Тақырыбы: №3 дәріс. ФФЖ. Балалардың оқу кемшіліктері мен оның алдын алу жолдары
Балаларда сөйлеу тілінің фонетика – фонематикалық жетіспеушілігі, айтуындағы және жазуында көбінесе кідір байқалады.
Балалардың ішіндегі кейбіреулері мүлдем оқуға үйрене алмайды, басқалары спецификалық қыйындық сезінеді, олар оқуды меңгеру кезінде қате жиберу арқылы мінезделіп байқалады және оның оқығанынан түсінгені. Бұл оқу процесі балаларға қыйын және қызық емес болады. Көбінесе балаларға оқу басқа да пәндерден кедергі келтіреді.Оқу процесі ең бірінші сатысында балалар дыбысты меңгеріп, кейін әріптерді жазып, оқуды үйренеді.
Дыбыстар мен әріптерді меңгергенде бұдан қыйынырақ сатысы әріптерді қосып буындарды үйренеді. Буындар өзіне лайықты дыбыс комплексымен байланысады; олар оқудың бірегейлігі . Бұл ең қыйын кезеңі болып табылады. Буындарды меңгергеннен кейін буынды сөзге айналдыру қыйындыққа соқпайды.
Оқудың үдерісінің әрі қарай дамуы сөздік техникасының автоматтандырумен сипаттайды. Мәтіндер мен сөйлемдердегі оқу жылдамдығы мен сапалығы қыйын сөздер қолданған кезде, оқудың дағдылығы үлкен бірқалыптылығынан байқалады.
Егерде ең басында маңызды рөл әріптер және оны мен байланысты дыбыстарды тану болса, одан кейін оқуды меңгеру көру арқылы сөздің мағынасын біліп меңгеруге көшеді.
Бұл үдеріс ең қыйын және нарықты әртүрлі кезеңдердентұрады.
Т.Г.Егоров өзінің зерттеулерінде оқытуды үйретудің үш маңызды үдерісің көрсеткен: 1-ші – Аналитикалық; 2-ші – Синтетикалық; 3-ші – бөлімі Білімдер мен дамуының автоматтандыру процестері. Бұл барлық бөлімдер бір – бірімен тығыз байланысты және өзара бірінен кейін біріне көшеді.
Бірақ кейбір жағдайларды бір жерде тұрып қалу кездеседі.Оқудың бастапқы кезеңінде және бір бөлімнен екінші бөлімге көшкенде қыйындықтар туады. Бұл қыйындықтар көбінесе өте көп тіл кемістігі бар балаларда жиі кездеседі.
Оқу бұзылысы немесе жазу бұзылыстарының ең негізгі жетілмеген компаненті, оған қатысты фонетика - фонематикалық жақтары, сөздің дыбыстық құрамын меңге алмауы. Балалалдың дыбыстың меңгеруі нақты және толық емес болғанда балалалар сөз дыбысын қойып меңгере алмайды.
Бірінші кезеңінде оқу дағдылығында екі түрлі қыйындықтар тууы мүмкін: әріптерді берік меңгермеуі, жиі оларды араластырып және Дыбыс пен әріпті буынға айналдыруда қыйындықтар байқалады.
Анализ және эксперименттер көрсеткендей, балалалар барлық әріптерді меңгермейді, ал көбіне ғана дыбысты белгілерді айырмайтындарды да.
Б.Г. Ананьев и А.Н.Попова белгілегендей, фонематикалық қалыптасуды қыйын меңгеретің балалар, графика жайлы өте баяу меңгереді.
Осыған орай әртүрлі дыбыстардың арасындағы байланыс және графикалық мағынасын есте сақтауды айтуға болады. Дыбыстарды жеткілікті дағдыланбауы, әріптерді жазуда қыйындықтарға әкеледі, графема ретінде меңгермеуі, бірақ қыйын дағдыланбауы балаларда өте сирек кездеседі.
Оқу процессінде көбінесе әріптерді басқара алмауынан қыйындық болады, балаларда әріпті буынға біріктіріп, ал буынды сөзге ауыстырғанда. Әріптерді жеке – жеке білгенімен, балалар бұл білімді оқу процесінде көрсете алмайды.
Бұл қыйын сәттерде бұған қоса тығыз байланысты буындар және әртүрлі есту дыбыстарыкөрсетіледі, ол осы құрамға кіреді.
Егер балада сөзде қандай дыбыс-әріптік элементтер құрамы болатыны елестете алмаса, оған дыбыс-буынды жиынтығын дұрыс және тез меңгеру қыйын болады.
Буын мен сөзді дұрыс көріп байымдау, оқу процесінде оларды тануы қажет, себебі олардың дыбыстық құрамы нақта және балалар дұрыс айтуды білуі керек.Әйтпесе, ол әріптерді бір бөлек атап, сол үшін дыбыстардың орындары ауыстырылып және қыйын біріктіріледі. Әріптеп оқығанда – балада сөздің жетіспеушілігінің белгілері байқалады.
Жақсы дағдыланған балаларда да спецификалық қыйындықтар байқалады, оқу процесінде олар дуындармен кездескенде, олардың дыбыстарын дұрыс айтпайды. Бұл қыйындықтар дыбыстық артикулированияда, олар көбінесе тұрып қалуға акеледі, ол оқу прцесінің қайталау жүргізуіне және оқудан қашуын төмендетеді.
Қателіктер анализі көрсеткендей,балалардың барлық дыбыстық құрамындағы сөздерді, оқу қателіктерін түсіндіріп көрсетуге болмайды. Көбінесе ол лексика-грамматикалық тіл дамуының жетіспеушілігің көрсетеді.
Мысал ретін декөрсетуге тырысайық. Тіл байлығы жетіспеген кезде көбінесе балалардың қателіктері олар сөздерді айырьастайды жіне басқа да элементтер қолданады.
Кейбір кездерде балалар бір сөзді басқа сөзбен ауыстырып оқу процесінде көрсетеді, ол фонетикалық ұқсастық пен дұрыс айтылмауында.
Бұндай қателіктер баланың сөздің мағынасы мен тығыз байланысы және олар сөйлемді аяқтайтының түсінбеуін білдіреді.
Жоғарыда көрсетілген қателіктер баланың сөздің морфологиялық элементтерің бағыты жоқтығын көрсетеді. Көру процесінің қабылдауында оларда жорамал пайда болады , сөздердің кейбір ұқсастығы жатады, бірақ олар грамматикалық мағынасы бір – бірінен қатты өзгеше болады.
Сөздердің дұрыс құрылып мағынасы түсінікті болу үшін тек дыбысты ғана жақсы меңгеру емес, оған қоса морфологиялық құрамын білуі керек. Егер де морфологиялық дағдылығы нақты болмаса, оқу прцесінде көптеген сөздерде морфологиялық қателер көре аламыз. Бұл қателер бірінші кезеңді меңгеріп оқу техникасын үйренгеннен кейін байқалады.
Тіл дамуы жақсы дағдыланған балаларда оқу процесінде сөздердің тіркестігің жеңіл меңгереді. Іс жүзінде сөздерді әртүрлі мәтіндерде дұрыс қолдануда , ол дұрыс дыбыстық және морфологиялық түсініп елестетуі болады.
Егер тіл дамуы жетіспейтін балалар жайлы болса, олар лексика – грамматикалық сөздің байланысы жайлы ескермейді, ал егер оларды ескерген жағдайда да тілдік дайындығы байымдамайды.
Бұнын барлығы баланың мәтіннен тыс жеке сөзді ғана дағдылануы мен оның мәтіндегі түп мағынасын түсінбеуіне әкеледі.
Балада оқу дағдысының жетіспеуі байқалғанда, логопед біріншіден баланың сөздік жетіспеушілігің немесе басқа себептері барын немесе жоғын анықтау қажет. Ол нақты баланың айтуының дамуын білуі керек, оның сөздік қорын және грамматикалық жиынтығын. Сомен бірге логопед баланың жазу дағдылығын да текскреді.
Зерттеулер баланың әріптерді қалай меңгеріп, тануына назар аударады. Балаларға есту жағынан да, артикуляция бір – бірімен байланысты әріптер мен дыбыстар беріледі. Балаға әріптерді атауды ұсынады, тілдік дефектісі болғандықтан бұл олардың мүмкіншілігі аз болады. Оған қатар бала тез әріпті танитыны немесе қиындықтар туғаны жайлы мінезделіп үлкен мән беріледі.
Бұдан кейін буындар мен сөздер осы жолмен текскріледі. Басында балаға буындарды оқуын сұрайды. Сөздерді оқу ең жеңілінен басталады, содан кейін қыйындатылып өзіндік дыбыстық және морфологиялық құрамына және балаға таныс сөздерден болады. Міндетті түрде бала оқып жатқан сөздерді түсінетінің тексеруі керек.
Осыдан кейін балаға тақпақ оқуды ұсынады да оған мінездеме жасалынады, оқу шапшандығы, түсіну дағдысы ( мазмұнын айту немесе сұраққа жауап беру) мәнерлігі, жылдамдығы және қашқалақтауына. Барлық мағлұматтар жазылып отырады.
Кобінесе логопедтер өз жұмыстарын механикалық әріптік және буындарды көріп есте сақтау тәсілін қолданады, бірақ олардың нәтижесі төмен болады.
Оқу жетіспеушілігін алдын алу жұмыстарында сөзбен жұмыс істеумен тығыз байланысты болу керек. Егер балада фонетикалық бұзылыстар байқалса, логопед фонетиканы көрсетуі керек. Логопед жұмысының басынан баланың айтуына көп назар аударып жұмыс жасауы керек. Бұндай жұмыс процесіне өзіндік жиналған материалдар қолданылады. Ең маңызды сәти оқытудың ең басында баланы дыбыстық құрамын үйрету , тек айырып қана емессөздерден дыбыстарды бөле білу де, дыбыстық структурасын да білу дыбыстық тәртібін де айыруы керек.
Дыбыстарды біріктірудегі қыйындықтарға арналған өзіндік әртүрлі көмектесетін методикалар мен тәсілдері бар.
Осы тәсілдердің бірі – синтез, анализдердің ізімен. Балалар тез меңгеретің тәсілдердің бірі, бұл жеңіл есте сақтаудан тұрады, жаңа ғана алдына жайылған сөзді бала түсініп алдындағы әріптерден сөз оқуы керектігін біледі.Алдында мұғаліммен талқылап қарастырған.
Бұндай тәсілдер буындарды әріпке құрастыруда да қолданылады, тек бұл тәсілдерді жиі қолданбаған жөн. Балаларда механикалық дамуы қалыптасып кетеді. Сол себептер көптеген тәсілдерді қолданып ауыстырып тұру қажет.
Әр сабақта дауысты дыбыстарды бөлгеннен кейін балаға мәтіннің ішінен дауысты дыбыстарды айырып табуын ұсынады, себебі ол дауысты және дауыссызх дыбысты айырғанда оқу процесінде бала дыбыстарды айтылуында айыра біле алады.
Бірінші кезеңінде әріптер мен буындарды біріктіргенде бала оқығанда үлкен қыйын сынақтарға түседі. Осындай жағдайда оған келіп көмек беру керек. Мысалы: егер м-ға а- ны біріктірсек ма шығады.
Баланы кітапиан, мәтіннен немесе басқа да буындардын арасынан табуын сұрау керек сол кезде ол көріп есте сақтай алады. Алдындағы дыбыстарды бөліп буынға айналдырып немесе керісінше қайты дыбысқа айналдыруын сұрау қажет. Тағы бір жаттығуда әріптерді бөлек бөлек қыйып алдына қойып осы әріптерден буын құрауын сұрап және оны оқып беру.Ол есте сақтау арқылы қолданылады.
Буындар бірінен кейін бірі әртүрлі тәртіппен қойылады. Ол жаңа дауысты мен дауыссыз дыбыстардың кестесін үлкейткенде. Мысалы:
Ма
Ну
На
На ну
Ха ум
Ух му
Му ап
Ап ан және т.б.
Әр қайсысы бір буынды басқа буынмен салыстырады. Содан кейін буыннан сөз құрады.Кейбір жағдайларда ол үшін кесіліп бөлінген әріптерді қолданады, ал кей кезде ауызша жасайды.
Жұмыс кестесі әр сабақ сайын жүргізіліп тұрады.Кестені қатысушылардың өздері құрастырып (әліппеден кесілген әріптер) немесе логопед жасай алады, оларды дидактикалық материал ретінде қолданып. Дыбыстардан тұратын буындардың оқылуына үлкен назар аударып отыру керек, оның алдында логопедтің сабақтарында қате жиберилген буындарға.
Келеси жаңа тақырып өтуге асығыстық жасамаумыз керек, бала нақты жақсы буындарды меңгеріп қиындықтар болмағанға дейін.Дамуы соңшалықты жақсы бала алдында тұрған әріптерге сенімді болуы керек, баламен жұмыс буындарды қосқанда жеңіл оқып кетуіне дейін жүргізіледі. Жақсы оқитын балаларды буында ұзақ ұстамаған жөн, бірақ та али дайын емес қате жиберетін баланы да асықтыру жөн емес.Келесі кезең сөздерді оқумен байланысты,Сөзді оқыр алдында міндетті түрде оның дыбыстық құрамын қарастыру қажет.
Сөзді толығымен оқу, тіл кемістігі бар балаларда өте баяу өтеді, ол көптеген жаттығулар мен жұмыстар жүргізілгеннен кейін.
Бастапқы кезінде өткізілетін тәсілдердің бірі.
Мәтін беріледі, оның ішінде қайталанатын аттар болады.и Мәтінде ол сөздің асты сызылады.Балаға оны қалай дұрыс оқу керектігің көрсетеді, буындап оқуды ұсынады, дыбыстық-әріптік және мағынасы жағынан талдау жасап, толық барлық сөзді айтып қайта оқиды. Содан соң, оқушы мәтінді оқып бастағанда асты сызылған сөзді қалай оқу керектігін есіне түсіру қажет.
Асты сызылған толық оқуға арналған сөз саны жайлап көбейеді. Кейін дайындық оқудан арнайы сөздерді мәтіннен бөліп тастайды. Бала басында бөлек сөздерді оқып үйреніп, содан кейін келесі сабақта үйренген дағдысын оқығанда қолданады.
Жаттығулармен қатар, сөздерді толық оқу дағдысымен, сөзді ажыратуда жаттығуларды кеңірек қарастыру керек.
Бұл жаттығулердың негізгі бағыты , балаларды түбіріне ғана мән бергізбей оның жұрнақ, жалғауларына да мән бергізіп үйрету. Сөздің құрамын айыра біліп, лексика-грамматикасын дамыту.
Баланың оқуын дұрыс қадағалап оның тез және мәнерлі оқуын тәрбиелеу қажет. Логопед баланың нақты және түсінікті, дұрыс және дыбыстарды нақты айтуын, оларды айырбастамауын, өткізіп жібермеуіеуін, ауыстырмауын оқығанда қадағалап отыруы керек. Баладаң сөздің екпінің дұрыс қоюын және логикалық, грамматикалық үзілістер жасауын талап етіп, қадағалауы керек.
Оқушы сөздің мағынасы жағынан ғана емес оның грамматикалықьформасын біліп түсінуі қажет. Оқу процесінде қатысушыларға көрсетіп үйретуіміздің бірі сөйлем құрғандағы грамматикалық форманы неге керектігі мен оны қолдану, себебі сөйлем құрған кезде уақыттың, етістіктің т.б ауысуы сөйлемнің мағынасы ауысатыны.
Оқу процесіндегі дағдыларын тәрбиелеу үшін оларды сөйдің мағынасы жағынан сәйкес келуіне назар аудартады. Түсіндіру тек сөздің мағынасын ашуда ғана емес, сомен қатар сөйлемнің толық грамматикалық байланысын түсінуінде.
Бұл жаттығуды сөздерді сұрақ арқылы байланыстыру үшін қолдануға болады.Басында бұл жаттығу екі – үш сөзден тұратын сөйлемдерде қолданылады. Мысалы: Маржан кітапты оқыды. ( Кім жайлы сөйлемде айтылды? Маржан не істеді? Кім кітап оқыды? Не оқыды?) формиальды – грамматикалық сұрақтар да( кім? Немесе не істеді?). Бұл тек сөздердің сөйлемдегі байланысын нақтылау ғана емес, сөйлемнің негізгі сөздерін ажыратып т.с.с. Кейін ақырындап бұдан қыйынырақ сөйлемдер алынады. Сұрақтар қойылғанда жеңілден жайлап қыйындатылып екі-үш сөзден қосылып отырады.Баланың жауабы сұрақтар қиындаған сайын сөйлемледі көбірек жіне ашылып айтуы керек. Ең сөңғы кезеңде сұрақтарға толық өз ойын аяғына дейін жеңіл жауап беруі керек.
Соңғы кезеңде – бала оқыған мәтіннің мазмұның айта біліп, ойланып, не туралы, айтып жатқаны және ең маңыздысы сөйлемдердің арасында байланыс болуын қадағалап отырып қателерін қарау.Логопед қателерді ғана түзеп отыру емес, оның алдын алып ескертіп отырады. Осы жағдайда ғана жұмыс нақты және берік болады.