Мегафактор және оның адамды әлеуметтендіруге ықпалы
Балалар, жасөспірімдер, жастар өзара қарым – қатынаста, әлеуметтену кезінде олардың дамуына азды – көпті әсер ететін түрлі жағдайлардан өтеді. Адамға әсер ететін түрлі жағдайларды қозғаушы күш деп атайды. Біршама зерттелген ғылыми еңбектерде әлеуметтендірудің жағдайлары мен қозғаушы күштерін 4 топқа біріктіреді.
Бірінші – мегафакторлар(мега - өте – үлкен) – космос, неосфера, планета, әлем бұлар басқа қозғаушы күштер арқылы барлық жер бетінің тұрғындарын әлеуметтендіруге әсер етеді. Олар бүкіл жер бетінде өмір сүріп жатқан халықтың барлығында басқа факторлармен қатар немесе солармен астарласа ықпал етері анық. Өлке – географиялық ұғым. Ол – табиғи шекарасы белгіленген, табиғи жағдайлары адамның өмір сүруіне мүмкіндік беретін, егемендікке ие болған, өзінше жеке не басқалардың колониясы ретіндегі жер ауқымы, мемлекет. Әр өлкенің табиғи – климаттық жағдайы сол өңірде өмір сүрген адамдар қауымы мен жекеленген тұлғаларға әсер етпей қоймайды. Өйткені ол жердің адамдары сол өңірдің табиғи климатына қарай бейімделіп, еңбектенеді, өмір сүреді. Әлем немесе космостың және оның жер шарына тигізетін әсері ежелгі дәуір ойшылдарының ойын қозғап, пікір айтып кеткендері тарихта белгілі. Өткен ХХ ғасырдың орта шенінде орыстың психиатр ғалымы В.М.Бехтерев, геофизик П.П.Лазерев, биолог А.Л.Лижевский және сол сияқты адамдардың әлеуметтік ортадағы қарым – қатынасы күннің әлемге бөліп шығарған энергиясының белсенділігіне байланысты екенін белгілеген. Айталық, П.П.Лазарев, биолог А.Л.Чижевский және сол сияқты адамдардың әлеуметтік ортадағы қарым-қатынасы күннің әлемге бөліп шығарған энергиясының
белсенділігіне байланысты екенін белгілеген. Айталық П.П. Лазарев геофизикалық және космостық құбылыстардың адам қоғамына тигізген әсерін зерттеудің қажет екендігін дәлелдеуге ұмтылған. Әр өлкенің табиғи – климаттық жағдайы сол өңірде өмір сүрген адамдар қауымы мен жекеленген тұлғаларға әсер етпей қоймайды. Өйткені ол жердің адамдары сол өңірдің табиғи климатына қарай бейімделіп, еңбектенеді, өмір сүреді. Ал, А.Л.Чижевский дүниеде болған және болып жатқан өзгерістерді, мысалы, Американың ашылуы, Францияның және Ресейдегі төңкеріс, т.с.с күн энергиясының белсенділігі артқан мезгілге тұспа-тұс келгенін және олардың тығыз байлынысты екенін болжаған. Бұл ғана емес, тарихта адамзат қауымына аты кең тараған белгілі тұлғалардың іс-әрекеті де күннің белсендігіне сәйкес келгенін соған байланыстыра дәлелдеуді көздеген. Мұндай зерттеулерді жалғастыру жер бетіндегі тіршілік үшін, соның ішінде адамзат қауымы үшін аса маңызды болғандықтан болашақта әрі қарай жалғасын табатыны анық және ол көптеген мәселерді шешуге ықпал етерін эксеримент түрде тексеруді қажет етеді. Планета мен дүние бір-бірімен өзара тығыз байланыстағы мегафакторлар. Планета дегеніміз – астрономиялық түсінік. Ол жарықты және жылуды күннен
алады және күн жүйесінің аспандағы бір бөлігі болып есептелінеді. Дүние дегеніміз әлеуметтік – политологиялық ұғым ретінде жер бетінде өмір сүруші адамдар мен қауымның бірлігі мен тұтастығын көрсетеді. Табиғи – климаттық жағдайларға қарай Жер шарының көлемді мәселелері де космос, планета дүниелік құбылыстарға байланысты: экологиялық –қоршаған ортаның ластануы; экономикалық – континенттер мен өлкелердің дамуындағы айырмашылық; демографиялық - адам санының өте көптігі не болмаса аздығы; саяси соғыстар, келіспеушіліктер мен қарама- қайшылықтардың күшеюі соғыс болу қауіпі, ядролық қарулардың таралуы т.б. байланысты болады. Осы және басқа да мәселелердің адамзатқа тікелей не болмаса
жанама тигізетін әсері әлеуметтендірудің маңызды құрамы бөлігі болып табылады.
Өткен ХХ ғасырдың 50-жылдары жер шарында пайда болған ең зор атом қауіпі әлеуметтенуге тікелей ықпал етіп, жас ұрпақтың болашақты ойламай, тек бір күнмен өмір сүруі, бір күнді ғана ойлауына алып келді. Сонымен қатар әлеуметтендіруге жанама ықпал ететін факторлар да баршылық. Олар тұрмыс жағдайларына ықпал етіп, зиян келтіретін кейбір шаруашылық, өндірістік іс - әрекеттердің қоршаған ортаны ластандырып, су, ауа құрамының бұзылуына алып келді. Экономикалық және саяси үрдістер халықтың өмір сүру жағдайларына әсерін тигізіп, ұлттық қазынаның халыққа емес, соғысқа, ел қорғауға, өндіріске жұмсалып, қару – жарақ шығаруға бөлінсе, ол өз кезегіндегі халықты кедейшілікке ұшырайтыны белгілі. Міне осы айтылғандарды ескере келіп әлеуметтік педагог өсіп келе жатқан жас буынды тәрбиелеудің мақсатын, міндетін және мазмұнын анықтай алуы керек. Әрбір адам өзін қоршаған әлемнің бір бөлігі екенін сезініп, онсыз өмір сүре алмайтынын біліп, табиғатты қорғау, оны пәрменді жүзеге асыруды ойластырумен қатар, тұрмыстық жағдайларын жақсартуға және одан әрі көтеруге күш салу керек.