Тақырып - Прокуратура органдарының жүйесі және прокурорлардың өкілеттіктері
ҚР прокуратурасының біртұтас жүйесін Бас прокуратура, облыстардың прокуратуралары, республика астанасының және республикалық маңызы бар қалалардың прокуратуралары, ауданаралық, аудандық, қалалық және соларға теңестірілген әскери және басқа мамандандырылған прокуратуралар құрайды.
ҚР Бас пркуратурасын республиканың Бас прокуроры басқарады.
Әдебиет: [1,2,4,5]
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1.Прокуратура органдарының жүйесі.
2.ҚР Бас прокурорының өкілеттіктері.
9-тақырып -Прокуратураның құқықтық актілерінің жүйесі.
Прокуратураның құқықтық актілерінің жүйесін төмендегілер құрайды:
1) прокурорлық қадағалау актілер: наразылық, қаулы, ұсыныс, өтініш,
санкция, нұсқау, заңды түсіндіру;
2) прокуратура органдарының ұйымдастырылуына және қызметіне қатысты
мәселелерді реттейтін актілер: бұйрықтар, нұсқаулар, тапсырмалар,
ережелер мен нұсқаулықтар.
Әдебиет: [1,2,4,5]
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1.Прокурорлық қадағалаудың құқықтық актілері және жүйесі.
2.Прокуратураның ережелері мен нұсқаулықтары
10-тақырып - Сотта іс қараудағы прокурордың құзіреті.
Прокурор өз құзіреті шеңберінде соттан шешім, үкім немесе басқа қаулы күшіне еніп қойған істерді талап етуге құқылы.
Егер іс бойынша күшіне енген шешім, үкім немесе басқа қаулы заңға қайшы немесе негізсіз болса прокурор қадағалау тәртібімен наразылық береді. Егер наразылық беру оның өкілеттік шеңберіне кірмейтін болса прокурор жоғары тұрған прокурорға наразылық білдіруін сұрап қаулы жібере алады.
Әдебиет: [1,2,4,5]
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1.Күшіне енбеген сот қаулыларына наразылық беру
2.Күшіне енген сот қаулыларына наразылық беру
11-тақырып - Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк органдары.
Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi - елдiң ұлттық мүдделерiнiң нақты және ықтимал қауiп-қатерден қорғалуының жай-күйiн бiлдiредi. Ұлттық қауiпсiздiк объектлерi қатарына - жеке адам, оның құқықтары мен бостандықтары, қоғам, оның материалдық және рухаи құндылықтары, мемлекет, оның конституциялық құрылысы, тәуелсiздiгi және аумақтық тұтастығы жатады. Осы құндылықтарды қорғау ұлттық қауiпсiздiк органдарының басты мiндетi.
Әдебиет: [1,2,4,5]
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi органының ұғымы, жүйесі.
2. Ұлттық қауiпсiздiк органдарына жүктелген мiндеттердi жүзеге асыратын органдар мен мекемелер
12-тақырып - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер органдары.
ҚР Президентiнiң "ҚР Iшкi iстер органдары туралы" заң күшi бар Жарлығының 1-шi бабына сәйкес, ҚР Iшкi iстер органдары - анықтаманы, алдын-ала тергеудi және жедел-iздестiру қызметiн, сондай-ақ қоғамдық тәртiптi қорғау және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарына, қоғам және мемлекетмІдделерiн қылмыстық және өзге де құқыққа қайшы қол сұғудың алдын-алу мен жолын кесу жөнiндегi атқару және өкiм ету функцияларын жүзеге асыратын арнайы мемлекеттiк орган болып табылады.
Әдебиет: [1,2,4,5]
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер органдарының ұғымы және жүйесі.
2. Iшкi iстер органдары туралы заңы.
13-тақырып - Қазақстан Республикасының әдiлет органдары.
Қазақстан Республикасының әдiлет органдары - өз өкiлеттiгi шегiнде мемлекеттiң қызметiн құқықтық қамтамасыз ететудi жүзеге асыратын, мемлекеттiк органдарыдың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режимiне қолдау жасайтын, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ететiн атқарушы ететiн атқарушы билiк органдары болып табылады.
Әдебиет: [1,2,4,5]
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Қазақстан Республикасының әдiлет органдары.
2. Әдiлет органдары жүйесi.
14-тақырып - Адвокатура және оның органдары.
Қазақстан Республикасындағы адвокатура — адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және білікті заң көмегін алуға мемлекет кепілдік берген және Қазақстан Республикасының Конституциясымен баянды етілген құқығын жүзеге асыруға жәрдемдесуге арналған.
Адвокатура қылмыстық істер бойынша қорғау, азаматтық, әкімшілік, қылмыстық және басқа да істер бойынша өкілдік ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, заңды тұлғалардың құқықтыарын заңды мүдделерін қорғау мен іске асыруға жәрдемдесу мақсатында заң көмегінің өзге түрлерін көрсету жөніндегі адвокаттардың қызметін ұйымдастырады.
Әдебиет: [1,2,4,5]
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Қазақстан Республикасындағы адвокатура.
2. Адвокатура қызметінің қағидалары.
15-тақырып - Қазақстан Республикасындағы нотариат
Нотариат - құқықтар мен фактiлердi куәландыруға, сондай-ақ “Нотариат туралы” заңда көзделген өзге де мiндеттердi жүзеге асыруға бағытталған нотариаттық iс-әрекеттердi жасау арқылы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғаудың заң жүзiнде бекiтiлген жүйесi
Әдебиет: [1,2,4,5]
Өзін-өзі бақылау сұрақтары: