Оқытудың дәстүрлі технологиясы

Білім беру- оқытудың тәрбие мен дамытудың үздіксіз процесі. Белгілі балалар психологы Д.Б. Эльконин дәлелдегендей 3-10 жас аралығындагы балалар біріккен мәдени – білім беру саласында ортақ өмірмен дами отырып, ортақ тәрбиеленіп, ортақ оқып үйреніп өмір сүруі керек. Яғни бұдан шығатын қортынды бұл (сабақтастықтың) яғни бастауыш сатыда мазалайтын сұрақтар проблемалары біреу ғана. Ол баланың тілін ой-өрісін, қиялы мен шығармашылығын дамыту болып, жаңа заман талабына сай жан-жақты дамыған жеке тұлға ретінде оқытып тәрбиелеу. Көрнекті психолог Л.С. Выготскийдің негізі бойынша «Бала дамуының ең шарықтау шегі - бұл тіл мен ойдың шығармашылығы деген екен.

Оқу-тәрбиесінде мынандай өзекті яғни (актуальды) жерлерінде проблемалар бар: 1) Оқушылардың өз бетінше ойланып, әрекет етулері жеткіліксіз. Бір оқу міндетін басқа түрлі жолдармен өзгертіп, шеше білу қабілеттері, сонымен қатар алынған білім-білік дағдыларын қазіргі өмір мен ғылым, техника жаңалықтарымен байланыстырып, салыстырып, зерттеп өз болжамдарын жасау қабілеттері әлі де төмен деңгейде.

Ал мұның себебі қайда жатыр және бұл проблемаларды шешу үшін, білім үрдісінде инновациялық технологияларды оқып үйреніп өз іс-әрекетімде енгізу қажет деп ойлаймын. Білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар.

Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қарауда мұғалім іс-әрекетінің маңызы зор. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгеру мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық және де басқа көптеген келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі,-деп көрсетеді С.В. Селевко.

Бүгінгі таңда білім беру саласында әртүрлі сипаттағы және бағыттағы инновациялар енгізілуде. Азды-көпті мемлекеттік жүргізіліп, мазмұнға, ұйымдастыруға оқыту әдістері мен технологияларына жаңалыктар кіруде. Білім беру саласына енген жаңалыктарға мына өзгерістерді жатқызамыз:

- оқу тәрбие мекемелерінің жаңашыл басқарылуы;

- білімнің қоғамдағы орны және сол жүйені қаржыландыру деңгейін;

- тәрбие және білім жүйесі құрылымын.

Білім беру мазмұнын, яғни оқу жоспарларындағы және бағдарламалардағы өзгерістерін:

- мектептің ішкі ұйымдастырушылық әрекеттерін;

- мұғалім мен оқушы қарым-қатынастарына, ұстаз бен шәкірттер арасындағы қарым-қатынас;

- оқыту әдістемелеріндегі өзгерісін;

- білім беру мекемелерінің құрал - жабдықтарындағы және ақпараттық технологияларды қолданудағы өзгерістер;

- оқыту мекемелерінің құрылысындағы өзгерістерді жатқызамыз.

Мұғалімнің инновациялық іс-әрекеті – өз қызметіне жаңа технологияларды енгізу. Білім беру жүйесінде қазір технологиялардың сан алуан түрлері бар. Білім беру технологиясы ұсынылуда:

Соның бірі дәстүрлі педагогикалық технология.

Дәстүрлі сынып сабақтық технологиясының басқа технологиялардан айырмашылықтары бар:

- оқушылардың таным кабілеттері және жас мөлшері шамамен бір деңгейді құрайды;

- сыныптағы оқушылар құрамының әр кез тұрақты болуы;

- сыныптағы сабақ ортақ жылдық жоспармен оқу бағдарламаларына, оқулыктарға негізделген, құрастырылған кестемен жүргізіледі.

Оқушылар мектепке жылдың бір мезгілінде, белгілі бір сағатта барады:

- оқытудың негізгі бірлігі-сабақ. Сабақ бір пәнге негізделеді;

- сабақ барысында жоспарланған тақырып кеңінен түсіндіріледі;

- оқушылар сол тақырып бойынша білім, білік, дағдыларын игеру мақсатында жұмыс істейді;

- оқытуды ұйымдастыру тек мұғалімнің басшылығымен жүргізіледі.

Мұғалім өз пәні бойынша жалпы әр оқушының оқу сапасын қорытындылап, бағалайды.

Дәстүрлі оқыту технологиясының тиімсіз жақтары: Дайын білімді хабарлайды, оқушы орындаушы, мұғалім басқарушы болады.

В.Ф. Шаталовтың оқу материалдарын тірек және сызба белгілері арқылы табысты оқыту.

Материал ірі мөлшерде енгізілді және блоктарға бөлінген. Оқу материалы тірек схема-конспектілер түрінде беріледі. Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясы төмендегідей мақсатты көздейді:

- білім, білік дағдыны қалыптастырады;

- барлық баланы оқыту;

- оқытуды жеделдету.

Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясының ерекшеліктері:

- үнемі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, жоғары деңгейдегі қиыншылық, блокпен оқыту, тіректі қолдану;

- жеке бағдарлы қарым-қатынас, ықпал;

- ізгілендіру, ерікті оқыту;

- әр оқушының жобасының жариялылығы, түзетуге, өсуге, табысқа жетуге жағдай жасау;

- оқыту мен тәрбиенің бірлігі.

С.Н. Лысенкова «Оза оқыту технологиясы».

Оза оқыту – бұл қарапайым кәдімгі тақырыптық бағдарлама тізбегіне көмекші құрал. Мұнда жаңа тақырып оқу бағдарламасында берілген уақытынан бұрын әр сабақта қысқаша түсіндіріліп отырады. Бұл толықтыру уақытты үнемдеу және оқушыларды үнемі жаттықтыру арқылы жаңа материалды тез игеруге жол ашады.

Түсіндіре басқару - әрбір оқушыны іске жұмылдыратын сабақтың қозғаушы күші. Мәселен, жақсы оқитын оқушы түсіндіріп тұрады, ал қалғандары өздерінің күш-жігерін жұмсап, оған ілесіп отыруға тырысады. Ал егер әлсіздеу оқушы түсіндірсе, ол да жауапкершілікті сезінеді, өйткені ол бүкіл сыныпты жетелеп жолдастарын соңынан ертіп отыруы керек. Түсіндіре басқару үш түрлі әрекетті ойлаймын, айтамын, жазамын қатыстыра отырып, оқу еңбегін ойлы етуге мүмкіндік береді және сонымен бірге кері байланысты қамтамасыз етеді.

Мұғалімнің оқушылардың білім дәрежесін қадағалап, артта қалушылықты дер кезінде байқауына, білім мен білікті меңгеруде ілгері болуын қамтамасыз етеді.

Тірек үлгілері, немесе жай ғана сүйеніштер дегеніміз сабақты түсіндіру сәтінде оқушылардың көз алдында туындап, кестелер, карточкалар, әшекейлік полотно, сызбалар, сурет түрінде көрінетін тұжырымдар. Үлгілермен жұмыс істеудегі маңызды шарт – сабақта ілініп тұрмай, үнемі іс-әрекетке қосылуы тиіс. Сонда ғана олар мұғалімнің жақсы оқытуына, оқушылардың оңай оқуына көмектеседі.

Н.П. Гузик «Сынып ішілік деңгейлік саралау»

Бұл технологияны автор «деңгейге қарап сыныпішілік саралап оқыту» және дамытушы сабақтар циклы бар «қиыстырылған оқыту жүйесі» - деп атаған.

Әрбір тақырып бойынша өткізілетін сабақтар бес типтен құралады:

- тақырыпты жалпы талдау сабақтары (дәрістер);

- қиыстырылған семинар сабақтар (оқушылардың оқу үрдісінде оқу материалдарын тереңдей талдауы);

- қорытындылау және білімді жүйелеу сабақтары (тақырыптық сынықтар);

- материалды пәнаралық қортындылау сабақтары;

- тақырыпты тапсырмаларды қорғау сабақтары, практикум сабақтар.

Балалардың даму деңгейінің бірыңғай болмауына, жеке қабілеттеріндегі айырмашылықтар мен басқа да себептерге байланысты сыныпта оқу үздіктері мен үлгермеушілер пайда болатыны белгілі. Сондықтан да мұғалім сабақтың барлық кезеңдерінде: жаңа материалды беру, бекіту, қайталау, білім, білік, дағдыны бағалау кезінде деңгейлепсаралап оқытуды ұйымдастырады. Онда әртүрлі қиындық дәрежесіндегі үш типті «А», «В», «С» деңгейлеу бағдарламасы алынады.

Деңгейлік бағдарламалары (деңгейлік тапсырмалар емес, тек бағдарламалар ғана) маңызды екі тұсты қарастырады:

а) белгілі деңгейдегі білім, білік, дағдының меңгерілуін қамтамасыз етеді (репродуктивті деңгейден шығармашылыққа дейін);

б) балалардың белгілі деңгейді өз бетімен оқуына, білім алуына жағдай жасалады (мұғалім тарапынан көрсетілетін тұрақты көмек, үлгі бойынша жұмыс, кеңес беруден бастап, өз бетінше толық жұмыс істеуге дейін).

Компьютерлік оқыту

Әрбір оқушының өздігінен білім алуының меншікті траекториясын қамтамасыз ететін білім берудің ашық жүйесін құрайды, ақпаратпен жұмыс істей алу білілігін қалыптастырады және қатынас жасау қабілетін дамытады, таным процесін ұйымдастыруды оны жүйелі ойлау жағына жылжыту жолымен түбегейлі өзгертеді. Оқу процесінде оқушылардың танымдық іс-әрекетін қолайлы ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады, жаңа таным құралдарын пайдалануға және ұйымдастыруға жағдай жасайды, білім беруді ақпараттық-әдістемелік тұрғыда қамтамасыз етеді.

Дамыта оқыту

Дамыта оқыту оқушылардың ізденгіштік-зерттеушілік іс-әрекетіне тән. Оған тән сипаттар:

- оқушының алдына ізденуді жүзеге асыру қажеттілігін тудыру керек,

- іс-әрекеттің бастапқы кезеңі – оқушылардың алдына олардың әрекет жағдайын жаңаша талдап, оны жаңаша түсінуді талап ететін оқу міндеттерін қою,

- осы міндеттерді шешуді, яғни іздену іс-әркетін ұйымдастыру, мұнда үлгі көрсетуге болмайды, сондықтан мұғалім оқушыларды іздену іс-әрекетіне таратуы қажет ол үшін екі шартты орындау керек.

1) Мұғалім өзара ізденуге басқарушы болмай, шын мәнінде қатынасушы болу керек.

2) Ол оқушылар жүргізіліп жатқан ізденуді шын мәнінде жүзеге асыру керек, оларға дұрыс шешім көрсету керек.

3) Оқу міндеті шешілгеннен кейін мұғалім табылған шешімнің бағасын ұйымдастырып оның басқа міндеттрді шешу үшін қаншалықта пайдалануға болатынын түсіндіреді.

Проблемалық оқытудың мақсаты - ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нәтижелерге жету жолының өзін де, процессінде меңгеру, оқушының таным дербестігін қалыптастырып, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Проблемалық оқыту-ойлау операциялары логикасы (талдау, қорытындылау және тағы басқа) мен оқушылардың ізденіс әрекетінің заңдылықтарын (проблемалық ситуация, танымдық қызығушылығының, қажетсінуінің және тағы басқа) ескере отырып жасалған оқу мен оқытудың бұрыннан мәлім тілдерін қолдану ережелерінің жаңа жүйесі. Сондықтан да көбінесе мектеп оқушыларының ойлау кабілеттерін дамытады және сенімдерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

Проблемалық оқытудың негізі ерекшелігі – оқушының білетіні мен білмейтінінің арасында қайшылықтар пайда болады және проблемалары міндетті шешуге дайын тәсіл болмағандықтан, проблемалық ситуация пайда болады, осыған орай оқушының ізденушілік әрекетімен ынтасы күшейе түседі.

Оқыту әдісі–дидактиканың ең басты құрамды бөлігінің бірі. Оқыту әдістері, білім берудің мазмұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттары және міндеттерімен анықталады.

Оқыту процесінің нәтижелі және сапалы болуы оқыту әдістерін тиімді творчестволықпен жүзеге асыруына байланысты. Бүгінгі күн шындығы, оқыту әдістері туралы жаңаша ойлауымызды қажет етеді.

Жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп реформасының негізгі бағыттары оқыту әдістерін жетілдіру және білім сапасын арттыру міндеттері көрсетілген. Алайда оқу тәрбие процесінде кең орын алған формализмнің нәтижесінде көптеген оқу орындарында оқу сапасының төмендеп кеткендігі көрінеді.

Сондықтан да оқыту әдістерін дамыту бүгінгі күннің басты талабы болып отыр. Білім беру қызметкерлері жұмысының сапасын арттыру, әр пәнді оқытуды ғылыми тұрғыда жетілдіру, соның нәтижесінде оқушылардың дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру және олардың талабын, жеке жұмыс істеу қабілеттілігін нығайту үшін тек қана оқу жоспарларын жетілдіріп қоймай, сонымен қатар оқыту әдістерін жетілдіру болып табылады.

Педагогиканың дидактика бөлімінде оқыту әдістерін жетілдіру мәселесіне көп көңіл бөлінеді. Оқулықтарда оқыту әдістерінің топтары, олардың жіктелуі туралы әр түрлі пікірлерілерді кездестіруге болады.

Оқыту әдістері туралы анықтамаларға тоқталып өтейік:

Оқыту әдістері дегеніміз-оқытушы мен оқушылардың жұмыс істеуі әдісі, оның арқасында білім, іскерлік дағды қалыптасып, оқушылардың дүние танымдылығы мен қабілеттілігі артады.

Оқыту әдістері дегеніміз-мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің барысында білім алу жолдары.

Оқыту әдістері дегеніміз-мұғалім мен оқушылардың өзара әркетінің негізінде білім, тәрбие және таным процесінін жетілдіру.

Дегенмен осындай анықтамалардың көптігіне қарамастан олардың арасында принциптік қарама-қайшылық жоқ.

Ғылыми педагогикалық әдебиеттерде оқыту әдістерінің басқа да анықтамалары кездеседі. Бұл әдебиеттерде оқыту әдістері оқытушының оқушыларға оқу материалынан білім беру тәсілдерінің жиынтығы немесе оқытудың құралдары ретінде, сонымен қатар, оқыту әдісі мұғалімнің оқу (материалынан білім беру тәсілдерінің жиынтығы немесе оқыту әдісі мұғалімнің оқу) материалдарын оқушыға жеткізу тұрғысында ғана қарастырылған. Мұндай анықтамалар оқыту әдістерінің сипаттамасын толық бере алмайды.

Сондықтан оқу процесі барысында мұғалім мен оқушылардың өзара қарым-қатынасын білген дұрыс. Дидактика теориясында оқыту процесінің мәні мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас екі жақтылық негізінде қарастырылады. Дәлірек айтқанда, қарым-қатынасын білген дұрыс. Дидактика теориясында оқыту процесінің мәні мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас «субъекті»- «объекті» түрінде болды.

Ал, соңғы оқыту әдісіне берілген анықтамада мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас көрсетілмейді. Сондықтан оқыту әдісінің «субъективті»-субъективтілік» ішкі заңдылық негізі ашылмаған. Бұл жағдайда оқыту процесі барысында оқушы пассивті позицияда қалады. Ал, оқушының оқыту процесінде белсенді ролі болу үшін мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас субъектілік негізінде құрылуы керек.

Сонымен қазіргі педагогикада оқыту әдісі оқушылардың білімді меңгеру және олардың дамуы мен тәрбиесіне бағытталған оқушы және мұғалім арасындағы бірлесіп жүргізілетін іс-әрекеттің субъектілік қарым-қатынас құралдары ретінде анықталды.Оқутушы оқыту әдістерінің жіктелуіне түрлі жол таба білуі керек. Ғылыми әдебиеттерінде жіктелудің жиырмадан астам түрі бар.

Осылардың ішіндегі ең кең тарағаны – И.Т.Огородников, Н.А.Сорокин, Ю.К.Бабанский, Р.Г.Лемберг, т.б. ұсынған оқыту әдісінің жүйеленуі. Олар оқыту әдістерін үш топқа бөлген.

Оқыту әдістері:

Ауызша Көрнекілік Практикалық

-Әңгіме -Суретпен сипаттау -Лабораториялық жұмыстар

-Әңгіме кеңес -Демонстрация -Практикалық жұмыстар

-Лекция

-Кітаппен жұмыс

Бұл жүйе білім алудың негізінде, түп нұсқаға негізделген. Бір жағдайда сөзге сүйенсе, екіншісінде көркемдік бейнеге, ал үшіншісінде қимылға сүйенген.

Ұсынылып отырған жүйенің тиімділігі-оқытушының шеберлігіне, осы үш әдісті оқыту негізінде тұтас қолдануға тікелей байланысты.

Оқытушының баланың жан-дүниесін білуі де айрықша маңызды. Есте сақтау қабілетінің толық қабылдаудың негізгі шарты екенін де ұмытпаған жөн.

Оқушылардың таным белсенділігі деңгейіне сай құру. Дидактикалық әдісті ұстаған педагогтар И.Я.Лернер мен М.Н.Скаткин оқыту әдісінің бес түрін ұсынады:

Оқыту әдістері:

1.Түсіндіру әдісі: сипаттау әдісі, әңгіме, лекция, көрсету. Оқулықпен жұмыс істеу, жазба жаттығулар.

2. Қайталау әдісі: жаттығу әңгіме, өз сөзімен қайта айту

3. Проблемалық баяндау әдісі:оқытушының дәлелді түрде баяндауы

экскурсия, демонстрация

4. Ізденіс әдісі:эвристикалық әңгіме байқау, жоспар жасау

5. Зерттеу әдісі:тәжірибе, байқау, класпен жұмыс, құжаттармен жұмыс, сурет салу.

Бұл жүйеде оқушылардың таным белсенділігінің деңгейіне негіз болады. Оқыту әдісінің өзі, кей жағдайларда, оқушылардың белсенділігін көтеріп, сабақты көркемдік арқылы түсіндіруде жай тыңдаудан бастап, зерттеу әдісі кезіндегі жеке ізденіске алып келеді. Екінші жағынан, бұл әдіс оқушының жеке бейнесін, оның белсенділігінің қалыптасуын көрсетеді.

Бұл әдістің өмірдегі көрінісінің жарқын мысал ретінде жаңашыл педагог Т.И.Гончарованың тәжірибесінің алуға болады. Ол өзінің мектептегі алғашқы жылдарын есіне түсіне отырып оқушылармен қарым-қатнасын былай суреттейді: «Оқушыларға неше түрлі қызықты аңыз, әңгімелерді, тамаша ертегілерді айтып бергенше асық болдым. Сонша материалдарды жас тыңдаушыларыма қалай жеткізерімді, тарихи заңдылықтарды нақты дәлелдермен қалай түсіндірерімді ойлағанда қуаныштан өзімді қоярға жер таппадым. Мен балаларға өзімнің бар білімімді бүгінгі мен бұрынғы туралы түсінігімді, терең ойларымды жайып салдым»–дейді.

Демек, бұл жердегі негізгі әдістің түсіндіру-сипаттау әдісі екенін көреміз. Әрине, негізгі ауыртпалық оқытушыға түседі, ал оқушылар тек тыңдаушы ролін атқарады.

Оқушылардың таным белсенділігін көтеру мәселесіне Шығыс Қазақстан облысындағы Боран орта мектебінде \директоры ССРО-ның халық мұғалімі Қ.Н.Нұрғалиев\ көп көңіл бөледі. Сабақ үстінде творчестволық зерттеу әдістерін қолдануға мектептің теледидарлық техникалық орталығы көмек көрсетеді.

Өзінің білімі мен әдісін жетілдіруге ұмтылған оқытушы барлық жүйенің қыр-сырын толық меңгеріп ала білу керек. Әр жүйенің алдына қойған мақсаты, өзіндік ой жүйесі бар, сан түрлі оқыту әдісінің бір қырын ашып көрсетеді. Оқыту процесінде оқытушы сол жүйелердің бірнешеуін бір мезгілде қолдануына да болады.

Түрлі жүйелерді қарастыра отырып, оқыту әдісінің жеке түрлеріне соқпай өте алмаймыз\ әңгіме, лекция, кітаппен жұмыс, т.б.

И.П.Подласый оқу-әдісін бес топқа бөледі;

а) Іс-тәжірибе, жаттығу, оқу-өндірістік еңбек яғни практикалық;

б) Көрнекілік: иллюстрация, демонстрация, оқушылардың бақылауы;

в) Сөздік: түсіндіру, анықтау, әңгіме, лекция, дискуссия, диспут;

г) Кітаппен жұмыс әдісі: оқу, жаттығу, мазмұндау, конспектілеу, цитаттау;

д) Бейне таспа әдісі: көріп оқыту, электронды мұғалім, интерактивтер;

Ю.К.Бабанский оқыту әдісін үлкен үш топқа бөледі:

Бірінші топ. Ұйымдастыру және оқу-таным іс-әрекетін іске асыру әдісі. Олар: а) оқытудың сөздік әдісі: (дәріс, әңгіме, сұхбат;) б) көрнекілік әдісі; (иллюстрациалау, карталар, плакаттар, іс-тәжірибе жасау); практикалық оқыту әдісі: (жазба, жаттығу, шеберханада оқыту, лабораториялық жұмыс).

Екінші топ. Оқыту процесінде оқушылардың оқу іс-әрекетін ынталандыру әдісі. Оларға: а) танымдық қызығушылығын арттыру; б) оқыту дискуссиясы; в) білім беру ситуациясын жасау; г) оқытудағы талап қою тәсілі; д) мадақтау әдісі.

Үшінші топ. Оқытудағы өзін-өзі бақылау және бағалау әдісі.

а) Оқыту барысында бақылау жүргізу.

б) Жазба жұмыстарына текесеру жүргізу.

в) Лабораториялық жұмыстарды байқап бақылау.

г) Машина мен бақылау.

д) Өзіндік бақылау жасап бағалау.

Теория мен практикада оқыту әдісінің 200-ден астам түрлері бар. Бұлардың ішіндегі негізгі әдістер профессор Р.Г.Лембергтің «Оқыту әдістері» деген кітабында айтылған. Ол оқыту әдістерінің танымға барар жолдағы бір-бірімен сабақтастығын айта келіп, олардың ішкі дидактикалық бірлігі мен жеке ерекшеліктерінің байланысын көрсетеді.

-Оқытушының жетекшілік қызметінің оқыту формасы.

-Оқушылардың таным қызметінің сан қырлы формасы: мақсаттылық, жоспарлық және жүйелілік;

-Оқушыларды білім алу формасы мен зерттеліп отырған ғылыми пәннің, өнер мен техниканың әдістері арасындағы байланыс.

-Әрбір әдістің ерекшелігіне байланысты психологиялық құрылымның айрықшалануы.

«Әр таным құрамының, әр таным әдісінің өзіндік психологиялық құрылысы болады. Қайталап айтып беру әдісі, дұрысын айтсақ, тыңдау процесі адамда ойлау мен елестетудің белсенділігін көтереді, бірақ түйсіну мен сезінуге сүйене алмайды.

Көрсету-бақылау әдісі, керісінше, қабылдау мен түйсінудің қызметіне негізделеді және нақты ойлауға сүйенеді. Бұл-абстрактілі ойлаудың алғашқы баспалдағы ғана. Лабораториялық сабақтар қозғалтушы орталықтарды да қызметке қосады.

Бұдан әрі берілген үлгі конспектіге сүйене отырып, оқушылардың өздеріне жеке әдістерді жан-жақты зерттеу тапсырылады. Бұл жерде оқыту әдісінің біреуі ретінде «ауызша қайталап айту» талданады, біздің ойымызша, бұл әдістің ішкі мазмұнының ең негізгі кезеңдері жіктеледі.

Әрбір әдіс жеке элементтерден тұрады, оларды-тәсілдер деп атайды. Мысалы, кітапқа жоспар жасау, қайта айтып беру, конспект жасау т.б. жатады.

Әр тәсілдің тиімділігін күшейту үшін толық бір жүйеге түскен құралдар керек. Оқыту құралдары оқыту процесін жақсартуға көмектеседі.

Демек, оқыту құралдарына кең тұрғыдан алғанда мыналар жатады: оқу кітаптары (оқулықтар, сөздіктер, анықтамалар, әр пәннің тапсырмалар жинағы, программалық көмекші құралдар-көрнекілік құралдары) таблицалар, сызбалар, схемалар, географиялық және тарихи пәннің карталары, муляждар, модельдер мен оқытуға арналған суреттер\, -арнайы жабдықтар, \лингофондық кабинеттер, лабароториялық жұмыстар мен тәжірибелер жасауға болатын жабдықтары бар физика, химия кабинеттері\; техникалық құралда\ киноаппараттар, телевизорлар, магнитафондар, операторлық машиналары, программаланған радиоқондырғылар, видиомагнитафондар және т.б.

Наши рекомендации