Сөз тіркесі. Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлері. Сөз тіркесінің синтаксистік қатынастары
Тіл білімінің грамматика саласының бірі – синтаксис (грекше «syntaxis»).Синтаксис сөз тіркесі, сөйлем, олардың құрылымы мен түрлері, сөйлем мүшелері туралы қарастырады. Яғни синтаксис – сөз тіркесін, сөйлемнің грамматикалық сыр-сипатынзерттейтін ілім.
Толық мағыналы кемінде екі сөздің тұлғалық және мағыналықжағынан байланысқан тобы сөз тіркесі деп аталады. Сөз тіркесінің негізгі белгілері:
● сөздердің байланысуы сөйлем ішінде анықталатындықтан, сөз тіркесі сөйлем ішінде танылады;
● толық мағыналы кем дегенде екі сөзден тұрады;
● сөз тіркесінің құрамындағысөздер бір-бірімен белгілі бір грамматикалық тәсілдер арқылыбайланысады;
● сөз тіркесі қандай да бір синтаксистік қатынасты білдіреді.
Сөйлем ішіндегі сөздердің әр түрлі байланысуына қарай сөз тіркесі еркін сөз тіркесі және тұрақты сөз тіркесі болып бөлінеді. Еркін сөз тіркесінің құрамындағы сөздерді өзгертіпайтуға болады. Мысалы, көріктідеген сөзді бірнеше сөзбен тіркестіруге болады: көрікті адам, көрікті жігіт, көрікті қыз, көріктітабиғат, т. б.Еркін сөз тіркесінің құрамындағы сөздер бағыныңқы және басыңқы сыңарға бөлінеді.
Бағыныңқы сыңары Басыңқы сыңары
Сөз тіркесі құрамына қарай екіге жіктеледі: 1) жай сөз тіркесі; 2) күрделісөз тіркесі.
Синтаксистік жай тіркес | Синтаксистік күрделі тіркес |
Үйде қалды, әдемі қыз, гүлді суару, үйдің есігі, қызыл түлкі, орындалған арман, ақ көйлек, гүрілдеген трактор, кенеттен тоқтау, сөйленген сөз, сарғыш гүл, өнерлі бала, қуанышты хабар, сыпайы мінез. | Телефон арқылы сөйлестім, ит өлген жерден келді, асығып-үсігіп шыға жөнелу, көпір арқылы өтті, сары ала қаз, үйден кетіп қалды, кешке қарай келді, жиырма екі үй, күлімсірей қараған баланың күлкісі |
Жайсөз тіркесінің құрамы екі сөзден ғана құралады. Мысалы, орманды өлке, әдепті оқушы, асыққан жолаушы, екеуі кездесті, түсі қара, таулы өңір, тастақ жер, көпірден өту, әңгімелескен адам, т. б.
Күрделісөз тіркесі үш немесе одан да көп сөзден құралады. Мысалы: әдепті оқушының мінезі, орманды өлкені аралау, асыққан жолаушыға жол көрсету, кездейсоқ кездескен екі достың әңгімесі, қара түсті ат мінген жолаушы, гүлге оранған өлке, тасыр-тұсыр шапқан ат, т. б.
Тұрақтысөз тіркесі – екі немесе одан да көп сөздің бастапқы мағынасы ескерілмей, бір ұғым ретінде қолданылып, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаруы.
Тұрақты сөз тіркесі | Білдіретін мағынасы |
Ағаш атқа мінгізді (қайтті?) Ағаштан түйін түйген (қандай?) Әліпті таяқ деп білмейді (қайтпейді?) Басқан ізін білдірмеді (қайтпеді?) Беті бүлк етпеді (қайтпеді?) Гүлдей солды (қайтті?) Дамыл таппады (қайтпеді?) Екі аяғын бір етікке тықты (қайтті?) Жаны ашыды (қайтті?) Зәресі зәр түбіне кетті (қайтті?) Иманын ұшырды (қайтті?) | Сөз қылды, келеке қылды. Аса шебер, өте өнерлі Хат танымайды, сауатсыз (қандай?) Істегенін сездірмеді (не істеді?) Ұялмады, қысылмады Сары уайымға салынды Тыныштық көрмеді, демалмады Састырды Аяды, есіркеді, мүсіркеді Қатты қорықты, үрейі ұшты Қорқытты, үрейін алды |
Тұрақты тіркестер өз алдына сөз тіркесі бола алмайды, тек сөз тіркесінің бір сыңары болады Мысалы әкесінетіл тигізу – не істеу? деген бір сұраққа жауапбереді, бір ғана ұғым атауы болады.
Сөз тіркесінің құрамындағы сөздің екінші басыңқы сыңары зат есім, сын есім, сан есім, есімдік болса, олесімді сөз тіркесі деп аталады, басыңқы сыңары етістік болса, етістікті сөз тіркесі болады.
Есімді сөз тіркесі | Етістікті сөз тіркесі |
Тұрғын үй, орындалған арман, балаға мейірімді, көп қабатты үй, жүгіріп келген бала, өнегелі өмір. | Үйге келу, жиналысқа қатысу, телефон арқылы сөйлесу, ерінбей еңбектену, ауланы тазалау, т.б. |
Сөз тіркесі болу үшін сөздер белгілі заңдылықпен байланысады. Сөздер бір-бірімен төрт тәсіл арқылы байланысады: 1) жалғау арқылы;
2) шылау арқылы; 3) орын тәртібі арқылы; 4) интонация арқылы.
Сөздердің септік, жіктік, тәуелдік жалғаулары арқылы байланысуы жалғау арқылы байланысу деп аталады. Мысалы, достардың кеңесі, мектепке келу, ата-ананы құрметтеу, кітапта жазылған, апасынан сұрау, үлкендермен ақылдасу, біз дайындаламыз.
Сөздер шылауарқылы да байланысады. Мысалы, досым үшін ұялдым, күн сайын жаттықты, ата-анасыменбірге барды, сабақтан кейіндайындалды, гүл мен жапырақ, қалам және қарындаш, т. б.
Сөздер бір-бірімен орын тәртібі арқылы байланысады. Мысалы, ашық мінез, жапырақты ағаш, өнегелі өмір, берілген тапсырма, жылы жаңбыр, биік мақсат, аталы сөз, кәсіби шеберлік, т .б.
Сөздеринтонацияарқылыда байланысады.Мысалы, Абай – ақын,Сәбит – жазушы, мектеп – кеме, білім – теңіз, т. б.
Қазақ тіліндегі сөздердің байланысуының бес түрі бар: 1) қиысу;
2) матасу; 3) меңгеру; 4) қабысу; 5) жанасу.
Иысу – сөз бен сөздің жіктік жалғауы арқылы немесе жіктелуретімен бастауыштықжәнебаяндауыштық қатынаста жақ жағынан үйлесебайланысқан түрі. Мысалы, Мен оқимын (І ж.), сен оқисың (ІІ ж.), олар келеді (ІІІ ж.), біз дайындаламыз (І ж.).
Матасу – сөз бен сөздің ілік септік жалғауы мен тәуелдік жалғауы арқылы байланысуы. Мысалы, Алматтың үйі, ағаштың бұтағы, менің жолдасым, т .б.
Меңгеру – сөз бен сөздің барыс, табыс, жатыс, шығыс және көмектес септік жалғаулары арқылы байланысқан түрі. Мысалы, балаға мейірімді, үзілісті күту, тауда жолығу, мектептен келу, еңбекпен табу, т. б.
Абысу – сөз бен сөздің ешбір жалғаусыз, тек орын тәртібі арқылы іргелес байланысқан түрі. Мысалы, кең бөлме, орындалған арман, тоғызыншы сынып, үйдегі қызық оқиға, т .б
Жанасу – сөз бен сөздің ешбір жалғаусыз, кейде алшақ кейде іргелес тұрып байланысуы. Мысалы, телефон арқылы сөйлесу, үйге дейін бару, әдейі келу.
Сөз тіркесіндегі бағыныңқы сөз басыңқы сөзбен қарым-қатынасқа түскенде, бір жағынан, сол тіркеске тәнлексика-грамматикалық мағына да пайда болады. Сөз тіркесіндегі грамматикалық мағына бағыныңқы сөз бен басыңқы сөздің арасындағы үш қатынастан пайда болады. Олар: анықтауыштыққатынас,толықтауыштыққатынасжәне пысықтауыштыққатынас.
1. Анықтауыштыққатынас матаса, қабыса байланысқан есімді тіркестерге тән. Бесінші сынып, алтын сақина, менің інім, біздің қала, орындалған арман. Анықтауыштық қатынас басыңқы сөзден бағыныңқысөзгеқандай? қай? кімнің? ненің? қандай? қанша? неше? нешінші? деген сұраулар қою арқылы анықталады.
Анықтауыштық қатынастағы лексика-грамматикалық мағына бағыныңқы сөз бен басыңқы сөздің лексикалық ерекшеліктеріне сәйкес даралық, нақтылық сипат алады. Матасу байланысындағы сөз тіркесі мынадайлексика-грамматикалық мағыналарға ие. Менің киімім – затқа меншіктілік, Тілектің әпкесі – туыстық, үйдің терезесі – бүтіннің бөлшекке қатынасы.
Қабыса байланысқан сөз тіркестерінің беретін лексика-грамматикалық мағыналары: салқын жел –табиғи күй, ақ қар, көк шөп, қызыл гүл –заттың түсі, тәтті тамақ, ащы сорпа– тамақтың дәмі.
Бұл тіркестегі сөздердің бәрі сын есім болып, заттың әр түрлі сынынбілдіруі олардың грамматикалықмағынасы болса, әр сөздің өзіне тән мағынасы лексикалық мағына болады. Сол лексикалық мағыналары арқылы бағыныңқы сөз басыңқы сөздің белгілерін, қасиеттерін даралайды, нақты сипат береді.
2. Толықтауыштыққатынасмеңгеру байланысындағы есімді және етістікті тіркестерге тән. Басыңқы сөзденбағыныңқы сөзге кімге? неге? кімді? нені? кімде? неде? кімнен? неден? кіммен? немен?деген сұрау қою арқылы анықталады, бағыныңқы сыңары басыңқы сыңардың тура я жанама объектісін, я сол объектіге қатысын білдіріп тұрады. Мысалы, тазалықты сүю, ойларын білдіру, жиналысты басқару, сөзге жауап қату.
Пысықтауыштыққатынасмеңгеру, қабысу және жанасубайланысындағы етістікті тіркестерге тән. Сұрақтары: қайда? қайдан? қашан? қайтіп? қалай? не мақсатпен? не үшін?
Пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркестері мынадай лексика-грамматикалықмағынада жұмсалады: істіңмезгілі, мекені, қимыл-сыны, мақсаты, себебі. Мысалы: оқу үшін келді, әдейі барды, жалтақтап қарау, биыл ашылмақшы, жалп етіп құлау.