Ауызша сөйлеу тілінің жағдайын бағалау
Ерте естімей қалған балалардың ауызша сөйлеу тілінің қалыптасу деңгейі әртүрлі. Ол көп нәрсеге біайланысты, мысалы, баланың жасына, коррекциялық жұмыстың әдістемесі мен қарқындылығына, қосымша ауытқушылықтарының болуына және т.б. байланысты. Кішкентай баланың ауызша сөйлеу тілінің жағдайы болашақты КИ қолдануға әсер етеді, сол себепті оның барлық компоненттерін бағалау маңызды.
Кішкентай балалардың сөйлу алдындағы дыбыс шығаруларын, дыбыстық еліктеулерін, былдыр сөздерін бағалайды. Мыналарды ескеру қажет:
· Ересектермен қарым – қатынас кезінде олардың назарын өзіне аудару үшін дауысы мен сөйлеу алдындағы дыбыс шығаруын пайдалана ма;
· Дыбыс шығару сипаты – айқай, дауысты немесе буындар тәрізді дыбыстық еліктеулер кешені, усеченные сөздер, фразалар ( мә, бер, мама, және т.б.);
· Вокализация кезінде қандай дыбыстар шығарады;
· Вокализация мәнерлі ме, әлде монотонды болып келеді ме;
· Бала ойын кезінде өзінің әрекетіне сәйкес немес сәйкес емес дыбыстарды (дыбыстық еліктеулер, усеченные сөздер) қосады ма;
· Бала ересектің артикуляциясына еліктей ме, баланың артикуляциясы дауыспен бе, әлде дауыссыз ба.
Ерте естімей қалғандықтан кішкентай балаларда сөйлеу тілі дамымайды немесе кешеуілдейді, сол себептен оларды сөйлеу кезіндегі тыныс алу әлі қалыптаспаған және дауыстың бұзылыстары кездеседі. Керекті жаттығуларды қолданып, осы дағдылардың жағдайын анықтайды.
Жалпы және ұсақ моторикасының жағдайына да назар аудару керек. Оның бұзылысы артикуляторлық мүшелердің қозғалысын бақылаудың бұзылысымен қатар жүреді.
Еріннен оқу дағдысын тексеру
Кішкентай балалардың жабық таңдаудағы дыбысық еліктеулер мен сөздерді еріннен оқу арқылы тануын бағалауға болады. Егер кішкентай балаларда еріннен оқу дағдысы болмаса, онда баланың сөйлеп тұрған адамның бетіне қарауын, ересектің артикуляциясына еліктеуін, сол артикуляцияны дауыспен қатар жасауын бағалаймыз.
Оқу дағдылары және сөйлеу тілдік дағдыларының деңгейін бағалау
Оқи алмайтын кішкентай балалардағы белсенді және енжар сөздігін бағалаймыз, баланың қарапайым нұсқауларды балаға түсінікті формада: есту – көру арқылы, жесттің көмегімен, табличкаларды оқу және фраза құрау білігін бағалау керек.
Кішкентай балалардың оқу дағдысын бағалаған кезде, оның сөздік қорының көлемін және глобальды оқу дағдысының қалыптасқандығын бағалау қажет. Мектеп жасына дейінгі балалар сөздерді түсінуін тексереді:
· Зат есімнің, сын есімнің жекеше және көпше түрі (қарындашты\қарындаштарды бер, қызыл\қызылдар);
· Астында, үстінде, жанында, арасында, алдында, артында үстеулерін керекті кезде қолдану (қарындашты кітаптың үстіне, кітаптың ішіне, кітаптар арасына қой);
· Зат есімнің, сын есімнің септелу формалары;
Осы кезде сөздік материалдарды жазбаша түрде, есту – көру арқылы, көрнекіліктерді қолдану арқылы беріледі.
Арым–қатынас тәсілдері мен дағдыларын бағалау
Естімейтін мектеп жасына дейінгі балалар қарым – қатынастың түрлі тәсілдерін қолданады: шынайы жесттер, ауызша сөйлеу тілі, жазбаша сөйлеу тілін, еріннен оқу арқылы. Тексеру процесі кезінде бала үйде, балабақшада, көшеде балалармен ойнағанда қарым – қатынастың қандай түрін қолданатынын анықтау керек. Ерте жастағы балалар көбіне тек шынайы жесттерді түрлі дыбыс шығарулармен бірге қолданады, балалардың осы «сөздік қорының» көлемін анықтау керек.
Баланың қатынастың қандай түрін қолданатынын анықтау үшін ата – анасынан сұрайды, тексеру кезінде бақылайды. Ерте жастағы балалардың қтынастардың довербальды тәсілдерінің қалыптасқандығын бағалайды:
· «көзбен көз» контакті;
· «өз ісін бағалауды іздейтін көзқарас»;
· «жалғайтын көзқарас» ( ересекпен баланы қызықтырған заттың арасындағы жалғастық);
· Көрсету жесті;
· Ересектің назарын дауыспен және жесттің көмегімен өзіне аудару;
· Қатынас үшін түрлі дауыс реакцияларын қолдану;
· Жалпыға тән коммуникативті жесттерді қолдану: «сәлем», «сау бол», «ішу», «бер», «жазу» және т.б.
КИ жасалғаннан кейін балалардың есту қабілеті мен сөйлеу тілінің дамуы үшін сөйлеу ортасының болуы өте маңызды.