Taқыpыбы: ОТБАСЫМ - БАҚЫТ МЕКЕНІ
Taқыpыбы: МЕН ЕРЕКШЕ БАЛАМЫН
Мақсаты: балалардың өзіндік «Менін» ұғындыру. Өздерін тануға, өз ерекшеліктерін білуге үйрету.
Міндеттері:
- балалардың өзіндік «Менін» ұғындыру, түсіндіру;
- өздерін тануға, өз ерекшеліктерін білуге үйрету.
- өз бастарын сыйлап, бағалай білуге тәрбиелеу.
Oқy ic-әpeкeтiнiң көpнeкiлiктepi :Көрнекі кұралдар: дәптер, «Өзін-өзі тану» әлемінің картасы, түрлі түсті қарынддаштар.
Сөздік жұмыс: Сүйіспеншілік - жүректен. Халық даналығы
Ic-әpeкeт бөлiмдepi | Пeдaгoгтың ic-әpeкeтi | Бaлaлapдың ic-әpeкeтi |
Ынтaлaндыpy. Ceзiмдi oятy | Шаттық шеңбері Педагог балалармен бірге ұнтаспадан Қ. Ыдырысовтың «Келші, келші, балашым» өлеңін тыңдайды. Айым болып тудың ба? Күнім болып тудың ба? Ата жолын қудың ба? Әке жолын қудың ба? Бұл дүниеге келген соң, Сұрауы бар судың да. Айдарыңнан айналдым, Маңдайыңнан айналдым. Торсық шеке, тоқ шеке, Бақ болар деп ойладым. Ашық жанар көңілің, Ақ болар деп ойладым. Қуанышым — арай жүз, Сөйлесерміз талай біз. Бар ағайын жиналып, Мәз боп саған қараймыз. Сендей бала ешкімде, Болмаған деп санаймыз. Жалғыз дара — өзіңсің, Атасының көзісің, Әжесінің сөзісің, Аппақ мөлдір сезімсің Мен барымды аяман, Ботақаным, сен үшін. | |
Iздeнicтep. Ұйымдacтыpy | Әңгімелесу Әнді тыңдап болғаннан соң педагог балаларға төмендегідей сұрақтар қояды. - Өлеңді тыңдап отырғанда қандай сезімде болдыңдар? - Өлеңнен не ұқтыңдар? Қандай жолдары естеріңде қалды? - Балалар, біз бір-бірімізге ұқсаймыз ба? Педагог балалардың жауаптарын тыңдап, қойылған сұрақтар бойынша балалардың ойларын түйіндейді. - Дұрыс айтасыңдар балалар, біз-бірімізге ұқсаспыз, бірақ бізді бір-бірімізден ажыратып тұрған, ол біздің жеке ерекшеліктеріміз, бойымыздағы қасиеттеріміз екен. Әрбір адам өзінің қызығушылығын, мүмкіндігін, кім екендігін, өз орнын білуі керек. Бүгін кішкентай болсақ, ертең үлкен азамат боламыз. Ал үлкен азамат болу үшін бүгінгі күннен бастап ақылды, әдепті, алғыр, батыл, шыншыл, еңбекқор, табанды болуымыз керек. Ал бұл қасиеттер сендердің әр қайсысыңның бойларыңнан табылады. Осы бойымызда бар қасиетті шыңдай білетін болсақ, біз жақсы азамат боламыз. Бұл ойын арқылы балалардың өз бойларындағы ерекшеліктерін көре білуге, оны қысылмай айта білуге үйрету мақсаты көзделеді. Педагог ойынды былай қорытындылауына болады. - Балалар, сендердің өз бойларыңдағы қасиеттеріңді білетіндіктеріңе өте қуаныштымын. Әрбір адам - қайталанбайтын дара тұлға. Әрқашан осы дара ерекшеліктеріңмен ерекшеленіп тұрасыңдар. Сондықтан өз ерекшеліктеріңді біліп, өзгелердің де ерекшеліктерін сыйлап жүріңдер. Ал адам өз ерекшелігіне тым мақтанып, масаттанып кетсе не болады деп ойлайсыңдар? Балалардың жауаптары тыңдалады. - Дұрыс айтасыңдар балалар. Өзімшіл адам басқалардың құндылықтары мен мақсатын сезінбейді. Ондай менмен адам басқа адамдардың көзқарасымен, пікірімен санаспайды. Менмендік бойын жайлаған адам тек өзіне ғана көңіл аударады. Осындай жаман қасиеттен сақ болайық. Әңгімелеу Педагог Ж. Саинның «Кім болам?» өлеңін оқып береді. Ж. Саин Кім болам? Мен ер болам, ер болам, Ермен ертең тең болам. Айбыным желдей есілген, Уытты болам, өр болам. Мен кішкентай балғын жас, Алтын таңмен аралас, Мектепке қадам басамын. Оқуда алда, істе алда, Үлгімін барлық ұланға, Тасамын, судай тасамын! Ертең, ертең ер жетем, Ер боламын, күн болам! Жарқыраған жайнаған Күн нұрымен бір болам! Елді, Отанды қорғайтын Батыр Ұлан мен болам! | Қойылған сұрақтарға жауап береді. Ойын.«Өзімізді мақтайық». Балалар шеңберге тұрып, әрбір бала өздеріне ұнайтын өз бойларындағы жақсы қасиеттерін айтып өзін мақтайды. |
Қорытынды. Түзету жұмыстары. | Ғажайып сөздер Жүректен жүрекке Балалар ұнтаспадан Қ. Ыдырысовтың «Келші, келші, балашым» әнін тыңдап, қосылып айтады. | Балалар сабақта үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады. - Мен жақсы баламын; - Мен ерекше баламын; - Мен өзімді жақсы көремін; - Менің қолымнан бәрі келеді. |
Kүтiлeтiн нәтижe:
Бiлyi тиic:Өз ерекшеліктерін.
Tүciнiгi:Өз бастарын сыйлап, бағалай білу.
Kөpceтe бiлyi: Жақсы істер жасай білу.
Мектепалды даярлық сыныбында ұйымдаcтыpылғaн oқy ic-әpeкeтiнiң тexнoлoгиялық кapтacы.
Бiлiм бepy салаcы:Таным.
Бiлiм бөлімдері: Өзін-өзі тану.
Taқыpыбы: ОТБАСЫМ - БАҚЫТ МЕКЕНІ
Мақсаты: сүйіспеншілік, сыйластық кұндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері:
- отбасы сүйіспеншілігі, сыйластығы туралы түсінік қалыптастыру;
- отбасындағы өзара сыйластық қарым-қатынас дағдыларын дамыту;
- отбасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Oқy ic-әpeкeтiнiң көpнeкiлiктepi :Көрнекі кұралдар: дәптер, «Өзін-өзі тану» әлемінің картасы, түрлі түсті қарынддаштар.
Сөздік жұмыс: Күннен жылу тарайды, анадан мейірім тарайды.
Ic-әpeкeт бөлiмдepi | Пeдaгoгтың ic-әpeкeтi | Бaлaлapдың ic-әpeкeтi |
Ынтaлaндыpy. Ceзiмдi oятy | Шаттық шеңбері - Амансыңдар ма, балалар! Мен сендермен бүгін кездескеніме өте қуаныштымын. Қане, бір-бірімізге қарап, әдемі күлкімізді сыйлайықшы! - Бүгін біз «Өзін-өзі тану» әлемінің картасындағы «Отбасы» аялдамасына тоқталамыз. - Қане, осы аялдамадағы суретке қарап, әңгіме кұрастырып көрейікші! - Балалар, бүгін біз бәрімізге қымбат, сүйікті отбасымыз туралы әңгімелесеміз. • Отбасы деген сөзді қалай түсінесіндер? • Отбасын неліктен жақсы көресіндер? Бүгін біздің жақындарымыз керемет бір сыйлық дайындап қойыпты. Сендерді үйдегі туған-туыстарың өте жақсы көреді екен. Мен оны сендерден бұрын естіп, қуанып қалдым! Қане, тыңдап көрейікші. Ботақаным, сен үшін. | - Балалардың жауаптары тыңдалады. Балалардың жауаптары. |
Iздeнicтep. Ұйымдacтыpy | Педагог балаларға арнайы ұнтаспаға, бейнетаспаға, диктофонға немесе қағазға жазылған отбасы мүшелерінің еркелетіп айтқан жылы сөздерін тыңдатып, ойларымен бөліседі. Бұл жұмыстарды педагог алдын ала дайындайды. Тамаша! Балалар, әжеміз, атамыз, анамыз, әкеміз тіпті аға-әпкелеріміз бізді еркелетіп атайды. Олар сендерді «күнім», «айым», «жұлдызым» деп аспандағы ғажайып нәрселерге теңейді. «Жаным», «еркем», «балым» деп те еркелетіп, аймалайды. Кейде есімдерінді өзгертіп, еркелетіп жатады. Қане, отбасында сендерді кімдер және қалай еркелетеді екен. Есімізге түсіріп, айтып көрейікші. Балалардың жауаптары тыңдалғаннан соң, педагог ақын Ә. Искаковтың «Кім ойлап тапкан?» өлеңін оқып беріп, балалармен бірге қайталайды. Кім ойлап тапқан? Сөздерді ең аяулы, Жақсы көріп жаттадым. Енді білдім оларды Кімнің ойлап тапканын. «Күнім», «жаным»дегенді, «Кұлыншағым»дегенді, «Ботақаным»дегенді, «Қошаканым»дегенді, «Айналайын»дегенді, «Толған айым»дегенді Ойлап тапқан аналар. • Отбасы мүшелерін ата. • Сен отбасында кімді жақсы көресің? • Сен ез отбасыңа қалай көмектесесің? • Отбасы мүшелерін қалай сыйлайсың? • Кішкентай бөпеңе қандай көмек көрсетесің? • Анаңды қалай мадактайсың? Қалай жақсы көресің? • Отбасында кімге сыйлық сыйлағың келеді? • Атаң мен әжең саған не үйретеді? • Атаң мен әжеңе қандай көмек бере аласың? т.с.с. Ә. Исқақов Ойыннан соң педагог балалардын жауаптарын қорытындылап, әрбір адамның өз отбасы - әкесі, анасы, әжесі, атасы, ағасы, әпкесі болатынын, олар бір-бірін қалай жақсы көретінін, сыйлайтынын, үлкен-кішінін өзара көмектері, жағымды қарым-қатынастары туралы төмендегідей айтып түсіндіреді. -Ата мен әке - ер адамдар; аға мен іні - ұл балалар; ана мен әже - әйел-аналар; әпке, сіңілі, қарынддастар - бұл сүйкімді қыздар. Аналар мен қыздар үйде тамақ әзірлейді, үйді ретке келтіреді. Ұлдар мен әкелер оларға көмектесіп үйдегі ауыр жұмыстарды жасайды, ауыр сөмкелерді көтереді т.с.с. Отбасында барлығы бір-біріне көмектеседі, қамкөр болады. Отбасында барлығының жақсы көңіл күйде жүруі үшін ешкім бір-бірін ренжітпеу керек, үйдегілер демалып жатқанда шуламау, үлкендерге көмектесіп, кішілерді ойнатып, қамқор болуымыз керек. Әңгімелесу Педагог алдынала әр балаға өз отбасыларымен бірге түскен суреттерін алып келуін ұсынады. Балалар үйден әкелген өз отбасыларымен бірге түскен суретке қарап, әр-кім өз отбасы, отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншілік, сыйластықтары туралы айтып береді. «Мен отбасымды жақсы көремін...» деп әр бала өз ойын жалғастырады. Дәйексөз Балаларға «Күннен жылу тарайды, анадан мейірім тарайды» деген дәйексөзді оқып, күн мен ананың жылуы мен мейірімі туралы түсінік береді. • Күннің шуағынан қандай керемет қасиеттер пайда болды? Педагог тақтаға күнніи суретін салып, балалардың айтқан сөздерін күннің шуағына жазады. • Күннің жылуы мен ана махаббатының арасында қандай байланыс бар? Педагог ана махаббатынан тарайтын өз аналарының бойларындағы оларға жарық және жылу беретін қасиеттерін айтып берулерін ұсынады. Педагог балалардың айтқан сөздерін тақтадағы күннің шуағына жазып, толықтырып, ана мейірімі мен күн жылуының арасындағы байланысын көрсетеді. | Қойылған сұрақтарға жауап береді. Ойын Балалар шеңбер бойымен тұрып, педагог кезек-кезек балаларға сұрақ қойып, қолындағы допты лақтырады. Балалар сұактарға жауап береді. Ойынға төмендегідей сұрактар қоюға болады. Дәптермен жұмыс Балалар дәптерге өздерінің отбасымен түскен суреттерін әдемілеп жапсырады. Өзіммен-өзім Баяу музықа ойналады. Педагог балаларға көздерін жұмып, өз аналарына қандай гүл шоғын сыйлайтындарын елестетулерін ұсынады. Сонан соң балалар өздері елестеткен аналарына сыйлайтын гүлдерінің суретін салады. |
Қорытынды. Түзету жұмыстары. | Қорытындылау - Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат анамыз туралы, ең ақылды, қамқор әкеміз туралы, ең қайырымды ата-әжеміз, ең сүйкімді іні-қарынддас, аға-әпкеміз туралы әңгімелестік. Біз оларды жақсы көруді, сыйлауды үйрендік. Олардың бізге тек жақсылық тілейтінін білдік. Отбасындағылар әрқашан тату болып, оның әр мүшесі бір-біріне жаны ашып, күрметтеуі тиіс. Отбасы мүшелері әрдайым бір-бірін сүйіспеншілікке бөлеп қана қоймай, ренжісе, бірге ренжіп, қуанса, бірге қуанады. Ата-аналарың, жақын адамдарың, туыстарың сендердің нағыз адам болып өскендеріңді қалайды. Сендерді жақсы көретін адамдардың сенімі мен еңбегін ақтауға тырысайық. Отбасы - ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, кұрмеггеу керек. Жүректен жүрекке Балалар, сендер өз отбасыларыңды өте жақсы көресіңдер. Қане, өзіміздің жылы сөздерімізді отбасында кімге жолдайтынымызды, микрофонға барып айтайықшы. Сендерді де аналарың, әкелерің тындап қуанатын болады. Балалардың ойларын ұнтаспаға, бейнетаспаға, диктофонға немесе қағазға жазып алып, ата-аналар жиналысында немесе ертеңгіліктерде отбасы мүшелеріне тыңдатуға болады. |
Kүтiлeтiн нәтижe:
Бiлyi тиic:Отбасы мүшелерін атай білулері керек.
Tүciнiгi:Отбасындағы өзара сыйластық қарым-қатынас дағдыларын.
Kөpceтe бiлyi: Жақсы істер жасай білу.
Мектепалды даярлық сыныбында ұйымдаcтыpылғaн oқy ic-әpeкeтiнiң тexнoлoгиялық кapтacы.
Бiлiм бepy салаcы:Таным.
Бiлiм бөлімдері: Өзін-өзі тану