Тақырыбы: Қазіргі таңдағы білім берудің сапасын арттыру құралы ретіндегі бейіндік оқыту.

Мақсаты: 12 жылдық мектепте бейінді оқытудың негіздері» пәнінің болашақ педагогтарды жаңа форматтағы мұғалімдікке кәсіби даярлаудағы мүмкіндіктерін ашу.

Студентте қалыптасатын ББД-ББҚ: 12 жылдық мектептегі бейіндік оқыту мазмұнын білуі қажет.

Жоспары:

1.Кіріспе. Оқу пәнінің объекті, пәні, мақсаттары мен міндеттері.

2. «12 жылдық мектепте бейінді оқытудың негіздері» пәнінің болашақ педагогтарды жаңа форматтағы мұғалімдікке кәсіби даярлау жүйесіндегі орны.

3. 12 жылдық мектептегі бейіндік оқыту мазмұнын сипаттау.

Қазақстан Республикасында білім беру саласында жүріп жатқан реформаның басымдық алуы, мемлекет дамуындағы ұзақ мерзімге межеленген мақсаттарға жету бағытындағы қоғамдық прогрестің заңдылықтарынан туындайды. Бұл Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанның бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуы, қазақстандық білім берудің халықаралық білім кеңістігінен лайықты орын алуы стратегиялық маңызға ие жоба есебінде көрсетілген [3].

Сондықтан да қазіргі қоғам өмiрiнiң барлық білім беру саласында, соның iшiнде тұлға қалыптасуының негізін қалайтын жалпы білім беретін мектептің базалық білім мазмұнына болашаққа бағдарланған жаңартулар жасауды қажет етеді.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында 2007 жылғы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес орта білім беру деңгейінің жоғарғы сынып оқушыларына бейіндік оқытуды енгізу қарастырылуда. Бейіндік оқыту, білім беру сапасын көтерудің, мемлекеттің және қоғамның, тұлғаның өзекті және келешектегі қажеттіліктерін жүзеге асырудың бірден бір құралы ретінде қарастырылады [2].

Стратегиялық тұрғыдан анықталғандай, жалпы орта білім беру бағдарламалары «білім беру мазмұнын кәсібилендіру және кіріктіру, саралану негізінде әзірленетін болады». Оқушыларға «шығармашылық қызметіне және жеке қабілетінің дамуына ерекше орын берілетін, дараланған білім беру бағдарламаларын таңдауға мүмкіндік беріледі. Жинақталған білім алуға, өздігінен және шығармашылықпен қолдана білуге ұмтылу, әлем, қоғам және адам туралы жүйеленген түсініктерді кеңейтіп, тереңдетіп игеруге көшу қамтамасыз етіледі».

Қазақстанда бейіндік оқыту жүйесін дамыту өзектілігі бірқатар факторлармен анықталған:

- мектептердің 12 жылдық білім беру үлгісіне көшуі;

- шетелдік тәжірибедегі жоғарғы сыныптағылардың оқуын ұйымдастыру тенденциялары;

- еңбек нарығының мектеп түлектерінің дайындығына қоятын талабы;

- білім берудің келесі деңгейлерімен сабақтастығын жүзеге асыру қажеттілігі.

Қазақстанда бейіндік оқыту жүйесін дамытудың ықпалдастығы:

- білім алушыларды әлеуметтендіруде педагогикалық жағдайды кеңейту, алдағы уақытта еңбек нарығының алға қарай даму жағдайында оларды саналы таңдау жасауға дайындау;

- орта білім алу жолдарын анықтауда негізгі мектеп түлектеріне әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсету;

- үздіксіз білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде оқытуды ұйымдастыруға тәсілдерді үйлестіру.

Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы басым бағыттарының бірі ретінде көрсетілген 12 жылдық оқыту моделіне көшу үдерісі білім беру мазмұнының когнитивтік, іс-әрекеттік және аксиологиялық компоненттерін кіріктіру негізінде жаңартылған мазмұндағы стандарттарды әзірлеу мен енгізуді ұйғарады [2].

Оқытудың 12 жылдық моделі бойынша жалпы орта білім беру деңгейінде білім беру сапасын жетілдіру, мемлекеттің және қоғамның, тұлғаның өзекті және болашақтағы қажеттіліктерін жүзеге асыру үшін жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық және технологиялық бағыттар бойынша бейіндік оқыту ұсынылады [3].

Бейіндік оқытудың мақсаты – кәсіптік білім беру бағдарламаларын игеруге жоғары сынып оқушыларын даярлау, оларға кәсіптік бағдар алу үшін жағдай жасау, оқушылардың арнаулы бейімділігі мен қызығушылығын, танымдық қабілетін ескеруге бағытталған білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнын ұйымдастыру, білім беруді даралау мен саралап жіктеу [3]. Сондықтан бейіндік оқыту жүйесі дамуының өзектілігі бірқатар факторларға байланысты, олар: білім беру нәтижелері жүйесінің кеңейуі: білім, білік, дағды және құзыреттіліктер; жоғары сыныпта оқу үдерісін ұйымдастырудың әлемдік тәжірибесі; техникалық, кәсіптік және жоғарғы білім беру жүйесінің дамуымен байланыстырылады.

Жалпы орта білім беру деңгейінде бейіндік оқыту жүйесінің дамуы 16-18 жастағы азаматтардың білімділік деңгейін, олардың қабілеті мен қызығушылығын ескере отырып бәсекеге қабілеттілігін көтеру мақсатында мүмкіндіктерді кеңейтуге; жоғары сыныптағылардың мектептен кейінгі өмірлік жолды таңдауға бейімделудің негіздерін жасау, олардың кәсіптік мақсаттарын іске асыруға; еңбек нарығын кәсіби техникалық кадрлармен қамтамасыз ету проблемаларын шешуге бағытталған.

Осыған орай 12 жылдық мектептің жалпы орта білім беру деңгейіндегі бейіндік оқытуды дамытудың тұжырымдамалық негіздерін және оны жүзеге асыру механизмдерін анықтау, бейіндік оқытудың құзыреттілікке негізделген оқу бағдарламаларын әзірлеудің ғылыми-әдістемелік негіздерін анықтау, яғни 12 жылдық бейінді мектепте оқытуға ауысу еліміздің экономикалық және әлеуметтік өркендеу мақсаттарына жету үшін зор маңызы бар мәселе болып отыр.

Қойылып отырған мәселенің шешімдерінің бірі ретінде, бейіндік мектептің 12 жылдық білім беру жағдайындағы даму болашағын анықтауға арналған әдістемелік құралын ұсынып отырмыз.

Бейіндік мектептердің қазақстандық білім жүйесіндегі бейіндік мектептердің орны, бейіндік білім беру мазмұны, бейіндік мектеп типтері мен оның қызметін ұйымдастырудың нормативтік-құқықтық негіздері берілді.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Садыков Т.С., Абылкасымова А.Е. Методология 12-летнего образования. Учебное пособие. – Алматы: НИЦ «Ғылым», 2003.
  2. Балыкбаев Т.О. Тенденции и принципы 12-летнего среднего образования в РК. // Мат. Семинара «Нормативное обеспечение профессионально-педагогической подготовки учителей в условиях перехода к 12-летнему образованию», Тараз. – 27.03.2009.

3.Қазақстан республикасының президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты қазақстан халқына жолдауы. Астана, Ақорда, 15-желтоқсан 2012.

Лекция.

Тақырыбы: Қазіргі таңдағы білім берудің мақсаттарын анықтаудың әдіснамалық негізі ретінде құзыреттілік тәсіл.

Мақсаты:Қазақстандық білім беруді жаңартудың негізгі себептерін құзыреттілік тәсілдің мүкіндіктерімен түсіндіру.

Студентте қалыптасатын ББД-ББҚ: «Құзырет», «құзыреттілік» «құзыреттілік тәсіл» жасай алу. Маңызды құзыреттер туралы білу.

Жоспары:

1. Қазақстандық білім беруді жаңартудың негізгі себептері.

2. Жаңарту жағдайларында білім беру үдерісінің мақсаттарын және нәтижелерін анықтау.

3. «Құзырет», «құзыреттілік», «құзыреттілік тәсіл» ұғымдарын анықтау. Маңызды құзыреттер.

Қазақстанда бейіндік оқытуды ұйымдастыру екі кезеңге бөліп қарастыруға болады.

Бірінші кезеңі, ХХ ғасырдың 90-жылдарынан бастап, білім беру мекемелерінің (лицей, гимназия, арнаулы мектептер, дарынды балалар мектебі, халықаралық мектептер) моделінің дамуы және қалыптасуымен, мемлекеттік емес сектордағы оқу орындарының құрылуымен, авторлық оқу курстарының бағдарламасын әзірлеумен, қолданылатын білім беру технологиялар спекторының кеңейуімен байланысты.

Қазақстанда бейіндік оқытуды ұйымдастырудың негізгі идеялары Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінің даму тұжырымдамасында (1996 ж.), жалпы орта білім берудің мазмұнының Тұжырымдамасында (1996 ж.) көрініс тапты.

«Білім» (2000) Мемлекеттік бағдарламасы «бейіндік оқытуды деңгейлеп саралап жіктеу мен даралауды жүзеге асыруда, соның ішінде сыныптың сыйымдылығының аздығы жағдайы» үшін «педагогикалық қызметкерлердің дайындық деңгейін мазмұнды жақсарту мен оқу процесін өзгеше негізде ұйымдастыру» қажеттігімен түсіндірілді.

Екінші кезеңі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті жалпы орта білім беру стандартын «Негізгі ережелер» (МЖБС 2.003. – 2002) енгізумен байланысты. Бұл құжатта жалпы орта білім берудің жоғарғы сатысына сипаттама беріліп, 2006-2007 оқу жылынан бастап Қазақстандағы бейіндік оқытуды ұйымдастырудың негізі анықталды.

Қазақстан Республикасында бейіндік оқытуды дамыту тұжырымдамасы 12 жылдық білім беру жағдайында бейіндік оқыту үлгісін және құрылымын ұйымдастыру бойынша негізігі идеяларды ашады. Бейіндік оқыту нәтижеге бағытталған 12 жылдық білім беру үлгісінде жоғарғы сыныптағылардың білім сапасын арттыру бойынша басқару жүйесін анықтауға бағытталған.

Оқытудың нормативтік мерзімі 2 жыл деп (10-11 сыныптар) анықталған. Бейіндік оқытудың міндеттеріне оқушылардың танымдық қызығушылығын, шығармашылық қабілетін дамыту, саралап жіктеп оқыту негізінде өзіндік оқу қызмет дағдысын қалыптастыру енгізіледі. Бейіндік оқыту мазмұнын іріктеу базалық білім беруді қамтамасыз ету үшін толық функционалдық негізге, сонымен қатар жалпы орта білім беру сатыларының сабақтастығына (бастауыш, негізгі, жоғарғы) сәйкес жүзеге асырылады.

12 жылдық білім беру жағдайында бейіндік оқыту арнайы жаңадан салынған бейіндік мектептерде және жалпы орта білім беретін ұйымдарда (лицейлерде, мектеп-гимназияларда, колледждерде) жүзеге асырылады.

Жалпы орта білім беру жүйесінде бейінді оқытуды жүзеге асыру – білім алушылардың саналы түрде кәсіптік, азаматтық, тұлғалық өзін-өзі анықтауына мүмкіндік беретін түйінді құзыреттіліктерді игеруін қамтамасыз ету және даралық білімдік қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.

Бейіндік оқытуда білім беру үдерісінің мазмұны жүйелі-әрекеттік және

тұлғаға бағдарланған тәсілдер әдіснамасына негізделіп, жеке оқытуды, өздігінен білім алуды, сол сияқты білім алушылардың өзіндік дамуын, өзін-өзі жүзеге асыруын қамтамасыз етеді.

Бейіндік оқытуды дамыту тұжырымдамасында: «бейінді оқыту – кәсіптік білім беру бағдарламаларын игеруге дайындау, олардың кәсіптік бейімі үшін жағдай жасау, оқушылардың бейімділігі мен қызығушылығын, танымдық қабілетін ескеруге бағытталған білім беру процесінің құрылымы мен мазмұнын ұйымдастыру түрі, жоғары сынып оқушыларының оқуын даралау мен саралап жіктеудің педагогикалық жүйесі», - делінген [4].

Бейіндік оқыту жоғары сынып оқушыларының қызығушылығына, бейіміне және қабілетіне қарай сараланған білім беру негізінде ұйымдастырылады.

Бейіндік оқытуды ұйымдастырудың мақсаты:

оқушылардың әлеуметтену мүмкіндігін кеңейтіп, Қазақстан азаматтарының сындарлы рөл ретінде базалық құзыреттер түріндегі білім беру жүйесінің ұлттық мақсаттарына жетуге мүмкіндік туғызу;

жалпы орта білім берудің жеке оқу жоспарларын жобалау мен іске асыру мүмкіндігін, 11-12 сынып оқушыларының білім беру мазмұнын саралап жіктеу үшін нормативттік және ұйымдастырушылық педагогикалық жағдай жасау;

оқушылардың сапалы білімге қол жеткізуін, олардың қабілеті мен қызығушылығын, танымдық және өмірлік қажеттіліктеріне, бейімділіктеріне сәйкес қамтамасыз ету;

жоғарғы кәсіби және орта білім деңгейінің сабақтастығын қамтамасыз ету.

Бейіндік оқыту жеке тұлғаға бағыттала отырып, мынадай міндеттерді жүзеге асырады:

жалпы орта білім бағдарламасының жеке пәндерін тереңдете оқыту;

білім мазмұнын саралауға және әр оқушының өзіндік білім траекториясын құруға жағдай жасау;

жалпы орта және кәсіби білім арасындағы сабақтастықты, бағдарлы сынып оқушыларын жоғары оқу орнында білімін жалғастыруға дайындауды қамтамасыз ету;

оқушының белгілі сала бойынша қабілетін ұштау, оның бойында келешекке қажет білік пен дағданың қалыптасуына мүмкіндік жасау.

12 жылдық білім беруге көшу жағдайында бейіндік мектеп қызметін жетілдіру және ондағы бейіндік оқыту жүйесін ұйымдастыру мен дамытудың өзектілігі:

- мектептердің 12 жылдық білім беру үлгісіне көшуі;

- қосымша білім беру;

- болашақ мамандығына сәйкес білім алу бағытын таңдау;

- шетелдік тәжірибедегі жоғарғы сыныптағылардың оқуын ұйымдастыру тенденциялары;

- еңбек нарығының мектеп түлектерінің дайындығына қоятын талабы.

Бейіндік оқыту жүйесін дамытудың ықпалдастығы:

- білім алушыларды әлеуметтендіруде педагогикалық жағдайды кеңейту,

алдағы уақытта еңбек нарығының әрі қарай даму жағдайында оларды саналы таңдау жасауға дайындау;

- негізгі орта білім алу жолдарын анықтауда негізгі мектеп түлектеріне әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсету;

- үздіксіз білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде оқытуды ұйымдастыру тәсілдерін үйлестіру.

12 жылдық мектептегі жоғары сынып, бұл жалпы орта білім берудің соңғы кезеңі болып табылады. Бұл деңгейдің негізгі мақсаты – оқытудың саралануы мен даралануына бағдарланған жалпы орта білім беруде бейіндік оқыту, оқушылардың болашақ кәсіби қызметіне саналы да жауапты таңдау жасауына, жеке және өмірлік өзін-өзі танытуына жағдай жасау.

12 жылдық білім беру жағдайында бейіндік оқытуды ұйымдастыру барысында жаңа формаларды қолдану төмендегідей жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік береді:

- оқушы өзі таңдаған бейіндігіне сәйкес терең білім алуға, алғашқы кәсіптік білімді меңгеруге мүмкіндік алады;

- өзінің қабілеті мен бейінділігіне қарай білім мазмұнын таңдап оқуға қол жеткізеді;

- оқу мүмкіндігіне қарай білім мазмұнының игерілуі мүмкін, әрі міндетті деңгейлері жүзеге асырылып, мұғалім мен оқушы арасындағы қайшылықтың бір үлкен түйіні шешіледі;

- білім алушы оқу үрдісінде белсенді ұйымдастырушы, өздігінен білім жолын игеруші, нәтижесін бағалаушы тұлғаға айналады;

- бейіндік оқыту жеке адамының өзін-өзі дамытуда жетілдіру тұрғысынан ұйымдастырылғандықтан, сыртқы әсерден гөрі сыртқы мотивацияның үлес салмағы артып білімді игеру жолындағы табыстан туатын құштарлық, құлшынысы жетіледі, білімді игерудің жаңа қайнар көзі пайда болады;

- білім алушының даму кеңістігіне толық мүмкіндік беріліп, өзін-өзі дамыта, басқара отырып, өсу траекториясын өзі белгілеуші болады.

12 жылдық білім жүйесіндегі бейіндік мектепте негізгі үш бағыт басшылыққа алынады:

1-бағыт: оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып жеке даралық бағытта оқыту.

2-бағыт: оқушының потенциалдық мүмкіндіктерін есепке ала отырып жеке даралық бағытта оқыту.

3-бағыт: ішкі қажеттіліктерді есепке ала отырып жеке даралық бағытта оқыту.

12 жылдық білім беру жүйесі бойынша бұл бағыттарды жүзеге асыру үшін мұғалім мынадай негізгі компоненттермен таныс болуы тиіс [3]:

Білімнің базалық мазмұны – жалпы орта білім беретін ұйымдардың меншік нысанына, типі мен түріне қарамастан, меңгеруге міндетті, орта білім берудің келесі деңгейлерінде оқуды жалғастыруға жеткілікті болатын білім мазмұнының құрамы мен көлемі;

Оқу жоспарының инвариантты компоненті – орта білім берудің

мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына енгізілген және жалпы білім беретін ұйымдарда оқуға міндетті пәндердің жиынтығы;

Оқу жоспарының вариативті компоненті –оқушылардың қабілеттеріне және білім беру сұраныстарына есепке отырып жалпы білім беретін ұйыммен анықталатын оқу пәндері мен курстарының жиынтығы;

Базалық пән – оқытудың барлық бағыттарына міндетті болатын типтік оқу жоспарының инвариантты компонентінің пәні;

Бейіндік пән – жалпы орта білім беру деңгейіндегі оқыту бағытына сәйкес нақтылы мазмұны бар болатын типтік оқу жоспарының инвариантты компонентінің пәні.

Жалпы орта білім мазмұнының инварианттық компоненті типтік оқу жоспарларында, ал вариативтік компоненті оқу жұмыс жоспарларында беріледі.

11-12 сыныптардағы бейіндік оқыту инварианттық компонентке енгізілген базалық пәндер мен жаңа мазмұнды бейіндік пәндер есебінде және вариативтік компонентті (мектептік және оқушы компоненттері) пайдаланумен жүзеге асырылады..

Пайдаланған әдебиеттер:

1.В.К.Омарова, А,Қ.Нұрғалиева., Жалпы білім беретін мектептің 12 жылдық оқыиуға ауысуының мәселелері. –Алматы: «Отан», 2014.

2.Сластенин В.А., Подымова Л.С. Педагогика: инновационная деятельность. –М ., 1997

3. А.Е. Абылкасымова., Е.У.Ушуров., Р.С. Омарова. Развития системы общего среднего

образования в современном мире. –Алматы, 2003.

4. В.К.Омарова, А,Қ.Нұрғалиева., Жалпы білім беретін мектептің 12 жылдық оқыиуға ауысуының мәселелері. –Алматы: «Отан», 2014.

Лекция.

Наши рекомендации