Педагогика пәнінен емтихан жауаптары
1. Қазіргі әлемдегі жоғары білімнің даму тенденциясы және негізгі бағыттарын сипаттаңыз. Қазақстанның жоғары мектептерінің кейінгі ұрпақтарына күрделі, қарама-қайшылықтармен жан түршіктіретін «жаһандық білім беру кризисі» (ЮНЕСКО термині) мұрагерлікке қалып отыр. Оған ең алдымен оқыту мен ойлаудың технократтық тәсіліне бір жақты бағдар жасау себепкер болды- әсіресе жоғары мектептің жаратылыс-ғылыми және техникалық пәндерінің кешендері.
1.1950-жылдардың соңында «білімге деген сұраныс жарылысы» деп белгіленген тұрақты құбылыс пайда болды. Ол бірқатар факторлардың өзара әрекеттесуінің нәтижесі болып табылды. Олардың ішіндегі ең бастылары- планета тұрғындарының жылдам көбеюі, дамыған елдердегі өсуі, ішкі және сыртқы миграцияның жоғары коэффициенті, жаңа білімдер мен технологиялардың дамуы мен таралу қарқынының үдеуі, содан кейін қайта құрылулар- экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени. Осылардың барлығы жеке және ұлттық деңгейдегі құндылықтар мен басымдықтар жүйесін өзгертуге себепкер болды.
2. Дамыған елдердің экономикасындағы құрылымдық қозғалыстар білім беру жүйесіне айтарлықтай өзгерістер алып келді: жоғары білімге капиталды салудың едәуір тиімді саласы ретінде танылды және мемлекет пен корпорациялардың инвестициялық саясатындағы басым сала қатарына жатқызылды.
3. Білім берудің баламасы жоқ дәстүрлі тәжірибесі «сұраныстың жарылысы» жағдайында өзінің мүмкіндіктерін жоққа шығарды. 70-жылдардан бүгінгі күнге дейін жалғасып және тереңдеп келе жатқан әлемдік білім беру кризисі. Оның негізгі белгілері- білімге деген қажеттіліктің қарқынды өсуі және оны жүзеге асыру мүмкіндігінен айтарлықтай ажырауы.
4.Білім беру саласындағы қайғының негізгі себебі- қаржылық қиындықтар. Батыстың көптеген елдеріндегі әлемдегі бірінші Жер серігінің әсерімен ұлттық экономиканың даму қарқынынан білім беруге бюджеттік қаржы бөлу асып түсетін 50-60 жылдардағы «алтын кезең» артта қалды.
ЮНЕСКО –ның «ХХI ғасыр болашағындағы білім беру философиясы» атты жобасына сәйкес жаңа білім беру философиясының негізгі принциптері мыналар:
1)Білім берудегі ізгілік, ізгіліктендіретін адам қалыптастыратын тәсіл:
2)Білімдердің белгілі бір қосындысын меңгеру ретіндегі педагогикалық процестің дәстүрлі түсінігін адам бейнесін қалыптастыруға ықпал ететін шығармашылық актімен алмастыру.
3)Білім беру саласына қатысты философияның танымдық, әдіснамалық және жобалық-аксиологиялық функциясын зерттеу.
ХХI ғасыр-өркениет дамуының постиндустриалды кезеңі. Өркениеттің даму кезеңінің алмасуы білім беру жүйесін алмастыруға мәжбүр етті. Білім беру парадигмасын қайта құруды талап етеді. Бұл- ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, қоршаған орта мен адам денсаулығына қамқорлықпен қарайтын дәуір.
2. Кәсіби біліктілік ұғымына түсінік. Кәсіби біліктіліктің түрлеріне сипаттама беріңіз. Құзыреттілік -шын мәнінде, адамның кәсіби іс-әрекетте, кәсіби қатысымда, кәсіби тұлға мен оның даралығының қалыптасуындағы кемелденуін белгілейді. Құзыреттіліктің аталған түрлері бір адамның бойынан табыла бермеуі мүмкін. Құзыреттіліктің бар -жоғын адам еңбегінің нәтижесіне қарап пайымдау қажет. Кез келген қызметкер, өз әрекетімен кәсіби іс-әрекеттің түпкі нәтижесіне сай талаптарға жауап беретін жұмыстарды орындаса ғана, кәсіби құзіретті саналады.
Кәсіби құзыреттіліктің түрлерін:
·арнайы құзыреттілік – өзінің кәсіби қызметін жеткілікті дәрежеде меңгеру, өзінің кәсіби дамуын жобалай білу;
·әлеуметтік құзыреттілік– бірлесе (топпен, кооперативпен) кәсіби қызмет атқаруды, ынтымақтасуды, сондай-ақ осы кәсіпке қарасты қатысымды меңгеру; өзінің кәсіби еңбегінің нәтижелері үшін әлеуметтік жауапкершілік;
·жеке тұлға құзыреттілігі– өзін көрсете білу мен дамытудың амалдарын, жеке тұлғаның кәсіби деформацияларына қарсы тұру құралдарын игеру;
·дара құзыреттілік– өзінің қабілетін жүзеге асыру және кәсіп аясында өз даралығын дамытуға қабілеттілік, кәсіби тұрғыдан өсуге деген дайындығы, өзінің даралығын сақтауға деген қабілеті, кәсіби тұрғыдан қартаюға бой бермеу, өз еңбегін артық уақыт пен күш жұмсалмай-ақ ұтымды ұйымдастыруға икемділігі, еңбекті қиындықсыз, шаршаусыз, тіпті, сергіту арқылы нәтижеге жету.
·Коммуникативтік құзыреттілік:қарым-қатынас құрылымы және заңдылықтары;
·Педагогикалық қарым-қатынас түрлері және стильдері;
·«Білім-алушы-педагог», « Білім-алушы- Білім-алушы», «педагог-ата-ана», «педагог-педагог», «педагог-әкімшілік» және т.с.. жүйедегі қарым-қатынас ерекшеліктері.
·Өзінің сөйлеу, мимика, пантомиканы меңгеруінің ерекшеліктері.
Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби құзыреттілігі: ұйымдастырушылық, коммуникативтік, психодиагностикалық, жас ерекшелігіне тән, даралық және отбасылық кеңестер беру, даму жолдарын, психопрофилактика мен психокоррекцияны болжауы;
·кәсіби маңызды сапалары: тілеулестік, зейінділік пен байқағыштық, төзімділік, шыдамдылық, педагогикалық интуиция мен оптимизммен қосылған табандылық.
·мұғалім педагогикалық іс-әрекет психологиясын, әртүрлі саладағы педагогтердің профессиограммасы мен психограммасын, оқыту мен тәрбиелеу психологиясын, оқытудың психологиялық негіздерін, оқу пәндерінің психологиялық сипаттамасын және ол пәнді оқыту ерекшелігін, түрлерін, әдістерін, құралдар мен формаларын білу;
3. Білім берудің жаңа парадигмасы. Жоғары білім беруді модернизациялаудың негізгі бағыттарын сипаттаңыз.Қазақстан білім беру парадигмасы ҚР Конституциясы, “Қазақстан – 2030” стратегиялық бағдарламасы, білім беру саясаты, заңдар мен ресми құжаттарды терең талдау нәтижесінде қалыптасып келеді.
Білім парадигмасының көп тараған түрлері аз емес. Оларға мыналар жатады:
1. Дәстүрлі - консервативтік (білім парадигмасы);
2. Феноменологиялық (гуманистік парадигмасы);
3. Рационалдық (тәртіптілік парадигмасы);
4. Технократтық;
5. Эзотерикалық.
Әрбір парадигма «не үшін тәрбиелеу керек, оқушыларды қандай мақсатқа дайындау керек, не үшін өмір сүреміз» деген сұрақтарға жауап береді.
Мәселен, дәстүрлі білімдік парадигмада білім берудің басты мақсаты: «Білім, білім, қандай жағдайда да тек білім». Мұнда өркениет пен мәдениетті ұрпақтан - ұрпаққа жеткізу негізгі мақсат болып саналады.
Феноменологиялық немесе гуманистік парадигмада жеке тұлғаның ішкі дүниесін дамыту, оны ерікті, рухани жеке адам ретінде тану және адамдармен тіл табысуында ерекшелену қабілеттерін жетілдіру қарастырылады. Рационалдық парадигмаға оқушыға білімнің түрлі тәсілдерінің тиімді жақтарын, ортаға бейімделу, оның ойы, сезімі және іс - әрекеттерімен санасу, оларды меңгерту жатады.
Технократтық парадигманың негізгі мақсаты – дәл ғылыми білімдер. «Білім - күш» адамды бағалау, оның білімі, мүмкіндіктерімен анықталады. Адамның қасиеті оның білімі, тәртібі және оны тасымалдаушы ретінде танылады. Эзотерикалық парадигма – оқушының табиғи күші. И. Колесниковтың пікірінше, адамның қоршаған әлеммен іс - әрекетінің жоғары деңгейі басым көрсетіледі. Мұнда адамның ақиқатқа мәңгілік өзгермейтін қатынасы көрінуі тиіс. Бұл жерде оқушының дамуындағы мұғалімнің адамгершілік, психологиялық, физикалық функциялары ерекше ұғым болып табылады.
Елбасымыз өз халқына жолдауында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет»деп атап көрсетті. Бала жанының бағбаны, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін мұғалім әдепті, ой - өрісі кең, жан - жақты білімді, ұстамды, өз ойын шәкіртіне анық, дәл жеткізетін болуы тиіс. Рационалды парадигмаға білімді меңгертудің тиімді жақтарын меңгерту жатса, онда баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру болып табылады. Бұл ретте өзім сабақта қолданып жүрген «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасына тоқталайын. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің түкпір - түкпірінен жиылған білім берудің бірлескен еңбегі.
4. Қазіргі білімдендірудің жаһандандыру мәселесінде алатын орны мен ролін айқындаңыз. Қазіргі демократиялық қоғамда еркін, шығармашылықпен ойлай білетін адамды қалыптастыру міндетіне сәйкес қазіргі білім беру мазмұнында тұжырымдаманың кеңінен танымал үш түрі бар. Сол білім мазмұнының тұжырымдамасының бірінде ғылымдардың негізіне педагогикалық бейімделуіне мектепте оқыта отырып жеке тұлғаның шығармашылыққа деген қабілеттілігі еркін таңдауды іске асыра білуге, адамдарға деген әділ қарым-қатынас сияқты жеке тұлғаның қасиеттері. Қазіргі демократиялық қоғамда адамның өз еркімен толық өмір сүруіне емес бұл әдіс оқушыларды ғылыммен және өндіріспен араластыруға бағытталған. Қоғам өмірінің кеибір салаларына байланысты мәселелерін шешу, оқушылардан білім мазмұнын меңгеру, ерік-жігері, қаншалықты дамығандығын өз ісіне жауапкершілігін, Отанға, қоғамға өзінің тағдырына көзқарасы, қоршаған ортаны қорғау, қатыгездікке, өтірікке төзбеу, техникалық және қоғамдық прогрестің дамуына дұрыс көзқарасты талап етеді. Тәрбиеленушілердің осы қасиеттерін дамыту, құндылық мәні бар сұраныстарды қалыптастыру қоғамдық өмірдегі маңызды фактордың бірі өздігінен білімін көтеруді қажет етеді. Білім беру мазмұнының тұжырымдамасындағы мақсат-гумаңдық ойлауға, әлеуметтік тәжірибенің барлық құрылымдық бөліктерінде педагогикалық бейімделуіне сәйкес келеді. Одан басқа білім мен тәжірибені іске асыру барысында бұл тұжырымдама шығармашылық іс-әрекеттік және құндылық эмоционалдық қатынас тәжірибесін енгізеді. Әрбір осы аталған әлеуметтік тәжірибелер білім беру мазмұнының өзіндік түрі:
1. Табиғат, қоғам, техника туралы білім, ойлау және оны іске асыру . Осы білімдерді меңгере отырып оқушы дүниенің шынайы бейнесін қалыптастыру, танымдық және тәжірибелік іс-әрекетінде дұрыс әдіснамалық тұрғыдаан қамтамасыз етеді.
2. Белгілі іс-әрекет тәсілдерінің ішінде тұлғаның дағды, іскерлік ілімді игеруі бұл тәжірибені кеңейте түсері анық. Жалпы практикалық-интеллектуальдық дағды; іскерлік осы тәжірибенің мазмұнын құрады. Өсіп келе жатқан жастар істерді меңгеру нәтижесіңде халықтардың әлеуметтік мәдениетін сақтауға қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
3. Шығармашылық ізденушілік әрекет қоғамда пайда болған жаңа проблемаларды шешуде іске асады. Бұрыннан белгілі іс-әрекеттерді қалыптастырудың жаңа әдістері алған білімін-іскерлігін қазіргі жағдайда іс-әрекеттің жаңа тәсілдерін өздігінен іске асыруды талап етеді. Бұл тәжірибе жас ұрпақтың қабілетінің дамуын және ары қарай мәдениетінің дамуына да өз әсерін тигізеді.
4. Әрбірадамның қалыптасуының көрсеткіші ретінде белсенділігі және өзіндік дамуы кішкентай бала кезінен шығармашылықпен жұмыс істеу барысында қалыптасады, бірақ білім беру мазмұнында оны бағдарламаға енгізу қажет. Объектіге адамның іс-әрекетіне оның айналадағы қоршаған дүниеге деген басқа адамдардың талаптарына, тұлғаның белгілі бір объектіге байланысты сезімдік қабылдауына сәйкес құндылық қатынас тәжірибесі.
5. Дидактика туралы жалпы түсінік. Дидактиканың атқаратын қызметі және негізгі категорияларын көрсетіңіз.Дидактика (грек тілінен аударғанда Didaktikas – зерттеу бойынша, didasko – зерттеуші) – балаларды және үлкендерді оқытудың міндеттері мен мазмұнын ашатын, білімді, іскерлікті және дағдыны меңгеру процесін суреттейтін, оқытуды ұйымдастыру ұстанымдарын, әдістерін және формаларын сипаттайтын, оқыту мен білім беру мәселелерін жасайтын педагогиканың құрамдас бөлігі.
№ | Дидактикалық ұғымдардың аттары | Ұғымдарға жалпылама түсініктеме |
Білім беру | Білім беру ісі шеберлікке, дағдыға баулудан өсіп, өрбіп, белгілі бір кәсіпке, мамандыққа үйретумен тиянақталады. Жалпы білім беруге: 1) мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту; 2) жалпы бастауыш білім беру, 3) жалпы негізгі білім беру; 4) жалпы орта білім беру; 5) жалпы қосымша білім беру енеді. Білім беру бағдарламасының үздіксіздігі мен сабақтастығы ұстанымы негізінде мынадай білім беру деңгейі белгіленеді: 1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту; 2) орта білім беру, 3) кәсіптік жоғары білім беру; 4) жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру. | |
Білім беру әдістемесі | Жекеленген білім процесінің тәлімдік әрекетіндегі нақты тәсіл, амалдардың сипатталуы. Білім беру әдістемесіне байқау, жобалау, қателік, рейтинг, тест, т.б. әдістер жатады. | |
Оқыту, оқу | Білім, білік, әрекет дағдыларын үйрету мен меңгерту процесі - өмір мен еңбекке бейімді етіп даярлаудың негізгі құралы. Оқыту процесінде білім мен тәрбие мақсаттары жүзеге асады. Түрлі оқу орындарында оқыту – білім берудің басты жолы. Оқыту – екі жақты процесс: мұғалім – білім беруші, оқушы – білім алушы. Оқыту құрылымына оқушылардың өзінің жеке әрекеті мен оқу әрекетін ұйымдастыру; оқушылардың білімді меңгертудегі белсенділігі мен саналығы ынталандыру және білім меңгертудің, оқу әрекетін орындаудың сапасын реттеу, бақылау; оқыту нәтижесін талдау мен оқушы тұлғасының әрі қарай дамуын болжау жатады. | |
Оқыту әдістемесі | Білім мазмұнын меңгеруді қамтамасыз ететін мұғалім мен оқушының өзара байланысты әрекет жүйесі. Оқыту әдістемесі оқыту мақсатын, меңгеру тәсілін, оқыту субъектілерінің өзара әрекеттерінің сипатын қамтиды. Бұл белгілердің ерекшелігі оқытудың әрбір әдістерінде көрінеді, ал, әдістер жиынтығы тәрбиелей оқытудың барлық мақсатына жетуді қамтамасыз етуі керек. Оқыту әдістемесі – тарихи категория. | |
Оқыту ұстанымары (принциптері) | Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу мақсатына сәйкес, оқыту сипаттарын белгілейтін негізгі ережелер. Негізгі оқыту ұстанымдары: теория мен практиканың байланысы; тәрбиелілік; ғылымилық; көрнекілік; түсініктілік. | |
Тәрбие | Жеке тұлғалардың адамдық бейнесін қалыптастырады, өмірге бейімдеу үшін жүргізілетін игі әрекет. Халық тәрбиені құрсақта жатқаннан бастайды. Бесік тәрбиесі, балдырған тәрбиесі, өрен тәрбиесі, жасөспірім тәрбиесі, жастар тәрбиесі бір-бірімен жалғасып, өз ерекшеліктерімен іске асырылады. | |
Тәрбие әдістемесі | Ересектер мен балалар арасындағы қоғамдық қарым-қатынастардан туындайтын тәрбиелік әрекеттестік тәсілдерінің жиынтығы. Тәрбие әдістемесінде тәрбиешінің тұлғалық ерекшелігі, кәсіптік құзыр деңгейі айқындалады. Тәрбие әдісіне бақылау, өзін-өзі тәрбиелеу, әрекеттерді ұйымдастыру және т.б.жатады. |
6. Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістерін және типологиясын айқындаңыз. Жоғары мектеп педагогикасы ғылыми-зерттеу әдістері негізінде дамып, үнемі жетіліп отырады. Зерттеу әдісі – нақты табысқа жету тәсілі.
Теориялық әдіс – талдау, жинақтау, тұжырымдау, салыстыру, жіктеу, моделдеуге құрылады.
Эмпирикалық әдіс – деректер жинау, сұрыпталған айғақтарды ғылыми жүйеге келтіру. Бұл әдіске бақылау, қажетті құжаттарды зерттеу, әңгімелесу, сауалнама, сұхбаттасу, т.б. енеді. Жобалық болжамды тиянақты айқындай түсу үшін эксперименттер қолданылады.
Математикалық әдіс – құбылыстар мен қолданыстағы жүйенің ара қатынасындығы межелік айырымды сандық сапа арқылы белгілейді. Бұл әдіске регистрациялық тіркеу, шкалалық көрсеткіш, көлемі мен дейгейіне қарай сапқа түзу, т.б. енеді.
Негізгі эмпирикалық әдістерге жататындар:
1. Бақылау – сезім мүшелеріне сүйенетін, заттарды мақсатты бағыттап зерттеу (түйсік, қабылдау, елестету).
Бақылау барысында зерттеуші әр уақытта белгілі идеяны, тұжырымдаманы немесе болжамды басшылыққа алады. Ол кез келген деректерді тіркеп қана қоймайды, сонымен бірге бекітілетін немесе теріске шығарылатын деректерді саналы таңдайды. 2. Эксперимент – арнайы құрылған және бақыланатын жағдайларда объектінің өзгерісін немесе қайта жаңғыртылуына сәйкес, зерттелетін процестің барысына белсенді және мақсатты түрде араласу. Эксперименттің негізгі ерекшеліктері:
а) объектіге деген аса белсенді қатынас, оны өзгертуге және қайта құрылуға дейін;
ә) зерттеушінің қалауы бойынша, зерттелетін объектінің көп рет қайта жаңғыртылуы;
б) табиғи жағдайларда бақыланбайтын, құбылыстардың қасиеттерін табу мүмкіндігі;
в) құбылысты «таза күйінде» қарастыру мүмкіндігі, оны күрделі жағдайлардан оқшаулау, эксперименттің жағдайларын нұсқалау;
г) зерттеу объектісінің қалпы және нәтижелерді тексеруді бақылаудың мүмкіндігі.
Экспериментті жүзеге асырудың негізгі сатылары: болжамдар мен теорияларды тәжірибелі тексеру, жаңа ғылыми тұжырымдамаларды қалыптастыру. Осы функцияларға байланысты төмендегідей эксперимент түрлері анықталған: зерттеу (ізденуші), тексеру (бақылау), қайта жаңғыртушы, оқшаулау және .б.
Ғылыми эксперименттің қарапайым типтерінің бірі – ұсынылатын болжам немесе құбылыстың теориясының болуы немен болмауын анықтау мақсатында жүргізілетін сапалы эксперимент болып табылады. Сандық эксперимент ерекше күрделі болып саналады, ол зерттелетін құбылыстың бір қасиеттерінің сандық анықтамасын айқындайды.
7. Жоғары мектеп педагогикасының теориялық және технологиялық қызметтерін сипаттаңыз. Жоғары мектеп педагогикасы өз алдына ғылыми білім болуы жоғары мектептің қазіргі өндіріс саласына мамандар даярлауды жетілдіруде және тиімділігін арттырудың қажеттілігінен туындап отыр. Оның басты міндеті - мамандарды кәсіби іс-әрекетке қазіргі ғылым мен тәрбиенің қол жеткен негізінде даярлау.
Жоғары мектеп педагогикасы – тәрбие заңдылықтарының ұстанымы мен жоғары оқу орындарындағы жоғары білікті маман иесін даярлайтын ғылым саласы.
Болашақ маман қазіргі студент – оқу-тәрбие жүйесінің белсенді субъектісі. Оның кәсіби даярлығы шығармашылық тұрғыдан ұйымдастырылуы керек.
Жоғары мектеп педагогикасының мақсаты – студенттерді оқу орындарының кез келген түрімен байланыстыратын педагогикалық іс-әрекетке даярлау.
Жоғары мектеп педагогикасының міндеттері:
·студенттерді болашақ мамандықтың теориясы және технологиясымен танысуға бағыттау;
·студенттерді жоғары мектеп педагогикасы саласындағы өзекті зерттеу мәселелерін анықтап, талқылауға жағдай туғызу;
·студенттерді жоғары оқу орындары мен жалпы мектеп арасындағы байланысты жан-жақты зерттеуге баулу.
Жоғары мектеп педагогикасында қалыптасқан негізгі ұғымдар (категориялар) оқытушыларға педагогикалық жеке құбылыстардың мәнін ашып, ең бастысы, олардың өзара байланысын, бірі-біріне ықпалының қандай деңгейде екендігін көрсетеді. Жоғары мектеп педагогикасы ғылымының даму деңгейі үнемі оның ұғымдарының мазмұнының өзгеруіне әкеледі.
Жоғары мектеп педагогикасының негізгі категориялары: тәрбие, білім беру, оқыту, педагогикалық процесс, тұлға, іс-әрекет, қарым-қатынас, дамыту, қалыптастыру, заңдылықтар, әдіснама
8. Универсиеттік білім берудің жаңа парадигмасы. ҚазҰУ-ң даму стратегиясын сипаттаңыз. Білім парадигмасының көп тараған түрлері аз емес. Оларға мыналар жатады:
1. Дәстүрлі - консервативтік (білім парадигмасы);
2. Феноменологиялық (гуманистік парадигмасы);
3. Рационалдық (тәртіптілік парадигмасы);
4. Технократтық;
5. Эзотерикалық.
Қазақ Ұлтық Университеттің бағдары - 2020 жылға қарай әл-Фараби атындағы ҚазҰУ инновациялық экономика үшін бәсекеге қабілетті мамандар дайындайтын алдыңғы қатарлы әлемдік зерттеу университеттерінің қатарына енеді. Университеттің миссиясы - Білім беру, ғылым мен инновациялық қызметтің тиімді ықпалдастығы негізінде, қазіргі интеллектуальды талаптарға және Қазақстан Республикасының Даму стратегиясына сай кадрлық әлеуетті – жаңа формацияның мамандарын қалыптастыру.
Басым бағыттары мен стратегиялық мақсаттары
1-стратегиялық бағыт. Бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау.
2-стратегиялық бағыт. ҚазҰУ-ды ғылым, білім және бизнестің тығыз ықпалдастығына негізделген заманауи жоғарғы оқу орны ретінде қалыптастыру.
3-стратегиялық бағыт. Тәрбие және әлеуметтік жұмыстың деңгейін көтеру.
4-стратегиялық бағыт. Инфрақұрылымды дамыту және ең жаңа ақпараттық технологияны енгізу.
1-стратегиялық бағытбойынша 2011-2020 жылдардың міндеті:
· Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың алдыңғы қатарлы халықаралық зерттеу университеттерінің деңгейіне бағытталған білім беру бағдарламаларын трансформациялау арқылы халықаралық білім беру кеңістігіне кіру тұжырымдамасын жүзеге асыру.
· Танымал әлемдік агенттіктерде білім беру бағдарламаларын халықаралық аккредитациядан өткізу және оқытушылар мен мамандарды халықаралық сертификаттау.
2-стратегиялық бағыт2011 – 2020 жылдарға қойылған міндеттер:
ҚазҰУ-ды ғылым, білім және инновациялық өндірісті тиімді біріктірген заманауи зерттеу университетіне айналдыру.
Бәсекелестікке төтеп беретін біріккен ғылыми-зерттеу жұмыстарын табысты өткізу мақсатында INTAS, ТЕМПУС, НАТО, МНТЦ секілді халықаралық қорлармен ынтымақтастық аясын кеңейту.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесін көтеру мақсатында университеттің ғылыми жұмыстарының нәтижесін экономиканың нақты секторына енгізу және интеграциялау мақсатында әлемнің жетекші университеттерімен бірігіп, ғылыми-зерттеу жобаларын жасау.
3-стратегиялық бағыт2011 – 2020 жылдарға қойылған міндеттер:
Студенттермен жүргізілетін жүйелі және жеке тұлғаға бағытталған тәрбие мен әлеуметтік жұмыстарды жүзеге асыру.
Студенттер ұйымымен орнатылған әлеуметтік әріптестіктің тиімділігін, білім беру үдерісін басқару барысындағы студенттің өзін-өзі басқару рөлін күшейту және көтеру.
4-стратегиялық бағыт. Инфрақұрылымның және жаңа ақпараттық технологиялардың дамуы.2011 – 2020 жылдарға қойылған міндеттер:
Университет инфрақұрылымының нысандарын модернизациялау. №8 оқу корпусын 520 орындық жатақханаға реконструкциялау.
- 500 және 1500 орынға арналған жатақханалар:
- 58 000 шаршы метрлік медициналық орталық ғимараты;
- 5184 шаршы метрлік жүзу бассейні;
; ЖОО басқаруды автоматтандыру.
Университеттің желілік инфрақұрылымын дамыту.
ИТ-инфрақұрылымының инновациялық жобасын дамыту.