Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі пәні
І. Кіріспе
Ел басымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан 2030» стратегиялық даму бағдарламасында «Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, мектепке дейінгі балалардың денсаулығын нығайту, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және бағытталған» делінген
Дене тәрбиесі – адамның дене мүшелерін шынықтырып, бала психикасының дамуына әсер ететін, адам ағзасының барлық жағынан жетілуіне, қимыл әрекеті мен дағдысының, білімнің қалыптасуын қамтамасыз етуге бағытталған көп қырлы педогогикалық процесс. Дененің дамуы- тәрбиенің және біздің қоршаған ішкі,сыртқы ортаның әсерінен ағзаның биологиялық функцияларының және адам денесіндегі бұлшық ет тарамдары мен түрлерінің өзгеруі мен өсуі. Дене жетілуі- еңбекке қабілеттілігі, дене дамуының ең жоғары дәрежесіне жетуі. Ағзаның өсуі (сандық өзгеріс) оның құрылысы мен функциясының (сапалық өзгеріс) өзгерумен байланысты. Ағзада сандық және сапалық өзгерістердің жинақталуы жас шамасына қарай дамудың бір баспалдағынан екінші баспалдағына ауысуы болып табылады.
Дене тәрбиесі - адамның күш жігер қабілетін дамыту және денсаулығын жақсарту. Дене шынықтыруға дене тәрбиесі, арнаулы ғылыми білім, спорттағы табыстар жүйесі енеді. Дене шынықтыру еңбек пен тұрмыс гигиенасы, демалыс пен еңбектің дұрыс тәртібін, сондай-ақ денсаулықты нығайтып, шынықтыру үшін күн мен ауаны, суды тиімді пайдалану тәсілдерін қамтиды.
Денсаулық және спорт күндерін өткізудің нақты уақытын ауа райының қолайлылығы мен спорт базаларының дайындығына, жергілікті дәстүрлі мерекелердің өту мерзіміне байланысты әр мекеме өзі белгілейді.
Денсаулық және спорт күндерінің жарыс кестесіне - таза ауадағы қимыл-қозғалыс жаттығулары мен түрлі спорт ойындары, саяхат-жорықтар, т.б. түрлерін енгізуге болады. Денені шынықтыру, спортпен айналысу - адам денсаулығын жақсартып, ауруға шалдықтырмай, сымбатты, өз-өзіне сенімді, салауатты өмір сүрудің кепілі.
Дене тәрбиесі туралы ілім - жалпы дене мүшелерінің дамуы туралы жинақталған білім жүйесі. Дене мүшелерінің қимыл-қозғалысы жөніндегі заңдылықтарды, дене жаттығулары мен тактикалық қимылдарды орындау тәсілдері, оның ережелері туралы білім негізі мен әдістемелік нұсқауларды меңгермей, дене тәрбиесімен айналысу мүмкін емес. Бұл заңдылықтарды тосын жағдайларда қолдана білу үшін де білім қажет. Сондай-ақ ұжымдық қарым-қатынас нормалары мен дене шынықтыру қызметінің қоғамдық маңызы туралы ілімді білмейінші дұрыс шешім қабылдау мүмкін емес.
Балалардың өздігінен қимыл- қозғалыс жасауы.
Балалардын өз беттерімен, өз еріктерімен, өз ұсыныстарымен дене тәрбиесі жаттығуларын таңдауы олардың қозғалыс тәжірибелерін көрсетеді. Тәрбиешіге балалардың қандай қозғалыс түрлерін, спорт түрлерінің жаттығуларын ұнататынын, қандай қозғалыстүрлеріне икемділіктері, құштарлықтары бар екенін аныктауға көмектеседі. Өз бетімен дене жаттығуларын орындау арқылы, бір-бірлеріне үйрейген жаттығуларын көрсету арқылы балалардың қозғалыс тәжірибелері кеңейеді, өздеріне сенімділігі нығаяды.
Курстық жұмыстың мақсаты:
Мектепке дейінгібалалардың денсаулығын нығайту, денесінің дұрыс дамуын қамтамасыз ету, өйткені бұл кезде баланың дамуына қолайлы жағдай жасалса, бала денесі тезжетіліп өседі.Мектепке дейінгі балалардың қимыл – қозғалыс ойындарын арттыру, шыдамдылықтарын, белсенділігіндамыту.
Курстық жұмыстың міндеттері:
v Денсаулығын нығайту, балалардың денесінің жалпы дайындығын жақсарту, қимыл-қозғалыс арқылы биологиялық қажеттілігін қанағаттандыру, жағымды эмоционалды көңіл күй ортасын жасау.
v Күнделікті өмірге қажетті қимыл түрлерін, оларды дұрыс орындау дағдыларын қалыптастыру.
v Дене күшінің сапасын: ептілік, үйлесімділік қабілеттерін дамыту, шыдамдылығын шыңдау.
v Балаларды жинақылыққа тәрбиелеп, ынталы іскерлігін арттыру, құрдастарымен достық қарым-қатынасын қолдау.
Курстық жұмыстың өзектілігі:
Мектепке дейінгі шақта бала ағзасы әлсіз, әр түрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұра алмайды, сондықтан оны аурудан сақтап, денсаулығын нығайтуда, қимыл әрекетін дамытуда, мәдени-гигеналық дағдысын, әдетін қалыптастыруда дене тәрбиесінің мәні ерекше және өзекті мәселе болып табылады.Сондықтан балалардың бойына шыдамдылық, шымырлық қалыптастыру керек.
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі пәні
Дене тәрбиесі мектепке дейінгі балаларды ақыл – ой, адамгершілік, еңбек және эстетикалық жағынан тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыруға, олардың сергек, шат көңілді және белсенді болуларына ықпал етуі тиіс. Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде дене тәрбиесінің мазмұны мына құралдардан тұрады: дене жаттығулары, табиғаттың сауықтырушылық күші, гигиеналық және әлеуметтік – тұрмыстық факторлар. Дене жаттығуы – дене тәрбиесінің негізгі және ерекше құралы, баланың жан – жақты жетілуіне ықпал етеді.
Дене тәрбиесінің негізгі мазмұны денені жаттықтыру болып табылады. Олар мынандай түрлерге бөлінеді; 1) таңертеңгілік жаттығу, 2) қимыл – қозғалыс ойындары және спорт ойындарының элементі бар ойындар, 3) спорттық жаттығулар, 4) қарапайым туризм.
Балабақшадағы дене тәрбиесін ұйымдастыру түрлері: 1) тәрбие сағаты, күн тәртібі бойынша сауықтыру шаралары (таңертеңгілік жаттығу, қимыл – қозғалыс ойындары, серуендегі спорттық жаттығулар, сергіту сәттері, спорттық мерекелер, ойын – сауықтар ), 3) балалардың өз бетінше козғалу қызметі.
Жоғарыда аталған жұмыстың барлық түрі бір – бірімен байланысты және бірін – бірі толықтырып отырады. Жинақтала келіп, белгілі бір қозғалыс тәртібін құрайды. Дене шынықтыру балаларды үйлесімді дамытып жетілдіреді, денсаулығын сақтап нығайтады. Дене мүсінінің сұлулығын қалыптастырып, қимыл – қозғалыс қабілеттерінің негізін салып, оларды өмірде белсенді болуға, елін қорғауға дайындайды. Кез келген оқу қызметінің міндеттерін орындау, оның тиімділігі балаларды ұйымдастыру жұмысындағы, яғни негізгі бөлімнің жаттығуларының үйлесімділігі, жаңалығы, оқу материалының күрделілігі, материалдардың жабдықталуы, оқк қызметі өтетін орны қолайлы тәсілдерді анықтаумен байланысты.
Мектепке дейінгі балалар үшін оқу қызметінің түрі әр түрлі ( екі жастан алты жасқа дейін ).Дене тәрбиесі оқу қызметі – оқу – тәрбие жұмыстарының ең негізгісі түрі болып есептеледі. Ондағы қойылатын мақсаты – жаңа қимылды үйрену, бұрынғы өткендерді бекіту, дене сапасын тәрбиелеу. Олар І-ІІ кіші топта 7-15 минут, орта топтарда 15 – 20 минуттан, ересек топта 20-25 минуттан аптасында 3рет өтіледі. Оқу қызметі үш бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі, қорытынды.
Кіріспе бөлімде жүру, жүгіру, би жаттығулары жасалынады. Негізгі бөлімде негізгі қимылдар мен қозғалыс ойындары сияқты жалпы дамытушы ойындар ойналады. Қорытынды бөлімде бәсең қимылды ойындар немесе қарапайым жүру орындалады.
Таңғы жаттығу – балабақшадағы ең маңызды сауықтыру шараларының бірі. Ол ағзаның белсенділігі мен жұмысқа қабілетін арттыруға арналған. Төменгі топтарда оның ұзақтығы – 5-10 мин. Дайындық тобында 12 – 15 мин. Ол үш бөлімнен тұрады: кіріспе (жүру түрлері), негізгі (негізгі бұлшықет бөлімдерін дамыту жаттығулары), қорытынды (қарапайым жүру).
Дене тәрбиесінің мезеті – тіл дамыту, қарапайым математика оқу қызметтерінде зейінді аудару үшін қажетті ақыл – ой жұмысын арттыруда қолданады. Ол 2-3 жаттығумен 2-3 минут созылады.
Дене тәрбиесі демалысы айына 1-2 рет төменгі топтарда 20-30 мин, жоғарғы және дайындық топтарда 45-50минуттан өтеді. Бұл жерде дене тәрбиесі сабақтарынан айырмасы еркін қимыл қарастырылған, ол үшін көңілді эстафеталар өтеді.
Дене тәрбиесі мерекелері жылына екі рет орта дайындық топтарында өтеді. Оған балалар алдын ала дайындалып, үйренген спорт ойындарын, жаттығуларын, билерін пысықтайды. Мерекеде соларды ортаға салады. Ұзақтығы 1-1,3 сағат.
Дене тәрбиесін оқыту әрбір жастағы топтарға арнайы дайындалған түрде беріледі. Нәрестелік және төменгі топтардағы тапсырмалар баланы қызықтыратындай болуы керек, яғни нәтижесі көрінуі қажет. Бала қызығуын арттыру үшін халық ойындарын қолданған дұрыс. Орта топты үйрету өзіндік ерекшелікке ие. Балалар үлкен төзімділік көрсетіп, қимылды есте сақтауға тырысады. Сондықтан тәрбиеші тапсырманы аса жақсы түсіндіреді.Жоғарғы дайындық топтарда тәрбиеші жаттығуды әрдайым орындап, көрсете бермейді. Үйрету өткен сабақпен, салыстыру, талдау, талқылау арқылы түсіндіріледі.
Дене тәрбиесі құзіреттілігі салауатты өмір салтын ұстану ниеті мен қызығушылығының артуына байланысты – қажетті гигиеналық шараларды, күн тәртібін орындау, қимыл – қозғалыс белсенділігін реттеу, қозғалысын жетілдіру сияқты әрекеттерден көрініс береді.
Дене жаттығуларының әсерінен тыныс алу жолдарының жұмыс істеу қабілеті дамиды және нығаяды, кеуде қуысының қозғалғыштығына, тыныс алудың тереңдеуіне, ауаны үздіксіз жұмсауға, өкпенің сйымдылығын арттыруға сабепші болады. Балалардың тыныс алу жиілігі тұрақты емес, тез бұзылады. Сондықтан жаттығулар тыныс алу жолдарының жұмыс істеу қабілетін арттыруға көмектеседі. Көбіне балаларды мұрын арқылы тыныс алуға үйрету керек. Ауызбен демалғанда салқын ауамен бала ауырып қалуы немесе микроб кетуі мүмкін. Дене шынықтырумен айналысу барысында баланың бүкіл денесі өсіп дамиды және жаттықтырылады.Білім беру міндеттері – қозғалыс іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру, дененің сапалық қасиеттерін дамыту, денесін тік ұстау және гигиена дағдыларын үйрету, кәсіптік білім беру.
Дене шынықтыру эстетикалық тәрбиемен тығыз байланысты. Дене шынықтыру арқылы қимыл – қозғалыс үйлесімділігі, дене тұлғасының сұлулығы, әсемдігі, мәнерлігі, киімі айнала қоршаған ортаның әдемілігін қабылдау, сезіну, түсіну, дұрыс бағалау қабілеті дамиды, жеңіл, әрі сенімді болады.
Күн тәртібінде өткізілетін қимыл - қозғалыстар
Түрі | Күн тәртібіндегі өткізетін уақыты | Өткізу әдістерінің ерекшелігі |
Денсаулықтарын сақтау және ынталандыру | ||
Стретчинг (созылу) | Тамақтан соң 30 минуттан кейін желдетілген топта немесе спорт пен музыка залында ортаңғы топтан бастап, аптасына екі рет 25-30 мин | Сымбаттары бұзылған және жалпақтабандылықтын алдын-алуға ұсынылады. Бұлшық еттерге жүктеменің үлесі тең болуы керек. |
Ырғақты - қозғалыс | Тамақтан соң 30 минуттан кейін желдетілген топта немесе спорт пен музыка залында ортаңғы топтан бастап, аптасына екі рет 25-30 мин. | Жүктеменің көлемі және өлшемі баланың жас ерекшелігіне қарай болу. Көркем құндылыққа назар аудару |
Динамикалық үзіліс | Оқу қызметінде балалардың шаршауларына қарай, 2-5 мин. | Шаршаудың алдын-алу үшін барлық балаларға ұсынылады. Сабақтың ерекшелігіне қарай көзге. Тыныс алуға және басқада жаттығуларды қосуға болады. |
Қимылды және спорттық ойындар | Серуенде, топта сабақтың бөлігі ретінде, барлық топтарды күнде | Ойындар баланың жас шамалық ерекшелігіне және маусымдыққа, уақытына сәйкес іріктелінеді. МДМ-де спорттық ойындарының элементтері ғана қолданылады. |
Саусақ жаттығулары | Күнде барлық топтарда жеке-дара немесе жарты топпен | Күнде кез-келген ыңғайлы уақытта Барлық балаларға, әсіресе сөз мүкістігі бар балаларға ұсынылады |
Сергітетін жаттығулар | Күнде түскі ұйқыдан, 5-10 мин. | Өткізу түрі әртүрлі: кереуетте жатып, молынан жуыну, қабырғалы жолмен жүру, ауасы әртүрлі деңгейдегі бөлмеде жеңіл жүгіру |
Дене тәрбие сабағы | Спорт немесе музыка залында аптасына екі рет Сәбилер тобында – топ бөлмесінде, 10-15 мин. Орта топта -15-20, Ересек 20-25, Дайындық тобында -25-30 минут | МДМ-нің жұмыс істейтін бағдарламасына сәйкес желдетілген бөлмеде өткізіледі. |