Дизайнерлік көркемдеудің негіздері

Пәнді оқытудағы негізі обьектілер. Медиадизайн тілдері. Бейнелеу және суреттеу құралдары.

Дизайнның кәсіптік индустрия болып қалыптасуы. Ұлыбритания, АҚШ, Германия сияқты елдердегі дизайнерлік мектептердің қалыптасу спецификасы. Шет мемлекеттердегі рәсімдеу, көркемдеу мектептері. Қазақ тілді газет, журналдарды қалыптаудың негізі алғышарттары.

Қазақстандағы дизайнерлік өндірістің даму тарихы.

Газет журналдардың формасы мен мазмұны арасындағы байланыс. Баспасөз құралдарын сыртқы орта факторлары әсеріне байланыстыра отырып рәсімдеу, көркемдеу.

Басылымның типологиясы мен дизайн арасындағы байланыс. Басылымның құрылымдық, композициялық және графикалық сипаттағы құраушы «беті». Газет және журналдың образы және олардың жасалуы. Көркемдік-техникалық рәсімдеудің жаңа заманғы нормалары мен ережелері. Бағдарлаудың және басымдылық берудің функциялары.

БАҚ-н рәсімдеуде жаңа компьютерлік бағдарламаларды қолдану эволюциясы.

Күнделік, газет, журнал дизайндарындағы ерекшеліктер.

«Рәсімдеу мектебі» түсінігі. Ұлттық нақыштағы рәсімдеу ерекшеліктері.

Дизайын пәнінің мақсаты мен міндеттері

1. Дизайыннан әлемдік конкуретікке қабілетті компитенциялы кәсіби маманды қалыптастыруда жоспарлы- бағытты оқытудағы зерттеушілік әдісті пайдалану

 Теория мен технология және ғылым бойынша білім беру мен алудың

бағыт бағдарын меңгерту

 Теория мен технология және ғылым бойынша жаңаша білігі мен

өздігінен жетілу бағыттарын дамыту

 Теория мен технология және ғылымды жаңаша игеруінен өздігінен

жетілу бағыттарынан дағдысын қалыптастыру

 Іс-тәжірибелік зерттеушілік жұмысты жүргізуден білімін, білігін және

дағдысын автоматтандырып, конкуретікке қабілетті жан-жақты компитенциялы кәсіби маманды дайындап шығару. Дизайынды оқыту құрылымы - білім берудегі басты элементі (оқыту-ғылым, тәжірибе, индивид)

Дизайынды оқыту құрылымы Дегенмен, теория тәжірибесіз өлі дүние, ал тәжірибе теориясыз соқыр дүние. Демек бүгінгі таңда теория тәжірибесіз, ал тәжірибені теориясыз оқыту мүмкін емес. Теория тәжірибеде іске асқанда, белгісізден белгіліге аяқ басады, ал тәжірибе теорияға айналлу үшін тәжірибенің кейбір жақтары теорияланады. Ғылыми тұрғыдан индивид ісәрекеті арқылы теория мен тәжірибені байланыстыра отырып, небір қателіктерді түзей отырып негізделеді. Тәжірибе теорияға ғылыми негізде айналғанда белгісіз белгіленеді. Инновациялық технологияда іске асырылуы. Бүгінгі таңда ол әр пәннің дидактикасы деп атауға болады [2]. Біздің жағдайда дизайнның дидактикасы. Дизайынды сомдаудағы физикалық құрылым дидактикасы. Дизайынды сомдаудағы физикалық құрылым дидактикасына жатады. Ульм формақұрылымдау мектебінде Мальдонадо өзінің идеясын тәжірибеде іске асыруды қолға алды. Студенттердің заттар әлемін ғылыми құрылымдауда білім шыңдап, білігін жетілдіріп және дағдысын алыптастырып, шығармашылығын дамытуда дәстүрлі «пропорция», «ырғақ», «масштаб». «композиция», «комбинаторика», техтоника, түсініктерін «физикалық құрылымдаудеп» комбинаторлық талдаумен синтезделенетін симметрия теориясымен, топология және басқада пәндермен байланысты оқытуды енгізді. Біздіңше инженерлік графика, инженерлік инфрақұрылым т.б. атап кетуге болады. Сонымен қатар дизайыннан компитенциялық кәсіби білімнің жүйелі бағытын ұсынуға болады. Бұнда комбинаторика анықтамасына толық тоқталып кетуге болады.

Комбинаторика —екі және үш өлшемді кеңістікте көлемді және жалпақ фигураларды математикалық талдау әдісін қолданып, вариантты заңдылықта игеріп орналастыру Комбинаторика (дизайнда)- жасалатын заттың гармониялық тұтас формасының эксплутациялық қасиетін анықтау үшін, кеңістіктің вариантты өзгерісінің функционалдығын, құрылымдығын және графикалық құрылым жүйесін заңдылықтты қолданып, зерттеу, іздену барысындағы, формақұрылымдау әдісі. Сонымен қатар түстер комбинаторикасы табиғи түстер комбинациясы негізінен пайдалануға алынған, сонымен қатар полихромияны эстетикалық тұрғыдан игеру нәтижесінен шығарып алынған жаңа комбинация. Оған мысал ретінде Гетенің түстер теориясын жатқызуға болады. Ол өзінің «Түстерді оқып білу» мақаласында түстер индукциясының пайда болуының бірде айқын, хроматикалық, бірқалыпты және түстердің сатылы жүйелілігі, немесе бірдей қарама-қарсы түстердің тосынан еместігін дәлелдеген. Біздіңше мысалы, затты бақылап суретін салуда көлеңке жағының астармасы ашық түсті, ал жарық жағының астармасы керісінше қарама қарсы түсті өңде болады. Гете дем алу мен дем шығарумен теңейді. Әрбір қарама-қарсы түстерде түстер шеңбері құрастырылады. Оларды түстерде созып, жаюға болады. Бір түсті ақ түспен қоса отырып, небір түстерде немесе дақтарда жаюға болады. Техтоника қызметіне толық тоқталып кетуге болады.

Техтоникалық форманы екі жақты құрылымдау күрделі пластикалық жүйені құрайды. Мысалы, қаңқада ілінген конструкция түрлі координатта көлемді және жалпақ элементтердің ілінген түрлері дизайн формада көрініс береді. Бұндай жағдайда пластикалы-композициялық силуэті мен элементтерінің жиектері конструкцияда контраста айқын және әдемі көрінеді. Оның күрделілігі біріншіден конструкцияның техникалы-экономикалық жағдайына байланысты. Екіншіден пластикалы-композициядағы тұтастығы мен беріктігіне байланысты және көркемдік мәнерде форманы негіздеумен өлшенеді. Бұндай форма техтоника принципіне толық жауап береді. Техтоника жоқ жерде конструкция жалған және дизайн сапасыз болады. Форма және материал. Сәулет пен дизайн конструкциядағы көркемделіп жасалған жұмыс. Тектоника-заттық форма массасының көтермелі және қосалқыкөтермелі, ауыр және жеңіл, негізгі және оның айырмалық элементтері.-соотношение масс изделия, выделение несущих и несомых, тяжелых и легких, основных и производных элементов формы. Түстер инстоляциясы және композиция. Түстер инстоляциясы фасадтарды түрлі түстер композициясында ырғақта, симетрияда түрлі қозғалыстардағы сызықтарда жанып-өшіп жарқыратып көрсетеді. Сонымен келесі мәселеге тоқталу керек.

Дизайыннан компитенциялық кәсіби білімнің жүйелі бағытына жоғарыда атап кетілген дизайнерлік шығармашылықтық жұмыс ішкі физикалық құрылым заңдылығы; тұтастық, гармонизациялау, техтоника, кострукция, визуалдық, көру ортасы (доминант) зрительное мышление [3]. Синтездік қағидалары; эргономикалық, экономикалық, эколгиялық тағы басқа жағы ескеріледі. Сонымен қатар ішкі физикалық құрылым: симметрия теориясы, ассиметрия, метр, пропорция, ырғақ, масштаб, композиция морфология, физикалық құрылымы мен қызметі, технологиялық формасы, перспективас тағысын тағы пайдаланады. Түстемодельдеудегі ішкі физикалық құрылымына тоқталсақ, ол эстетикалық құндылығы: форма мен түстер контрастылығы, форма мен түстер ньюансы, форма мен түстер ырғағы, форма мен түстер тұтастығы мен гармонизациясы, реңі, жылы, суық, өңі және тағы басқа пайдаланылады. Сыртқы физикалық құрылым: фактурасы, формасы, пішіні. көлемі, текстурасы, масштабы, техникалық тәсілдері-лессировка, аля-прима, құрғақ қылқалам сухая кисть және тағы басқа пайдаланылады. Аналогтарды талдауда аталған физикалыққұрылымды меңгенген студенттің білімін тиянақты болады. Тиянақсыз білім студенттің жүйелі білім алуына кедергі болады. Бүгінгі таңда дизайн туралы оқулықтар жоқтың қасы, бірақ дизайн аналогтар өте көп. Бұндай жұмыстар теорияны тәжірибемен байланысты қабылдануына көптеген жағдай жасайды. Ол педагогикалық үдеріс дидактикалық қағидалар негізінде іске асырылады. Педагогикалық үдеріс 3 суретте берілген.

Оқыту құралына; еңбек, өнер түрлері, ісәрекет түрлері, технологиялар, ақпараттар, дидактикалық және рольдік ойындары жатады. Оқыту мазмұны типтік бағдарламаларда, түрлі оқулықтарда, мазмұнын интернеттен т.б. алуға болады. Оқыту формасы; қашықтықтан оқыту, дәріс, тәжірибелік т.б. болып келеді. Ақпараттық ықпал; дизайн журналдары, қоғамдағы өзгерістер туралы ақпараттар, теледидар, ақпараттар өте көп. Дизайн концепция-болашақ нысанға бағытталған идея, оның мазмұндық мәнді тематикалық идеядағы жобалау базасының құрылымдалуы, дизайнердің ойының берілген нысанды үлкен масштабтық көркем жобалауы. Дизайн концепция нақты айтқанда идея, ал дизайн жоба ол образы. Тақырыбы жалпы болады, ал мазмұны сол тақырыптың ауқымында болады. Мысалы жалпы тақырыбы: Балалар ауласын дизайнда кіші формалардан жасау. Мазмұнын белгілі бір кейіпкер негізінде алуға болады. Аталған дизайн тақырыпты өрбітуде аналогтар іздестіріледі. Бас жоспары негізінде орнығатын жерінің жоспары алынады. Нақты ауланың өлшемі, ондағы балалар жас ерекшелігі есепке алынады. Тұрғындармен сұхбат жүргізіліпғ анкета алынады. Студенттерге бірнеше нобайлар жасау ұсынылады. Нобайлар жасау барысында дизайн дидактикасына сүйенеді. Аналогтар талданады және сол алынған бас жоспар бойынша жаңаша құрылымдау туралы мәселелер қарастырылады.Студенттердің теория мен тәжірибелік жұмысын ғылыми негізде ұйымдастыру талап етіледі. Дизайын жүйесін қабылдау жолдары тірек жоба арқылы жұмыстар жүргізіледі. Студент бір екі жұмысты оқытушының көмегімен талдайды. Оқытушы ауысша, жазбаша талдау барысында студенттің қай мәселені толық меңгере алмағанын есепке ала отырып тапсырманы күрделендіре алады немесе тапсырманың көлемін азайтады. Жайдан күрделендіре отырып оқыту оң нәтиже береді. Әр индивидтің шығармашылықта еңбек етуіне жол ашып береді. Дизайын жүйесін қабылдау жолдары берілген.

Кәсіби, әлеуметтік, әдіснамалық, жекебастық компетецияның бір- бірімен тығыз байланысы. Зерттеу барысында қазақ халқының бүгінгі күнге дейінгі тарихи даму жолдарын дәріптейтін тарихи-этнографиялық, әдеби, ғылыми еңбектеріне берген талдау жұмыстары мынаны байқатты: Дизайн өнері адамның сана-сезімінің негізінен және оның қолданбалы маңызын түйсінуден туады. Адам өзін табиғаттың бір бөлігі ретінде, онымен тығыз байланыста, танып-білуден жалықпай, оны одан әрі жетілдіруден туындап жатқан, адам өміріне қажетті өзі тұратын ортаның табиғи шикі заттарын жаңа қоғамның сұранысына орай заттар мен бұйымдарды жаңа технология негізінде жасай білуге педагогикалық ықпал ететін әдіс- тәсілдердің жиынтығы жатады. Бұның бәрі, сайып келгенде, жеке тұлғаны қалыптастыруда кәсібипедагогикалық ықтал етіп, кәсіби, әлеуметтік, әдіснамалық, жекебастық компетециялды тәрбиелейді, дамытады. Демек, кәсіби мамандарды даярлау дегеніміз – кәсіби, әлеуметтік, әдіснамалық, жекебастық компетециялды қабілетін дәріптеушілердің интеллектуалды тұрғыдан тірі және өлі табиғи заттарды эмоционалды қабылдап және рационалды шешімде инновациялық туындыларды өмірге әкелуі, - деп анықтама беруімізге түрткі болды.

1. Бүгінгі күн талаптарына сай білім беретін бастауыш мектеп, лицей, қолледж оқушыларына сәндік-қолданбалы өнерді, оның түрлерін, композициялық ішкі және сыртқы формаларын, оны қабылдауды меңгерту қажеттігі студенттерден осы саладан даярлық деңгейін жетілдіруді талап етеді.

2. Тарихи-этнографиялық, философиялық, психологиялық, педагогикалық, өнертану, әдістемелік еңбектерді зерттеп, талдау - сәндік- қолданбалы өнердің ғылыми-педагогикалық мәнін ашуға, "сәндік- қолданбалы өнер" ұғымына анықтама беруге септігін тигізеді.

3. Сәндік-қолданбалы қолөнердің бүгінгі күнге дейінгі тарихи даму жолдарын зерттеп, жүйелеп көрсетуге (тарихи-этнографиялық, философиялық, психологиялық, педагогикалық өнертану), оның дамуына әсер еткен факторларды саралап көрсетуге, сәндік-қолданбалы өнердің өздік оқыту ерекшеліктеріне мазмұндық тұрғыда педагогикалық сипаттама беруге ықпал етті.

4. Сәндік-қолданбалы өнерді оқу-тәрбие үрдісіне ендірудің тәрбиелік, тағылымдық мүмкіндіктері жоғары, өйткені ол ұрпақ тәрбиесінде кешенді түрде әсер етеді.

5. Студенттердің ақыл-ойын дамытады, адамгершіліктік қасиеттерін арттырады, талғам-тазалығын қалыптастырады, шығармашылықта еңбек етуге баулиды.

6. Психологиялық- педагогикалық зерттеу еңбектеріне жасаған талдау "сәндік–қолданбалы өнерді оқыту үрдісінде пайдалануға болашақ мұғалімдердің даярлығы" ұғымына анықтама беруге мүмкіндік туғызды.

7. Зерттеу барысында жасалған сәндік-қолданбалы өнер мазмұны, педагогикалық шарттары, педагогикалық үрдіс, арнайы курс бағдарламасы, электронды оқулық студенттерге қолөнер түрлерінің тарихи дамуынан, композициялық ішкі және сыртқы формаларынан, қабылдануынан өздік ерекшеліктері мен оқу-тәрбие мүмкіндіктерінен мағлұматтар береді және оларды бастауыш сынып оқушыларының оқыту үрдісінде тиімді пайдаланудың амал-жолдарымен, әдіс-тәсілдерімен, технологиясымен таныстырып, жұмыс формаларын ұйымдастыруды үйретеді.

8. Сәндік-қолданбалы өнердің теориясы мен технологиясын, оны бейнелеу өнерінде оқытуда немесе басќа єдістемелік пєндерде дидактикалық құралдары ретінде студенттерге педагогикалыќ практика барысында пайдалану керек. өйткені студент жоѓары мектепте алѓан білім, білік жєне іскерлігін бастауыш мектептіњ оќыту үрдісінде келешекте кењінен пайдалана білуі ќажет.

9. Тәжірибелі эксперимент жұмыстарының нәтижелері ұсынылған әдістемелік шаралардың бастауыш сынып оқушыларының оқу-тәрбие үрдісіне сәндік-қолданбалы өнерді ендіруге студенттердің даярлығын қалыптастыру тиімді екенін көрсетті. Олардың педагогика және сәндік- қолданбалы қолөнер түрлерінен білім, білік және дағды қорын кеңейтті, оларды бастауыш сынып оқушыларының оқыту үрдісінде пайдалануға қажетті іскерліктер және дағдыларымен қамтамасыз етті, танымдық көзқарастарының өсуіне, рухани интеллектуалдық, тұлғалық қасиеттерінің дамып, жетілуіне көмегін тигізді. Ал әр пәннің даярлық үлгісі дұрыс құрылғанда ғана педагогикалық еңбек сапалы нәтиже береді.

Наши рекомендации