Сөз құрамы. Біріккен сөздер, түрлері, емлесі
Сөз құрамына қарай екіге бөлінеді: 1) дара сөз; 2) күрделі сөз.
Дара сөз негізгі және туынды тұлғадағы бір ғана сөздентұрады. Мысалы: киім, киімшең, еңбек, еңбекқор, қызмет, қызметкер, адам, адамшылық, т.б.
Күрделі сөздерекі немесеодан да көп түбірден құралады. Мысалы, ата-ана, ал қара көк, жиырма жеті, Ақшатау, түрегел, күздігүні, т.б.
Күрделі сөздер жасалужолына қарай төрт түрлі болады: бірікен сөздер, қос сөздер, қысқарған сөздер, тіркесті сөздер.
Біріккен сөздер екі не одан да көп түбірден бірігіп, тұтас бір ұғымды білдіреді. Мысалы: көкжиек, ешқашан, қонақжай, Жетіқарақшы, сексен, Екібастұз, қыстыгүні, т.б.
Біріккен сөз екі түрлі болады: 1) кіріккен сөздер; 2) біріккен сөздер.
Кіріккен сөз -сыңарлары дыбыстық өзгеріске түсіп, біртұтас лексикалық мағына беретін сөздер. Мысалы:қол + қап = қолғап, ендігіден+әрі = ендігәрі, сегіз+он = сексен, бұл+жыл = биыл, алып +бар = апар, тұрып+кел = түрегел, ащы тас = ашудас, жаздың күні = жаздыгүні, Орнын басар = Орынбасар, Өмірі ұзақ = Өмірзақ, солай етіп = сөйтіп,т.б.
Түбір тұлғасы дыбыстық өзгеріске ұшыраған біріккен сөздер дәстүр бойынша біргежазылады: күздігүні,қолғанат, бүгін, қонақасы,т.б.
Біріккен сөз –сыңарлары дыбыстық құрамын сақтай отырып, бір мағынаға ие болатын сөздер. Мысалы:аққұтан, Темірқазық, киікоты, ханталапай, т.б.Біріккен сөздер әрқашанбірге жазылады: кәсіпорын, ақкөгершін, бұзаубас, т.б.
Ос сөздер, түрлері, емлесі
Ос сөздерекі сөздің қосарлануынан не бір сөздің қайталануынан жасалады. Қос сөздің екі түрі бар: 1) қайталама қос сөздер; 2) қосарлама қос сөздер.
Айталама қос сөздер бір сөздің қайталануынан жасалады: жиі-жиі, әрең-әрең, ойдым-ойдым, мая-мая, көзбе-көз, үйір-үйір, т. б.
1)Қайталама қос сөздердің жасалу жолдары:қосымшасыз-қосымшалы сөздердің қайталануы: тау-тау, қатар-қатар, биік-биік; таудай-таудай, айта-айта, жүгіре-жүгіре, т. б.
2)бір сыңарықосымшалы, бір сыңары қосымшасыз түбірдің
Айталануы: жан-жақтан, үй-үйді, бетпе-бет, апа-жезделі, т. б.
20
Бір түбірдің әр түрлі қосымша жалғанып қайталануы: жөнді-жөнсіз, айтар-айтпасы, тұрар-тұрмастан, қолы-қолына, т. б.
4)екінші сыңары бірінші сыңарына еліктеу арқылы жасалған қос сөздер: ет-мет, ат-мат, шай-пай, түйе-мүйе, т. б.
5)екінші сыңары дыбыстық өзгеріске ұшырап жасалған қос сөздер:
Жарқ-жұрқ, сарт-сұрт, жалт-жұлт, т. б.
Күшейткіш буын арқылы жасалған қос сөздер: тап-таза, мөп-мөлдір, сұп-суық, аппақ, көкпеңбек, жып-жылтыр, теп-терең, т. б.
Екі түбірдің қосарлануыарқылы жасалғанқос сөздерқосарлама қос сөздердеп аталады.
Осарлама қос сөздің екі сыңары екі түрлі сөзден болады: сый-құрмет, ата-ана, ағайын-туыс, төсек-орын, қазан-ошақ ыдыс-аяқ, т. б
Қосарлама қос сөздіңқұрамыәр алуан болады:
1) Мағынасы бір-біріне жақынсинонимдесқос сөздер:аяқ-табақ, жан-жануар, дос-жаран, ағайын-туыс, бақ-береке, ырыс-құт, т. б.
Мағынасы бір-біріне қарама-қарсы антонимдес қос сөздер: үлкен-кіші, кәрі-жас, алыс-жақын, ащы-тұщы, алыс-беріс, жоғары-төмен, т. б.
2) Бір сыңары мағыналы, екінші сыңары мағынасыз қос сөздер: бала-шаға, киім-кешек, көйлек-көншек, жүн-жұрқа, қыз-қырқын, шал-шауқан, келін-кепшік, жігіт-желең, т. б.
3) Екі сыңары да мағынасыз қос сөздер: апыр-топыр, ығы-жығы, апыл-ғұпыл, оқта-текте, абыр-сабыр, әлек-шәлек, т. б.
4) Кейінгі жылдары қалыптасқан қосарланған қос сөздер: үгіт-насихат, оқу-ағарту, саяси-экономикалық, қазақша-орысша сөздік, т. б.
Қайталама қос сөздер де, қосарлама қос сөздер деәрқашан дефис арқылы жазылады. Мысалы, ар-намыс, ыза-кек, әдет-ғұрып, мая-мая, салдыр-гүлдір, тәп-тәтті, елу-алпыс, ербең-ербең, ас-мас, орын-орнына, теккүшейткіш буын арқылы жасалған аппақ және көкпеңбек қос сөздері ғана бірге жазылады.