Отбасы тәрбиесінде халық педагогикасының озық үлгілерін пайдалану.
Қазақ халқының ұлттық мәдениетінің қайта өркендеу жағдайында жастарды ұлттық дәстүрлерде тәрбиелеудің заңды обьективті қажеттігі туды. Халықтық педагогика арқылы оқушыларының - адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың педагогикалық мәні де оған қоғамдық салт-сана, әлеуметтік экономикалық, мәдени өмірден саяси көзқарас пен тарихи кезеңнің айқын айғағы болып табылады. Сондықтан, еңсе көтерген қазақ елінің жаңа тұрпаты халықтық тәрбие жүйесінде ең алдымен өз халқының ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірибесіне арқа сүйері және оны қастерлеп дамыта түсуі заңды құбылыс. Өйткені, мұндай негіздерді білмей, өз халқының, ұлттық ерекшеліктерін сезінбей, басқа халықтың өзіне тән ерекшеліктерімен салыстырмай, бағаламай өз байлығын байыта түсу мүмкін емес. Халықтың өзі жасаған бастауларға сүйенген тәрбие ғана өз күшінде бола алады. Бұл тәрбиенің артықшылығы: әр адам ең алдымен өз халқының перзенті екендігін сезінуі, екіншіден, өз халқының болашағы сол жекелеген адамдарға байланысты екендігін сезінеді.
Сондықтан да, әр ұрпақ өз уақытын, өз талаптарын негізге ала отырып, ата-ана тәрбиесін, яғни халықтық педагогиканы игеріп отырғаны жөн. Тілімізге, дінімізге, қайта мойын бүрған кезде, болашақ ұрпағымыздың өз ана тілін білмеуі, салт-дәстүрден бірте-бірте қол үзе бастағаны, әке-шешесін, ата-әжесін, бауыр еті баласын тастап кету, жетімсірету сияқты қатыгездіктің етек алды, арақ ішу, анаша тарту, зорлық-зомбылық, ұрлық жасау сияқты жағымсыз қасиеттерге бой алдырды, өз пікірі жоқтық, біреудің айытқанына оңай ерігіштік, көнгіштік, табансыздық, тағы басқа да сүреңсіз жағдайлардың етек жайып еркінсуі-халықтық тәрбиеден қол үзудің салдары екені даусыз. Жағымсыз құбылыстардан құтылу үшін халқымыздың өзі жасаған, ұлттық дәстүр, салттарын оқу-тәрбие ісіне кеңінен пайдалану жолдарын іздестіру өмір талабы.
Егер тарихи зерттеулерге жүгінсек, халықтық педагогиканың үлгі-өнегесі халық даналығының көрінісі ретінде пайдалану жөнінде құнды идеяларды кезінде түрлі ел, түрлі уақыттағы педагогтар да аз айтпағанын байқаймыз. К.Д.Ушинский «Біздің тәрбиені ойлап келетіні бос әурешілік, тәрбие орыс халқында өзі қанша өмір сүрсе, сонша ғасыр өмір сүреді онымен бірге істі, өзінде оның бүкіл тарихын, оның бүкіл жақсы және жаман қасиеттерін бейнелеген. Бұл бірін екіншісі ауыстыра отырып, Россияның жаңа ұрпағы өсіп шыққан топырақ» - деді.
Халықтық педегогиканың адамгершілік тәрбие саласындағы құнды деген идеяларын өз тәжірибелерінде А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский кеңінен пайдаланып, оларды өте жоғары бағалаған. В.А.Сухомлинский халық тәрбиесіндегі Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілік сезімге толы аса маңызды қайнар көздері оқушылардың терең танып-білуіне қол жеткізді. Ол мұндай қайнар көздер ата-ана махаббаты, бесік жыры, ана тілі, туып өскен жер табиғаты, халықтың тарихы және т.б. болатынын атап көрсетті.
Халықтық педагогика мәселелері ғылыми тұрғыда 19 ғасырдың екінші жартысынан бастап жарық көрген ғылыми зерттеулер Г.Н.Волков, Я.Н.Ханбиков, А.Ф.Хантибидзе, А.Ш.Гашимов, А.Н. Измайлов, В.Х.Арутюнян, К.К.Қыдыралиеа және т.б. халықтық педагогиканың түрлі бағыттарын қарастырады. Бұл еңбектерге жан-жақты талдау ғалым С.А.Ұзақбаеваның еңбектерінде жүйелі берілген. Автор халықтық педагогика саласында барлық еңбектердің сынып классификациясын жасаған, сол зерттеулерде «халықтық педагогика» деген терминге берілген анықтамаларды саралап, құптай отырып, былай деп өзінің анықтамасын берген халықтық педагогика - тәрбие мен оқыту саласындағы халық бұқарасы білімдерінің, іскерліктердің, дағдылардың жиынтығы, солардың негізінде ұрпақтан-ұрпаққа халық шығармашылығы арқылы беріліп отыратынын әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер қалыптасқан. Халықтық педагогиканың мақсаты - ата-бабалар тәжірибесінің ең жақсы мұраттарында бай ұрпақты тәрбиелеу. С.А.Ұзақбаеваның пікірлермен біздер толығымен келісеміз және диплом жұмысында оларды негіз етіп аламыз.
Басқа ұлттардағыдай, қазақтың халықтық педагогикасының өзіне тән ерекшеліктері, өзіндік белгілер бар. Оның бірі халықтық педагогика ерекшеліктерінің мазмұны мен түрлерінде бейнеленген ауызекі поэтикалық,, мазмұндық, музыкалық шығармалар, сәндік-қолданбалы бұйымдар, құлпытастар, күмбездер, ғимараттар, әдет-ғұрыптар, салт- рәсімдер және т.б. Олардың тәрбиелік мүмкіндіктерін сол кездің өзінде-ақ халық арасынан шыққан ақын-жыраулар жақсы түсінген. Көшпенді мәдениетінің шыңында тұрған қазақ халқын дүние жүзі жүртшылығына таныту, Ресей арқылы батыс елдеріне таныту күн тәртібінде тұрды. Бұл іске алғаш болып жол салғандар -Ш.Уалиханов пен Ы.Алтынсарин болды. Олар адцыңғы қатарлы зиялылар өмірін зерттеп, оны дүниежүзі жұртшылығына таныстыру мақсатымен қазақтың ұлт ойындарын халық өмірінің басқа көріністерімен қоса зерттеді. Сол кезде этнографиялық зерттеулерге өте көп көңіл бөлінгеніне және ағарту қызметінің өріс алуымен байланысты Ш.Уалихановтың еңбектері Ресей академиясында жоғары бағаланып, кең таратылды. Осы зерттеулерді жалғастырып, одан әрі дамытуға шығыстану ғылымының прогресшіл өкілдері В.Радлов пен Г.Потанин үлес қосты.
19 ғасырдың екінші жартысында халық педагогикасының қалыптасып кең өріс алуымен байланысты ұлттық ойындарды зерттеуге көзқарас өзгере бастады. Халық педагогикасы ұлт тәрбиесіне қатынасты барлық өмірлік негіздерді қамтып, ұлттық ерекшелікті даралай көрсетуге, сонымен қатар барлық адамзаттың мәдени тарихын даралай көрсетуге үлесін қосады. Ы.Алтынсарин және оның пікірлестері мен ізбасарлары халық ағарту жүйесін құра бастады. Қазақ мектептері ашылып, ұлттық тәрбие ордасын құру барысында ұлттық ойындарды зерттеу және қолдану жолдарын анықтау мәселесі тереңдейді. Бұл істі ілгері жылжытқандардың қатары жылма-жыл өсе түсті. Бұлардың қатарына А.И.Ивановский, Н.Гродеков, Е.А.Алекторов, Ә.Ә.Диваев, А.Левшин, Н.Пансутов, ЕАПокровский, З.Ф.Лазеревский, П.И.Пашино, Г.Загряжеский, А.ІИиле, А.Харузин, АТорячкин т.б. қосылды.
Кезінде М.Әуезов қазақтың ұлттық ойындары туралы мына сөздерді айтқан: - «Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында өздері қызықтаған алуан ойын өнері бар ғой. Ойын деген, менің түсінуімше, көңіл көтеру, жүрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған.
Қазақ халқының өткеніне көз жіберсек, әрбір күзгі, қысқы шаруашылықтың табысты аяқталуынан соң, сәтті аяқталған аңшылықтан кейін, немесе ел шетін басып кірген жаудан кек алып, жеңіске жеткенде, ас бергенде, халық мерекелері, ойын-сауықтар өткізілген. Бұл ойын-сауықтар тек көңіл көтеру, той думан үшін емес, ұрпақ тәрбиесін өркендетіп, дамытатын үлгі-өнеге көрсететін, халықтың рухани мүмкіншілігінің байқауы тәріздес өнер сайысына ұласып, жаңаның сыналып, ел талқысына түсер ортасы, көпшілікке жеткізер сахнасы іспеттес болған. Әсіресе, өздерінен ересек аға буыннан, халық алдында сыналған атақты ардагерлерден үйреніп тәлім алған.
Қазақтың ұлттық ойындары: көкпар, сайыс, күрес, теңге алу, қыз қуу, алтын қабақ ату, жамбы ату т.б. спорттық сипатпен бірге үлкен тәрбиелік маңызға ие. Бұл ойындардың бәрі де атпен ойналатын ойын болғандықтан, оларға күн ілгері орасан зор әзірлік, мұқият даярлық керек болады. Сол даярлықтың басы қасында болған жас баладан бастап, бозбалалар мен жігіт ағалары, атбелгілері мен ауыл ақсақалдары болып түгел қатынасқан. Жоғарыда аталған ойын түрлері мен бәйгенің алуан түрлеріне қосылатын аттар, оған мінгізілетін балалар, балуандар, көкпаршылар, қыз қууға қатынасатын қыз бен жігіттер ауыл ақсақалдарының алқасында талқыланып, солардың ұйғаруы бойынша қатынасуға мүмкіншілік алатын болған. Бұл, бір жағынан, халық тәлім-тәрбиесінің маңызын арттырса, екінші жағынан, үлкендерге деген ілтипат пен сенімді, басқаның пікірімен санаса білуді үйретеді. Үшіншіден, жеңіске деген құлшынысты туғызып, баланың ақыл-ойын, қиялын ұштайды.
Сонымен қатар халық өзінің аңшылық, мергендік, мал өсіру, дихандық шаруашылығымен байланысты көптеген аңыз-ертегі, мақал-мәтелдер, өлең-жырлар шығарған. Олар жастарды малды дұрыс бағып-қағуды, аңшылық пен малшылықты өнер деп қарауды, сөйтіп оларды еңбек сүйгіш, мал тапқыш, өнегелі азамат етуді көздеген. Осы тіршілік түрлері ұлттық ойындардың көптеген түрлерінде орын алған.
Қазақ шаруасының қол өнері өзінің күнделікті өмір тіршілігімен, тұтыну қажетімен тығыз байланысты болған. Оның ішер асы да, киер киімі де, баспанасы да малдың өнімімен байланысты болғандықтан, қол өнері де сол мал өнімін өңдеуге ұқсастығы арналған. Жүн иіріп, өрмек тоқу, киіз басып, үй жабу, ою ойып, сырмақ, түс киіз өрнектеу, тері илеп, бас киім және сырт киім тігу қыз балалардың, аналардың ерекше өнері болып саналған.
Көпетеген ұлт ойындары осы өнерлерді дәріптеп балаларды болашақта оң қолынан өнері таматын етіп тәрбиелеуге мән берген. Халық «Өнер таусылмас азық, жұтамас байлық, «Іскердің байлығы қолында, кемеңгердің байлығы жолындаң, «Ұсталы ел озар - деп өнерге, шеберлікке құмарлықты оятуға арналған көптеген нақыл сөздер айтып, оны балаларға дәріптеу жолдарын ойын арқылы іздеген.
Осы жағынан келгенде ұлт ойындары халық педагогикасының құрамдас бір бөлігі ретінде өзінің маңызды қызметін атқарады. Қазақстанның егемендік алғанына арналған жалпы халықтық және әлемдік маңызы бар Абай мен Мұхтар Ауезовке арналған тойларда қазақтың ескі дәстүрі бойынша балалардың ұлт ойындарына белсенді қатынасуы ескі дәстүрді қайта жаңғыртып, жастарға деген сенімділік пен талапты арттыра түсті, оларды өмірге ерте араластыру жер-жерде орын ала бастады.
Ұлттық ойындар халық педагогикасының ерекше динамикасы бар, өмір талабына сай үнемі өзгеріп тұратын, сонымен қатар ұрпақпен ұрпақтарды байланыстырып тұратын құрамдас бөлігі. Сондықтан олардың атқаратын қызметі кең өрісті, ауқымды және салиқалы екендігін зерттеушілер көрсете бастады. Ұлттық ойындар әр адамға халықта дәстүрлі қалыптасқан салауатты өмір салтын сақтауға және елі мен жерінің қамын ойлайтын Отан сүйгіш патриот, сыйластық пен достықты бағалай алатын интернационалист, басқадан үйренуді жатсынбайтын, дара тұлға - жаңа адамды тәрбиелеп шығарудың құралы ретінде зерттелінеді. Осы және қазіргі кездегі диссертациялық зерттеулерді талдау барысында келесі қорытынды жасадық.