Ринолалия кезіндегі логопедиялық жұмыстар және туа пайда болған таңдай кемістігін, тіл бұзылыстарын профилактикалау

Ринолалияны түзету-педагогикалық жұмысын төрт кезеңге бөледі:

1. Операцияға дейінгі дайындық кезең.

2. Операциядан кейінгі кезең. Дауысты дыбыстарды қою. Мұрындық резонансты жою.

3. Дыбыс айтуын түзету, тыныс алуын, фонациясын және артикуляциясын үйлестіру кезеңі.

4. Жаңа дағдыларды толық машықтандыру кезеңі.

Операцияға дейінгі логопедиялық жұмыстың мақсаты – патологиялық әдеттерін болдырмау және қалыпты сөйлеуін дамытудың базасын (негізін) қалыптастыру. Бұл кезең келесі бағыттарда жүргізіледі:

1. Операциядан кейін таңдай шымылдығын түйістіруге дайындау және жұтқыншақ бұлшық еттерін дистрофиядан сақтандыру;

2. Ауа жолының бағытты шығаруға дағдыландыру және бұғаналық дем алуға тежеу;

3. Жұтқыншақ бұлшық еттерін қатайту;

4. Дыбыстарды дұрыс айтуын, оральді праксисті дамытудың және ауыз қуысында тілдің алға қарай орнығуының алғышарттарын жасау;

5. Фонемаларды естіп қабылдау, ажырату.

Екінші кезеңде жүргізілетін логопедиялық сабақтардың негізгі мақсаты - таңдай – жұтқыншақтың толық жабысуын, түйісуін дамыту. Сабақ дауысты, а,э айтқызудан басталады. Алдымен дыбысты асықпай, созып, орташа дауыспен ашық артикуляциямен айтады. Үшінші, төртінші сабақтан дауысты дыбыстар қосарлап айтылады. Дауысты дыбыстар мына кезектілікпен айтылады: а, э, о, ө, ы, и, у, ү.

Үшінші кезеңінің негізгі мақсаты – тыныс алу мен сәйкестендіре отырып дауыссыз дыбыстарды түзету. Осы кезеңде дыбыс айтуын түзету мен қоса дұрыс дауыстау дағдыларын қалыптастырады. Ол үшін арнайы фонепедиялық жаттығулар қолданылады.

Төртінші кезеңінің негізгі мақсаты – жаңа дағдыларды толығымен машықтандыру, үшінші деңгейде қойылған дыбыстарды ауызекі сөйлеуге қолдану болып табылады. Әлі де болса байқалатын ринофонияны жою және жұмсақ таңдайдың қимылын дамыту үшін вокалды жаттығулар қолданылады.

Қазіргі кезде жиі қолданылатын А.Г.Иппалитованың түзету жүйесі болып саналады. Бұл әдістеме әсірсе баланың дыбыс айтуын түзетуге өте нәтижелі. А.Г.Иппалитова операцияға дейін түзету жұмысын жүргізу қажеттілігін алғашқы негіздеген авторлардың бірі. Бұл әдістеменің ерекшелігі тыныс алу мен артикуляциялық жаттығуларды бірден қатар жүргізу, дыбыс кезектілігін артикуляциясы ұқсас негізінде қалыптастыруы болып табылады. Оқу құралында ринолалияны түзету жұмысы А.Г.Иппалитованың жүйесі бойынша берілген.

Ашық ринолалия кезіндегі логопедиялық жұмыстың негізгі міндеті операцияға дейін де, операциядан кейінгі кезеңде тілдің қалыпты дыбыстауын қалыптастыру болып табылады, яғни сөйлеу тілін мыңғырлаусыз қалыптастыру. Біздің тәжірибе көрсеткендей мұндай логопедиялық әсер ету қолжетімді болып табылады. Операцияға дейінгі кезеңнің өзінде біз барлық артикуляцияларды дұрыс айтуға тәрбиелеп,дыбыстардың таза шығуына қол жеткізе аламыз, бірақ белгілі бір дәрежеде мұрын тесіктерінен дыбыстың шығуы байқалып тұрады. Операцияға дейінгі кезеңде ұйренгендері операциядан кейінгі кезеңде де сақталып ары қарайғы жұмыстың оңай жүруіне жағдай жасайды.

Ринолаликтермен жүргізілетін жұмыстардың маңызды шарты сау сөйлеу аппараттарын(төменгі және ортаңғы) белсендіру болып табылады.

Кеміс жоғарғы жаққа логопедиялық әсер ету кезінде аз салмақ түсіру керек..

Ашық ринолалия кезінде жүргізілетін логопедиялық жұмыстардың негізгі принциптері кемістіктің түрінен және себептеріне қарай айқындалады.

Біздің әдістеменің негізіне физиологиялық дем шығару принципін қолдану жатады, ол біртіндеп ауыз арқылы диафрагмальды демшығаруға айналады.

Мұндай дем шығаруды тәрбиелеу дыбыс артикулемасын тәрбиелеумен қатар жүргізіледі. Мұндай дем шығару мен артикулемді қатар (параллель) қалыптастыру бірінші сабақтан бастап дыбыстарды дұрыс дыбыстауға мүмкіндік береді. Ринолалия кезінде дыбыстардың тотальді бұзылысы байқалады. Мұндайда логопедиялық жұмыста барлық әріптердің дұрыс дыбысталуын қалыптастыру қайтадан жүргізіледі.сонымен, ринолалик баламен жұмыс жасауды бастарда оның осыған дейінгі білетін барлық дыбыстауларынан бас тартып жұмысты басынан бастап жүргізу керек.

Ринолалия кезінде дыбыстарды қоюда жұмыстың бірізділігі артикуляциялық базасының дайындығымен анықталады.

Сөйлеу дыбыстары өзара тәуелді және өзара байланысты болғандықтан бір топтың дыбысьарын мергеру арқылы екінші топтың дыбыстарын меңгеруге мүмкіндік береді, яғни бір дыбыстар келесі дыбыстардың шығуына жағдай жасайды.

Дыбыстық артикуляуиялық базаның дайындығы арнайы артикуляциялық гимнастиканың көмегімен жүргізіледі. Бұл гимнастика тілдік дем шығарудың дамуымен үйлесуі керек.

Дұрыс тілдік біліктіліктер логопедтің көмегімен қойылады және жанамалы түрде ата – ананың көмегімен.

Балада артикуляция қалыптасқаннан кейін ғана дыбыстың әріптік мәні мен мағынасы түсіндіріледі: логопедпен бірге сабақ үстінде берілген тілдік мәліметтер.

Сабақ үстінде материалдар көлемі біртіндеп көбейіп ал тапсырмалар күрделеніп отырады.

Жұмыстың негізіне тілдік дұрыс тыныстау және дұрыс артикулемдерді қалыптастыру әдістері алынады.

Ашық ринолалия кезінде операцияға дейінгі кезеңде логопедиялық әсер ету осы уақытқа дейін қолданыста болған емес, оны қолдану туралы көп айтылмайтында.

Сабақтар көбіне тек операция жасалған балалармен ғана өтілетін. Операциядан кейін анатомиялық кемістік (дефект) толығымен не бөлшектеніп кетеді, бірақ нақты нәтижеге біртіндеп жетеміз. Операциялардың кеш жасалуы, одан кейінгі логопедиялық жұмыстардың ұзақ уақыт жүргізілуі, белгілі нәтижелердің көрінбеуі операцияға дейін көмектесудің басқа жаңа жолын іздестіруге себеп болды.

Осылайша, операцияға дейінде алдын ала сөйлеу тілінің дұрыс қалыптасуына жағдай жасауға болады. Анатомиялық кемістігі бар сонымен қатар психологиялық ерекшеліктері бар ауруларға операциялық кезеңге дейін логопедиялық әсер ету жүргізіледі.

Сондықтан бұл жұмыс барысында дұрыс сөйлеудің қалыптасуы мен тұлға дамуының түзетілуі есептеледі. Ринолалик балалардағы дұрыс сөйлеудің қалыптасуы (сөздің айтылуымен жұмыс)- ауыз қуысылық демнің дұрыс бағыты мен дыбыстардың толыққанды артикулімен байланысынан орын алады.

Логопедиялық іс әрекеттің ықпалы екі кезеңге бөлінеді:

1. Дайындық кезеңі. Бұл кезеңнің басты мақсаты-дұрыс сөйлеу мен артикулді меңгеруді параллелді түрде қалыптастыру. Бұл кезеңді шартты екі этапқа бөлеміз:

1.дифференциация кезінде ауыз қуысы және мұрын арқылы дем ала отырып сөздік демді қалыптастыру.

2.артикульдің көмегімен дауысты дыбыстардың (дауыс қоспай) және фрикативті дауыссыз ұяң дыбымтардың қатысуымен ұзақ ротолді демді қалыптастырады.

Сөздік демдің қалыптасуы. Сөздік дем баламен жұмыс істеу барысында қалыптасып жүргізіледі. Дайындық кезеңінде бұл жұмыс тек ұзақ ротолді демнің қалыптасуымен шектеледі. Ұсынылып отырған жұмыс негізінде физиологиялық демнің қолданылуы табиғи физиологиялық дифференциалды сөздік әрекеттің пайда болуы. Дұрыс сөйлеудің қалыптасуы барысында ең тиімдісі диафрагмалды қабырғасаты демалу.

1 кезең: оқыту барысында алдымен өз алақанымызды баланың арқа жағына қою арқылы оның физиологиялық дем алу түрін анықтап алу қажет. Егер баланың тыныс алуы қабырғаастылық болса онда логопед өз демінің ритмін сәйкестендіре отырып жұмысты бастайды. Егер балада жоғарғы дем және кеуделік дем болса онда еліктеу арқылы қабырғаастылық демалуды шақыру қажет. Бұл үшін баланың алақанын өзінің жаына қоя отырып өз алақанымен оның тынысын тексеру керек. Бала логопедтің тыныс алу кезіндегі қимылын сезе отырып оған еліктеу арқылы өзі де қабырғаастылық тыныс алуға ауысады.

Ауыз қуысы жабық күйінде дұрыс және тыныш демнің пайда болуы арқылы-ауыз және мұрын қуысы демінің дифференциациясына ауысуға болады. Оқушыға міндетті түрде дем алу мен дем шығарудың әр түрі бар екенін түсіндіру қажет: ауыз қуысы жабық кезде тыныс алу мұрын қуысы арқылы жүреді, ал ауыз қуысы ашық күйінде тыныс алудың әр түрі болады. Осы түсіндірулерден кейін балаға нақты тыныс алу жаттығуларын орындау ұсынылады.

Жаттығудың орындалуытөмендегі кесте арқылы сақталады:

Кесте 1

Тыныс алу (суреттер) Тыныс шығару (суреттер)
Мұрын ауыз мұрын ауыз Мұрын мұрын ауыз ауыз

Бұл жаттығулардың мақсаты-тыныс алу түрлерін үйрете отырып диафрагмальды демалу мен бірқалыпты демшығаруды қатайту. Сонымен қатар бұл жаттығулар сөздік демалудың негізгі ритмін қалыптастырады. Тыныс алу кезіндегі үзіліс күтпеген жерден қалыптасады, себебі бала тынысын қалай шығаруға назар аударып демін ұстап қалады:тынысты ауыз қуысы немесе мұрын арқылы шығару.

Балаға дауысты және дауыссыз дыбысты айтуды үйрете отырып бұл үзіліс ұлғайып қатаяды. Ал буынды, сөзді және сөйлемді үйрене отырып бұл үзіліс толығымен қалпына келіп балаға дұрыс сөздік тыныс алуды қамтамасыз етеді. Бұл жаттығулар кезінде балаға ауыз қуысы және жұтқыншақ ішіндегі ауаның тыныс алуға жайлылығын сездіну қажет.

Ауыз қуысы арқылы алынған демнің бағыты-ақ парақтың бетінде немесе алақанда немесе дем шығарғанда ауыз қуысына қойылатын мақта арқылы орындалады, бала логопедтің көрсетуі бойынша оның бағытын көріп қайталай алу үшін. Мұндай тыныс алу баладағы бірқалыпты, таза тыныс алуды қалыптастырады.

Біз логопедиялық тәжірибе барысында орын алатын арнайы тыныс алуды дамыту үшін жасалатын жаттығуларды (шар үрлеу,мақта үрлеу) орындауды міндеттемейміз, себебі бұл жаттығулар сөз дамытуға еш қатысы жоқ. Сонымен қатар бұл жаттығулар әлсіздігі басым баламен жүргізіледі, ол тілге зиянын тигізе отырып сөйлеу аппараты бұлшықеттері мен артикуляциясын қиындатады.

Баланың назары әрдайым тілдік демнің бағыты мен оның демалу кезіндегі артикуляциясына аударылады. Ауыз қуысылық демнің бағытын дұрыс ұйымдастыру үшін тілдің ауыз қуысындағы қалпын өзгерту қажет.

Тыныс алудың әр түрін үйрете отырып баланың назарын бірден оның мүшелерінің артикуляциясына бағыттау қажет: ауыз қуысылық дем кезінде тілдің ұшын төменгі ерінде ұстап тұру қажет, ауызды ашу керек. Сонымен қатар тілдің түбірі түсіп тұру керек. Егер тілдің ұшын төменгі ерінде ұстап тұрып тілдің түбірін төмендетіп оны шпательмен басу керек. Тілдің түбірі түсіп тұрған кезіндегі тыныс алу мұрынның дыбыстарға және сөздерге ықпалын қояды.

Сұрақтар:

1. Ринолалия кезіндегі логопедиялық жұмыстар және туа пайда болған таңдай кемістігін, тіл бұзылыстарын профилактикалау.

2. Ашық ринолалия кезінде жүргізілетін логопедиялық жұмыстардың негізгі принциптері.

3.Операцияға дейінгі кезеңдегі логопедиялық жұмыс.

Наши рекомендации