З бетімен жұмыс істеуге арналған тапсырмалар

1.Мұғалімнің сабақта оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыруда оқыту әдістеріы таңдауын жазбаша түрде дәлелдеңіз.

2.Мұғалімнің күнделікті оқу жұмысында ұтымды әдістерді пайдалануын негізде.

3.Оқыту әдістеріне жіктеме бергенде әртүрлі салыстырма баға беріңіз.

4.Шет елдердің орта мектепте қолданатын әдістерінің схемасын келтіріңіз.

5.Нақты бір тақырыпта оқыту әдісіне мысал келтіріңіз.

6.Оқушылардың танымдық мүмкіншілігіне қарай видео материал арқылы мұғалімнің шығармашылық ізденімпаздығының ерекшелігін көрсетіңіз.

Рефераттық тақырыптар

1.Оқыту әдістерін іріктеу мұғалімнің педагогикалық шеберлігімен негізделеді.

2.Дарынды балаларды оқытудың проблемасы.

3.Үлгермеушіліктің жолын болдырмау.

4.Тәрбиесі кем балалардың диагностикасы және оқуда оларға көмектесу шаралары.

5.Оқушылардың сабақта артта қалдырмаудың психо-педагогикалық бағыттары.

6.Сабақта мұғалімнің оқыту іс-әрекеті және оқушылардың белсенді танымдық жұмысы.

7.Оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарына педагогикалық басшылық.

8.Мұғалімнің оқыту әдістерін шығармашылық түрде таңдауы.

Оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекеттерінің ұйымдастырушылық-педагогикалық негіздері

Мақсаты:жеке тұлғалы . дамыту үшін педагогикалық процеске қатысушылардың өзара әрекеттестірудің маңызды құралы ретінде ұжымдық танымдық іс-әрекеттерді ұйымдастырудың қажетілігін негіздеу.

Міндеттері:

а)Қарама-қайшылықтардың рөлін көрсету және жеке тұлғаны дамытудың қозғаушы күші ретінде оларды шешудің механизмі.

ә)Ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің мәнін ашып-көрсету.

б)Жұмыстың негізгі түрлеріне, ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің элементтеріне сипаттама беру.

в)Мектеп оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамыту үшін мұғалімнің ұжымдық танымдық іс-әрекеті және оның технологиясын жөніндегі білімді меңгерулерінің маңыздылығын дәлелдеу.

Жоспар

1.Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер жөнінде түсінік.

2.Оқу белсенді топтарының жұмысы.

3.Топтық жұмыстарды ұйымдастыру.

Негізгі ұғымдар:дамыту, қарама-қайшылық, дамытудың қозғаушы күштері, біріккен іс-әрекет, ұжымдық танымдық іс-әрекет, ынтықмақгастық, жұптар, топтық жұмыс, кеңес беруші, ассистент, қоғамдық байқау.

Пәнаралық байланыстар:философия, психология, педагогика тарихы, әлеуметтану.

Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер жөнінде түсінік. Диалектиканың қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресі деп аталатын заңына сәйкес кез келген нәрсені, кұбылыс, процесс қарама-қарсы, бірін-бірі жоққа шығару және бір мезгілді өзара шарттастық сияқты өзара қарым-қатынаста болатын қарама-қарсы жақтардың қарама-қайшылықты бірлігі болып табылады. Белгілі бір кұбылысты, нәрсені дамыту процесінде соңында күрес арқылы шешілетін қарама-қайшылықтардың күшеюіне әкеп соғатын қарама-қарсылықтардың арасында сәйкессіз элементтер пайда болады. Олай болса, дамытудың қозғаушы күші де, қозғалыс көзі де қарама-қайшылық.

Окушылардың танымдық іс-әрекеті адамдық танымның әртүрлілігі және оқыту процесінің қарама-қайшылықтарымен байланыста болатын өзінің жеке қарама-қайшылықтарымен сипатталады. Практик мұғалімдер оқу процесінде қарама-қайшылықтарды таза интуитивті түрде туғызады. Олар бұл қарама-қайшылықтарды оқушыларға білімді меңгерту

барысындағы қиыншылық ретінде қабылдайды. Белгілі дидакт М.А.Данилов оқу процесінде объективті түрде пайда болатын және оның басты қозғаушы күші болып табылатын жетекші қарама-қайшылықты алғашқылардың бірі болып анықтады. Бұл оқыту барысында алға қойылатын оқу және практикалық міндеттері мен білім, білік және ақыл-ой дамуының деңгейінің арасындағы қарама-кайшылық. Сонымен бірге, ол қарама-қайшылықтың, қозғаушы күштің қалыптсауының шешуші шарты болып оқушының өзінің санасында ішкі сипатқа ие болатын және оған қиыншылық ретінде танылатын қарама-қайшылықтың қалыптасуы болып табылады.

Осы көрсетілген қарама-қайшылықты шешудің мәні әрбір балаға қоршаған ортаны танып-білуіне, өзінің тұлғалық ресурстарын іске асыруына, өзін-өзі танытуына көмектесуде. Сондықтан мұғалім оқушыны оқу барысында туындаған қиыншықтарды, кедергілерді жоюға саналы түрде ұмтылдыра отырып осы қарама-қайшылыктарды шешудің сөйкес тәсілдерін айқындауда және оларды қолдана білуде жетекші рөл атқарады.

Басқа да әлеуметтік қауымдастықтар жүйесіне оқушылардың араласуы, олармен әрекеттесуі, дербестенуі оқу-тәрбие процесінде жүзеге асырылады. Микро жүйе ретінде оқушы өзінің қалыптасуында өзіндік дамуының қарама-қайшылықтарына кездесіп отырады. Алайда, өзінің ішкі дүниесінде қандай да қарама-қайшылық өз шешімін табуы мүмкін емес (Э.В.Илентков). Қарама-қайшылық "оқушы (адам)" жүйесінде пайда болып "адам-адам" жүйесінде, яғни педагогикалық процеске қатысушылардың өзара әрекеттесуі арқылы шешіледі. Оқу-тәрбие процесі жағдайында оның негізгі қарама-қайшылықтарын оқушыларды оқу-танымдық біліктерге үйрету арқылы шешу қиыншылықтарды, кедергілерді жою үшін оқушыларға мұғалім көмегі мен құрбылармен қарым-қатынас жасау қажет болғандықтан мұғалімнің өз оқушыларымен, ал оқушылар бір-бірімен ынтымақтастықта болуын талап етеді. Сонымен бірге оқушының өзін-өзі бағалау мен басқа да тұлғалық қасиеттерінің тиімді қалыптасуы және оның толыққанды дамуы үшін мұндай өзара әрекеттестік өте қажет. Осылайша іс-әрекет пен танымның субъекті болып табылатын микро жүйе ретінде

тұлғаның дамуының қарама-қайшылықтарын шешу қажеттігі оқу процесін оған қатысушылардың қарым-қатынас, өзара әрекеттестігі және ынтымақтастығы ретінде ұйымдастыруды қажет етеді.

Оқу процесінің субъектілерінің қарым-қатынасы мен өзара әрекеттестігіиің феномені педагогикалық әдебиеттерде және мектеп тәжірибесінде ұжымдық танымдық іс-әрекет рстінде түсініледі. Бұл мәселелрдің теориялық әдіс-тәсілдері Н.К.Крупская еңбектерінде қарастырылған. Ал педагогикалық процестің оқудан тыс бөлігі жағдайында оқушылармен ұжымдық жұмыс жүргізу әдістемесін Н.К.Крупская, П.П.Блонский, А.С.Макаренко жасаған.

Қазіргі педагогикальгқ әдебиеттерде ұжымдық жұмыс ұғымын көп жағдайда фронтальды жұмыс ұғымымен қатар қояды. Көбінесе оқушылардың жаңа оқу материалдарына деген белсенді танымдық қатынастарын және соның негізінде пайда болатын оқушылар арасындағы жақын қарым-қатынас, жалпы үлгерім бойынша жүргізілетін жұмыстар, интеллектуалдық құндылықтармен алмасу мүмкіндіктері, салыстырулар, жасалатын қарым-қатынастың зерделенетін объектілері тұрғысындағы әртүрлі қимыл бірлігі сияқты белгілері бар жұмыстарды ұжымдық жұмыстарға жатқызады. Жалпы ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің мәні мұғалімнің жетекшілігімен оқу процесін ынтымақтастықпен, қарым-қатынаспен байытуда.

Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер - әлеуметтік тәжірибені игерудегі, өз мүмкіндіктерін жүзеге асырудағы, өзіндік танымдық қажеттіліктерін іске асырудағы қиындықтарды жеңе отырып тәжірибе жинақтау, бірлесе еңбек ету, қарым-қатынас жасау біліктеріне ие болу сияқты субъект позицияларын қалыптастыру мүмкіндігімен әрбір оқушыны қамтамасыз ететіндей мұғалім ұйымдастырған білімдік диалогтың барысындағы оқушылардың біріккен іс-әрекеті.

Оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекеттерінің оқушылардың тұлғалык қасиеттерін дамытуға жетелейтін оқу процесінің қарама-қайшылықтарын шешу үшін мүмкіндіктері мол. Бұл жөнінде Т.Е.Конникованың және оның шәкірттерінің мектептерде жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижелерінде көрініс тапқан. Бұл

зерттеулер сабақ барысында оқушылардың тұлғалық касиеттерін дамытуға көмектесетін ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің мол мүмкіндіктерін көрсетіп берді. Ұжымдық іс-әрекеттер барысында оқушыларда меңгертілетін материалдардың көлемі артып, оларды терең түсінулеріне мүмкіндік жасалады. А.Синицкая зерттеулері жасөспірім балалармен жүргізілетін біріккен жұмыстардың сапасы жеке жүргізілетін жұмыстарға қарағанда жоғары, яғни сабақтарда әдеттегідей жеке жүргзілетін жұмыстар барысында оқу материалының 60-70%-і, ал оқушылардың өзара әрекеттесуі арқылы 89%-і меңгертіледі. Сапалы ұйымдастырылған ұжымдық оку іс-әрекеті өз бетінше ойлауды дамыту үшін барынша қолайлы жағдай жасайды. Мұндай тұжырымды Л.А.Ростовецкая өзі жүргізген эксперименттік жұмыстарының нәтижесінде жасаған. Зерттеушілер ұжымдық оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырудың мүмкіндіктерін іске асырудың жоғары сатысы бірін-бірі оқыту екендігін айқындады, өйткені ол оқушыларға оқу барысында белсенділік жөне ізденімпаздық танытуға мүмкіндік туғызады.

Сонымен бірге жеке, фронтальды оқытуға қарағанда оқушылардың есептер шығару, жаттығулар орындау барысында күштерін біріктіруі ұғымдарды, біліктерді және дағдыларды қалыптасыртуға оқу уақыты аз жұмсалады. Қазіргі уақытта кооперация қатынастары мен ойдың интелектуалдық құрылымының мазмұнының арасында ішкі байланыстың бар екендігі дәлелденіп отыр. Оқушылардың өзара әрекеттестігін ұйымдастыру нәтижесінде дәстүрлі оқыту барысында кездесетін кейбір қиыншылықтар азаюда. Бұл сабақ үстінде жұмыс істемейтіндердің, үй тапсырмасын орындамайтындардың азаюымен және керісінше оқушылардың танымдық белсенділіктерінің, шығармашылық ізденімпаздықтарының артуынан байқалады.

Ұжымдық танымдык іс-әрекеттер белгілі бір дәрежеде оқу материалдарын меңгеруі, оқу барысындағы "осал жерлер" жөнінде оқушыдан кері ақпараттарды жедел алу сияқты өзекті дидактикалық проблемаларды шешуге мүмкіндік жасайды; оқушының тұлғалық қасиеттерін өз мәнінде дамыту үшін маңызды шарт болып табылатын қарым-қатынастың жетіспеушілігін азайтады.

Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер оқытудың тәрбиеле, жағына тиімділігін арттырады, тұлға аралық қатынастарды қалыптастыруға оң әсер етеді, сыныпта қолайлы жағдай орнатуға және ұжымдық психологияның қалыптасуына көмектеседі. Оқушыларда ұжымдық жұмыстар барысында жолдастық, достық және ұжымдық сезімдер қалыптасады. Сабақтарда ұжыммен орындалатын жұмыстарды жүргізу адамгершілікті оңды қатынастар бойынша тәжірибе жинақтауға мүмкіндік жасап, қоғамдық бағыттылық пен шығармашылық даралаудың бірлігінде оларды қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.

Оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекеттерінің мүмкіндіктері олардың жеке ғана емес ұжымдық жетістіктерге жетуге ұмтылу тұрғысында ұжымдық оқу еңбегінің біліктерін меңгертуде, жаңа құлықтық позицияны құруда байқалады, оқудың құлықтық мағынасын тереңдетеді, оқуға жеген жауапкершілікті қатынасты қалыптастырады. Бұл оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекеттерінің мүмкіндіктерінің ауқымының кеңдігін көрсетеді. Сабақ барысында оқу жұмыстарын осылайша ұйымдастыру оқушыларды бір-бірімен араласуына, жағдай жасайды, оқушылардың оқу еңбектерінің өнімділігін арттырады, ұжымның және ондағы әрбір оқушының субъекті позициясының қалыптасуына көмектеседі.

Ұжымдық танымдық іс-әрекет тұлғаны дамыту барысында пайда болатын қарама-қайшылықтарды шешудің барысынша бара-бар құралы болып табылады, яғни іс-әрекетті өз бетімен реттеу механизмі және кері байланыс табысты қалыптасады, ұтымды қарым-қатынаспен, өзін-өзі бағалаумен сәйкес келетін қолайлы социометриялық статус қалыптастыру үшін жағдай жасалады.

Оқу-танымдық іс-әрекеттердің ерекшеліктерін ескере отырып, төмендегідей ұжымдық танымдық іс-әрекеттің, өзіндік және біріккен іс-әрекеттердің төмендегідей белгілерін көрсетуге болады:

—бірыңғай мақсаттың, жалпы мотивтің болуы, оқушының қоғамдық маңызды мақсатқа жету үшін ұжым мүшелерінің барлығының күшінің біріктірілуінің қажеттігін түсінуі;

-ұжымның әрбір мүшесінің білімді, білікті және дағдыларды меңгерулерін қамтамасыз ететін жұмыстар мен қызметтерді оқушыларға тиімді бөлініп берілуі;

—іс-әрекеттер барысында оқушылар арасында өзара жауапкершіліктің және тәуелділіктің пайда болуы;

—бірігіп жұмыс істеу барысында оқушылардың іс-әрекеттерін басқарудың, оқушылардың, ұжым мүшелерінің өздерінің де кей жағдайда бақылау жасауларының қажеттігі;

-бірыңғай кеңістіктің болуы және ұжымның барлық мүшелерінің жеке іс-әрекеттерінің бір уақытта жүзеге асырылуы;

-жалпы нәтижелердің болуы.

Алайда күнделікті тәжірибеде ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің барлық белгілері әрқашанда бірден көрініс табуы мүмкін емес. Ұжымдық жұмыс ұжымдықтың әртүрлі дәрежесіне ие болады, яғни жұмыс барысына қатысушылардың арасындағы қарым-қатынастың өзіндік сипаты мен әр алуандығы байқалады.

Оқу белсенді топтарының жұмысы. Ұжымдық танымдық іс-әрекет сабақта және сабақтан тыс уақытта қолданылатьш жұмыс түрлерінің жүйесі болуы мүмкін. Ұжымдық оқу әрекетінің тұлғаға сол тұлғаның өзінің белсенділігіне қарай әсер етуі мүмкін, яғни ұжымдық танымдық іс-әрекет оқушының белсенділігін талап етеді. Оқушылардың басым көпшілігі белсенділік танытуы үшін танымдық іс-әрекет барысында қалыптасатын белсенді оқу әрекеттеріне сүйену қажет.

Белсенді топтар жұмысын ассистенттердің, кеңесшілердің, еңбекті ғылыми ұйымдастырудың мектебін құрудан бастау керек, ал мүшелерін таңдау белсенділердің, оқу ұжымының, мұғалімнің қалауы бойынша жүргізіледі. Сонымен бірге оқу белсенді тобының қызметін оқу ісінің меңгерушісі басқарады және ол беделді, өзіндік маңызы бар топ болуы керек, оның жүргізген жұмыстарының барысы семинарларда, мектептік қорытынды конференцияларда тындалып отыруы қажет.

Мектепте оқу белсенді топтарының мүшелерінің санының артуы кабинеттердің жұмыстарын қайта қарауды талап етеді. Оқу кабинеті нақты пән бойынша сабақта және сабақтан тыс уақытта жүргізілетін жұмыстардың орталығы болуы керек. Бұл орталықтың иесі оқушылардың өзі.

Мұғалім жетекшілігімен кабинет кеңесі мүшелерінің қатысуымен көрнекі құралдар, сабақтарда берілетін тапсырмалар, бақылау карточкалары, таратылатын дидактикалық материалдар, тақырыптар бойынша папкалар мен альбомдар және кабинетте бар диафильмдердің, әдебиеттердің, папкалардың, көрнекі құралдардың картотекасы дайындалады. Бұл. оқу белсенді тобының мүшесіне, оның ішінде ассистентке аз ғана уақыттың ішінде сабаққа қажетті материалдарды дайындауына мүмкіндік жасайды.

Оқу белсенді тобының мүшелерінін ішінде оқушылардың ішінен таңдалатын ассистент, кеңесші, лаборант, кітапханашы, безендіруші, шаруашылықты жүргізуші маңызды рөл атқарады. Олардың әрқайсысының атқаратын белгілі бір қызметі бар. Мысалы, безендіруші мұғалімге көрнекі құралдар (кестелер, графиктер, диаграммалар және т.б,) дайындауға, оқу стенділерін, оқу кабинеттерін безендіруге, ақпараттандырушымен бірге бюллетендер, ақпараттар парақтарын шығаруға көмектеседі; лаборант лабораториялық, практикалық сабақтарды өткізуге қажетті техникалық құрал-жабдықтарды дайындайды, тәжірибелерді көрсетуге көмектеседі және т.с.с; кітапханашы мектеп кітапханашысымен бірігіп пән бойынша жаңа қызықты әдебиеттерге шолу дайындайды, көрмелер ұйымдастырады, пән бойынша қызықты материалдар жинайды, мектеп кітапханасында және оқу кабинеттеріндегі әдебиеттер бойынша картотека жасайды.

Оқушылардың біріккен оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда ассистенттер мне кеңесшілер маңызды рөл атқарады. Ассистенттер көрнекі құралдар, дидактикалық материалдар дайындайды, мұғалім мен оқушылардың жұмыс орындарының дайындығын тексереді және т.с.с

Кеңесші-пән бойынша (тіпті жеке тақырып бойынша) жақсы үлгерім көрсетуші оқушы ол өз сыныптастарының оқуларына көмектеседі. Ол әдетте бір жылға ғана бекітіледі; олар тақырып бойынша, басқа оқушыларға қарағанда бұрын орындалған белгілі бір тапсырма бойынша кеңесші тағайындалуы мүмкін. Негізгі кеңесшіні оқушының жеке келісімімен, мұғалімдердің мақұлдауымен, сыныптық ұжымның ұсынысымен оқу комитеті

(немесе басқа мектепте жұмыс істейтін басқа да өзін-өзі басқару органдары) тағайындайды. Оның міндеттері-түсіндіруші қызметін атқару, оқушының немесе топтың білімін бақылау және тексеру, сондай-ақ әртүрлі оқу тапсырмаларын орындалуының дұрыстығын тексеру. Мұғалімнің берген тапсырмасын белгілеу үшін арнайы дәптер арналады және сабақтағы жұмыстар бойынша, тақырып бойынша есепке алу карточкасы жасалады және т. б. Кеңесші жүмыстары сабақта және сабақтан тыс уақытта да жүргізілуі тиіс.

Нақты бір тақырып бойынша да кеңесшінің жұмысын ұйымдастыруға болдаы. Оның жұмысын сабақ үстінде белгілі бір тапсырманы өз уақытынан бұрын тиянақты орындаған оқушы да ұйымдастыра алады. Мұғалім оған жұмыс тексерілуі тиіс және белгілі бір көмек көрсетілуі тиіс оқушының аты-жөні жазылған карточканы береді. Кеңесші құрбысының орындаған тапсырмасын тексеріп, ол жөнінде карточкаға белгі қойып, оны мұғалімге өткізеді. Осылайша бір сабақта белгілі бір тақырыпты жақсы меңгерген бірнеше кеңесші болуы мүмкін. Сабақ соңында мүғалім міндетті түрде кеңесшілердің немесе белгілі бір тақырып бойынша кеңесшілердің жұмыстарының сапасы және қойылған бағалар жөнінде түсінік береді.

Әртүрлі мектептерде белсенді оқу топтарының қозғалысы, құрылымы, ұйымдастырушылық қызметінің танымдық іс-әрекеттерінің барысына, сыныптық, мектептік ұжымдардың ұйымшылдықтарына, белсенді топтардың жұмыс істеу формаларына қарай көптеген варианттары бар. Бірақ ұжымдық оқу іс-әрекеттері барысында қандай да белсенді топ болмасын белгілі бір педагогикалық талаптарды орындағанда белгілі бір жетістікке жетеді. Сондай талаптардың бірі олардащ жұмысына міндетті түрде мұғалімнің педагогикалық тұрғыда жетекшілік етуі. Сонымен бірге белсенді оқушылар мүғалімнің сенімді көмекшілері бола отырып белсенді оқу топтарының сенімді мүшелері екендіктерін көрсетуі керек; белсенді оқу топтарының жұмысы балалардың қоғамдық ұйымдарының жетекшілігімен жүргізілуі тиіс; өзара бағынушылық принципі сақталуы тиіс.

Топтық жұмыстарды ұйымдастыру. Ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің әртүрлі формаларын мен түрлері жүйесінде топтық

жұмыс және оның әртүрлілігі маңызды орын алады. Топтық жұмыс өзінің барлық белгілері көрініс табатын оқу ынтымақтастығының идеалды моделі болып табылады. Топтық жұмыстардың пайдасы мен оның тиімділігі бойынша зерттеулер әртүрлі бағытта жүргізілуде. Психологтар тұлғаның жетілуі үшін топтық жұмыстар қолайлы жағдай туғызатын ашып көрсетеді. Педагогтар

оқытуда топтық жұмыстардың атқаратын рөлін қарастырады. Олардың ойынша, топтық жұмыс оқыту процесін байыта түседі, оқу жұмыстарын даралауға жол ашады, өйткені әрбір оқушының әлеуеттік мүмкіндіктері мен қабілеттерін шығармашылықты түрде көрсетуіне жағдай жасайды проблемалы оқытуда, тұлғаны когнитивті дамытуда бағалы, дидактикалық және тәрбиелеік

міндеттерді шешуге көмектеседі.

Педагогикалық әдебиеттерде сабақтарда оқушылардың оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырудың фронтальды, топтық, даралау тәсідерінің бірыңғай анықтамасы жоқ. Мысалы, дәстүрлі дидактика топтық жұмысты негізінен, оқушылардың бірнеше тобы әртүрлі қиындықтағы тапсырмалардың көлемі орындалатын еңбекке үйрету, политехникалық білім беру және практикалық дағдыларды игерту сияқгы мәселелерін шешу немесе оқыту даралау мақсатында лабораторияларда, оқу шеберханаларында, мектеп жанындағы участоктерде жүргізілетін жұмыстармен байланыста қарастырады. Басқа жағдайда оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру формаларын оқытуға қатысушылардың өзара өрекеттестігі ретінде қарастырады, ал фронтальды және топтық жұмыстар ұжымдық принцип бойынша ұйымдастырылады. Соған байланысты топтық жұмысты сынып оқушыларын 3-8 мүшелері бар, оқу материалдарымен бірігіп өзара жауапкершілікте алдын ала келісілген жоспар мен рет бойынша жұмыс істейтін топтарға бөлетін сабақгарды ұйымдастыру формасы ретінде түсіндіруге болады.

Топтық жұмыстарға жұптасып жұмыс істеуді (әр топта екі оқушы), мұғалімнің тапсырмасымен сабақта жұптасып хабарлама жасауды, топтық сұрақ, кеңестік сұрақ жұмыстарын және т.б. жатқызуға болады. В.К. Дьяченконың зерттеуі өлеңдерді жаттатуда, жаттығуларды, мысалдар мен есптерді ауызша және

жазбаша орындатуда, көбейту мен бөлу кестесін жаттатуда, сұрақтар мен жұмыс істетуде және т.б. жұптық жұмыстардың яғни жұптық-ұжымдық жұмыстардың тиімді екендігін көрсетті.

Топтық сабақтардың құрылымының классикалық нұсқасы: шартты түрде сабақ үшке бөлінеді: кіріспе, топтық және қорытынды. Сабақтың кіріспе бөлімінде мұғалім мотивті-ұйымдастырушылық мәселелерін шешеді: танымдық мәселелерді анықтайды, жұмыстың орындалуы Оарысы бойынша түсінк береді, дидактикалық материалдарды таратады, Сабақтың келесі бөлігі әрбір топтағы окушының іс-әрекеті ұйымдастырылады: берілетін тапсырмамен таныстырғаннан кейін мұғалім топтардың жұмысы жоспарланады, материалдар бөліктерге бөлініп топтарға таратылады. Әрбір оқушы өзінің тапсырмасын орындағаннан кейін, жұмыс нәтижесі талқыланады, тапсырма бойынша жалпы қорытынды жасалады. Осы сатыда ұжымдық және жеке жұмыстардың өзара Оайланыстылығы, ұжым мен жеке тұлғаның мүддесі мен мақсаттары талданады, әрбір оқушының белсенділік танытулары үшін мүмкіндік туғызылады. Сабақтың қорытынды бөлігінде әрбір топтың жұмысы талданады, қойылған міндеттің орындалуы, берілген тапсырманың иәтижелілігі жөнінде қорытынды жасалады.

Топпен жұмыс жүргізудің екі түрі бар: бірыңғай топтық жұмыс және сараланған топтық жұмыс. Бірыңғай топық жұмыс барысында барлық топ бірдей тапсырма орындайды, ал сараланған топтық жұмыс барысында берілген тақырып шеңберінде әртүрлі тапсырмалар орындайды. Тәрбиелік тұрғыда сараланған топтық жұмыс ерекше құндылыққа ие және оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекетінің барлық талаптарыына барынша сәйкес келеді.

Топтық жұмыстарды ұйымдастыру көптеген проблемалардың шешімімен байланысты. Зерттеушілер (И.Т.Волков, Х.Й.Лийметс, В.Оконь, А.М.Раевский) оларға топтар құру, топтық жұмыстардың нәтижелілігінің критерийлерін анықтау, оқушыларға тақырып мен тапсырмалар таңдау, дидактикалық материалдар дайындау, оқу топтарындағы оқушылардың өздерін өздері басқаруының рөлі, оларды орналастыру сияқты проблемаларды жатқызады. Оқу пәндеріне жасалған талдау топтық жұмыстар арқылы әрбір

пәннің меңгерілу мүмкіндігі әртүрлі. Сонымен бірге әрбір оқу пәнінің топтық сабақтарда табысты оқытылатын тақырыптары бар.

Топтарды ұйымдастыруда мына мәселелер басшылыққа алынуы тиіс:

—әрбір пән бойынша бөлек топтар құрылатындығы, бір пәннің шеңберінде топтың құрамы жеке оқушылардың ілгері басуын ескере отырып анықталуының қажеттігі;

-математика, физика, химия, шеттілі пәндері бойынша топтар оқушылардың білімдерінің, біліктерінің және дағдыларының деңгейіне қарай құрылғаны орынды (гомогенді топтар);

-әдебиет, тарих, география пәндері бойынша топтар оқу жұмыстарының қарқыны, әртүрлі оқудан тыс ақпараттардан хабардарлығы бойынша көл жекеленбейтін оқушылардан құрылғаны орынды;

-оқу топтарын жинақтауда оқушылардың өзара қарым-қатынастары да ескерілуі тиіс.

Әртүрлі құрамды топтарда жұмыс істеу тиімділігін ғалымдар зерделеп, бес оқушыдан құралған толтар тиімді болатындығы жөнінде тұжырым жасады. Өйткені, 3 оқушының талқылау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті пікірлері мен ұсыныстары жеткіліксіз, 4 және 6 адамнан құрылған топтарда жіктелу пайда болады, ал 7 адамнан құрылған топта әрбір оқушының өз пікірін айтуына мүмкіндік болмайды.

Топпен орындалатын жұмысты ұтымды ұйымдастыру үшін топтарды орналастыру да маңызды мәселелердің бірі. Тіпті қарапайым кеңістіктікке орналастыру да оқушылардың өзін-өзі танытуларына да, олардың өзіндік қасиеттерін қалыптастыруға әсер етеді екен. Жекелеп алғанда, бір-бірімен қатар отырған оқушыларға қарағанда бір-біріне қарама-қарсы отырған оқушылардың арасында барынша белсенді байланыс орнайтындығына көз жеткізілді.

Толтық сабақтарды ұйымдастыруда кеңесшіні сайлау мәселесі де маңызды, яғни балалардың оқу іс-әрекеттерін ұйымдастыруда өзін-өзі басқарудың педагогикалық құралдарын пайдалана алу біліктері қажет. Арнайы жүргізілген эксперименттер ғалымдарға мынандай қорытынды жасауға мүмкіндік берді: кеңесшіні топтың өзі мұғалімнің және жоғары социометриялық статусы бар

кеңесшінің келісімдерін ескере отырып таңдауы керек; жағдайға байланысты кеңесшілер жиі ауыстырылып отырғаны дұрыс.

Осылайша, танымдық мәселелерді шешуде негізіне сабақтардағы оқушылардың өзара ықпалдастығы, ынтымақтастығы алынатын ұжымдық танымдық іс-әрекет мына түрде көрініс табуы мүмкін:

1.Ұжымдық жұмыс принципімен ұйымдастырылған фронтальды жұмыс. Мұндай жұмыстарды ұйымдастыруда берілетін тапсырмалардың түріне проблемалық жағдаяттарды талқылауды, теоремаларды бірігіп отырып дәлелдеуді, орындалатын жұмыстың жоспарын бірігіп талқылауды, біріге отырып әңгіме құрастыруды, картина бойынша бірігіп жұмыстар жасауды және т.б. жатқызуға болады.

2. Ұйымшылдық принципі бойынша ұйымдастырылған топтық жұмыс. Оның түрлері: жұптық жұмыс, топтық сауалдар, кеңесші тарапынан қойылатын сауалдар, топпен оқу тапсырмаларын орындау жоспары мен тәсілдерін талқылау, сабаққа дайындалу барысында топтық тапсырмаларды орындау, мұғалімнің қойған сұрағына жауап беру мақсатында қажетті тәжірибені жасау, тілдік сабақтарда диалог жүргізу, топтық Сабақтар, әңгімелесу-"дөңгелек үстел", пікірталас элементтері бар топтық жұмыстар (форум, сараптау топтарының отырысы, симпозиум, жобаларды ұсыну, ойындық-модельдеу бойынша проблемалық пікірталастар, айтыс-диалог жөне т.б.)

3.Топ жұмыстарының бейнесі ретіндегі топтардың өзара тексеруі: орындалған жұмыс бойынша толық немесе жекелей түсінік беру, өзара пікір айту (ауызша, жазбаша, бағалау бойынша пайымдаулар, өз бетінше орындалатын жазбаша, практикалық жұмыстарды өзара тексеру және т.б.

4.Ассистенттердің, кеңесшілердің және белсенді оқу топтарының басқа да мүшелерінің жұмысы.

5.Оқушылар кездесуі.

6.Білімді қоғамдық байқауы.

Сабақ жұмсалатын уақыт көлемі және педагогикалық маңыздылығы бойынша жетекші білім беру формаларының бірі болып табылады. Алдайда оның (форманың) мүмкіндіктері,

артықшылықтары автоматты түрде жұмыс істемейді. Бұл объективті мүмкіндіктер оқушылардың өзара ықпалдасулары есебінен жүзеге асырылады, өйткені олардың білім алу және өзара қарым-қатынастарының сипаты жеке түлға, іс-әрекет субъектілерін қалыптастырудың шешуші факторы болып абылады. Онда оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін табысты шешу үшін сабақта ұжымдық танымдық іс-әекет элементтерін пайдалану маңызды.

Ұжымдық оқу жұмыстарын ұйымдастырудың психологиялық-педагогикалық мағынасы әрбір оқушыны іс-әрекет субъекті тәртібімен қамтамасыз етуде, оның өзін-өзі көрсетуіне көмектесуде. Орынды, әдістемелік тұрғыда дұрыс ұйымдастырылған ұжымдық сипаттағы оқу іс-әрекеттері арқылы педагогикалық процестің қарама-қайшылықтарын шешуге, яғни әрбір оқушыны тұлға ретінле қалыптасырып дамытуға мүмкіндік жасайды.

Наши рекомендации