ОҚытудыҢ белсенді Әдістерін жіктеу

Қазіргі кезде оқытудың белсенді әдістерін жіктеуге әркім әр түрлі тұрғыдан келеді. Оларды бір -бірінен ажырататын белгілер ретінде: тыңдаушылардың белсенділік деңгейі, оқу-танымдық және ойындық іс-әрекеттердің сипаты, ойындық өзара әрекеттерді ұйымдастыру тәсілдері, сабақтың өту орны, олардың мақсаттары, қолданылатын иммитациялық үлгілердің түрлері және басқалар жатады. Белсенді оқытудың ең көбірек қолданылатын әдістеріне оқу-танымдық іс -әрекеттер сипатына негізделген әдістер жатады. Оларға: кәсіби іс -әрекетті иммитациялауға негізделген иммитациялық әдістер және иммитациялық емес әдістер жатады. Өз кезегінде иммитациялар ойын түрінде және ойын түріндегі емес болып бӛлінеді. Сонымен қатар ойындық еместерге нақты жағдайларға талдау ( НЖТ), нұсқау бойынша әрекет ету т.б. жатады.

Ойын түріндегі әдістерге:

· іскерлік ойындар;

· дидактикалық және оқу ойындары;

· ойын түріндегі жағдайлар;

· ойын түріндегі әдіс-тәсілдер мен шаралар;

· белсенді тренингтер.

Сонымен қатар, ойын шаралары мен тәсілдерге жекеленген, бірлі-жарымды ұстанымдарды жүзеге асыру жатады. Бірінші кезекте дәрістер мен оқытудың басқа түрлерін белсендірудің түрлі үлгілері, ойын түріндегі педагогикалық тәсілдер, белсендірудің әр түрлі құралдары жатады. Мысалы, оқытушы жүзеге асыратын көрнекі құрал ретіндегі нақты жағдайға талдау жасау тәсілі бар дәрісті, жоспарланған қатесі бар дәрісті, проблемалық дәрісті, проблемалық ұстанымды жүзеге асыратын – шығармашылық тапсырманы, пресс-конференциялық дәрістерді, пікірталас-дәрістерді, сұхбат-дәрістерді, диалогтық қарым-қатынас ұстанымдарын айтуға болады. Ойын түріндегі жағдайлар іскерлік ойындарға элементтер құрамы мен формалды құрылымы, ойын алаңындағы тәртіп ережесі (саны жағынан) сәйкес келмейтін екі немесе одан да көп ұстанымдар жатады. Ойындық жағдайға мысал ретінде ашық түрде ұсынылатын, талқылауға кімнің, қашан, кім болып (баяндамашы, сыншы, арандатушы) сөйлейтіні, қарсы пікір айтатыны жоспарланбаған пікірталас сабақтарды жатқызуға болады. Егер ойын түріндегі жағдай негіз ретінде қолданылған, бірақ қатысушылардың әрекеттері формалды, яғни бағалаудың қатаң жүйесі, ережесі, іс-әрекеттердің реті, регламенті болса, оны дидактикалық ойын деп есептеген жөн. Іскерлік ойындарға элементтердің барлық жиынтығын жүзеге асыратын, яғни белсенді оқыту әдістеріне тән белсендендіру ұстанымдарының барлық кешендері кіреді.

Иммитациялық емес әдіс ретінде – жұмыс орнында тәжірибеден өту, бағдарламалық оқыту, проблемалық дәрістерді, оқуды бітіру жұмыстарын түсінеміз.

Бағыты бойынша олар: танымдық іс-әрекеттердің уәжділігі, оқу ақпараттарын хабарлау; кәсіби шеберлік пен дағдыны қалыптастыру, үздік тәжірибелерді игеру, оқыту нәтижелерін бақылау болып ажыратылады.

Тапсырманың шешімін іздестіруде қатысушылардың әрекеттерінің түрі бойынша мына әдістер ажыратылады: пәндердің немесе әрекеттердің белгілері бойынша дәрежелеу; үрдістер мен құрылымдарды оңтайландыру; әрекет ету тактикасын таңдау, ұрыс-керіс жағдайында тіл табысу; зерттеу, басқару немесе әлеуметтік-психологиялық тапсырмаларды шешу; назар аудару, ойлап табу.

Білім беру үрдісіне қатысушылар саны бойынша оқыту әдістерін даралық, топтық және ұжымдық деп жіктеуге болады.

Сондай-ақ оқыту әдістерін олардың өтетін орындарына байланысты: дәрісханалық және дәрісханалық емес, көшпелі, экскурсиялық деп, ал техникалық құралдарды қолдану бойынша: копьютермен қамтамасыз етілген ойындар, дистанциялық оқыту деп бөлуге болады.

ИНТЕРАКТИВТІ ОҚЫТУ

Интерактивті оқыту формасын енгізу – медициналық ЖОО-да студенденттерді даярлауды жетілдірудің маңызды жолдарының бірі. Негізгі әдістемелік инновация бұл күндері интерактивті оқыту әдістемелерімен тікелей байланысты. Оқытудың интерактивті әдістемелерін пайдалану – «сәнге айналған» үрдістерге бой ұру емес, бұл – уақыт туғызған қажеттілік.

Білім беру қызметі нарығында көшбасшы елдердің тәжірибелеріне жасалған талдаулар (негізінен АҚШ пен Еуропа) жаңа технологияның тиімділігін дәлелдеп шықты. Бұл күндері отандық білім беру жүйесінің алдында ӛте маңызды міндет – білім берудегі әлемдік көшбасшылардың алдыңғы қатарлы тәжірибелерінің негізінде нарықтық экономика жағдайында қажетті болашақ маманды – ЖОО- түлегін даярлау, алынған білімінің тиімділігі және қазіргі заман жағдайындағы оның кәсіби біліктілігінің ұтымдылығы мәселелерін шешуге бағытталған өзіндік, ұлттық, қазақстандық білім беру үлгісін жасау.

Қазіргі жағдайда дәрігерді дайындау денсаулық сақтаудың да, сондай-ақ жалпы қоғамның да сұраныстарына сәйкес болуы керек, сонымен қатар дәрігер тар кӛлемдегі кәсіби міндеттеріне ғана құзырлы емес, қоғамдық денсаулық сақтау, нақтама қою мен емдеудің жаңа әдістемелері, дәлелді медицина негіздері мәселелеріне оңай бағыт ұстай алуы тиіс, айналада болып жатқан өзгерістерге еркін бейімделе алуы керек. Елімізде көрсетілетін медициналық көмектің сапасы медициналық білім берудің сапасына тікелей қатысты.

Қазір медициналық ЖОО-дағы білім беру үрдісінде дәстүрлі білім беру мен инновация арасындағы сабақтастық ӛзекті болып табылады. «Кеңестік» медицина мен медициналық білім берудің жақсы жақтарын сақтау және дамыту қажет. Бұлар – гуманизм, мейірімділік, кәсібіне деген сүйіспеншілік, аянбай еңбек ету, белсенді ӛмірлік ұстаным және жоғары кәсіби шеберлік.

Кәсіби шеберлік дегеніміз – науқастар мен қоғам кәсіби міндеттерін орындау барысында маманнан талап ететін білім, дағдылар, ұстанымдар мен өзін-өзі ұстау ережелері; бұл ұғымға сондай-ақ өзінің білімін үнемі толықтырып отыру мен қажетті кәсіби деңгейден төмендемеу де жатады.

ЖОО-дағы дәстүрлі білім беру үрдісінде оқытушы мен студент көп қарым-қатынасқа түседі, оқытушы студенттің оқу барысын, оқу материалдарын игеруін үнемі бақылап отырады. Басқаша айтқанда, бұл диалогтың жемістілігі оқытушының мына мәселелерді дұрыс шешуіне байланысты:

Оқу мақсатын анықтау және студент үшін осыдан шығатын уәжділік; Белгілі-бір мазмұнды материалды (дәріс) беруді жүзеге асыру және студентке оны түсіндіру (семинар). Мұнымен қоса оқытушы оқу материалдарының әдістемелік қызметін де қоса шешеді;

Студенттің білімін бақылау. Оқытудың бұл үлгісі директивті сипатта болады. Оқытудың директивті үлгісінде оқыту нәтижелері оқу үрдісі мазмұнын ұтымды ұйымдастыру есебінен, яғни белсенді, бастамашыл ақпарат ағыны оқытушы жағынан болады біржақты ғана диалог жүзеге асады. Алынған ақпаратты қайта тыңдау бұл жағдайда механикалық түрде болады: студенттің белсенділігін, оқу үрдісінде оның қызығушылығы қаншалықты екенін анықтау біршама қиын. Оқытудың директивті үлгісінің негізгі ұстанымдары: дәлдік, даусыздық, ұсынылғандардың анықтығы (көп мөлшердегі дәрістер); қорытынды бақылау, сабақтан тыс уақытта берілетін ӛзіндік жұмыстарға көбірек көңіл бөлу болып табылады, ал мұнда жазбаша жұмыстар қарастырылмаған .

Оқыту әдістерінің ақпараттық, педагогикалық жаңа технологияларын қолдана отырып, істің қазіргі күйін, білімді тасымалдаушы ретіндегі оқытушының рӛлін жай ғана ӛзгертіп қоймай, оқытушыны менторға, тәлімгерге, әріптеске, басшыға, студенттің ӛз бетінше жасайтын шығармашылық жұмысының бастамашысына айналдырып, медициналық ЖОО-дағы білім беру жүйесін жетілдіруге болады.

Қазақстандағы білім беру қызметтері нарығының дамуы және ақпараттық технологиялар талабы жағдайында, сабақ оқытудың директивті практикасы мен қазіргі, инновациялық сипаттағы интерактивті оқыту үлгілерімен үйлесіп отыруы тиіс. Интерактивті оқыту әдісінің артықшылығы сол, ол білім, шеберлік, дағды мен бағдар беріп қана қоймайды, мәселелерді шешуге жағдай жасап, жан-жақты, шығармашылық тұрғыдан дамыған, креативті және коммуникативті дағдыларды меңгерген, халықаралық деңгейдегі маманныңқалыптасуына ықпал етеді. Интерактивті оқыту әдісі алынған теориялық білімді де, сондай-ақ практикалық дағдыларды да орындауды жүзеге асыруы тиіс.

Дәрігер студенттер оқу және әдістемелік әдебиеттермен, оның ішінде қазіргі компьютерлік технологиялармен (электронды оқулықтар, кітаптар, дәрістер презентацияларын, фильмдер, тестілер т.б.) белсенді жұмыс істеуі қажет, муляждарды пайдалана отырып, рӛлдік ойындар арқылы практикалық дағдыларды қалыптастыруы, кейс-стади кезінде клиникалық ойлау мен талдау жасау қабілетін дамытуы, топтармен жұмыс істеуде, пікірталастарда, коммуникативті дағдылар мен деонтолгия негіздерін қолдануды үйренуі тиіс. Интерактивті оқыту әдісі дәрігер студенттерге мәселелерді шешу дағдылары мен шешім қабылдауды үйренуге көмектеседі, ең бастысы, клиникада жұмыс істеу жағдайында тиімді әрекет етуге сенім пайда болуына жәрдемдеседі. Яғни, интерактивті оқыту әдісін қолдану дәрістер мен семинар сабақтарында алынатын теорияны практикамен байланыстыруға көмектеседі. Интерактивті оқыту әдісінің тағы бір артықшылығы – оқу ұстанымын білім алушылардың белсенді араласуы нәтижесінде бір сағаттық сабаққа сыйғызуға болады. Интерактивті оқыту әдісі кезінде оқытудың әртүрлі әдістерін қолданумен қатар, оқытушы студенттер рөлдік ойындарда («емдеуші дәрігерлер», «пікір айтушылар», «қарсыластар») жағдайяттық тапсырмаларды шешуге белсене араласуға жағдай туғызуға тырысады, бұл студенттер арасында коммуникативтік дағдылардың, корпоративтік рухтың, дұрыс бәсекелестіктің дамуына алып келеді. Интерактивті оқыту әдісінің табиғаты мен түрлеріне және олардың медициналық білім беруде қолданылуына нақты тоқталайық. «Интерактивті» ұғымы ағылшынның «interact» («Inter» - өзара, «act» - әрекет ету) сөзінен шыққан. Интерактивті оқыту – танымдық іс-әрекеттерді ұйымдастырудың арнайы формасы. Ол нақты және болжамды мақсаттарға негізделген. Осындай мақсаттардың бірі студент немесе тыңдаушы ӛзінің табыстылығын, ақыл-ой жағынан толыққанды екенін, сезінетін жағдай туғызу, сол арқылы оқу үрдісін өнімді ету.

Интерактивті оқыту – білім беру үрдісіне қатысушылардың ӛзара диалогтық формасына негізделген таным тәсілі; нәтижесінде білім алушыларда өзара әрекет ету қалыптасатын, қарым-қатынасқа толы оқыту.

Интерактивті оқыту әдістеріне:

· Проблемалық мазмұндамалар;

· Презентациялар;

· Пікірталастар;

· Кейс-стадилер;

· Топпен жұмыс;

· Ой түркі (миға шабуыл);

· Сыни тұрғыда ойлау;

· Викториналар;

· Шағын зерттеулер;

· Іскерлік ойындар;

· Рөлдік ойындар;

· Insert әдісі;

· Шұғыл сауал;

· Сауалнамалар.

Әрбір әдіске мұқият тоқталамыз. Ой түрткі (миға шабуыл, ағыл. brainstorming) –талқылауға қатысушыға шешімнің неғұрлым көп нұсқасын айтуға мүмкіндік туатын, шығармашылық белсенділікті ынталандыруға негізделген проблемаларды шешудің шұғыл әдісі. Сонан соң, айтылған барлық пікірлердің ішінен практикада қолданылуы мүмкін сәтті иедеяларды іріктеп алады. XX ғасырдың 40-жылдары Алекс Осборн құрастырған, кейін кең тарап кеткен атақты ой түрткі (миға шабуыл) (ол дегеніміз – мимен шабуылдау, ол дегеніміз – брэинсторминг) идея іздеудің бірінші тарихи әдісі болды. Дұрыс ұйымдастырылған ой түрткі міндетті үш кезеңнен тұрады:

1. Мәселенің қойылуы. Бастапқы кезең.

2. Басты идеялар.

3. Шешім қабылдау.

Кейс-стади. Бұл әдістің «отаны» Америка Құрама Штаттары, Гарвард университетінің бизнес мектебі болып табылады. Алғаш рет ол 1924 жылы қолданылған. Кейс-әдістің пайда болуы мен дамуының мәдени негізі «түрткіден» немесе «оқыстан» болған. Кейс-әдіс академиялық теорияны нақты оқиғаларға кӛзқарас тұрғысынан кӛрсетіп беруге мүмкіндік береді. Ол «оқып жатқан пәнге студенттің қызығуына мүмкіндік береді, әр түрлі жағдайларды сипаттайтын ақпараттарды жинау, ңөдеу және талдау» дағдылары мен білімдерді белсенді игеруге мүмкіндік береді (О.Г. Смолянинова). Кейс-стади әдісі әртүрлі практикалық дағдылардың дамуына ықпал етеді. «Олар бір ғана сөйлеммен – проблеманы шығармашылық тұрғыдан шешу және жағдайға талдау жасай алу және шешім қабылдай алуды қалыптастыру» (О.Г. Смолянинова). Кейс-стади әдісі тӛмендегі дағдыларды дамытады:

1. Талдау жасау дағдылары. Оларға: мәліметтерді ақпараттардан ажырата алу, шынайы және жалған ақпараттарды ашып кӛрсету, жіктеу, оларды талдау, ұсыну және табу, қалыс қалған ақпараттарды табу және оны қалпына келтіре алу жатады. Анық және нақты ойлау. Бұл, әсіресе, ақпарат жоғары сапалы болмаған жағдайда маңызды.

2. Практикалық дағдылар. Кейсте берілген нақты жағдаятпен салыстырғанда күрделілік деңгейі төменірек мәселелер, экономикалық теорияларды, әдістер мен ұстанымдарды практикада қолдану дағдыларының қалыптасуына ықпал етеді.

3. Шығармашылық дағдылар. Бір ғана логикамен case-жағдаятты шешу мүмкін емес. Логикалық жолмен табу мүмкін болмағандықтан, шығармашылық дағдылар мен баламалы шешімдер өте маңызды.

4. Коммуникативтік дағдылар. Олардың ішінен пікірталас жүргізе алу, айналадағыларды сендіре алу сияқтыларды бӛліп кӛрсетуге болады. Кӛрнекі құралдар мен басқа медиа-құралдарды қолдану, топ болып ұйымдасу, ӛзінің кӛзқарасын қорғау, қарсыластарды сендіру, қысқа әрі сенімді есеп жасау.

5. Әлеуметтік дағдылар. Кейс-стадиді талдау барысында белгілі-бір әлеуметтік дағдылар қалыптасады: адамдардың мініз-құлқын бағалай алу, басқаны тыңдай білу, пікірталасты жалғастыра білу немесе қарсы пікірін дәлелдей алу, өзін-өзі бақылай алу т.б.

6. Өзін бағалай білу. Пікірталаста келіспеу басқалардың да, ӛзінің де пікірін түсінуге және талдай алуға мүмкіндік береді. Бұдан пайда болатын моральдық және этикалық проблемалар әдеуметтік дағдылардың қалыптасуын және олардың шешілуін талап етеді (О.Г. Смолянинова).

Наши рекомендации