Математиканың мазмұндық-әдістемелік желілерінің ұғымдары мен әрекет тәсілдерін оқытудың технологиясы
1.«Қарапайым түсініктер» мазмұндық-әдістемелік желі материалдарын окыту' технологиясы.
2. «Сандар нумерациясы» мазмұндық-әдістемелік желі материаддарын оқыту технологиясы.
3.«Арифметикалық амалдар және олардың қасиеттері» мазмұндық-әдістемелік желі материалдарын оқыту технологиясы.
4.«Есептеу тәсілдері» мазмұндық-әдістемелік желі материалдарын оқыту технологиясы.
5.«Шамалар және оларды өлшеу» мазмұндық-әдістемелік желі материалдарын оқыту технологиясы.
6.«Есеп және оны шешу үдерісі» мазмұндық-әдістемелік желі материалдарын оқыту технологиясы.
7. «Алгебра элементтері» мазмұндық-әдістемелік желі материалдарын оқыту технологиясы.
8. «Геометрия элементтері» мазмұндық-әдістемелік желі материалдарын оқыту технологиясы.
2.Математиканы оқыту әдістемесі бойынша пәндік құзыреттіліктерді сипаттайтын негізгі талаптарға төмендегілерді жатқызуға болады:
- әдістемелік ғылымның нысанын, пәнін, міндеттері мен зерттеу әдістерін біледі;
- кіші жастағы оқушыларға математиканы оқытудың теориясы мен тәжірибесінің даму тенденциялары мен бағыттары жайлы түсініктері бар;
- бастауыш мектеп курсын құрайтын негізгі ұғымдар мен әрекет тәсілдерінің, әсіресе пәнді оқытып-үйрету барысында кіші мектеп жасындағы оқушылардың меңгеруі тиіс білім, білік және дағдылардың (сондай-ақ олардың арасындағы байланыстың) мазмұнын біледі;
- бастауыш сыныптар математикасы мазмұнының нақты мәселелерін оқытып-үйрету барысында оқушылардың іс-әрекетін басқаруға мүмкіндік беретін оқытудың әдістемелік тәсілдері мен технологияларын біледі;
- бастауыш сыныптарға арналған математика курсының мазмұнын бағдарлай алу сияқты кәсіби біліктерді қамтитын қолданыстағы мектеп бағдарламалары бойынша жұмыс жасауға болашақ мұғалімнің дайындығын сипаттайтын сабақты жоспарлау, өткізу және талдаумен байланысты дидактикалық біліктермен қаруланған;
- математика оқулықтарымен жұмыс істеу барысында өзіндік бағыт-бағдары бар және ондағы тапсырмаларды тиімді пайдалана алады;
- кіші жастағы мектеп оқушыларының ерекшеліктерін ескере отырып, нақты мәселені шешу үшін әр түрлі дербес әдістемелік тәсілдерді тиімді пайдалана алады;
- оқытудың әр түрлі кезеңдерінде оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың тиімді тәсілдерін (әдістер, құралдар, формалар) тандай және негіздей біледі; пәндік білім, білік және дағдыларды меңгеру барысында бастауыш сынып оқушылары алдында кездесетін қиыншылықтарды алдын-ала көре біледі;
- қойылған мақсат пен міндеттерді қол жеткізілген нәтижелермен салыстырады, олардың сәйкестігін оқушыларды байқау, олармен әңгімелесу, оқушылардың математикалық білім, білік және дағдыларды игеру деңгейін бақылау мен диагностикалау жұмыстарының нәтижелері негізінде бағалайды және осы бағалауды ескере отырып, әрі қарай оқытуды жоспарлайды;
- бастауыш мектепте математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі бойынша курс және дипломдық жұмыстар орындауға және өзінің болашақтағы әдістемелік қызметіне қажетті зерттеу жұмысын жүргізе біледі.
Бақылау сұрақтары:
1.Математиканың мазмұндық-әдістемелік желілері материалдарын оқытудың жалпы мәселелерін ата.
2.Оқытудың мақсаты, міндеттері мен нысандарының, оқыту нәтижелеріне қойылатын талаптарының; жаттығулар, иллюстрациялар, көрнекі құралдар жүйесінің; әр мазмұндық-әдістемелік желінің материалдары бойынша тапсырмалар іріктеу және сабақтардың үзінділерін дайындаудың сипаттамасы қандай?.
2.Әр мазмұндық-әдістемелік желінің ұғымдары әрекет тәсілдерін оқытып-үйретуде пәндік құзыреттілік қалыптастыруға түрлі әдістемелік тұрғыдан қарау. Оларды қарастырудың әр түрлі кезеңдерінде мәселелерді оқытудың әдістемелік ерекшеліктерін ата.
Әдебиеттер:
Әдебиеттер:
1.Оспанов Т.К., Кочеткова О.В., Астамбаева Ж.Қ. Жаңа буын оқулықтары бойынша математиканы оқыту әдістемесі. 1-4-сыныптар. - Алматы: «Атамұра», 2005.
2.Т.Қ.Оспанов, Ш.Х.Құрманалина, С.К.Құрманалина. Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі. - Астана, «Фолиант», 2007.
3.Кдырбаева А.А. и др. Внеклассная работа по математике в начальной школе. - Алматы, 2000.
4.Астамбаева Ж.Қ. Бастауыш мектепте математиканы оқыту теориясы мен технологиясы. (Практикалык, лабораториялық сабақтар, СОӨЖ). - Алматы, 2008.
Лекция 11