Леуметтік тәрбие: мәні мен мазмұны.
1. Жас ұрпаққа әлеуметтік тәрбие берудегі отбасының орны
2. Тәрбиедегі ата-ананың ролі
3. Ата-анамен ұйымдастырылатын жұмыс түрлері
4. Әлеуметтiк статус және әлеуметтiк роль.
Бала тәрбиесі – ата-ана үшін күрделі де жауапты міндет. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай жақсыға да, жаманға да бірдей бейім болатыны баршамызға мәлім. Ата-ананың үйдегі іс-әрекеті балаларының көз алдында өтеді. Сондықтан жақсы, жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор. Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – туған ұясы, өз отының басындағы ата-ана тәрбиесі, өнегесі. Қазақта «Баланың бас ұстазы – ата-анасы» деген сөз бар. Жас кезінде дұрыс тәрбие алмаса, есейе келе тәртібі қиындап, оқу үлгерімі нашарлап кетеді. Мұндай жағдайларда «не істеу қажет» деген ой туады. Әрине, ата-аналар балаларының оқу-үлгеріміне күнделікті назар аударып, оны қадағалап отыруы қажет. Тәрбие ешқандай үзіліс, демалыс күндер дегенді білмейді. Бала тәрбиесіне ең әуелі оның өз ата-анасының еңбекқорлығы, ұстамдылығы, ақыл-ойы, сана-сезімі, адамгершілігі әсер етпек. Бала – ата-ананың ғана емес, ұлыс пен ұлттың ертеңгісі, келер тахқа аманат. Жас ұрпақты жан-жақты жетілген, ақыл-парасатты, ой-өрісі биік азамат етіп тәрбиелеу қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Сондықтан ата-ана, ұстаздар болып, жас ұрпаққа жан-жақты тәрбие беруді назарда ұстағанымыз жөн.
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» - деген болатын әл-Фараби бабамыз. Бүгінгі таңда жас ұрпақтың саналы, тәрбиелі болып өсуі тәрбие жұмысының азаматтық, патриоттық, саяси,еңбек, денсаулық, адамгершілік, эстетикалық, экалогиялық, құқықтық, жанұялық түрлері арқылы іске асырылады.
Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтаған, іріктеп алған озық тәжірбиесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру. Адам тәрбиелеу, ұрпақ өсіру – ең жауапты мәселе. «Отан – отбасынан басталады» демекші, осы жауапты істе отбасының алатын орны ерекше, бұл дәлелденген. Олай дейтініміз, отбасы – күрделі қоғамдық құбылыс. Қоғамдық ортаның шағын бір бөлігі ретінде отбасы балаға өмірге жолдама береді, көзқарасының, әдеп-ғұрпының іргетасын қалайды.
Ұлы Абай атамыздың қандай өлеңін алсақ та білімділікті меңзей отырып, адамгершіліктің ұстаздық жолын көрсеткен. Осыған орай данышпан Абай атамыз «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады, біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар тәннің құмары. Біреуі – білсем екен деп тұрады. Не көрсе соған талпынып, қызығып, көргенінің бәрін сұрап тыныштық бермейді, мұның бәрі – жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген...». Осы мінездердің қалыптасуы отбасының тәрбиесіне байланысты екендігін айқындайды. Отбасы тәрбиесінің бір көзі – патриоттық тәрбие. Мектептің ықпалы болғанымен де ең басты ықпал отбасынан болуға тиісті. Отанын, елін сүюге дейін бала ең бірінші өзін сыйлауы, туыстарына, бауырларына сүйіспеншілікпен қарауы керек. Елінің тарихын білмес бұрын, ең алдымен өзінің ата-бабасының, отбасының өмірін білуі қажет. Қазақтың даналары «Жеті атасын білмегеннен без», «Жеті атасын білмеген жетесіз» - деп баланың түп –тамырын білуін қажет етеді. Патриоттық тәрбие беру де Отанды сүю. Ал Отанды сүюде тіл мәселесін айтпай кетуге болмайды. Тіл – ұлттығымыздың бейнесі, мәдениеттің, парасаттылықтың белгісі. Тілді үйрету үлкен жауапты іс. Көш бастаушысы ата-ана, отбасы болуы тиіс. Батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы тілге байланысты «Кейбір ұл-қыздарымыздың ана тілімізді білмеуі, не шала білуі мені қатты қынжылтады.Бұған ең алдымен ата-ана кінәлі». Әрбір ата-ана тілді күнделікті қажет ауадай,судай көріп, осы ауамен,сумен ұрпағын сусындатуға тиіс. «Ел боламын десең,бесігіңді түзе» - деген Мұхтар Әуезовтың аталы сөзі отбасы тәрбиесінің маңызын айқындайды.
Өркениетті даму жолындағы қоғам алдымен балалы отбасына жан-жақты қамқорлық жасап,оның мәртебелік орнын жоғары деңгейге көтеруге тырысады. Отбасы – адам баласының дүниеге келгенінде есігін айқара ашып енетін үйі,өсіп ер жететін,тәрбие алатын бесігі. Қазақстан Республикасының Ата Заңының 27-бап 2-тармағында: «Балаларға қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы, әрі парызы деп, отбасы тәрбиесінің аса жауапты екендігі айқын атап көрсетілген». 2. Ата-анамен ұйымдастырылатын жұмыс түрлері Қазіргі кезде тәрбиеге және тәрбие жұмыстарына деген жаңаша көзқарас қалыптасып, олардың ізгілік мәні тереңірек ашылуда. Тәрбие жұмысы – педагогтардың нақты міндеті, яғни оқушы тұлғасын сомдау мәселесін саналы түрде шешуге бағытталған үйлесімді іс-әрекеті. Осыған орай оқыту мен тәрбиені ұйымдастырушы және ата-аналармен жағымды қарым-қатынасты реттеуші ретінде сынып жетекшісінің рөлі көтерілуде. Сынып жетекшісінің біліктілігі балалар әлемін терең түсінуге негізделген білім екені даусыз. Балаға тәлім-тәрбие бергенде мектеп, ата-ана, әлеуметтік орта бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана жарасымдылық болады.
Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Туындаған тәлім-тәрбиедегі жарасымдылық мектеп пен ата-ана, әлеуметтік орта бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады. Өйткені, баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы өзін қоршаған ортасына, ұстазға, ата-анаға, құрбы-құрдастарына, олардың күнделікті іс-әрекетіне, жүріс- тұрысына, сырт көрінісіне, сөйлеген сөзіне, әдептілігіне т.б. қасиеттеріне байланысты. Халық «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деп тегін айтпаған. Баланың қоғамдық әлеуметтік дамуы жанұяда өз орнын алуынан басталады. Ата-ана балаға жеке тұлға ретінде баға беріп, дамытып жетілдіреді де, аяқтандырған балапанын мектепке табыс етеді. Осыған сәйкес жасөспірім талабын қанағаттандыратын, қоғамның, ұлтымыздың ұстанған бағытымен сабақтас келетін тәрбие жүйесін жүзеге асыру – педагогикалық ұжымның басты міндеті.
Ата-аналармен жұмысты ұйымдастырудағы негізгі міндеттер мыналар:
оқу жылының басында және оқу тоқсанының қорытындысында сыныпта ата-аналар жиналысын тұрақты өткізіп отыру. Жалпы ата-аналар жиналысында мектептің оқу-тәрбие жұмысының барысы, алдағы міндеттері туралы педагогикалық ұжымның ата-аналар алдында есеп беруін ұйымдастыру. Сынып жетекшісі оқушының ата-анасымен, отбасының тұрмыстық жағдайымен танысу үшін оқушы үйлеріне барып тұру, балаға отбасының ықпал деңгейін, баланың неге қызығатынын анықтау. Ата-аналарға бала тәрбиесі туралы дәрістер оқып, баланың жеке басының қалыптасу жолдары мен даму заңдылықтары туралы білім беру. Ата-аналар комитетімен тығыз байланыста болу, жалпы мектепте өтетін іс-шараларға белсене қатыстыру, үлгілі ата-аналарды өнеге ету. Ұстаздың ата-анамен жұмысының мазмұны негізгі үш блоктан тұрады.
Отбасының қазіргі кезеңдегі негізгі функциялары:
тәрбиелілік;
рухани-адамгершілік;
танымдылық-білімділік;
тұрмыстық;
еңбекқорлық;
мәдени-білімділік;
шығармашылық-демалыс.
Отбасының негізгі міндеттері:
баланың үздіксіз дамуын қадағалап отыру;
бала денсаулығына қамқорлық жасау;
баланың оқуына көмек беріп отыру;
еңбек тәрбиесі және мамандық таңдауға көмектесу;
баланың жан-жақты дамуына ықпал ету;
баланың қызығушылығын, бейімділігін, шығармашылығын дамыту;
баланы өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі дамытуға дайындау;
балаға жыныстық тәрбие беру, болашақ өмірге дайындау.
Отбасы тәрбиесінің мәңгілік компоненттері:
отбасы тәрбиесіндегі ахуал (дәстүр, жылылық, қарым-қатынас);
отбасы өмірінің тәртібі;
ұрпақтар сабқтастығы (әке, шеше, ата, апа, балалар).
Психологиялық
педагогикалық
білімдерін көтеру
педагогикалық білім беру университеті;
дәріс беру, семинар, практикумдар;
конференциялар;
ашық сабақтар, сыныптық іс-шаралар.
Ата-аналарды оқу-тәрбие
үрдісіне тарту
Ата-аналарды мектеп
басқару ісіне қатыстыру
ата-аналар жиналысы;
үйірме, отау, секция, біріккен шығармашылық
істер;
қамқорлыққа алу;
материалдық-техникалық жағдайын жақсарту.
мектеп кеңесі;
қоғамдық бақылау комитеті;
сынып кеңесі, сныптағы ата-аналар комитеті.
Ұстаздар мен ата-аналардың өзара қатынасының функциялары:
тәрбиелік-дамытушылық;
қалыптастырушылық;
бақылаушылық;
тұрмыстық;
хабарламалық.
міндеттері:
ата-аналардың белсенді педагогикалық көзқарасын қалыптастыру;
ата-аналарды педагогикалық білім-білікпен қаруландыру;
ата-аналарды бала тәрбиесіне белсенді қатыстыру.
Ата-аналармен жұмыста дифференциалды ықпал ету.
Отбасы 5 типке бөлінеді:
1-тип. Отбасындағы адамгершілік құндылығы жоғары деңгейде қалыптасқан. Бақытты, дені сау отбасы. Балаларға бар мүмкіндік жасалған. Кей уақытта жекелеме кеңестер қажет бола тұра, ұстаздардың араласуы аса керек емес.
2-тип. Отбасындағы ата-аналардың қарым-қатынасы жақсы бола тұра, бала тәрбиесінде бағыт жоқ. Бала тек ата-ананың «ерекше» қамқорлығын сезінеді, «өзімшіл» болып өсіп келеді. Сондықтан ұстаздың көңіл аударуы сөзсіз талап етіледі.
3-тип. Ынтымақсыз отбасын. Мұндай жағдайда ата-аналар өзара қарым-қатынас дауынан аса алмайды. Бала тәрбиесі мүлде ескерусіз қалған. Өсіп келе жатқан ұрпаққа әсері болмас үшін, отбасындағы көңіл-күйді өзгертуге белсенді педагогикалық ықпал қажет.
4-тип. Сырттай қарағанда қолайлы отбасы қатарында болғанымен, рухсыздық, нақты адамгершілік құндылықтар, ұрпақтар ізгілігінің бұзылуы сияқты жағымсыз қасиеттер басым. Мұндай отбасымен тәрбие жұмысын жүргізу ерекше қиындық туғызады.
5-тип. Қолайсыз отбасы, мұндағы дөрекілік, ұрыс-керіс, жағымсыз тәртіп сияқты сипаттар көп. Баланың қызығушылығын қорғау үшін мұндай отбасында
тұрақты педагогикалық бақылау, қоғамдық орныдардың араласуы үнемі қажет және талап етіледі.