Тақырыбы:Бейіндік оқыту жүйесін енгізу бойынша мектептердің қызметін жоспарлау және ұйымдастыру.

Мақсаты:12 жылдық мектептегі бейіндік оқытудың көшбасшысы туралы білу.

Студентте қалыптасатын ББД-ББҚ:Бейіндік оқыту жүйесін құру,жоспарлау. Жоспарлау әдістемесін білуі тиіс.

Жоспары:

1.Бейіндік оқыту жүйесін құру, жоспарлау. Жоспарлау әдістемесі.

2.Бейінді және бейінді даярлау жүйесін енгізу жүзеге асыру стратегиясын таңдау.

3.Білім беру мекемесінде алдыңғы кезеңдегі бейінді даярлау және бейінді оқыту жүйесін енгізудің ұйымдық тетіктерін құру.

Бейінді сыныптарға (мектептерге) іріктеу объективті жүзеге асырылуға тиісті, оған оқушы-талапкерлер, олардың ата-аналары (қамқоршылары), осы жалпы білім беру ұйымының мұғалімдері, мектеп қамқоршылар кеңесінің мүшелері, қажет болған жағдайда жергілікті атқарушы ұйымның, өндірістік кәсіпорын өкілдері, психолог мамандардың қатысуымен өтуі тиіс.

Бейінді сыныптарға (мектептерге) қабылдау көрсетілген құжаттардың тізімі бойынша және жалпы білім беру ұйымының кеңейтілген Педагогикалық кеңестің қорытындысы негізінде оқушы-талапкерлер, олардың ата-аналары (қамқоршылары), осы жалпы білім беру ұйымының мұғалімдері, мектеп қамқоршылар кеңесінің мүшелері қатысуымен оқушы-талапкерлер қабылданады. Бейінді сыныптарға (мектептерге) мектеп директорының бұйрығымен қабылданады. Бейінді сыныптарға (мектептерге) түскен жағдайда, оқушы және оның ата-анасы (қамқоршысы) барлық құжаттармен: мектеп Жарғысы, бейіндік оқыту сыныптары туралы ережемен және басқа да нормативті-заңдық актілермен таныс болуы қажет.

Бейіндік оқыту сыныптарында оқушы саны 20 (жиырмадан) аспауы тиіс. Сыныптарда бейіндік оқыту мерзімі 2 жыл (11-12 сыныптар), оқу түрі –күндізгі. Бейіндік оқыту сыныптары (мектептері) міндетті базалық компонент енгізілген бағдарламалармен; бейіндік пәндермен; таңдау сабақтарымен; оқу практикасымен, сондай-ақ сыныптан тыс әрекетпен; жалпы ммектептің іс-шараларымен; қосымша білім беру бойынша жұмыс жасайды.

Жалпы білім беру жүйелері бейіндік оқытуды қамтамасыз етуде қаржыландыру шарттары Қазақстан Республикасының барлық жалпы білім беру ұйымдарына міндетті.

Жалпы білім беруді ақысыз барлығына қолжетімділік кепілдікпен берілуі үшін; жалпы білім беру ұйымдарында бейіндік оқытуды ұйымдастыруда қажетті материальдық-техникалық базаны құру үшін; бейіндік оқытудың оқу практикасын өткенде оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету және денсаулық сақтауда ерекше жағдайлар жасау үшін жалпы негізгі білім беру ұйымдарын қаржымен жеткілікті қамтамасыз ету керек.

Жалпы білім беру ұйымы санитарлық-гигиеналық ережелер мен нормаларға жауап беретіндей материальдық-техникалық базамен қамтамасыз етіледі. Жалпы білім беру ұйымының материальдық-техникалық базасына: бейіндік оқыту жағдайында дем алатын, тамақтанатын, медициналық қызмет көрсететін, спортпен шұғылданатын, мәдени-жалпы іс-шаралар және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес, қауіпсіздікті қамтамасыз ететін және толық жабдықталған инфраструктурасы бар ғимарат; қазіргі заман талабына сәйкес құралдармен жабдықталған оқу пәндер кабинеттері (байланыс құралдары және коммуникациясы, желілік өзара әрекеттер, кең жолақты интернет, мультимедиялық кабинеттер, интерактивтік тақта, аудио және бейнетехникасы, цехтар және шеберханалар); бөлмелердегі жарық және ауа-жылу режимдері, киім шешетін орындар, жуыну бөлмелері (санитарлық тораптар) және санитарлық – гигиеналық нормаларға сәйкес жеке гигиена бөлмелері; мүмкіндіктері шектеулі білім алушылар үшін ғимаратта арнайы жабдықтармен қамтамасыз ету, мектеп-интернат жағдайында білім алушылар үшін жататын орын, тамақтану және демалу үшін бөлмелер, мектеп жанындағы участок кіреді.

Бейіндік оқыту сыныптарының (мектептерінің) қызметі мектептің ішкі ережелер тәртібіне және Жарғысына сәйкес ұйымдастырылады.Бейіндік мектеп қызметінің типтік Ережесі 2007 жылы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес (ҚР Заңына 24.10.2011 № 487-IV ҚРЗ өзгерістер мен толықтырулар) әзірленеді және бейіндік бағыттарға сәйкес білім берудің жалпы орта деңгейінің бағыттарының сипатын анықтайтын, білім беру оқу бағдарламалары мен оқу пәндерін жүзеге асыратын бейіндік мектептерге таратылады.

Бейіндік мектеп-жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын, оқу орны.Бейіндік мектептің ұйымдастырушылық - құқықтық түрі білім беру саласындағы өкілеттік органмен анықталады.

Бейіндік мектеп қызметінің негізгі мақсаты - жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша жалпы орта білім беру мазмұнын дифференциациялау, интеграциялау және кәсіби бағдарлану үшін жағдайды қамтамасыз ету.

Бейіндік мектеп білім беру саласында озық қазақстандық және халықаралық тәжірибені білім беру процесіне қолдануда аталған мақсатқа жетуде, білім беру бағдарламаларын жоғары ғылыми-әдістемемен және педагогикалық қызметкерлердің тұрақты кәсіби дамуын қамтамасыз етеді.

Бейіндік мектеп оқыту мен тәрбиелеуді тұлға, қоғам, мемлекет мүддесінде жүзеге асырады, денсаулықты қорғауды қамтамасыз етеді және тұлғаның жан-жақты дамуы үшін, соның ішінде білім алушылардың өз білімін көтеру қажеттілігін қанағаттандыру мүмкіндігі мен қосымша білім алуға ыңғайлы жағдай жасайды.

Бейіндік мектеп білім алушылар контингентін қалыптастыру білім алушылардың мекен жайын ескерусіз және білім алушылардың қабілеті мен бейімділігін және қызығушылығын ескере, негізгі орта білім беру деңгейін аяқтау бойынша ұлттық тестілеу қорытындысы бойынша конкурстық негізде жүзеге асады.

Бейіндік мектепке түсу артықшылық құқығы:

1) негізгі орта білім беру курсы үшін мемлекеттік қорытынды аттестацияны жетістікпен өткен түлектер;

2) аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық олимпиадалардың бейіндік пәндері бойынша сәйкес жеңімпаздар;

3) «Жекелеген пәндерді оқытуда ерекше жетістіктері үшін» (бейіндік пәндер) Құрмет грамотасының иегерлері;

4) ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жетім-балалар және балалар;

5) мүгедек-балалар;

6) орта білімі туралы ерекше үлгідегі куәлік алған түлектер.

Педагогикалық кеңестің шешімі бойынша мемлекеттік аттестацияның нәтижелерімен қатар келесідей құжаттарды (оқу және әлеуметтік маңызды жеке жетістігі-портфолио папкасы):

1) оның оқу және шығармашылық белсенділігінің негізгі түрлері мен бағыттарын қысқаша сипатта (конференцияларға, конкурстарға, оқу лагерлеріне қатысу; спортық және көркем өнер жетістіктері);

2) жергілікті, облыстық және республикалық деңгейдегі балалар журналдары, газеттерінде оқушылардың мақалалар жариялауы.

Бейіндік мектепке қабылданған барлық білім алушылар, олардың ата-аналарын (заңды өкілдері) мектеп Жарғысымен, білім беру ұйымдарының қызметін регламенттейтін, білім беру қызметі мен басқа да құжаттарды енгізу құқы лицензиясымен таныстырады. Бейіндік сынып оқушылары үшін (академиялық қарыздың болмауы кезінде) олардың арыздары бойынша техникалық және кәсіптік оқытудың орта ұйымдарына өту құқы сақталады.

11 сыныптарда бірінші жарты жылдық бойы (бейіндік) оларға оқытудың бағыттарын өзгерту құқы ұсынылады: оқытудың өткен кезеңі үшін академиялық қарыздың жоқтығы; қайтадан таңдаған пәндер бойынша айырмашылықтарды жою үшін сынақ тапсырлады. Оқытудың (бейіндік) бағытындағы өзгерістер білім алушылардың арызы негізінде жүзеге асады.

Білім беру ұйымдарының мемлекеттік басқару органдарының шешімі бойынша педагогикалық кеңестің ұсыныс негізінде құқық бұзушылық іс-әрекеті, білім беру ұйымының жарғысын дөрекі және бірнеше рет бұзғаны үшін балаларды бейіндік мектептен оны алты жасқа дейін шығаруға рұқсат етіледі.

16 жасқа жеткен білім алушыларды құқық бұзушылық іс-әрекеті, білім беру ұйымының жарғысын дөрекі және бірнеше рет бұзғаны үшін шығарады.

Ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған жетім-балалар мен балаларды мектептен шығару, қамқорлыққа алу мен қорғаншылық органдарының келісімімен қабылданады.

Бейіндік пәндер бойынша аралық аттестация оқу жылында бір рет өткізіледі. Бейіндік мектептердегі білім алушылардың қорытынды аттестациясы біріңғай ұлттық тестілеу түрінде немесе мемлекеттік мектеп бітіру емтихандары түрінде жүзеге асады.

Бейіндік мектептердегі оқу-тәрбие процесі оқу жұмыс жоспарларымен және оқу жұмыс бағдарламаларымен жүзеге асырлады.Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру негіздері білім беру ұйымдарымен жүзеге асатын жоспарлау және оқу-тәрбие жұмысын ескеру болып табылады.Оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау оқу жоспарлары мен бағдарламаларын толық көлемде өз уақытында және сапалы орындауды қамтамасыз етеді.

Бейіндік мектептегі оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау оқу жылында оқу-тәрбие процесінің кестесін және теориялық және практикалық сабақтар кестесін бекіту жолымен жүзеге асады. Бейіндік мектептегі оқу-тәрбие жұмысын есепке алу оқытудың теориялық және өндірістік оқыуын есепке алу журналдары мен оқу бағдарламалары мен оқу сағаттарын орындауды есепке алу табелдерін енгізу жолымен жүзеге асады.

Бейіндік мектептегі тәрбие беру бағдарламалары патриотизмді, азаматтықты, интернационализмді, жоғары мораль мен адамгершілікті қалыптастыруға, сонымен қатар білім алушылар, тәрбиеленушілердің жан-жақты қызығушылығы мен қабілетін дамытуға бағытталған.

Бейіндік бағытқа сәйкес жалпы орта білім беру деңгейінің бағыттарының сипатын анықтайтын білім беру оқу бағдарламаларын және оқу пәндерін бейіндік мектеп жүзеге асырады.

Бейіндік мектептегі жалпы орта білім беру мазмұны Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен бекітілген, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес анықталады. Қазақстан Республикасының заңнамаларымен тағайындалған білім беру ұйымдарының жарғыларымен және білім беру ұйымдарының типтік қызметіне сәйкес типтік ережелерін бейіндік мектептер оқу-тәрбие процесін өз бетінше жүзеге асыруда ғылыми, қаржылық-шаруашылық және өзгеде қызметтің аясында кадрларды іріктеу және орналастыруда басшылыққа алады.

Бейіндік мектептер өз қызметін ашық жария етіп, оқу, ғылыми-зерттеу және қаржы қызметі туралы қоғамды хабардар етіп отырады.

Бейіндік мектеп жарғылық мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес қосымша білім беру бағдарламаларымен қосымша білім беру қызметін ақылы түрде келісім-шарт арқылы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптары үстінен қолданыстағы заңнамаларға сәйкес жүзеге асыра алады.

Қазақстандағы бейіндік мектептердің орналасуы

Білім және ғылым министрлігі облыстарда мектептерді бейімдеу картасын құрып, «Бейіндік мектеп» нормативтік базасын әзірледі. Бұдан еліміздің әлеуметтік-экономикалық өсуіндегі жаңа бағыттарға сәйкес, орта мектеп түлектерін дайындау сапасына, олардың болашақ мамандық таңдауда дұрыс шешім қабылдауына деген талаптардың күшейгендігін көруге болады. Осыған байланысты, жалпы білім беретін мектептердің жоғарғы сыныптарындағы оқу сапасы бейіндік дифференциацияға негізделуі тиіс. Сонымен қатар, бейіндік оқыту білім берудің сапасын арттырудың тиімді тетігі, жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің дамуындағы өзекті, перспективалы қажеттіліктерді жүзеге асырудың бірден бір оңтайлы тәсілі болып табылады.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Негізгі бағдарланған құзіреттілікті білім беруді ұйымдастырудың негізі ретінде ұлттық стандартты дамыту, халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Астана. 2006, 2009, 2015.

2. Қазақстан республикасының президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты қазақстан халқына жолдауы. Астана, Ақорда, 15-желтоқсан 2012.

3. Абдыкаримов Б.А., Мамерханова Ж.М., Соколова М.Г. Методическое пособие к изучению курса «Педагогика профильного обучения». – Караганда, 2007.

Лекция.

Тақырыбы:Алдыңғы кезеңдегі бейінді даярлау және бейінді оқыту жүйесін енгізу барысында педагогикалық ұжымның уәждемесі

Мақсаты:Бейінді даярлау және бейінді оқыту жүйесін енгізудегі педагогикалық ережелерді білу.

Студентте қалыптасатын ББД-ББҚ:Бейінді оқытуды жүзеге асыру барысында педагогтың инновациялық қызметін ұйымдастыру.

Жоспары:

1.Бейінді оқытуды жүзеге асыру барысында педагогтың инновациялық қызметінің ерекшеліктері.

2.Инновациялық қызметке қатысушылардың табысты уәждемелерінің шарттары. 3.Педагогикалық ұжымның белсенділігін ынталандыру және уәждемелік шаралары.

Білім берудің тұлғаға бағдарланған парадигмасын іске асыру бейіндік оқытуды ұйымдастыру ережесіне байланысты.

Бейіндік оқытуды ұйымдастыруда төмендегідей басқарушы ережелері басшылыққа алады:

1. Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру деңгейінің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты жалпы орта білім берудің жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық, технологиялық бейіндік оқыту бағыттарын анықтайды. Білім беру мазмұны мен оқыту процесі түйінді және пәндік құзіреттер жүйесіне жету қажеттігін ескере құрылады.

2. Ұйымдастырылатын бейіндік оқыту моделі оқу орнының білім беру процесін ұйымдастырудағы мүмкіндіктеріне сәйкестендіріліп, оқытуды саралап жіктеумен қамтамасыз етуде сыртқы серіктестіктерді қатыстыру мен аймақтың күш-қуатын ескереді.

3. Бейіндік оқыту бағдарламасын жүзеге асыруда, оның ішінде үш ұстанымы ескеріліп, оқу орындарының түрлері анықталады:

а) Республикада бейіндік оқыту тәжірибесімен қалыптасқан, жалпы білім беретін мекемелердің әр түрлі орындары бар;

б) Қазақстандағы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің дамуымен орта буынның білікті мамандарын даярлауға әлеуметтік тапсырыс;

в) Негізгі білім беру бағдарламалары бойынша үлгермеген оқушылар үшін жоғары сатыдағы бағдарламаларды шығару білім берудің Халықаралық стандартының (1997 г.), топтастыру ережесімен келісілген.

Бейіндік бағытын мәлімдеген білім беру мазмұны екі бағытты ескере анықталды. Біріншіден бейіндік оқытуды анықтау бойынша 11-12 сынып оқушыларының жекелеген қабілеті мен қызығушылығын ескеру үшін білім беру мазмұнының құрамы мен құрылымы педагогикалық жағдай жасауға бағытталуы керек.

Екіншіден, үш бағыт шеңберінде білім беру мазмұнын анықтауда оқушылардың базалық жалпы білім беру даярлығын аяқтауды қамтамасыз ететін міндетті оқу пәндерінің көлемін азайтып, базалық мазмұндағы пәндер үшін оқу-әдістемелік кешендердің саны оңтайландырылып, республикада қалыптасқан вариативті білім берудің және т.б. институционализациялау деңгейінің мүмкіндігі ескеріледі.

Бейіндік оқыту жүйесінің үйлесімділігі аралас оқу пәндерінің (курстар) есебінен қамтамасыз етіледі және оқу мазмұнының элементтерінің келесідей типтерін: базалық мазмұндағы жалпы білім беретін пәндер (инвариантты компонент), жалпы білім беретін бейіндік пәндер және таңдау бойынша міндетті пәндер (вариативті компонент), таңдау бойынша курстар (оқушы компоненті) енгізеді.

Таңдау бойынша міндетті пәндерге оқушылар үшін қатысу міндетті. Берілген компонент білім беру мазмұнының вариативті элементімен қарастырылып, мектеп өздігінен ұйымдастырады. Міндетті пәндер «толықтыру» қызметін орындап, «өзге» бағыттағы мазмұн есебінен білім беруді толықтырады. Оқушылар басқа бағыттағы жалпы білім беретін бейіндік пәндердің тізімінен екі оқу пәнін таңдау мүмкіндігін алады.

11-12 сыныптардағы бейіндік оқытудың қалыптасқан мақсаттары мен үш бағытта ұйымдастыру құрылымы, ұйымдастырудың әр алуан түрлерін ұсынады. Бейіндік оқытуды ұйымдастырудың оқу жоспарларын іске асыру кезінде оқу мекемелерінің білім беру қорларымен қамтамасыздығы бейіндік оқытудың түрлерін анықтаудың негіздемесін қарастырады.

Бейіндік оқытудың негізгі ұйымдастыру түрлеріне мектепішілік және желілік бейіндік оқыту жатқызылады.

Соңғы 3 жылда бейінді оқытудың мектепішілік ұйымдастыру түрінде жалпы білім беретін оқу орны оқушылардың білім алу қажеттілігіне, кадрлық және оқу-әдістемелік күш-қуатына байланысты бейінді оқытудың ұйымдастырылатын бағыттарын өздері анықтайды, ал бейінді оқытуды желілік ұйымдастыру түрі оқу орындарын қатыстыру есебінен іске асырылады.

Мектепішілік бейіндік оқыту. Жалпы білім беретін оқу орны оқушылардың білім алу қажеттілігіне, кадрлық және оқу-әдістемелік күш-қуатына байланысты бейіндік оқытудың ұйымдастырылатын бағыттарын өздері анықтайды.

Бірбейінді оқыту кезінде (грек сөзі. мonos- біреу, жалғыз) оқу орны бейіндік оқытудың бір бағытын іске асырады (жартылыстану-математикалық немесе қоғамдық-гуманитарлық немесе технологиялық).

Көпбейінді оқыту кезінде (грек сөзі. polys – көптеген, есепсіз, көлемді) оқу орны бейіндік оқытудың 2-3 бағытын іске асырады (жаратылыстану-математикалық немесе қоғамдық-гуманитарлық немесе технологиялық).

Бейіндік оқытудың желілік ұйымдастыру түрі білім беру ұйымдарының білім беру қорларына оқу орындарының қатыстырылу есебінен іске асырылады. Осындай ынтымақтастықтың екі негізгі нұсқасы қарастырылады. Бірінші нұсқада бірнеше жалпы білім беретін оқу орындары желіге бірігеді, неғұрлым оқу-әдістемелік, кадрлық және материалдық қорларымен қамтамасыз етілген оқу орны, оның орталығына айналады. Оқу орны желі бойынша іске асырылатын, білім беру мазмұны тізбегін және механизімін өздері анықтайды: базалық мазмұндағы жалпы білім беретін пәндер, бейіндік жалпы білім беретін пәндер немесе таңдау бойынша міндетті пәндер, таңдау бойынша курстар.

Екінші нұсқада оқу орны мекеменің қосымша техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру қорларын қатыстырады.Оқушылар білім берудің мемлекеттік стандарты шеңберінде тек қана оқу орны «негізінде» ғана емес, желілік мекемелерде қашықтықтан оқыту курстарынан, сырттай мектептерден жалпы орта білім алуға мүмкіндіктері бар.

Бейіндік оқыту мазмұнын мектеп компонентін таңдау бойынша міндетті пәндер және жалпы орта білім беру оқу жоспарының оқушы компонентіндегі қызығушылығы бойынша Курстар есебінен қамтамасыз етіледі. Пәндер мен курстарды араласу шеңберінде түрліше бейіндік оқыту ұйымдастырылуы мүмкін, сол оқу орнымен көлемді бейіндік оқыту ұйымдастырылады.

Таңдау бойынша міндетті пәндерге оқушылар үшін қатысу міндетті. Берілген компонент білім беру мазмұнының вариативті элементімен қарастырылып, мектеп өздігінен ұйымдастырады. Міндетті пәндер «толықтыру» қызметін орындап, «өзге» бағыттағы мазмұн есебінен білім беруді толықтырады. Оқушылар басқа бағыттағы жалпы білім беретін бейіндік пәндердің тізімінен екі оқу пәнін таңдау мүмкіндігін алады.

Қызығушылығы бойынша курстар оқу жоспарының оқушы компонентінің есебінен іске асырылады және екі міндетті орындайды. Біріншісі – жалпы білім беретін бейіндік пәндердің қолданбалы сипатын қамтамасыз ету. Екінші міндет - оқушылардың жеке қызығушылығын қанағаттандыру бойынша таңдаған бейіні шеңберінде білім беру мазмұнын іске асыруды қамтамасыз ету.

Қазіргі уақытта жоғары сыныптарда бейіндік оқытуға көшуге байланысты оқушылардың өзіндік әлеуетін анықтау проблемасының өзектілігі артып келеді. Бейіндік оқыту білім беру саласындағы маңызды бағыт ретінде педагогикалық ғылым мен тәжірибеде оқушылардың әрі қарай оқуын таңдауға ықпал етеді. Сондықтан бейіндік оқытуда жоғары сыныптарда бiлiм мазмұнын оқу жоспарының вариативті компонент оқу курстарының маңызы ерекше. Білім мазмұнының вариативті бөлігі есебінен оқушылардың сұраныстары, аймақтың, мектептің ерекшеліктері жүзеге асырылады. Демократияландыру тұрғысынан бұл әр мектептің өзінің ерекшелігіне және аймақтың талаптарына сәйкес өз бағдарын таңдап алудың мүмкіндігін білдіреді. Оқу жоспарының вариативті компонентінің ұсынылуы мектеп әкімшілігінен, әдіскерлерден, мұғалімдерден оқушыларды кәсіби бағдарлау үшін оны ұтымды пайдалану жолдарын қарастыруды талап етеді.

Кәсіби бағдар мәселесі жеке адам үшін де, жалпы алғанда, қоғам үшін де маңызды болып табылады. Қазіргі нарықтық қатынас заманы адамның үздіксіз кәсіби жетілуін талап ететін бәсекелестік жағдайына қойып отыр. Оның үстіне кәсіби бағдар мамандық таңдауға ғана емес, сондай-ақ адамның мамандығын жетістікпен өзгерте алуына, өзгермелі өмір жағдайлары мен кәсіби қызметке бейімделе алуына себептесуі тиіс. Адам өмірге шығармашылық тұрғыдан қараған жағдайда ғана оның мәні оған жаңа қырынан танылып, өзіндік анықтала алатын толыққанды субъектіге айналады.

Өзіндік әлеуетін анықтау жасөспірім шақта басты құбылыс болып табылады және жоғары сыныптарда оқу-кәсіби қызметпен қатар жетекші қызмет атқарады. Жалпы алғанда кәсібилік тұрғыдан өзіндік анықталудың негізгі мазмұны өмірдің мәнін іздеу үдерісі сияқты. Өмір қандай да бір «жетістік» емес, ол – үдеріс. Жоғары сынып оқушыларының өзіндік анықталуы – «өмірдің мәні мен шешімін іздеу». Бұл жастағы оқушылар өмірдің мәнін іздейді, бірақ оған қажетті амалдар мен құралдарды білмейді. Өзіндік әлеуетін анықтаудың негізгі бағытына «таңдау кеңістігі», «өмір салты», «өмір сүру бағдары», «әлеуметтік рөл» мен «әлеуметтік стереотип» жатуы мүмкін. Өзіндік анықталуды күрделі әрі өзін өзі ұйымдастырушы жүйеде құрылымды жасаушы ретінде қарастыру арқылы кәсіби бағдарда синергетикалық тұрғыдан қарау арқылы төмендегі құрылымдық блоктарды көрсетуге болады:

− кәсіби өзіндік анықталу;

− таңдаудың объективті және субъективті кеңістігі;

− кәсіби бағдар әдістері.

Осылай, жоғары сынып оқушылары өздерінің қызығушылығына, қабiлеттілігіне сәйкес таңдап алатын вариативті компоненттің (қолданбалы, таңдау) курстары олардың өз бетінше білім ала білуіне, игерген білімдерін жаңа жағдайларға қолдана алуларына, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесімен, мектептен кейінгі білімін жалғастыру үшін қажет түйінді құзырлармен қарулануына ықпал ететін болады.

Мұғалім әрбір оқушыға онымен кеңесе отырып, тапсырма береді және оны оқушы өзіндік график бойынша орындағаны тиімді болады. Бұл жағдайда мұғалім дәріскерден сұхбаттасушыға, кеңес берушіге, ал сабақ талқылауға, пікір-сайысқа, тәжірибелік жұмыстарды өткізуге айналады.

Қолданбалы курстардың келесі типтерін шартты түрде бөліп көрсетуге болады (пәндік бағдарланған, пәнаралық, кәсіби бағдарланған):

1. Пәндік қолданбалы(таңдау) курстар, оның мақсаты мектептің оқу жоспарына кіретін пәндер бойынша (мысалы, физика) білімді тереңдету.

2. Пәнаралық қолданбалы(таңдау) курстар, олардың мақсаты оқушылардың табиғат туралы білімдерін тереңдету.

Пәндік қолданбалы курстарды бірнеше топқа бөлуге болады: а) көтеріңкі деңгейдегі қолданбалы курстар, бағдарлы курспен тақырыптық та, өткізілу уақтысы бойынша да келісілген пәнді тереңдетіп оқытуға бағытталған курс. Мұндай курс пәнді тереңдетіп оқытуға мүмкіндік береді;

ә) қолданбалы арнайы курс, мұнда пәннің жеке бөлімдері тереңдетіліп оқытылады.

3. Кәсіби бейіндік қолданбалы (таңдау) курстар, олардың мақсаты -оқушылардың пән негіздерінен игерілген білімдерін тәжірибеде қолдана алудың маңызды жолдарымен және әдістерімен таныстыру.

Вариативті компонент оқу курстары сәйкес жалпы білім беретін пәндерді зерделеу кезінде қалыптасқан оқушылардың білім мен біліктеріне негізделеді, сондай-ақ мамандыққа бағдарлауды жүзеге асыра отырып, жоғары сынып оқушыларының білім алуға деген қажеттілігін қанағаттандыра алады.

Білім мазмұнын таңдап алу мәселесі әлеуметтік тәжірибеден алынатын іс-әрекеттер қатынасын және оларды орындауға оқушыларды дайындау үшін қажет функцияларды, игерілуі тиіс құндылықтар жүйесін анықтауды білдіреді. Оқу жоспарының вариативті компонентінің оқу курстарының мазмұнын таңдап алу үшін де орта білім мазмұны теориясы бойынша жалпыдидактикалық зерттеулерге жүгіну қажеттігі туындайды.

Жалпы орта бiлiм беру мазмұнын анықтау бойынша зерттеулердің (В.В. Краевский, В.С. Леднев, И.Я. Лернер, М.Н. Скаткин, В.П. Беспалько, И.И. Логвинов және т.б.) жекелеген аспектiлерi оқушыларды бейіндік дайындық пен бағдарлы оқытудағы вариативті компоненттің, атап айтқанда, қолданбалы курстардың мазмұнын анықтау үшін ғылыми негіз болып табылады.

Қолданбалы курс мазмұнын таңдап алу мақсаттары оқу-тәрбие үдерісінің барлық компоненттерiн бірыңғай жүйеге байланыстыратын дидактикалық категория болып табылады. Бейіндік оқыту жағдайындағы вариативті компонент оқу курстарын оқыту мақсаттары қарастырылатын ғылым саласының мәні ескеріле отырып сипаттамалық түрде берілгені, ал оқу материалы деңгейіндегі мақсаттар оқытудан күтілетін нәтижелер түрінде сипатталғаны орынды деп есептейміз. Қолданбалы курсты оқытудың мақсаттары, біріншіден, жоғары сынып оқушыларын кәсіби бағдарлау, екіншіден, олардағы қалыптасқан білімдері мен түсініктерін әлемнің біртұтас жүйесіне интеграциялау, үшіншіден, бағдарлы пәндерді оқытудың тиімділігін арттыру және негізгі пәндік және қолданбалы курстар арасындағы сабақтастықты орнықтыру болып табылады.

Бұл мақсаттардан, мысалы, келесідей нақты міндеттер туындайды:

1) мұғалім үшін – ұсынылатын курстың мазмұндық аяларын және нақты сыныпқа қатысты оқытудан күтілетін нәтижелерді анықтау;

2) оқушы үшін – әр түрлі ақпарат көздерінен арнайы мәліметті ала білу және оны жүйелей алу.

Қолданбалы курстардың мазмұны күтілетін нәтижелер тұрғысынан дұрыс таңдалып алынған жағдайда оқыту үдерісін іс-әрекеттік және тұлғалық-бағдарланған тұрғыдан қарау жүзеге асырылатын болады. Сондай-ақ зерттеушілік сипаттағы мұндай курстарды оқыту оқушылардың өз бетінше білім ала білуіне, игерген білімдерін жаңа жағдайларға қолдана алуларына, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесімен, мектептен кейінгі білімін жалғастыру үшін қажет түйінді құзырлармен қарулануына ықпал ететін болады.

Сонымен қолданбалы курстарды оқыту мақсаттары оқытуды даралауға және оқушыларды әлеуметтендіруге, олардың болашақ кәсіби қызмет аясын саналы әрі жауапты таңдап алуға бағыттау болып табылады. Мақсаттар келесі міндеттерге бөлінуі мүмкін және олар:

– оқушылардың оқу мүмкіндіктеріне сүйене отырып, олардың танымдық мүмкіндіктерін дамытуы;

– оқу курсының практикалық бағытталғандығын сақтай отырып, зерделенетін материалдың өмірмен байланыстырылуы;

– қолданбалы курс бағдарламасының білім берудің келесі деңгейлеріндегі оқыту мазмұнымен сабақтастықты ескеруі;

– жоғары сынып оқушыларының іргелес пәндер үшін жалпы болып табылатын элементар біліктіліктермен қарулануын қамтамасыз етуі тиіс.

Әрбір мақсаттың өзара байланысы мен өзара кірігуі вариативті компоненттің білім мазмұны мен құрамын қалыптастырады. Жоғары сыныптардағы қолданбалы курс мазмұнын мақсатты толтыру:

– қазіргі кездегі түйінді проблемаларды зерделеу;

– болашақ кәсіби қызметке бағдарлану;

– танымдық, ұйымдастырушылық дағдыларды жетілдіру;

– базалық білім мазмұнны толықтыру және жетілдіру;

– бағдарлы пәндер бойынша оқытуда жіберілген кемшіліктерді компенсациялау арқылы жүзеге асады.

Вариативті компоненттің оқу курстарын оқыту мақсаттары мен міндеттерін теориялық тұрғыдан негіздеу бағдарлы саралау жағдайындағы оның мазмұнын таңдап алу үшін қажет негізгі принциптер мен критерийлерді айқындап алуға мүмкіндік туғызды.

Бейіндік оқыту жағдайында алдыңғы шепке жоғары сыныптардағы оқытудың мәнін сипаттайтын интегративтік, кешенділік, сабақтастық, келісімділік, түсініктілік және бағдарлы бағытталғандық принциптері шығады деп есептейміз.

Интегративтік принципінің мәні бейіндік сынып оқушыларының бағдарлы пән мен қолданбалы курс бойынша дайындықты өзара байланыста алу болып табылады.

Сабақтастық принципі бейіндік сынып оқушыларының оқуларын арнайы орта немесе жоғары оқу орнында оқуын жалғастыруы үшін оларға қажет базаны тудыруға ұмтылуымен сипатталады. Осылай, оқушылардың таңдаған оқу орнында бағдарлы пәндерді оқуын жалғастырып қана қоймай, кәсіби бағытталған дайындығы да жүзеге асады.

Кешенділік принципі таңдап алынған вариативті оқу курсының мазмұнына сәйкес пән бойынша білім мен біліктіліктердің негізгі кешенін бөліп алуды ескереді.

Келісімділік принципі қолданбалы курс пен пән бойынша сабақтардың мазмұны бойынша да, зерделеу уақыты бойынша да нақты сәйкес келу қажеттігін білдіреді. Бұл оқушының қолданбалы курсты зерделеу барысында игерген білімі мен біліктілігін жақын аралықта пән бойынша сабақтарда пайдалана алуы үшін қажет.

Түсініктілік принципі оқушылардың вариативті компонент мазмұнын қабылдауға дайындығын анықтайды. Мұнда оқущылардың берілген мазмұнның оқушылардың пән бойынша игерген білімдері мен біліктіліктерімен байланысы ескеріледі.

Бағдарлы бағытталғандық принцип жүйе құраушы болып табылады. Ол басқа принциптермен байланысқан және оларды үйлестіруші болып табылады. Дәл осы принцип берілген бейіндік қолданбалы курс мазмұнының ерекшелігін анықтайды.

Қолданбалы курстың мазмұнын таңдап алуда Ю.К. Бабанский тұжырымдаған жалпы дидактикалық критерийлердің мәнділігін бағалай отырып, бейіндік оқытудың ерекшелігі тұрғысынан оларды жеткіліксіз деп есептейміз, сондықтан оларды бейіндік саралаудың мәнділігін айқындайтын төмендегідей критерийлермен толықтыру қажет:

1. Оқушылардың зерделенетін материалға қызығушылық таныту критерийі. Сондықтан оқушылардың таңдап алған бағдарға оқушылардың ынталануын қолдап отыру қажет.

2. Білім мазмұнының әлеуметтік мәнділік критерийі. Қолданбалы курс оқушылардың проблемаларды шеше алу және ақпараттық сияқты құзыреттіліктерді қалыптастыру мақсатын көздейді.

3. Білім мазмұнының қолданбалы бағытталғандық критерийі. Бұл критерий сабақтарда оқушылардың өзіндік, практикалық жұмысына арналған мазмұн ауқымын арттыруды негіздейді. Оқу материалы әр түрлі аспектілердегі оқушылардың құзыреттіліктерін қалыптастыратын біліктіліктер мен дағдыларды практикалық тұрғыдан шыңдауды ұйымдастырады, сондықтан оқу материалының іс-әрекеттік сипаты болуы тиіс.

4. Мамандыққа бағдарлану критерийі. Бұл критерий болашақ кәсіби қызмет туралы элементар түсінікті қалыптастыру үшін негіз болып табылатын мазмұнды таңдап алуды талап етеді.

5. Таңдап алған пән бойынша мемлекеттік стандарт мазмұнына сәйкес келу критерийі. Қолданбалы курс мазмұны таңдап алған оқыту бейініне сәйкес келуі тиіс. Осыған байланысты мазмұнды таңдап алу бейіндік пәнді тереңдету немесе кеңейту тұрғысынан жүзеге асырылады, ал бұл өз кезегінде бағдар құрылымындағы вариативті компонент оқу курсының орнын анықтауды талап етеді.

Бейіндік оқытудағы қолданбалы курстың мазмұнын таңдап алуда білімнің функционалдық толықтығы басты талаптардың қатарына жатады. Бұл талапқа сәйкес келу білім мазмұнын кеңейту немесе тереңдету арқылы курсты мамандық дүниесіне бағыттау ретінде түрлендіруге мүмкіндік береді. Педагог-практиктердің білім мазмұнын таңдап алудың жоғарыда аталған критерийлерін білу оларға ең маңыздыны, бастыны ой елегінен өткізе отырып, оқушыларға көрсете алады.

Бұл көрсетілген критерийлер оқу курсының мазмұнын таңдап алудың принциптері сияқты бір-бірімен байланысқан; бірқатар жағдайларда бір ғана критерийдің өзі әр түрлі принциптердің жүзеге асуында қолданылады. Қарастырылған критерийлер бірін-бірі толықтыратынын және курс мазмұнын таңдап алу кезінде олардың барлығын ескеру қажеттігін атап өтеміз. Қарастырылып отырған проблема ауқымында қолданбалы курс мазмұнын анықтауда қолданбалы бағытталғандық және білім беру стандартына сәйкес келу критерийлері жетекші болып табылады.

Оқушылардың қабілеттілігін, мүдделерін және кәсіби ниеттерін ескеру арқылы бұл критерийлердің жүзеге асуы вариативті компоненттің оқу курсының мазмұнын түзуге мүмкіндік береді.

Қолданбалы курстың жетекші құраушысы оқушылардың шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі болуы тиіс, өйткені жеке тұлғаның тәжірибемен қарулануы арқылы дүние объектілеріне, оның ішінде мамандықтар дүниесіне деген құндылық қатынастары дамиды.

Эмоционалды-құндылық қатынас оқушылардың қандай да бір проблемалар мен міндеттерді шешуге қатынасын анықтайды. Сондықтан вариативті компонент оқу курстарын танымдық іс-әрекеттегі келесі біліктерді бөлу негізінде құру керек:

– оқу пәні бойынша білімдерін ескере отырып, стандарт емес есептерді шығара алу білігі (шығармашылық біліктер);

– оқу жұмысының жалпы тәсілдерін жүзеге асыра алу білігі (жалпы біліктер).

Қолданбалы курстар танымдық және практикалық іс-әрекеттің жаңа түрлерін қалыптастыруға бағытталғандығын ескере отырып, қолданбалы курстарды құру кезінде негізге келесі тәсілдер негізге алынуы мүмкін:

– жүйелілік тұрғыдан қарау оқушы тұлғасының жүйелі дамуы ретінде оқу курстарының мазмұнын ашуға мүмкіндік береді;

– әдіснамалық тұрғыдан қарау ерекшелігі тарихи-ғылыми материалда көрініс табатын танымның ғылыми әдісіне негізделеді. Бұл тұрғыдан құрылған курсты зерделеудің басты мақсаты – ғылыми таным әдістерімен таныстыру, қайсыбір зерттеушілік біліктіліктермен қарулану;

– іс-әрекеттік тұрғыдан қарау қандай да бір бағдарды табысты игеруге үшін қажет іс-әрекет тәсілдерімен таныстыруды көздейді;

– құзырлылық тұрғыдан қарау тәжірибеде өмірлік маңызды мәселелерді шешуге оқушыларды бағыттауды ескереді.

Бейіндік оқытуда қолданбалы курстарды оқытуды енгізу әрбір мұғалімнің оқыту әдістеріне өзгерістер енгізілуін ескереді. Жоғары сыныптардағы қолданбалы курстарды жобалау мұғалімнен білім берудің келесі деңгейлерінде оқушылардың болашақ кәсіптерін анықтауларына көмек беру мақсатымен кешенді түрде қарастыруды талап етеді.

Жалпы орта бiлiм берудiң мазмұны теориясында «бiлiм мазмұнын таңдап алу көздері» ұғымы қарастырылады. Осы негізде біз вариативті компоненттің білім мазмұнын қалыптастырудың көздері ретінде мазмұны қандай да бір аспектіде білім мазмұны болып табылатын объектілер мен жағдаяттарды айтатын боламыз.Оған бейіндік оқытудың мәнін анықтайтын білім мазмұнын таңдап алу көздері:

– ғылымның пәндік саласының проблемалары;

– таңдап алған бағдардың ерекшелігін анықтайтын мәтіндер;

– таңдап алған бағдарға сәйкес келетін кәсіби іс-әрекеттің түрлері;

– бағдарға сәйкес келетін бейне, аудио материалдар жатады.

Сонымен, курс мазмұны белгілі бір факторларды және оқу материалын таңдап алудың сәйкес принциптері мен критерийлерін ескере отырып, ақпарат көздерінен таңдап алынады. Тек сондай жағдайда ғана оқыту мақсаттарына, оқушылардың танымдық мүмкіндіктеріне, олардың қабілеттіліктері мен мүдделеріне сәйкес келетін мазмұнды таңдап алуға болады.

Оқушылардың шығармашылық іс-әрекет тәжірибесін қалыптастыру мүмкіндігі әрбір оқу пәнінде қарастырылады. Сондықтан қай білім саласы болса да кез келген қолданбалы курстың мазмұны арқылы оқушылардың шығармашылық іс-әрекет тәжірибесін дамыту мүмкін деген қорытындыға келуге болады. Шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі келесі іс-әрекеттерді қамтиды: алдыңғы игерілген білім мен біліктіліктерді өз бетінше қолдана алу, дәстүрлі жағдаяттардағы проблеманы, нысандардың жаңа функциясын, зерделенетін нысанның құрылымын, жаңа қызметін, проблеманы шешу жолдарын байқай алу және т.б.

Демек, оқушылардың шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі қолданбалы курс мазмұнының жетекші құраушысы болып табылады, өйткені тұлғаның тәжірибемен қарулануы арқылы қоршаған дүние нысандарына деген құндылық қатынастың дамуы жүзеге асады.

11-12-сыныптарда бейіндік оқытудың мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мектептің жоғарғы сатысында оқыту мазмұнын таңдауға 10-сынып оқушыларын даярлау мақсатында педагогикалық-психологиялық жұмысты ұйымдастыру қарастырылады. Жалпы орта білім беретін мектептер базасындағы бейіналды дайындық төмендегідей шараларды қамтиды:

- мамандық таңдауда оқушыларға кеңес беру;

- жергілікті жердегі мамандықтар туралы ақпарат беру (кәсіптік мектеп, колледж, ЖОО), яғни дайындық жүріп жатқан мамандықтар бойынша;

- оқушылардың алғашқы қалаған мамандықтары мен қызығушылықтары бойынша психологиялық диагностика, сонымен қатар тұлға типіне де диагностика;

- «Мамандықтар әлемінде» атты іскерлік ойын ұйымдастыру;

- әртүрлі оқу пәндерін оқып үйренудегі оқушы үлгерімінің мониторингі;

- оқушылардың қалауы бойынша жеке кеңестер беру.

10-сынып оқушыларының 11-сыныпта бағдарлы оқуды саналы түрде таңдауы үшін 10-сынып оқушыларының «үйренгім келеді», «қолымнан келеді», «қажет» деген сұрақтарға жауап алу мақсатында педагогикалық ұжым тарапынан ауқымды жұмыс жүргізілуі қажет. Осыған байланысты оқу бағдарын таңдауды анықтау үшін 9-10-сыныптар оқушыларына сауалнама жүргізілуі қажет. Аталған жұмыс жоғары сыныпта білім алушылардың бейіндік оқуын ұйымдастыру үшін қажет. Сауалнаманың қорытындысы нәтижесінде білім алушылардың қызығушылығы мен қабілеттеріне сәйкес келетін білім сұранысы қалыптасады.

Сауалнама алудың мақсаты – 9-10-сыныптар оқушыларының кәсіби қызығушылықтары мен қарым-қабілеттерін меңгеру және бейіндік оқытуды таңдауға дайындығын анықтау. Міндеттері:

- белгілі бір бағдарлы оқытуға бейімін анықтау;

- болашақ мамандығын таңдауға әсер ететін мотивтер мен факторларды айқындау;

- оқушының бейінді оқытуды таңдау процесіне ата-аналарды тарту;

- алынған нәтижелер негізінде ұсыныстар әзірлеу.

Бейіналды даярлық жүйесі 9-10 сынып оқушыларының орта білім деңгейінде білім алу жолын өздері таңдауды: не жалпы білім беретін оқу орнының 11-12 сыныптарында, немесе техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында қарастырылады.

Бейіналды даярлықта білім беру жетістіктерінің жиынтығын көрсететін негізгі құжат портфолио болып табылады. Онда оқушылардың атқарған жұмыстарының сапасын, бейіндік оқуға бағыттығын, оқу және шығармашылық әрі қызығушылық белсенділігінің қарқыны жөнінде мәліметтер беріледі.

Бейіналды даярлық педагогикалық ұжымның психологиялық-педагогикалық, ақпараттық және ұйымдастырушылық қызметінің жүйесі ретінде ұсынылады. Онда оқушының болашақ кәсіптік қызметін жетістікпен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, танымдық және кәсіптік қызығушылығын дамыту, өмірлік, әлеуметтік құндылықтар туралы ұғымдарды меңгеру – бейіналды даярлықтың міндеттері болып табылады. Бейіналды даярлықтың құрылымы педагогикалық-психологиялық қызметтің бірқатар бағыттарын (насихаттау, диагностика, кеңес беру, т.б.) қамтиды. 9-10-сыныптарда осындай жұмыстар арқылы оқушылардың қарым-қабілеті, икемділігі, т.б. қасиеттері айқындалып, 11-сыныпқа келгенде оқушылар қалыптасқан стереотиптерге қарамастан (ата-ана, таныстарының ықпалы сияқты), қазіргі заман талаптарына сай (радиотехника, дизайн, стандарттау, т.б.) мамандықтар таңдай бастайды.

3 Бейіндік мектеп типтері

Бейіндік мектеп – жоғары сыныптарда бейінді оқытуды, бейіндік және таңдау курстары кіретін, білім алушылардың өз білім алу траекториясында жеке таңдауларын қамтамасыз етуде жеткілікті қорлары жоқ мектептер мен білім беру ұйымдарын біріктіретін білім беру жүйесі.

Бейіндік мектеп бейіналды дайындық пен бейінді оқытуды және кәсіби оқу мекемелерімен әлеуметтік серіктестікті іске асыру үшін, қажетті білім беру мүмкіндіктері бар қала маңында немесе аудан орталығында орналасқан, білім алушыларды жеткізуге қолайлы білім беру ұйымының базасында құрылады. Бейіндік мектеп білім беру процесі бірыңғай оқу жоспары негізінде жүзеге асырылады. Бұл бейінді курстардың оқу сабақтарынан, оқу зертханаларындағы таңдау курстарынан, шеберханалары бар мектептердегі базалық оқу пәндерінің сабақтарынан тұрады.

Қосымша білім беретін бейіндік мектеп – оқушылардың қызығушылықтары, қабілеттері мен танымдық мүмкіндіктеріне сәйкес барлық оқушының шығармашылық қабілеттерін қамтамасыз ету мақсатында жалпы білім беретін ұйымдарды біріктіретін қосымша білім беру жүйесі. Қосымша білім беретін бейіндік мектеп білім алушылардың жан-жақты шығармашылық дамуына қажетті білім ресурстары бар қосымша білім беретін тірек ұйымдары (өнер мектептері, музыка мектебі, спорт мектептері) базасында құрылады.

Бейіндік мектеп білім беру ұйымдарының оқушыларына бейіналды дайындық пен бейінді оқытудың оқу бағдарламалары бойынша білім беру қызметінің барлық типтері мен түрлерін ұсынуы; білім беру қызметінің мәселелері бойынша өз базасында мұғалімдер мен білім беру ұйымдарының басшылары үшін практикаға бағытталған іс-шаралар жүргізуі мүмкін.

Бейіндік мектеп оқушыларының оқу бейінін таңдауы – бейінді оқыту құрылымының негізі, сондықтан оқушыларға үнемі ізденісте болып өз жолын табуына, жеке оқу маршрутын анықтауына көмек көрсетілуі басты назарда болуы тиіс.

Білім берудің жоғары сатысындағы оқушылардың бейінді оқыту мазмұнын анықтауға оқушылардың қызығушылығы, жеткен жетістіктері мен таңдаған мамандықтары көрсеткіш ретінде қабылданады, оқушылардың өздеріне қатысты аталған көрсеткіштерден бөлек ата-аналардың үміті, қоғамдағы әлеуметтік өзгерістер, аумақ ерекшеліктері де белгілі дәрежеде әсер ете алатыны белгілі.

Бейіндік мектеп түлегінің өмір сұраныстары мен бәсекеге даяр болуы: оқушының білім, білік, дағдыларын теріп қана қоймай, өздігінен білім алуға құлшынысын ояту, сабақтастық ұстанымдарын сақтай отырып, кәсіби бағытқа бейімделген, тілдік функционалдық сауаттылығы, саяси-құқықтық, жаратылыс заңдылықтары бойынша білім негіздері қалыптасқан интеллектуалды іскер тұлға тәрбиелеу парыз.

Бейіндік білім беруді енгізу мақсаттарының бірі тілек білдірген барлық оқушыларға өзінің жеке икемділіктері мен қажеттіліктеріне сәйкес сапалы білім алудың қолайлылығын және таңдаған бағытқа сәйкес пәндерін базалық кеңейтілген және тереңдетілген деңгейлерде оқытылуын қамтамасыз ету, әрі қарай оқу бағытын таңдау үшін жағдайлар жасау қажет болса,

бір сыныпта екі бағытты қатар ұйымдастыру ауылдық мектептерде бала санының шектеулігіне байланысты проблема туындатады. Оқушылар есейген сайын олардың мүддесі мен кәсіби ниеті сәйкес келе бастайды. Белгілі бір пәнге қызығушылық танытқан және қабілеттілік көрсеткен оқушы өзіне мамандықты нық таңдай алады. Тәжірибе көрсеткендей, қандай да бір пәнге қызығушылық танытпаған оқушылар кәсіпті таңдауда қиналып, оны жиі өзгертеді.

Бейіндік оқыту – оқушының тұлғалық және өмірлік өзін-өзі анықтауын қамтамасыз ететін, оқытудың даралануы мен саралануын жүзеге асыратын жалпы орта білім беруді аяқтау кезеңі. Бұл оқыту әрекетінің ұйымдастыру жүйесінде жоғарғы сынып оқушыларының қызығушылығы мен талабы, қабілеттері ескерілген жағдайда оқушының танымдық, болашақ кәсіби бағдарына сәйкес дербес дамуына жағдай жасалады.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Броневщук С.Г. Профильное обучение в школе. Вопросы организации и содержания. В помощь учителям школ. – М.: «Витязь - М», 2004.

2. Назаралиева З.С. Педагогика профильного образования: Учебное пособие. – Алматы: Триумф «Т», 2008.

3. Садыков Т.С., Абылкасымова А.Е. Методология 12-летнего образования. Учебное пособие. – Алматы: НИЦ «Ғылым», 2003.

№10 лекция.

Наши рекомендации