Сканерлердің ролі, түрлері және қызметі. Сканерлік құралдардың пайда болу, даму тарихы.

Компьютерге мәтінді немесе бейнені енгізу жиі кездеседі. Көп жағдайда мәтінді енгізу перне тақтаның көмегімен жүзеге асырылады, бірақ бұл көп еңбек пен уақытты қажет етеді. Қолданушылар қазіргі кезде сканер құрылғысын пайдаланады.
Сканер – электронды механикалық құрылғы.
Сканерді планшетті, барабанды және қолмен басқарылатын деп бөлуге болады. Планшетті сканер бейнені оригиналдан ғана сканерлейді. Барабанды сканер факсте қолданылса, ал қолмен басқарылатын сканер оригиналды кез-келген бағытқа айналдырады.
Сканерді қолданушылар өз үйінде де қолдана алатын деңгейге жетті.
Саудада сканерлердің түрлі модельдері кездеседі. Олар бағасымен, программамен жабдықтауымен, интерфейсімен және технологиясымен бір-бірінен айрықшаланады.

Сканер
Жұмыс істеу принциптері
Барлық түрлі сканердің жұмыс істеу принциптері бірдей. Сканерленетін объект фотоқабылдағышқа келіп түседі. Түрлі-түсті сканердің ақ-қара түстен еш айырмашылығы жоқ.
Қазіргі функционалды сканерлер 2 бөлімнен тұрады:
1.Пластмасса корпусындағы сканерлейтін механизм,
2.Программалық бөлігі – TWAIN драйвері. Ол тек сканермен ғана емес, басқа программалармен және ОЖ-мен түгелімен байланыстырады.
Сканер компьютердің стандартты құрылғысы емес, сол себепті оған драйвер орнатылады. Әр модельдің өзінің драйвері болады. Сканерлерде стандартты драйвер болмайды.
Планшетті сканер тікбұрышты формада пластмассадан жасалады. Корпустың ішкі жағында қозғалмалы каретка орналасқан.
Сканерде түстердің 4 типі қолданылады:
v газоразрядты лампалар – жоғары сәулелі жылдамдықпен жұмыс істейді және ұзақ уақыт қызмет көрсетеді, бірақ энергияны көп тұтынады.
v «ыстық» катодты лампалар – бірдей спектрде сәуле береді, аз уақыт қызмет көрсетеді (шамамен 1 000 сағат). Сканер жұмыс істеп тұрғанда лампа өшірілмеуі керек.
v «салқын» катодты лампа — өте ұзақ уақыт қызмет көрсетеді (5-тен 10 мың сағат), төмен жұмыс температурасы энергияны көп қажет етеді.
v Светодиодтар – энергияны аз тұтынады. СІS-сканерінде қолданылады.
Қазіргі сканерлерде 3 түрлі светодиодтар жоғарғы жиілікте пайдаланылады.
Сканерленетін бейненің сапасы оның түсінің қанықтылығына және динамикалық диапазонға байланысты.
Сканерлердің сыртқы айырмашылықтары – сканерді компьютерге жалғайтын интерфейс. Қазіргі кезде интерфейстердің көптеген түрлерін кездестіруге болады.
-LPT – бұл берілген сканер интерфейсі компьютердің параллельді
портына принтердің орнына жалғанады. Бұл қосылу типінің көптеген кемшіліктері бар. Сканермен жұмыс істеу барысында принтерге қосылу өте қиын. Бұл мәселені SPP стандартты режимімен шешуге болады, бірақ сканер мен принтердің жұмыс істеу жылдамдығы төмендейді.
— SCSI – бұл ескі қосылу әдісі. Компьютер мен сканер арасындағы
байланыс арнайы кеңейтілу платасы SCSI интерфейсі арқылы жүзеге асырылады. Бұл интерфейстің жоғары жылдамдықта болуы жоғары сапалы сканерлеуді қамтамасыз етеді.
— USB – қазіргі кезде қолданылатын бастапқы қалыпта
сканерлейтін интерфейс. Мәліметтердің берілуіне аса жоғары жылдамдықты қажет етпейді.
— FireWire қымбат, бірақ перспективті интерфейс. Мұндай сканер
комплексінде 3 портты FireWire контроллері болады. Сканерден бөлек компьютерге басқа құрылғыларды да жалғай беруге болады (мысалы, цифрлы камера).
Барабанды сканерді факс жіберу үшін қолдануға бола
Жұмыс істеу жылдамдығы
Сканерлердің жылдамдығы түрлі болады:
— Түрлі-түсті сурет – 25-тен 60-қа дейін.
— Мәтіннің толық беті (А4) – 45-100 бет.
— Ақ-қара түсті сурет – 20-45 бет

Фотографика дегеніміз не?

Фотографика – дегеніміз Владимир Дальның сөздігі бойынша, қағазға жарықтың көмегімен бейнені түсіру өнері деген түсініктеме береді.

«Фотография» сөзі графика мен суретке туыскан сөз боп келеді. Қазіргі кездегі фотобейнелер бұрынғы фотоларға қарағанда мүлдем өзгерген. Фотобейнеде бастысы пішіні мен формасы.

Фотография өзіне айқын анық түстерімен, геометриялық дәлділігімен тартады. Фото арқылы адам өткен уақытқа көз жүргізе алады. Фотода адамға бір қарағанда көзге түспейтін заттарды, құбылыстарды байқауға болады.

Табиғат, әсіресе тірі табиғат симметриялы емес. Тек қана адамның қолы жасаған ғана симметриалы болуы мүмкін. Бізді түзу сызықтар, тік бұрыштар, бірдей объектілер қоршап турады.

Фотографиканы қолдана отырып, көрермендерді күнделікті байқалмайтын нәрселерді байқауға мүмкіндік бересін.

Кейбір тәсілдер.

Силуэтті түсіру. Мұндай түсірілімдер, реалды объектіге тек қана белгі береді. Адам өзі, бейнені көріп әртүрлі ойлар келуі мүмкін. Бірақта силуэт нақты болуы керек. Мысалға адам бұрылып тұрған тарелканы, доптан айыру керек.

Силуэтті анық қылып түсіру үшін, жарықты заттың артынан қояды. Немесе контрастпен ойнауға болады. Қанық түстерді үйлестіре отырып, анық силуетті шығарып алуға болады.

Фотография туралы көп айтуға болады. Қарапайым көрінгенімен, ол фотографиялық философияны құрайды.

Фототехника

Фотография дамыған сайын, бейнені шығару үшін әртүрлі конструциялар мен механизмдер шыға бастады. Негізгі құрал болып «фотографикалық аппарат» қысқаша «фотоаппарат» немесе «фотокамера» болып табылады және соған қажетті құралдар жатады.

Кез-келген фотоаппаратта:

· Объектив – ол оптикалық система, жарықсезгіш метариалға оптикалық бейнені шығарады.

· Затвор - оның орның объективтің қаппағы алмастыруы мүмкін.

· Корпус – жарықсезгіш материалды бөгде сауледен қорғайды.

· Жарықсезгіш матрица – жарықсезгіш материалы бар кассета.

Фотоаппараттың басқа элементтері фотоға түсіру процессіне ешкандай кедергі жасамайды және олардың болу, болмауы қажетсіз.

Фото жабдықтар

Түсіру процессінде фотоаппарат пен ауыспалы объективтерден басқа, фотожабдықтар қолданады. Оларға:

· «Эконометр» мен «флешметр» – түсірудің жарығын анықтайтын құрал.

· «Фотовспышка» - жарықтандырғыш құрал, жарық аз болған жағдайда, қосымша жарық болу үшін қолданатын құрал.

· «Студиялық жарықтандырғыш» - студиялық тусірілімдерде арнайы фотоспышкалар қолданады. Оның екі түрі болады: импульсивті және тұрақты.

· «Штатив» - оны көп жағдайда қолданады. Мысалы: панорама түсіргенде, бірнеше кадрлар жасағанда, қосымша жарық түсіргіш құралды орнатқанда және т.б.

· «Светофильтр» - жарық аз болғанда, арнайы эффектілер алу үшін қолданады.

Деу құралдары.

«Сандық фотографияларда» - бейнелерді өңдейтін программалар, компьютер.

«Пленкалы фотоаппарат» - фотореактивтер, фотоұлғайтқыштар, қызыл түсті фонарь және т.б.

Фото сурет тарихы

Фотографияның химиялық тарихы көне заманнан басталады. Адамдар күннің сәулесінен тері қараятының, аметист пен опал жарқырайтының, пиваның дәмі өзгеретінің баяғыдан білген.

Фотографияның оптикалық тарихы шамамен мың жылдан бері анықталған. Ең бірінші «обскура-камерасын» бөлменің жарты бөлігі күн сәулесімен жарықтандырылған бөлігін айта аламыз.

Ең алғашқыда күміс тұзды қарайтатын жылу емес, жарық екенін дәлелдеген неміс физигі Иоганн Гейнрих Шульц.

Ей алғашқы түсірілген фото 1822 ж. жасалған, бірақта біздің заманға дейін сақталмады. Сондықтан ең алғашқы болып, 1826ж. жарық көрген фото саналады. Ол обскур-камерасымен оловян пластинасына түсірілген және үстін асфальпен жүргізген. Ол жұмыс 8 сағатқа созылған.

1839ж. француз Луи-Жак Манде Дагер мыстан жасалған платинаға түсіріп, үстін күміспен қаптаған. Сосын оны қараңғы бөлмеге кіргізіп, қайнаған сынаптын буында ұстаған. Қатыру үшін тұзды пайдаланған.

1833ж. мұндай тәсілді бразиялық суретші ойлап тапқан болаттын, бірақта ол өзін ұсынбады.

«Фотографика» термины 1839ж. шыққан. Оны ағылшын астрономы Уильям Гершель және неміс астрономы Иоганн фон Медлер қолданған.

Наши рекомендации