Тәрбиешілердің ата-аналармен жүргізілетін жұмыс барысында берілетін кеңес.
1. Балаға жан және дене өзгерістерінің байланыстарын табуға көмектесу.
2. Барлық ескертулерді шын пейілмен, үстірт бағаламай, айдар тақпай жай түсіндіру.
3. Балалардың бойында салауатты өмір салтының дағдыларын қалыптастыруға бағытталған, салауатты өмір салты мәдениетіне тәрбиелеу. Денсаулықтың маңыздылығын құндылық ретінде түсіну.
4. Дене тұрғысынан жетілдіру. Ертеңгілік жаттығу, күн режимін сақтау, таза ауада болып қимыл қозғалыс ойындарын ойнау.
Ата-аналармен жұмыстың барлық түрлері ұжымдық, жекелік және көрнекі-ақпараттық болып бөлінеді.
Ата-аналармен ұжымдық жұмыс түріне өздеріңізге таныс белгілі іс-шаралар жатады.
Біріншіден, бұл - ата-аналармен жұмыстың тиімді формасы болып табылатын ата-аналар жиналысы.
Ата-аналар конференциясы - бұл бала тәрбиесі туралы терең жан-жақты қарастыру және оны бекіту.
- Конференцияның негізгі мақсаты – отбасылық тәрбиелеудің тәжірибесімен бөлісу. Ата-аналар конференцияларына өте мұқият дайындық қажет. Мұнда белгілі ғалымдар ,психологтар мен педагогтар, әлеуметтік педагог, дәрігер, т.б. міндетті түрде қатысалы. Мұндай конференцияларға ата-аналар белсенді түрде қатысулар қажет. Олар өз іс-тәжірибелері тұрғысынан мәселеге талдау жасайды. Конференцияның ерешелігі – белгілі бір мәселенің жай-жапсарын шешудің нақты жолдары қарастырылады.
- Конференцияның өзекті тақырыбы мысалы, «Бала денсаулығына қамқорлық» атты конференция ұйымдастырып дәрігерлерді шақыруға болады. Конференцияны мектеп жасына дейінгі мекем ебалаларының, қызметкерлерінің, отбасы мүшелерінің бірлескен концертімен аяқтауға болады.
- Ашық сабақтар - ата-аналарды бағдарлама бойынша қол жеткен жетістіктермен таныстыру, тәрбиешінің талаптарына ден қоюға бағыт беру. Мұндай сабақтарға ата-аналардың қатысуы балабақшадағы оқу-тәрбие жұмыстары туралы ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын арттырады, баламен қарым-қатынас жасаудың жолдарын үйренеді.
- Жеке тақырыптық кеңестер - бұл ата-аналармен өзінің баласы жайында, балабақша тыныс-тіршілігі туралы ақпараттармен қамтамасыз етуде, пікір алысуда маңызды. Жеке кеңестердің тәрбиешінің отбасымен тығыз байланыс орнықтыруынд маңызыз ор.
Балаңыздың қуана балабақшаға баруы үшін не істеуге болады?
(Ата-аналарға кеңес беру жұмыстары)
- Оның уақытылы ұйықтауға жатуын қадағалаңыз.
- Балабақша туралы жаман айтпаңыз, Баланың көзінше тәрбиешілерді сөз қылмаңыз.
- Балаңыз балабақшадан берген тапсырмаларға, сіздің қызығушылық танытып, қадағалайтыныңызды көрсін.
- Өзіңіз оқыңыз, бала ата-аналарының бос уақытын тек теледидар мен компьютер алдында өткізбейтінін білсін, көрсін.
- Компьютерлік ойында ойнауды бала күнінде 20 минуттан асырмауы тиіс.
- Егер бала сізбен қатты әсер алған оқиғасыме нбөліссе – сол оқиға жайлы әңгіме құрастыруын өтініңіз, ал кешкісін оны барлық - отбасы мүшелеріне оқып беріңіз.
- Балабақша өміріне үнемі белсенділік танытыңыз.
- Балабақшада сіздің балаңыз өзіне деген өте жағымсыз қатынасқа қақтығысып қалуы мүмкін. Және де барлығы әрқашан іске аса бермейді. Осы сәтте балаға өзіне деген сенімін жоғалтпауға көмектесіңіз.
Жыл бойы жүргізілетін жұмыс жоспарын ата-аналармен бірлесе отырып жасаған тиімді. Себебі, ата-аналар заман талабына сай өзекті мәселерді, отбасы тәрбиесіне байланысты тақырыптарды өздері ұсына алады. Сонымен қатар ата-аналардың ұсыныс –тілектерімен санаса отырып ата-аналарға арналған әңгімелер мен лекциялар, кеңестер мен сұрақ-жауап кештері, тәрбие жұмысын алмасу жөніндегі конференциялар, ата-аналарды педагогикалық әдебиеттермен таныстыру әдіс-тәсілдері қарастырылады.
Ата-аналардың балабақшадағы балалардың өмірін мейілінше қызықты етіп өткізуіне үлес қосу үшін «Шебер қолдар» үйірмесін ұйымдастыруға болады. Балаларды қолөнердің кейбір түрлеріне, кесте тігуге, кейбір ата-аналар ертеңгіліктерге бірігіп декорация жасауға, киімдер тігу, атрибуттар дайындау сияқты жұмыстарға араластыруға болады. Балаларының оларға тән емес ортадағы қылығын, оның басқалармен қалай араласуын, білім деңгейін, құрдастарының оған деген қарым-қатынасын зерттей алады. Өз баласының дамуы басқалардан артта қалған жоқ па, балабақшада ол үйдегідей емес, өзін басқаша ұстауын еріксіз салыстырады.