат жағдайлары әсер етеді. Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторлардың арасында тәрбие ең маңызды орын алады. Кең мағынада тәрбиені белгілі бір әлеуметтік қызметтер атқаратын қоғамдық құбылыс ретінде қарастыру қажет (ұрпақтан ұрпаққа берілетін әлеуметтік тәжірибе, жалпы адамзаттық мәдениет, т.б.), ал шағын педагогикалық мағынада тәрбие дегеніміз - өсіп келе жатқан ұрпаққа жалпы адамзаттық құндылықтарды игерту үшін мұғалім мен оқушылар, балалар мен ата-аналар арасындағы бірлескен іс-әрекеттердің педагогикалық процесін ұйымдастыру.

Адам белсенділігінің табиғатын тани білу, еңбек және моральдық белсенділік дәрежесі бойынша адамның қоғам мен ұжым үшін жарамдылығын жете анықтау мұғалімнің басты міндеті. Белсенділік - адамның іс-әрекеті үстіндегі жағдайын айтады. Тіршілік және іс-әрекеттері барысында адамның қарым-қатынас жасау, таным және өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі дамиды. Бала белсенділігінің ең алғашқы формасының бірі - қарым-қатынас жасау белсенділігі. Бұл адамның бүкіл өмірінде дамитын белсенділік. Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес басқа адамдар мен қарым-қатынас жасау белсенділігінің мазмұны өзгеріп отырады. Мектеп жасына дейінгі балалар ересек адамдардық әрекеттеріне үңіле қарап, үйренеді, оларға еліктейді. Бала еліктеу, қабылдау арқылы түрлі рөлді ойындарды атқара отырып, әлеумет өмірінің, өндіріс қатынастарының мазмұнын түсінеді. Әр түрлі ойын баланың дүниетінымын кеңейтіп, қарым-қатынас жасау белсенділігін дамытады. Қарым-қатынас жасау белсенділігі жеке адам қасиеттерінің (қайырымдылық, қамқорлық, т.б.) қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Баланың даму барысында таным белсенділігі артады. Қарым-қатынас адам психикасының және оның мінез-құлқының мәдени, саналы түрде қалыптасуы мен дамуында үлкен роль атқарады. Қарым-қатынас арқылы адам жоғары қабілеттері мен қасиеттерін аша алады. Дамыған адамдармен белсенді қарым-қатынасқа түсе отырып, ол өзі тұлға болып қалыптаса алады. Егер туғаннан бастап, адам басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігінен айрылса,ол ешқашан мәдениетті, адамгершілігі бар адам болмас еді, тек ғана аяғына дейін жартылай жануар болып яғни сыртқы жағынан адамға ұқсас болар еді. Сүбъектінін іс-әрекеті – жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуынын факторы. Жеке тұлғаның дамуының маңызды факторларын сөз еткенде және бұл процесте тәрбиенің орны ерекше екенін баса айтқанда, адамды ортаның әсерімен тәрбие ықпалының пассивті объектісі деп қарастыруға болмайды. Сана мен іс-әрекеттің тұтастығы материалистік диалектика мен психологияның ен маңызды заңдылығы болып есептелінеді. К. Маркс адам жағдайдың пассивті жеміс емес, ол қоршаған ортасын, жағдайларды және езін белсенді түрде өзгерте алады деп жазған болатын.

51,Жеке тұлғаның жан-жақты дамуы - білім беру тұрғысынан екі мәні бар:

адамды қоғамның әртүрлі тіршілік әрекеттері сферасына жан-жақты, біліктілігімен және жауапкершілікпен қатысуға дайындау;

индивидтің рухани сферасының барлық жағын, оның интеллектін, ақылын, ерігін сезімін үйлесімді дамыту, оның көзқарасындағы рационалды-логикалық және эмоциялы-психологиялық компоненттерінің бірлігіне қол жеткізу.[1]

Тәрбиенің негізгі мақсаты - қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның әлеуметтік

тәжірибені меңгеруі, оның жан-жақты үйлесімді дамуы. Жеке тұлғаның дамуы мен

қалыптасу мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Ол көп аспектілі және әртүрлі

ғылымдардың тоғысында қарастырылады. Ертедегі грек ғалымдары жеке тұлғаның

дамуына биологиялық факторлармен қоса әлеуметтік факторлар да әсер етеді деп

есептеген. Жеке тұлғаның қалыптасу фокторлары туралы идкялар келесі дәуірлердің

прогрессивті философиялық және психологиялық-педагогикалық пікірлерінде өз жалғасын

тапқан (Э.Роттердамский, Я.А.Коменский, К.А.Гельвеций, Д.Дидро, А.Дистерверг,

К.Д.Ушинский , Д.Дьюи, Э.Торндайк, П.П.Блонский, А.С.Макаренко, Л.С.Выготский,

Э.И.Моносзон, Л.И.Божович, С.Л.Рубинштейн, В.В.Давыдов т.б.).

Адам-өзіне тән биологиялық құрылысы бар тіршілік иесі, сондықтан табиғат заңдары

оның дамуына да әсер етеді. Қоршаған ортаға бейімделіп, өз тіршілігі үшін дайын заттарды

пайдаланатын жануарларға қарағанда адам өзіне керектіні өз қолымен жасайды. Адам

табиғатының өзгеруі адам өмірінің әлеуметтік жағдайларының әсерінен болады, адамның

тектілігі тек биологиялық жағынан ғана емес, сонымен қатар тарихи дамуы нәтижесінде де

пайда болады. «Әлеуметтік мұрагерлік» адамның қоғамдық тәжірибеге ие болуы

нәтижесінде орын алады. Сонымен, адамның жалпы дамуында өзара байланысты екі бағыт

– биологиялық және әлеуметтік бағыттар байқалады. Адам биологиялық тіршілік иесі болып

туады, алайда өз дамуы барысында ғана ол әлеуметтік тіршілік иесіне айналады.

Адамның жеке қасиеттері өмір жолында дамып, қалыптасатын болғандықтан, жеке

тұлғаның “дамуы мен қалыптасуы” ұғымдарының мәнін ашу педагогика үшін маңызды

мәселе болып табылады.

Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз, ең алдымен, оның қасиеттері мен сапасындағы сандық

өзгерістер процесі. Адам дүниеге келгеннен соң дене жағынан үлкейеді, иғни оның кейбір

дене мүшелері мен нерв жүйесі өседі. Оның тілі шығып, сөздік қоры молаяды. Бала көптеген

әлеуметтік- тұрмыстық және моральдық біліктерге, еңбек дағдылары мен әдеттерге ие

болады. Алайда, адамның жеке тұлға ретінде дамуындағы ең бастысы- оның бойында

болып жатқан сапалық өзгерістер. Адамның дамуына ішкі және сыртқы, меңгерілетін және

меңгерілмейтін факторлар әсер етеді, олардың арасында мақсатты тәрбие мен білім

берудің алар орны ерекше.

Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторлардың арасында тәрбие ең маңызды

орын алады. Кең мағынада тәрбиені белгілі бір әлеуметтік қызметтер атқаратын қоғамдық

құбылыс ретінде қарастыру қажет, ал тар педагогикалық мағынада тәрбие дегеніміз- өсіп

келе жатқан ұрпаққа жалпы адамзаттық құндалақтарды игерту үшін мұғалім мен оқушылар,

балалар мен ата- аналар арасындағы бірлескен іс- әрекеттердің педагогикалық процесін

ұйымдастыру.

Материалистік философия қоршаған орта мен биологиялық бейімділіктер қатарында

тәрбиеге ерекше орын бөледі, тәрбие - жеке тұлғанын дамуы мен қалыптасуының үшінші

факторы. Бұндағы айта кететін жағдайлардың бірі- материалисттік түсінікте жеке тұлға тек

объекті ретінде ғана емес, сонымен қатар, ең бастысы, тәрбиенің субъектісі ретінде, өзіндік

қайта құру қызмет- әрекетінің субъектісі ретінде қарастырылады.

Тәрбие - жеке тұлғаның қалыптасуының ең басты факторы ретінде.

Тәрбие - жеке тұлғаны мақсатты қалыптастыру процесі, бұл процесте

тұқымқуалаушылық бейімділік пен микроортаның өзгерістері жөнге келтіріледі. Барлық

балалар тәрбиелік- білім беру мекемелерінен өтеді, ол мекемелер педагогикалық процесті

сауатты құрастырып, оқушылардың жан- жақты қызмет- әрекетін жемісті ұйымдастырады,

себебі ол жеке тұлғаның дамуының шешуші шарты болып табылады.

Қазіргі ғылыми көзқарас бойынша баланың жеке тұлғалығы тәрбиенің обьектісі ретінде

де, субьекісі ретінде де қарастырылады. Оның обьект болу себебі оның қалыптасуы сыртқы

ықпал-әсерлерге, әсіресе, тәрбие секілді мақсатты әсерлерге тәуелді. Субьект болу себебі

жеке тұлғаның белсенділігінсіз, сыртқы ықпал-әсерлерге деген белсенді ықпалынсыз даму

ілгері жүрмейді; тағы бір себебі: адамның дамуы өзін-өзі дамыту процесінде ғана жүзеге

асады, сондай-ақ жеке тұлғаның дамуында өзін-өзі тәрбиелеудің де алар орны ерекше (солсубьект қалағанындай жеке тұлғаға тән белгілі бір қасиеттерін қалыптастыру мақсатында өз

бетінше жұмыс).

Қазіргі заманғы зерттеулер дарындылық тұқым қуалайтын қасиет емес дейді. Н.И.

Дубининнің айтуы бойынша, дарындылық болу үшін “жөнді универсалды генетикалық

бағдарлама” керек: ал оның аса мол потенциалын жүзеге асыру үшін, әсіресе жеке тұлғаның

дамуының өте ерте кезеңінде, қолайлы жағдайлардың болуы.

Бала өмірінің алғашқы үш - бес жылын ғалымдар “Ұлы бастаулар уақыты” деп атайды.

Адам психикасының сырттай көріністерінің қасиеттері өмір барысында қалыптасады,

сондықтан оларды ата- ана, педагогтар және баланың өзі қадағалап, реттей алады.

Тәрбиенің негізгі мақсаты жеке адамды қалыптастыру және оны жан-жақты дамыту. Ал

бұл міндеттердің нәтижелі болуы жеке адамның қалыптасуына қандай жағдайлардың ықпал

ететінін білумен байланысты. Тәрбие қоғамдық өндірістік және мәдени өмірдің белсенді

қатысушысын даярлауды мақсат етіп қойған жеке адамды қалыптастырудың жүйелі үрдісі.

Педагогика үшін мәнді мәселенің бірі – “жеке тұлға” түсінігінің өзін айқындап алу.

Адамның дамуында бір-біріне байланысты екі өзек байқалады, оның бірі – биологиялық,

екіншісі – әлеуметтік. Шетел педагогикасы мен психологиясы жеке тұлғаның даму мәселесін

үш негізгі бағытта қарастырады, яғни олар: биологиялық, әлеуметтік және

биосоциологиялық. Осы бағыттар адамның дүниеге келген күнінен бастап оның дамуы мен

қалыптасуында көрініс бере бастайды. Адам туғанда тек биологиялық тіршілік иесі болып

танылады, жеке тұлғалыққа жету әлі ерте. Биологиялық нышандар мен қасиеттердің дамуы

адамның өмір бойы мүшелік пісіп жетілуі және қалыптасуы үрдісінің сипатын көрсетіп

отырады. Адамның биологиялық кемелдену және өзгеру үрдісі, оның дамуының жастық

сатылары мен мінез-құлығында көрініп, осыдан балалық, жасөспірімділік, ересектік және

қариялық табиғи бітістерін ажыратамыз. Жеке адам қоғам өмірінің өнімі болғанымен, оның

тірі организм екенін ұмытпау керек. Әлеуметтік және биологиялық қатынастар жеке

адамның қалыптасып дамуына әртүрлі әсер етеді.

Наши рекомендации