Студенттердің өздік жұмыстар орындауға арналған әдістемелік нұсқау

«Қарым-қатынас гармониясы және дисгармониясы» студенттерге жеке тұлғаның психикалық дамуының заңдылықтары мен факторларын жан-жақты қарастыруға мүмкіндік береді. Курс барысында студенттер жүйке жүйесінің дамуын, когнитивті даму, дамудың психофизиологиялық ерекшеліктерімен танысады, онтогенездегі психикалық дамудың негізгі теориялық концепцияларын талдайды. «Қарым-қатынас гармониясы және дисгармониясы»білімгерлерді дайындау, олардың білім деңгейін көтеру жүйесіндегі негізгі пәндердің бірі.Студенттердің өздігінен жұмыс жасауының мақсаты –білім деңгейін көтеру. Жоғары оқу орнында студенттердің өз бетімен жұмыс жасауы олардың аналитикалық және шығармашылық ойлауын, педагогикалық, психологиялық білімін меңгерудің негізгі тәсілдерінің бірі болып табылады. Студенттің өздік жұмысы (СӨЖ) –оқу материалын тереңдетіп, жаңа материалды игеру мақсатын көздейді.

№1, №2 тақырыптарды өткен соң студент оқытушыға №1, 2 өздік жұмысты орындап жіберуі тиіс.

№3, №4 тақырыптарды өткен соң студент оқытушыға №3 өздік жұмысты орындап жіберуі тиіс.

№5, №6 тақырыптарды өткен соң студент оқытушыға № 4,5,6 өздік жұмыстарды орындап жіберуі тиіс.

Студенттің өздік жұмыстары оқу процесінің бір формасы ретінде оқытушының әдістемелік жетекшілігі мен берген тапсырмасы бойынша, оның тікелей қатысуын қажет етпейтін студенттің жоспарлы түрде орындайтын жұмысы болып табылады. Бұл ретте оқытушы студенттің берліген тапсырманы орындауға деген қызығушылығын оятып, осы жұмыс барысында алған білік-іскерліктерін орынды қолдана білуін қамтамасыз етуге міндетті. Студенттің өздік жұмысы оның қабілет, нышандарын толық байқата білуге, оларды тұлғалық жетілуі барысында дұрыс қолдана білуге көмектеседі. Студенттің өздік жұмысы барысында плагиаттың болуына жол бермеу керек. Плагиат-білімсіздікпен күресудің бір жолы ретінде, оқытушы тарапынан (бағаны жою) жазалануы тиіс.

Студенттің өздік жұмыстарына тән белгілер:

Өздік жұмыстың мақсаты

Нақты тапсырманың болуы

Өздік жұмыстың нәтижесін көрсетудегі нақты форма

Өздік жұмыстың нәтижесін тексеру формасын анықтау

Тапсырманы орындаудың қажеттігі

Студенттің өздік жұмыстарын ұйымдастыру белгілі талаптарға байланысты:

-студенттің өздігінен дербес атқаратын жұмысының мақсатын айқын, саналы түсінуі;

-жұмысты нәтижелі аяқталуына сеніп, қызығуы;

-жұмысты студенттің өз еркімен орындауы;

-жұмыс көлемін шамадан асырмай, сапасын арттыруға назар аудару;

-еңбек ету дағдысы мен өздігінен жұмыс істеу қабілетін дамыту.

СӨЖ календерлы тақырыптық жоспары

с№     Тапсырма мазмұны сағат саны орындалу мерзімі бақылау формасы  
1 - СӨЖ 1-тапсырма. Қарым-қатынас арқылы баланың жан-жақты, әрі үйлесімді дамуына қажет-түйсік, қабылдау, ойлау, ес, зейін сияқты негізгі танымдық процесстерін дамыту.   4 -апта конспект  
2-тапсырма. Қарым-қатынас - жетекші әрекет ретінде. реферат  
3-тапсырма. Бала дамуындағы іс-әрекет түрлерін(ойын, қарым-қатынас, оқу) қарастыру. Қарым–қатынастың интерактивті жағының сипаттамасы.   жазбаша жұмыс, глассарий, сызба  
2 - СӨЖ 1-тапсырма. Қарым-қатынас және эмоционалды интеллект.       7-апта презентация  
2-тапсырма. Қарым-қатынас адамдардың өзара тануы мен түсінуі ретінде. конспект      
конспект  
  3-тапсырма. Тұлғааралық қарым-қатынастың құрылымы. 1-7 апталарда берілген СӨЖ жұмыстары  
3 - СӨЖ 1-тапсырма.Тәрбиенің дұрыс емес стратегиясымен байланысты пайда болатын дау-дамайлар проблемасы бойынша жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарымен танысу.     11-апта презентация  
конспект  
2-тапсырма. Дау-дамайдың әлеуметтік-психологиялық сипаттамасы.  
3-тапсырма. Дау-дамайдың құрылымы және дамуы. Дау-дамайдың алдын алу.  
презентация  
4 - СӨЖ 1 -тапсырма. Қарым-қатынастағы эмоция мен сезімнің орны.   14-15 апта баяндама  
2-тапсырма. Жалғыздық феномені. реферат    
3-тапсырма. Сәтті әңгіме орнату техникасы мен ережелерін құру.  
сызба  
  Барлық СӨЖ саны:      

Дәрістер конспекті

Наши рекомендации