Тақырып: Қазақ тілінің фонетикасын оқыту әдістемесі

Фонетика – тіл білімінің дыбыстық жүйесін зерттейтін саласы. Әрбір тілдің дыбыстық жүйесін, түрлі заңдарын білудің маңызы зор. Мұғалім дыбыстардың ерекшелігін, маңызын көрсете білуі тиіс. Тіл дыбыстарының физиологиялық, акустикалық, қоғамдық ерекшеліктерін жете түсіндіруі қажет. Оқушы тіл дыбыстарының белгілі бір сөйлеу мүшелерінің жұмысқа кірісуімен байланысты екендігін, олардың бірімен-бірі актив екенін білгені дұрыс. Сөйлеу мүшелерінің қатысуы арқылы жасалатынын оқулықта берілген түрлі суреттер, схемаларды орынды пайдалана отырып, саналы түрде оқытқан жөн.

Қазақ тілін үйренуде, сөйлеуде фонетикалық дағдылардың алатын орны ерекше. Фонетикалық дағдыларды меңгеру – сөйлеу кезінде сөздің құрамындағы дыбыстарды дұрыс айта білу және жазылған әріптік таңбаларды тілде дұрыс қолдану арқылы түсінікті сөйлеу тәжірибелерін жан-жақты игеру. Тілдік қарым-қатынаста фонетикалық дағдыларды меңгеру екі жақты болуы керек: 1. Сөйлеушінің (не оқушының) фонетикалық дағдыларды білуі; 2. Тыңдаушының фонетикалық дағдыларды білуі.

Фонетикалық дағдылар тілдік дыбыстардың екі жағына сәйкес келеді: 1) Тілдік дыбыстардың айтылуы; 2) Тілдік дыбыстардың естілуі. Осы екеуінің бірігуінен дыбысталу түзілімі жүзеге асады.

Тілдік дыбыстың материясы сөздің негізгі кірпіші, басты құралы болып табылады. Фонетикалық бөлшектерді: дыбыстарды, әріптерді, фонемаларды, буындарды дұрыс жазу мен дұрыс айтуға дағдыландыру алғашқы сабақтан басталады. Мұғалім дыбыстардың жасалуын оқытқан кезде олардың жасалуына қатысатын дыбыстау мүшелері мен сөйлеу мүшесінің қимыл-қозғалысын да үйретеді. Оқушы дыбыстарды айту үшін, қандай сөйлеу мүшесі қалай қозғалатынын білуі қажет.

Қазақ тіліндегі дыбыстардың айтылуы мен жасалуын үйрету мұғалімнің шеберлігін ғана емес, бірнеше тәсілді қатар меңгерген әдісқойлығын да қажет етеді. Өйткені сабақта оқытушы тек дыбыстардың айтылуымен шектелсе, сөйлеуді үйрету мақсатына жетпейді. Сондықтан ұстаз дыбыстардың ерекшеліктерін сөз ішінде, буын құрамында, сөйлем арасында меңгерте отырып, жалпы тілдік қатынастың қағидаларын естен шығармайды және тілді үйретудің жинақтық әдісін пайдаланады.

Фонетикалық тұлғалардың естілуі дыбыс ырғағы, күші, созылыңқылығы, әуені сияқты ерекшеліктерімен ажыратылады. Олар лингвистикалық әдебиеттерде талданып көрсетілген. Тілді үйретудегі дыбыс белгілерінің барлығы, сайып келгенде, - оның ең басты ерекшелігін – дыбыстарды сөздің, сөйлеудің құрамында дұрыс қолдана білу ережелерін меңгерудің алғы шарттары болып табылады. Оқушы дыбыстардың жүйесін дұрыс игеру үшін графикалық талдау ойдағыдай жүргізілуі қажет. Мұғалім оқушының жазбаша да, ауызша да сауатын арттыруға ерекше көңіл бөлгені жөн.

М.Дүйсебаева фонетикалық талдауға мынадай талаптар қояды:

1. Фонетиканы оқытумен орай мысалды үнемі сөйлем түрінде алмай, жеке сөз, сөз тіркесі арқылы да айтайын деген ойын дәлелдеуге бағыт беруі тиімді.

2. Оқушыларға берілетін мысал мен жаттығулардың прозалық, поэзиялық шығармалармен қатар мақал-мәтелдер, жұмбақтар алу оқушыны өте қызықтырады, дұрыс сөйлеуге үйретеді, логикалық ойын жетілдіреді.

3. Сабақта алынатын мысалдардың дұрыс жазылуына, дұрыс айтылуына ерекше назар аудару қажет.

4. Оқушының фонетика-графикалық талдау жасай білу дағдысын қалыптастыра отырып, күнделікті сабақта ішінара талдату, яғни өтіліп отырған тақырыпқа ерекше көңіл аударту дағдыға айналуы тиіс.

5. Оқушы дыбыс үндестігі мен түрлі дыбыстық ерекшеліктерді жаттанды қабылдамай, оны саналы түрде түсініп меңгеріп, іс жүзінде пайдалана білетіндей болуы қажет.

6. Жергілікті ерекшеліктермен үнемі жұмыс жүргізіп отыру оқушының әдеби тілдің сөйлеу нормасын дұрыс меңгеруіне мүмкіндік жасайды.

Дыбыс пен әріпті үйреткенде бастауыш сыныптарда алған білімдерін естеріне түсіре отырып, түсіндірген тиімді нәтиже береді. Көрнекі құралдарды ұтымды пайдалану да өз нәтижесін тигізеді. Тіл дыбыстарының физиологиялық, акустикалық, қоғамдық аспектілерін негізге ала отырып, дыбыстарды оқытады.

Тақырып:Орфография мен орфоэпияны оқыту

Дістемесі

Орфография мен орфоэпиянының бір-бірімен байланыстылығымен бірге олардың өзара айырмашылығын жете түсіну үшін оқушы фонетиканы жетік білудің маңызы зор. Мұғалім оқушылардың фонетика саласынан алған білімдерін сабақта сұрақ-жауап әдісі арқылы естеріне түсіндіруіне болады.

Дауысты және дауыссыз дыбыстардың классификациясы таблица түрінде жазып шығуларын талап ету арқылы, төменгі сыныптарда өткен материалдарын естеріне түсіріп, бекітеді. Дыбыс пен әріптің өзара айырмашылығын, дыбыстың тілдегі сөз құрайтын фонема, ал әріптің солардың таңбасы екендігін түсіндіргеннен соң, графика, шартты таңбаның қалай болса солай емес белгілі бір қағидаға сүйеніп жазылатынын айтады.

Тілдегі сөздердің жазылу нормалары үш түрлі принципке негізделіп жазылатынын оқушыларға кестені пайдалана отырып түсіндірген жақсы нәтиже береді. Мысалы, мынандай кесте жасауға болады:

Наши рекомендации