Оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы. Сауат ашу негіздері ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіпің тақырыптық жоспары № Сабақ тақырыбы

Сауат ашу негіздері ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіпің тақырыптық жоспары

Сабақ тақырыбы Сағат саны Мерзімі
Балабақша (әңгіме құрастыру) 01.09
Күз кереметі (әңгіме құрастыру) 16.09
Ауылда. Үй жануарлары мен үй құстары. 13.09
Жабайы жануарлар. 15.09
Сөйлеммен танысайық. 20.09
Сөзбен танысайық. Сөздер мен дыбыстар 27.09
Буынға бөлейік 29.09
Дыбыс және әріппен танысайық. 04.10
Дауысты,дауыссыз дыбыстармен танысайық. 06.10
Дауыссыз дыбыстар 11.10
Аа дыбысы және әрпі 18.10
Тт дыбысы және әрпі 20.10
Пп дыбысы және әрпі 25.10
Нн дыбысы және әрпі  
Ғғ дыбысы және әрпі  
Рр дыбысы және әрпі  
Лл дыбысы және әрпі  
Уу дыбысы және әрпі  
Шш дыбысы және әрпі  
Йй дыбысы және әрпі  
Оо дыбысы және әрпі  
Ққ дыбысы және әрпі  
Дд дыбысы және әрпі  
Мм дыбысы және әрпі  
Бб дыбысы және әрпі  
Сс дыбысы және әрпі  
Ыы дыбысы және әрпі  
Жж дыбысы және әрпі  
Ұұдыбысы және әрпі  
ң дыбысы және әрпі  
Ее дыбысы және әрпі  
Кк дыбысы және әрпі  
Іі дыбысы және әрпі  
Әә дыбысы және әрпі  
Ии дыбысы және әрпі  
Зз дыбысы және әрпі  
Өө дыбысы және әрпі  
Үү дыбысы және әрпі  
Гг дыбысы және әрпі  
Я дыбысы және әрпі. Ю дыбысы және әрпі  
Х дыбысы және әрпі. Һ дыбысы және әрпі  
В дыбысы және әрпі. Ф дыбысы және әрпі.  
Ё дыбысы және әрпі. Ээ дыбысы және әрпі.  
Щщ дыбысы және әрпі  
Цц дыбысы және әрпі. Чч дыбысы және әрпі.  
Жіңішкелік белгісі (ь). Айыру белгісі (ъ)  
Буындардан сөз құра. Сурет бойынша әңгіме құрастыру.  
«Жоғалған буын» дидактикалық ойыны  
  Барлығы   48 сағат  

Мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған

оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлім: Сауат ашу және жазу негіздері

Тақырыбы:Балабақша. ( Әңгіме құрастыру)

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: сурет бойынша әңгіме құрастыру арқылы жауап беруге үйрету; сурет бойынша ойын тиянақты жеткізе білуге баулу Балаға өз ойын жүйелі түрде айта білуге үйрету арқылы зейінін дамыту. Балабақшада достарымен,үлкендермен қарым-қатынаста кішіпейіл болуға тәрбиелеу .Жазуға қолдарын жаттықтыру.

Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап, түсіндіру, ароматерапия.

Сөздік жұмысы :байтағым, баулып.

Оқу іс-әрекетінің көрнекілітері: суреттер ,слайдтар.

Қос тілдік компонент:

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Балалар шаттық шенберіне дөңгелене тұрады .Жоғарыда шаңырақ ілінген. Балалар қолдарына түрлі түсті таспаларды (ленталарды ) алып ,өз балабақшасына (мектебіне) деген ізгі тілектерін айтады. Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.
Ұйымдастыру-іздестіру -Менің балабақшамның/мектебімнің шаңырағы биік болсын! -Менің балабақшамның/мектебімнің іші ойыншықтарға толысын! -Менің балабақшамның/мектебімнің іші күлкіге сәбиге толы болсын! 2.<<Кім болам?>> дидактикалық ойыны. Ойын шарты: балалардың ішінен <<тілші >>сайланады. Тілші болып сайланған бала басқа балаларға <<Болашақта кім боласың?>> деген сұрақты қойып, олардан сұхбат алады. Балалардың қалауы бойынша <<тілші>> рөлі ауысып отырады. 3. Тыныштық сәтін өткізу. Балалар көздерін жұмады, терең тыныстап дем алады. Денелерін бос ұстап, еркін отырады. Көз алдарына балабақшаны/мектепт,і ойын алаңын елестетеді. Аулада өсіп тұрған гүлдердің иісін иіскейд.і( Гүлдің иісі шығады). Көздерін ашып ,алған әсерлерін баяндайды. 2.Негізгі бөлім. 1.Дәптердің 4-5 беттердегі суреттер бойынша әңгіме құрастыру. Тірек сөздер: ойын бөлмесі ,тәрбиеші, ойын маңы,құм, сырғанау, әткеншек, шелек. 2. ӘЛІМҚҰЛОВТЫҢ «Балабақшам - байлығым» немесе балабақша туралы басқа ақындардың өлеңін оқу.Өленің мазмұнына сәйкес сурет тер немесе слайдтар көрсетуге болады. 3.Сергіту сәтін өткізу. Бала,бала баламыз,бақшамызға барамыз. Күні бойы қызыққа батамызда қаламыз. Үйренеміз өнер біз,шетімізден шеберміз. Тақпақ айтып,ән де айтып,би де билеп береміз. (Қимылмен көрсету). 1.Дәптермен жұмыс (4-5-беттері бойынша). а)Педагог үзік сызықтарды(баланың балабақшаға дейінгі жолын) қалай қосып сызу керектігін және шрихтауды тақтада көрсететеді. 5- беттегі үзік сызықтарды қосып сызу арқылы қаптардың суретін салу және оларды бояу.Педагог балалардың жұмысын тексеріп,қалай сызып,шрихтану керектігін әр балаға көрсетіп жүреді.     Балалар көздерін жұмады, терең тыныстап дем алады. Денелерін бос ұстап, еркін отырады. Көз алдарына балабақшаны/мектепт,і ойын алаңын елестетеді.   Дәптердің 4-5 беттердегі суреттер бойынша әңгіме құрастырады.   Әлімқұловтың «Балабақшам - байлығым» немесе балабақша туралы басқа ақындардың өлеңімен танысады.     Сергіту сәтінде тәрбиешімен бірге қимылды қайталайды.   Үзік сызықтарды (баланың балабақшаға дейінгі жолын) қосып сызады, шрихтайды.
Рефлексивті – түзетушілік Оқу іс- әрекетін қортындылау. Оқу іс-әрекеті барысында алған білімдері сұрақ – жауап әдісі арқылы пысықталады. Алған білімдерін тиянақтайды, бекітеді.

Күтілетіннәтиже:

Нені білу керек: сурет бойынша әңгіме құрастыру арқылы жауап беруге үйренеді.

Нені игереді: сурет бойынша ойын тиянақты жеткізе біледі.

Нені біледі:

Балабақшада достарымен,үлкендермен қарым-қатынаста кішіпейіл болуға үйренеді.

Жазуға қолдарын жаттықтырады.

Наши рекомендации